Наурызбай Тағанұлы Алматы, 2013 Үміт сәулесі


«(Бір нәрсеге) Көзің нақты жетпей тұрып, көңіл



Pdf көрінісі
бет25/98
Дата11.05.2023
өлшемі5.14 Mb.
#473542
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   98
Үміт сәулесі

«(Бір нәрсеге) Көзің нақты жетпей тұрып, көңіл 
аударма. Өйткені, құлақ, көз, көңіл бұлардың бәрі 
20
«Һуд» сүресі, 29, 51; «Шұғара» сүресі, 106-109; 142-145; 161-
164;«Саба» сүресі, 47 


50
Үміт cәулесі
көргеніне, естігеніне жауапты»
21
деу арқылы біреу 
жайлы нақты мәліметке ие болмайынша, ол жайлы жа-
ман ойламауға шақырады. 
Тағы бір аятта Жаратқан жаббар иеміз бізге 
қарата: ٌمْثِإ ِّنَّظلا َضْعَب َّنِإ ِّنَّظلا َنِّم ًاريِثَك اوُبِنَت ْجا اوُنَمآ َنيِذَّلا اَهُّيَأ اَي «Ей, 
иман келтіргендер, күмәннің (жаман ой) көбінен 
сақтаныңдар. Өйткені, күмәннің кейбірі – күнә»
22
деп бұйырады. Жаман ой адамдар арасындағы жақсы 
қарым-қатынастың түбіріне балта шабатын қасиет. 
Әбу Хұрайрадан келіп жеткен бір хадисте 
Адамзаттың ардақтысы «Жаман ойдан аулақ болыңдар. 
Бір-бірлеріңнің кемшіліктеріңді көруге және есту-
ге құмартпаңдар. Жеке бас өмірлеріңе қатысты 
мәселелерді де тіміскілеп, білуге тырыспаңдар» деген-
ді. 
Жаман ойлау кез келген мәселеде жағымсыз 
нәтижелерге бастайды. Әсіресе ол бір отбасыға сыналап 
кірсе, ол ошақты ойрандамай қоймайды. Тарихта орын 
алған мына бір оқиғаны айта кетсек артықтық етпес. 
Хажжаждың Зейнеп деген қарындасы Мұғира атты 
кісіге тұрмысқа шыққан екен. Мұғира өте секемшіл, 
ал Зейнеп керісінше аңғалдау болса керек. Бір күні 
таңертең ерте тұрған Зейнеп дәрет алмай тұрып тісін 
шұқып отыр екен. Сол кезде жұбайы байқап қойып:
– Әй, Зейнеп, егер тістеріңнің арасындағы 
нәрселер таңғы астың қалдықтары болса, ол сенің 
сабырсыздығың (яғни, ешкімнің хабарынсыз таңғы ас 
ішкенің), ал егер ол түнгі тамақтың қалдықтары болса, 
ластығыңның дәлелі. Екі жағдай да маған ұнамайды. 
21
«Исра» сүресі, 36-аят. 
22
«Хужурат» сүресі, 12. 


51
Үміт cәулесі
Төркініңе кет, – дейді ойланбастан. Қайтып келген 
қыздарына үйіндегілер:
– Әй, Зейнеп-ай, ерте бастан өзің таңғы асты 
ішпеуің керек еді немесе түнде жатарда тістеріңді таза-
лап жатқаныңда ғой, – деп кейіс білдірген кезде, Зейнеп:
– Таңертең ертемен тістерімді шұқығаным жұрттан 
бұрын таңғы асты ішкендігімнің де, түнде тістерімді 
тазаламай жатқандығымнан да емес. Түнде жатарда 
тістерімді мисуакпен тазалап жатқан болатынмын. 
Таңертең тұрғанда сол мисуактың талшықтарының 
тістерімнің арасына тұрып қалғандығын байқап, со-
ларды тазалап жатқан едім, – дейді. Көрдіңіздер ме, 
асығыстықпен жаман ойдың нәтижесінде жасалған 
шешімнің неге апаратынын.
Шайтанның уәсуәсасы да адамға жаман ой салып, 
түрлі психологиялық ауруларға ұшыратады. Бірнеше 
күн бұрын бір жолдасымен ренжіскен адам, осы 
ренжісудегі болған жайтты есіне түсіріп, «сен сол кез-
де былай деуің керек еді» деп жаман ой салып, «оның 
саған істеген алдыңғы да жамандықтары бар» деп оның 
бұрыңғы істеген істерінің барлығын өзіне қарсы қояды. 
Осылайша жолдасы жайлы жаман ой ойлаған сайын, 
оған деген жек көрініші арта береді де, ол адамды қас 
жауындай жек көреді. Бұл шайтанның уәсуәсасынан, 
жаман ойдан құтылудың шарасы жоғарыдағы аят-
та «Күмәннің (жаман ой) көбінен сақтаныңдар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет