Біз варварлар еліне келгенде, мен басқа бір әлемге келген тәрізді болдық. Олар бізді атпен күтіп тұрды және бізден ең бірінші сұрағаны “біздің мұнда болдыңдар ма?” – деп сұрады. “Жоқ” – деген жауап алған соң, олар бізден тамақ сұрай бастады. Біз оларға өзіміздің қаладан әкелген қатырылған нан мен шарап бердік, оны ішіп болған соң бізден тағы сұрады, біз тағы бір шарап бердік.
1253 жылы жетінші мамырда Понта өзенінен шығып кеттік. 21 мамыр күні Солдаиюға келдік, ал бізден бұрын бұл жерге Константинополь саудагерлері жеткен болатын. Олар сол жаққа елшілердің келе жатқанын және олардың Сартакпен кездескісі келетінін жеткізген болатын. Ал біз сол аймаққа жеткенде саудагерлер бізге абайлап сөйлеуді ескерткен болатын. Мен татарларға біздің басшымыздың сол жерге Батыйға сыйлық алып қыста кеткенін айттым және ол келмегендіктен: біз Сартақ туралы естіп және оның христиан екенін білгендіктен оған Франция королі Сарациндармен Қасиетті жерлерді қайтару үшін соғысып жатқандықтан, Сартаққа арнайы граммотаны табыс етуге келгенімді жеткіздім. Олар бізді қуанышпен қарсы алды және бізге епископ шіркеуінде жататын орын берді. Ол шіркеудің епископы Сартақта болады екен және ол Сартақ туралы көп жақсы нәрсені айтты, бірақ біз кейін оны көре алмадық.
Татарлардың тұрақты тұрғын үйлері жоқ, және оны болашақта қайдан табаиындарын да білмейді. Олар өзара Скифия жерін бөлісіп алған, ол Дунайдан күншығысқа дейін созылады; әрбір қолбасшы өз қоластында қанша адам бар екенін біледі, өзінің жайылымдық жерінің қай жерге дейін созылатынын да және оның қай кезде қыстауға, күздеуге,көктеуге не жайлауға бару керек екенін де жақсы біледі. Әйелдері өздеріне өте әдемі арбаларды жасаған, оны мен өзгеше айта алмаймын; оны мен салып берер едім бірақ сала алмаймын. Бір бай Моал, немесе Татар осындай арба мен сандықтың 100 немесе 200 - ін иеленеді; Батуда 26 әйелі болған, олардың әрқайсысында бір үйден бар, қалаған кішкенелерін санамағанда, олар үлкен үйдің артында тұрады. Олар тоқтаған кезде біріші әйелі үйін батыс жағына қойған, ол одан кейін қалғандары кезек бойынша орналастырған, ең соңғысы үйін шығыс бетіне қойған. Осылайша, бір бай Моалдың ауласы бір үлкен қалаға теңескен, бірақ онда ер кісілер аз болған. Ең әлсіз деген әйелдің өзі 20 немесе 30 арбаны басқарған. Олар арбаларын өгізге не түйеге бірінен соң бірін жеккен. Олар үйлерінің есігін оңтүстікке қаратып қойып, әйелдері шығыс жағында отырған. Ал ерлерінің орны батыс жағында, яғни оң жағында. Егер қожайынның өте көп әйелі болса, оның түнде таңдаған әйелі күндіз оның жанында отырады, ал қалғандары сол үйге жиналып, ол жерде жиын өткізеді, әкелінген сыйлықтар сол ханшайымның қазынасынасына түседі.
Қыста олар күріштен тамаша сусын дайындайды, ол шарап секілді өте таза, ал шарапты алыс елдерден әкеледі. Жазда олар тек қымыз ішеді. Қымыз үнемі үйдің төменгі жағында, есікке шыға беріс жерде тұрады, есікке кіре берісте гитарада ән ойналып тұрды. Біздің гитара мен өзге де ән аспаптарын мен онда көрмедім, есесіне онда өзге ән аспаптары көптеп кездеседі.
Олар ас ішкенде барлық нәрсені жей береді, ал көп малдың ішінде, көп малдың өлетіні анық. Ал жазда, оларда қымыз көп болғанда басқа тағам туралы ойламайды. Сондықтан, жылқы немесе өгіз өлгенде, оның етін кептіріп, оны майдалап турап, күн мен желге кептірген, ол сол кезде – ақ кеуіп қалатын. Жылқының ішегінен олар шұжық жасаған, ол шошқаныкіне қарағанда өте дәмді болды және оны заматында жеп қойған. Қалған етті қысқа сақтаған. Бір қойдың етін олар 50 не 100 адамға берген.
Қойдың етін қоймас бұрын алдымен қожайын өзіне ұнағанын таңдап алады, және ол біреуге таңдап берсе, оны өзі жеп бітіруі керек болатын.
Ірі қожайындар оңтүстікте өздерінің жерлері болады, ол жерлерден олар ұн алады. Кедейлер оны қой мен теріге айырбастайды. Құлдар өздерінің қарындарын шалшық сулармен тойдырып, соған қанағаттанатын. Олар тышқандарды да аулады, егеуқұйрықтарды олар жемейтін, оны өздерінің құстарына беретін.
Олардың киімдері мен көйлектерй Қытай мен басқа да шығыс елдерінен, сонымен қатар Персиядан және басқа да оңтүстік елдерден жібек мата мен алтын маталар әкелінді. Рустен, Москелиядан, Булгария мен Паскатирадан, яғни Венгриядан, Керкистан және басқа да оларға бағынышты солтүстік елдерден әртүрлі бағалы терілер әкелінді. Қыста олар өздеріне кем дегенде екі тон жасады, ол қасқырдың, түлкінің немесе павиандардың терісінен жасалатын. Татарлар теріден шаровара жасаған, бай адамдар жібектен өзіне көйлек тіккен, ол өте жұмсақ, жеңіл әрі жылы болды. Ал кедейлері көйлекті мақталы қағаздан және жұмсақ теріден тігетін. Ол аймақтан біз ерлердің көйлегін көрмедік.
... Сонымен біз Сартақты Этилия жанынан таптық, оның жетуге үш күн қалғанда, оның сарайы бізге үлкен болып көрінді. Оның алты әйелі болатын. Кейін бізді сарай маңындағы үлкендердің бірі болып саналатын несториандық Қоялыққа жіберді. Кейін ол бізден не мақсатпен келгенімізді егжей – тегжейлі сұрай бастады. Татарлар бізді атпен қоршап алды. Біз Сартақтың сарайына жеттік, онда жоғарыда аталған Қоялық біздің курильницамызды Сартаққа тапсырды, ол оны мұқият қарап шығып, кейін оған Қоялық пластырьды тапсырды, оны да Сартақ пен әйелі анықтап қарды. Кейін Қоялық Сартаққа Библияны берді, ал менен “онда Інжіл бар ма?” – деп сұрады. Мен онда барлығы бар екенін айттым. Кейін ол менен кресттегі христостың бейнесі туралы сұрады, кейін ол жанындағыларды шығарып, бізді толығырақ білгісі келді, сол кезде мен оған араб және сирия тіліне аударылған граммотаны табыс еттім. Сартақтың жанында армяндық діншілдер болды, олар араб тілін білетін. Кейін ол граммотаны аударып, біздің әкелген нан, шарап пен кітаптарымызды қабылдайтынын айтты және оны ішке кіргізуді бұйырды.
Сонымен біз ары қарай, Батуға қарй шығыс бағытпен жүріп отырдық. Үшінші күні Этилияға келдік, оның суын көріп, солтүстіктен қалайша көп су келгеніне таң қалдым. Біз Сартақтан кетпестен бұрын, жоғарыда аталған Қоялық бізге “Сартақтың христиан екенін айтпау керек екенімізді айтты.” Ол христиан деп атауды қаламады және өздерін татар деп та атамады, Татар өзге халық екенін мен кейін білдім.
Батыс өңірдегі өзеннен бастап барлық жер, Александрдың Темір Қақпасы мен Алан тауына дейін, солтүстік мұхит пен Меотидке дейінгі жер Албания деп аталды. Бұл суық аймаққа Бату қаңтар мен тамыз айларында келіп, тамызда қайта қайтатын болған.
Мен Батудың сарайын көргенде өте таң қалдым, себебі оның үйінің өзі бір үлкен қала секілді болды және оның жан – жағында халық көп қоныстанды. Бұл сарай оларша орда деп аталды, ол орта деген мағына білдірді, себебі ол үнемі халықтың ортасында орналасқан болғандықтан. Бізді Батудың сарайына алып барды, ол үлкен палатка тігуді бұйырды, ондағы жиналған халық өте көп болды. Біздің жол сілтеушіміз Батудың өзі бұйырмайынша ештеңе айытпау керек екенімізді айтты.
Бату өзі ұзын тақта атырды, оған үш баспалдақ арқылы көтеріліесің, оның жаныныда бір ханшайым отырды, ал жан – жағында ханшайымнан әрі ерсілі – қарсылы көпшілігі отыра берді. Сол кезде ол маған сөйлеуді бұйырды, мен бір тізерлеп отырдым, ал ол болса, екі тізерлеп отыруымды ымдады. Мен қарсыласпай солай жасап, құдайға құлшылық еткендей өз сөзімді бастадым. Мен оған “біз сіздің ұлыңыз христиан деп ойлағандықтан оған граммота табыс етуге келгенімізді айттым”.
Кейін ол бізден “осы жерде қалуымызды сұарды, бірақ бұл істі ол Менгу ханның әмірінсіз жасай алмайтынын және бізідің бір бөлігімізді Менгу ханға, ал қалғанымызды Сартақ сарайына қайтаратынын айтты, менің досым біздің бөлінбейтінімізді айтты”. Батудың шешімі бойынша: “екі священник пен тілмашты Менгуге барып, ал причетник Сартаққа қайтады деп хабарлады, сол кезде мен причетниктің бізбен бірге жүре беруге көндіруге талпынғанымда, Батудың бұйрығына қарсы шықпау керек” – деді .
Бұл сол кездің өзінде – ақ Шығысқа Батыстың берген өзіндік бағасы мен қызықты оқиғаларға толы құнды дерек көзі екеніне жоғарыда талған мәліметтер арқылы көз жеткізе алдық. Монғолдардың тұрмысы, соғыс өнері, билік жүргізген хандары, жерлері мен өмір сүру салттары осы еңбекте толық әрі егжей – тегжейлі баяндалған, оны оқу барысында біз Батыс пен Шығыстың арасындағы орта ғасырлық феодализмнің даму үрдісіндегі алшақтық пен көшпенділердің өзіне тән мәдениетімен таныс болдық.
Әрине, әр саяхаттың алдына қойған өзіндік бір мақсаты мен міндеттері болды. Және оған саяхатшылар белгілі бір дәрежеде қол жеткізді. Плано Карпиниді біз алғашқы Шығыс еліне саяхат жасаған бірден – бір тарихи тұлға ретінде қарастырдық, ал Вильгельм Рубрук болса өзінің жинаған мәліметтерінің толық әрі жан – жақты жинастырылып, құрылымының жоғарылығымен ерекшеленді.
Сонымен, ХІІІ ғасырда Шығыс еліне жасалған Европалық саяхатшылардың саяхаттары өте күрделі және ауыр болған. Әрине, таныс емес елге сапар жасау оңай жұмыстың қатарынан емесі анық. Бірақ олардың осы саяхаттары тарих беттерінде мәңгілік сақталып қалатыны сөзсіз анық дүние болып табылады.
Бұл саяхатшылардың еңбектері өз заманында ақ жоғары бағаға ие болды және орта ғасырлық монғол тарихын зерттеуші ешбір ғалым бұл еңбекті айналып өте алмасы анық. Бұл еңбек сол кездің өзінде әлемнің түпкір – түпкіріне тарап, әртүрлі тілдерге аударылғаны, саяхатшылардың еңбегінде жарық көрген құнды дүниелерінің қаншалықты маңызды екенін көрсетіп тұрғаны анық. Бұл Батыстың Шығыс тарихына қатысты тікелей дерек көзі болғандықтан оны зерттеу ешқашан өзінің өзектілігін жоғалтпақ емес екеніне біз жоғарыда келтірілген мәліметтер арқылы толық көзімізді жеткіздік. Олай болса, бұл зерттеулерді қарастыру арқылы біз өз кезегінде белгілі бір дәрежеде монғол тарихынан, және сол кездегі қазақ даласына қатысты да мәліметтерден хабардар болдық. Себебі, сол кездегі Шығыста орын алып жатқан жағдай монғол қоластында болған қазақ даласын да айналып өтпесі анық. Ендеше, бұл еңбекті қарастыру арқылы біз өз мақсатымызға толық жеттік.
Пайдаланылған әдебиеттер
Путешествия в Восточные страны Плано Карпини и Гильома де Рубрука, под. ред. Г.И. Патлина А., 1993 ж. 241б.
Достарыңызбен бөлісу: |