Нұр-сұлтан 2019 Әдістемелік құрал



бет195/223
Дата15.12.2023
өлшемі4.43 Mb.
#486678
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   223
Китап касипкерлик

Арнаулы салық режимі – салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жекелеген түрлерін есептеу мен төлеудің, сондай-ақ салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін олар бойынша салық есептілігін берудің ерекше тәртібі.
Аудит кәсіпорындар, фирмалар, ұйымдар қызметіне клиенттердің өтініші бойынша тәуелсіз тексерулер, қаржылық есептілік жүзеге асырылатын қаржылық бақылаудың ерекше нысаны.
Аудитор – 1. «Аудитор» біліктілігін алу туралы біліктілік куәлігін алған, біліктілік комиссиясы аттестаттаған жеке тұлға. 2. Кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметінің жай-күйін тексеретін лауазымды тұлға. A. тәуелсіз және өз қызметін жеке жауапкершілікпен жүзеге асырады. Сонымен қатар А. клиенттерге менеджмент және салық мәселелері бойынша кеңес береді. Ол коммерциялық негізде қызмет көрсетеді.
Аудиторлық қызмет – қаржылық есептілік аудиті мен өзге де ақпараттарды жүргізетін және қызмет саласы бойынша басқа да қызмет түрлерін көрсететін кәсіпкерлік қызмет.
Аудиторлық ұйым – аудиторлық қызмет жүргізу үшін құрылған коммерциялық ұйым.
Аукцион – алдын ала тексеру үшін қойылған тауарларды белгілі бір уақытта және белгілі бір жерде сату нысаны.
Аутсорсинг («outsourcing» (outer-source-using) – «сыртқы көзді және/немесе ресурсты пайдалану») – белгілі бір жұмыстарды орындату басқа компанияларды немесе мамандарды үшін тарту.
Бағалы қағаздаракциялар, борыштық бағалы қағаздар, депозитарлық қолхаттар, инвестициялық пай қорларының пайлары, ислам бағалы қағаздары.
Банк – 1. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банктік қызметті жүзеге асыруға уәкілеттік берілген коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға. 2. Кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың бос ақшаларын тарту әрі жинақтау және төлемдер (пассивті операциялар) бойынша делдалдық, сондай-ақ ақша, бағалы қағаздар шығару, қысқа мерзімді несие беруді; өтеу, төлеу және жеделдік (белсенді операциялар) шарттарымен әр түрлі қарыз беру операцияларын жүзеге асыратын несиелік-қаржы мекеме.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   223




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет