О. Б. Мазбаев география ғылымдарының докторы, профессор


Жазба түрiнде ойналатын ойындар



Pdf көрінісі
бет33/68
Дата30.08.2022
өлшемі4.9 Mb.
#460078
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   68
dokumen.pub 9786010400351

6.2. Жазба түрiнде ойналатын ойындар 
География сабақтарында жазба ойындардың түрлерi өте көп. 
Оның бiрi – әртүрлi сұрақтармен жұмыс жасау немесе әртүрлi бей-
нелеулер арқылы жүргiзiледi. Соның бiрнеше түрiне тоқталуды 
жөн көрдiк. 
Анаграмма
Жеке сөздердiң әрiптерiн ауыстырып қою арқылы басқа 
мағыналы сөздердi не басқа географиялық атауларды шығару 
«анаграмма» деп аталады. Мысалы,
ҰРАН 
– 
НҰРА
IЛЕС 
– 
ЕСIЛ
ТЕКТЕН – 
ТЕНТЕК
ИРАК 
– 
КАИР
КУБА 
– 
БАКУ
Анаграммаларды сынып жоғарылаған сайын күрделендiре 
түсемiз. Газет-журнал беттерiнде жарияланған анаграммалармен 
бiрге, мұғалiм мен оқушылардың өздерi даярлаған ойындарды 
қолданамыз. 


103
Акростика
Бұл географиялық бiрнеше атаулардың бiрiнiң астына бiрiн 
жазып, оның бастапқы немесе соңғы әрiптерiн жоғарыдан төмен 
қарай тiгiнен оқығанда белгiлi бiр қаланың, не өзен, таудың атын 
шығаруға болатын жарыс ойыны. Мысалы:
Ш
Шолаққорған
Ы
Ырғыз
М
Марқакөл
К
Көкшетау
Е
Есіл
Н
Нұра
Т
Түркiстан
Жоғарыдан тiктеп оқығанда «Шымкент» сөзi шығады. 
Акростиканың сұрақтары:
1. Оңтүстiк Қазақстан облысындағы аудан орталығы. 
2. Қазақстандағы өзен. 
3. Шығыс Қазақстан облысындағы қорық. 
4. Солтүстiк Қазақстандағы қала. 
5. Батыс Қазақстан аймағындағы өзен. 
6. Қазақстандағы өзен. 
7. Көне қаланың бiрi. 
Бұл ойынды басқа жолмен де ойнауға болады. Белгiлi бiр 
географиялық атауды жоғарыдан төмен қарай және төменнен 
жоғары тiгiнен жазып алып бастапқы әрiп пен соңғы әрiптердiң 
арасына географиялық атаулар тауып жазу керек. 
Мысалы, АСТАНА сөзi. Оны екi қатарға жоғарыдан төмен 
қарай және төменнен жоғары қарай тiгiнен жазып қоямыз. 
А А
Аляска
С Н
Севан
Т А
Титикака
А Т
Алеут
Н С
Негрос
А А
Амазонка


104
Құрастырылған сұрақтар:
1. Солтүстiк Америка материгiндегi түбек. 
2. Кавказдағы өзен. 
3. Африка құрлығындағы көл. 
4. Солтүстiк Америка құрлығындағы түбек. 
5. Оңтүстiк Америка тауларындағы шыңның бiрi. 
6. Дүниежүзiндегi суы мол өзен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет