Мүрәлінов К.Қ., Махмутов А.Қ., Мүрәлінова Ж. К


Таңатын материалдардың қолдану түрлері



Pdf көрінісі
бет45/129
Дата04.03.2024
өлшемі4.96 Mb.
#494141
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   129
оперативтік хир 8 н

Таңатын материалдардың қолдану түрлері 
 
Мақта - дәке анжыларды әртүрлі мөлшерлерде даярлайды. 
Операцияларға 4 х 6 см мөлшерді анжыларды жиі пайдаланады, оларды 7 х 
14 см мөлшерлі дәке кесегінен әзірлейді. Жараға бөлек жіптер түспеу үшін 
дәке шеттерін ішке бұрайды. Содан соң дайын дәке кесегіне көлемі 4 х 6 см, 
0,5 - 0,7 см көлемде мақта салынады және барлық жақтарын дәкеге орайды. 
Сонымен қатар анжыларды фабрикалық тәсілмен даярлайды, көлемі 6 х 6 см, 
оларды кішкентай пакеттерде 5 данадан салады. Бұл анжылар екі (бір) 
қабатты жіптермен тігілген дәке және мақтадан тұрады. Мақта орнына кейде 
лигнинді пайдаланады. Әйтеуір, анжыларды тек дәкеден істейді (сурет 80). 
12х10 см мөлшерлі мақта - дәке домалақтарын дәке кесегінен даярлайды, 
ішіне ылғалды жұтқыш мақтаны салады және жіппен байлайды (немесе дәке 
соңдарын бұрап қояды). 
Шар тәрізді мақта түйіршіктерді түрі түйіршік тәрізді мақтадан 
жасайды, операциялық алаңды және қолдарды өңдеуге қолданылады.
Компресс - дәке кесегі немесе басқа түрлі маталарынан бірнеше 
қабатқа қосылған. Кәріз (дренаж) - ұзын жіңішке екі немесе төрт бүктелген 
дәке. Жараларды дренаждауға арналған. Дренаждарды шыбыққа орап 
автоклавта стерилдейді. 
Кәріздің бір жақ ұшын пинцетпен ұстап, жараға ептеп енгізіп, екінші 
ұшын сыртқа қалдырады. 
Салфетка (майлық) – квадрат пішінді дәке кесегі, мөлшері 25-35 х 25-
35 см (матаның үлкен квадрат мөлшерлі кесегін орамал деп атайды).
Лангет - ұзын төртбұрыш пішінді мөлшері 10-15 х 30-50 см.
Косынка - үшбұрыш пішінді кесек мата.
Праща - сол лангет, ұштары тік бағытта кесілген, ал ортасы бүтін 
қалған.
Бинттер – дәке, қалың холст немесе фланелден жасалған ұзындығы 3-
тен 7 м-ге дейін, жалпақтығы 7 ден 15 см дейінгі лента. Бинттер бірбасты, 
екібасты және Т – тәрізді болады. Бинтің басы, бос шеті, ішкі және сыртқы 
(арқалар) беткейліктерін ажыратады. Жарадан қан кеткенде алдымен 
стерилденген дәке компреспен жабады және содан соң таңғышты қолданады. 
 


103 
Сурет 80. Таңатын материалдардың қолдану түрлер: 1 - мақта - дәке анжылары; 2 - 
шар тәрізді мақта түйіршіктері; 3 – компресс; 4 – кәріз; 5 – салфетка; 6 – лонгет; 7 – 
праща, 8 – орамал; 9 – бір басты бинт; 10 – екі басты бинт; 11 – Т – тәрізді бинт 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет