Өндірістік – педагогикалық практика есебі



бет14/19
Дата03.03.2024
өлшемі2.53 Mb.
#494065
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Практика Есеп Базарбаев Б 2023ж

Ашық сабақтың талдамасы


Сабақтың талдаушысы: Химия пәні мұғалімі – Жусупбаева Камила
Сабақ өткізуші: Базарбаев Бекзад
Күні: 17.03.23 ж .Сыныбы:9“А” сынып Пәні: Химия
Сабақтың тақырыбы: Адам организмінің химиялық құрамы
Сабақтың мақсаты: Адам ағзасының химиялық құрамын меңгерту, адам ағзасындағы химиялық элементтердің пайдалары мен зиянды жақтарын көрсету, күнделікті тұтынып жүрген тағамдардың құрамын анықтауды үйрету.





Ескертпелер

Мұғалім пікірі

1


Сабақты жоспарлағанда оқушылардың қандай ерекшеліктері ескерілді?





Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттері ескеріліп, сабақтың әр кезеңінде қызығушылығын ояту, байланыстыра сөйлеу, сөздік қорын молайту көзделді.

2


Сабақтың түрі қандай? Өткен сабақпен байланысы бар ма?





Ашық сабағы. Сабақта адам организімін химиялық құрамы жайлы толықтай біліп отырып, топпен жұмыс (белсенділіктерін арттыру) үшін, ойын элементтері (қызығушылығын, ойлау, есте сақтауын дамыту) үшін пайдаланылды.

3


Сабақта қандай міндеттер алға қойылды?


А) білімділік
Ә) дамытушылық
Б) тәрбиелік; бұлардың арасында байланыс болды ма? Бұл міндеттерде сыныптың, жеке оқушылардың ерекшеліктері қалай алынды?

А) Адам организмінің химиялық құрамы туралы алған теориялық білімдерін бекітіп, ауызша, жазбаша талдау жұмысын жүргізу;
Ә) Сауатты, таза, көркем жазуға, мәдениетті сөйлей білуге үйрете отырып, ойлау қабіліттерін, қиялдарын дамыту;
Б) Халықтық педагогика негізінде тәрбиелей отырып, Отанын, отбасын, туған жерін сүюге ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу. Бұл алған міндеттер байланысып бірін - бірі толықтыры тұрды.

4


Аталған міндеттерді шешуде сабақтың бұл түрі неге тиімді болды?





Оқушыларды жалықтырмас үшін, қызығушылығын арттыру барысында сабақтың әр кезеңінде әр түрлі - әдіс тәсәлдермен, ойындар өткіздім.

5


Сабақ кезеңдерінің арасында байланыс


болды ма? Уақыт тиімді пайдаланылды ма?



Алға қойған мақсат біреу болғандықтан сабақтың әр кезеңдері, бір – бірімен байланысып, жүйелі қорытындыланып өз уақытында өтті.

6


Жаңа тақырыпты ашуда оқытудың әдіс – тәсілдерінде қандай үйлесім болды? Әдіс – тәсілдерді таңдау себептерін түсіндіру.



Ш.А. Амоношвилидің “Ойын арқылы оқыту”, В.В. Давыдовтың “Дамыта оқыту”, “химия пәнін сын тұрғысынан ойлау технологияларының элементтерін ізгілендіру педагогикасымен ұштастыра өткізіп, оқушылардың ойын, қиялын, есте сақтау дағдысын қалыптастыру қарастырылды”.

7

Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары байқалды ма? (себебін түсіндіру)



Сабақтың әрбір кезеңдерінен өткен сайын оқушылар үсті-үстіне түскен тапсырмаларға тез, дұрыс жауап беруге тырысып ұйымшылдыққа тәрбиеленді, белсенділіктері, қызығушылықтары артты.

8


Сабақ барысында оқушылардың арасындағы дұрыс психологиялық қарым – қатынас жасауына мұғалімнің тәрбиелік әсері қалай жүзеге асты.

Сабақ барысында оқушылардың ұлттық құндылықтарды қастерлеуге және намысшылдыққа, ұйымшылдыққа, елін, отбасын сүйуге тәрбиеленді. Үлкенге құрмет кішіге ізет көрсету басшылыққа алынды.

9


Үй тапсырмасын беру



Үйге тапсырма оқушылардың ерекшеліктерн ескере отырып, уақытты дұрыс пайдалануға негіздеп, білімінді тексер тапсырмалары тапсырылды

10


Қандай да бір жағдайда артық әдіс – тәсіліңіз бар ма?



Сабақтың кезеңдеріңде келеңсіз жағдай бола қалса, ол тығырықтан шығуға талпынып қажетті тәсілді қолданамын.

11



Мұғалім көздеген мақсатына жетті ме?



Сабақ бойы оқушылар берілген тапсырманы орындауда белсенділік көрсетті. “Миға шабуыл”, “кім жылдам”, “Сәйкестендіру”, “блиц турнирі”, “химиялық диктант ” сияқты тапсырмалар өз шешуін тапты. Жоспарлап келген жұмыс түрлері толығымен іске асты, ендеше мақсатыма жеттім деп ойлаймын.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет