ОҚу -әдістемелік кешені оқУ-Әдістемелік материалдар семей


Дипломдық жобалауды ұйымдастыру



бет3/7
Дата05.07.2016
өлшемі1.17 Mb.
#179325
1   2   3   4   5   6   7

3 Дипломдық жобалауды ұйымдастыру

3.1 Кафедралар қызметі

«Қаржы, есеп және салық салу» кафедрасы дипломдық жобалауға

ғылыми жетекшілікті, ал экономика және менеджмент деканаты - әкімшілік

жетекшілікті қамтамасыз етеді.

Кафедра диплом жазушыларға профессорлар, доценттер, аға оқытушылар,

сонымен қатар жоғарғы экономикалық білімі бар, еңбек өтілі 3 жылдан кем емес

және бас маманнан (бөлім басшысы) төмен емес лауазымда жұмыс атқаратын

жоғарғы маманданған маман-өндірісте жұмыс атқаратындардың қатарынан

ғылыми жетекші тағайындайды,

Студент-диплом жазушы кафедрамен келісе отырып жоғарыда аталған

белгілерді ескере отырып, диплом жұмысын орындайтын материалдар

бойынша, кәсіпорыннан дербес өзіне жетекші таңдауына болады.

Жетекшіні таңдағаннан немесе тағайындағаннан кейін студент өз

қолымен бекітілген нысанда кафедра меңгерушісінің

атына өтініш жазады және диплом жұмысының жетекшісінің келісімі жөніндегі

белгісімен қысқы емтихандық сессияға басталғанға дейінгі мерзімде кафедраға

табыс етеді. Кафедра меңгерушісі диплом жұмысының жетекшісін

тағайындауды бекітеді. Көрсетілген мерзімге дейін бекітілген нысанда

кафедраға өтініш тапсырмаған студенттер, диплом жұмысының жетекшілерін

және тақырыбын бекітуге жасалған бұйрыққа қосылмайды.

Диплом жұмысының жетекшілерін және тақырыбын бекітуге жасалған

бұйрықты бекіткеннен кейін, тақырып атауын және жаңа жетекші таңдауға

өзгерістер енгізуге университет ректоры рұқсат бермейді.

Кафедра меңгерушісі бітірушінің диплом алдындағы іс-тәжірибесін өтуі

үшін және оның диплом жұмысын жазуы үшін жүйелі түрде бақылауды

қамтамасыз етеді.

Диплом жұмысы ғылыми жетекшісінің қызметтері

Диплом жұмысы ғылыми жетекшісінің міндеттері:

– бітіру жұмысын дайындау процесінде студент-диплом жазушыға

ғылыми, әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету;

– студентке тақырып таңдауда және диплом жұмысын жүйелеуде,

сонымен қатар қолданыстағы «Әдістемелік нұсқаулар» жеке жағдайларын

қажет болғанда түсіндіру»;

– диплом жұмысын орындауға тапсырма береді;

– бітірушімен бірге диплом жұмысын орындаудың барлық кезеңіне

жоспар-кесте құрады;

– тақырып бойынша әдебиеттер және қажетті көздерді іздеу бағытына

студенттерді бейімдейді, талдау жүргізу әдістемесін таңдауда (зерттеу, жасау,

т.б.) көмек көрсетеді;

– студент-диплом жазушыға жүйелі түрде кеңес беріп отырады,

дайындаудың барлық кезеңдерінде және диплом жұмысын жазу және оны 11

қорғауға дейін бақылау жасап отырады. Студент-диплом жазушы жетекші

алдында тапсырманы орындағаны туралы айына екі реттен кем емес есеп беріп

отырады.

– баяндама жасауға дайындыққа және МАК отырысында оның қорғауы

барысында жұмысты презентациялауға қажетті көмек көрсетеді;

– қойылатын талаптарға сәйкес жұмыс туралы жазбаша пікір береді.

Диплом жұмысын дайындау және орындаудың әр түрлі кезеңінде ғылыми

жетекші міндеттері өзгеріп отырады.

Диплом жұмысын дайындаудың бірінші кезеңінде ғылыми жетекші

тақырып таңдауға кеңес береді, жұмыс жоспарын қарастырады және түзетеді

және әдебиеттер тізімі бойынша ұсыныстар береді. Диплом жұмысының

тақырыбын таңдағаннан кейін диплом жұмысын тапсырма беріледі. Диплом

жұмысының тапсырмасы төмендегілерден тұрады:

– бастапқы материалдар сипаттамасынан (өндірістік (диплом алдындағы)

іс-тәжірибе есебі, статистика бойынша ҚР агенттігінің мәлметтері,

шаруашылық субъектілерінің есебі, алғашқы ақпараттар);

– студенттермен жасалынатын, сұрақтар тізімі;

– ұсынылатын әдебиеттер тізімі;

– сызба (суреттеу) материалдарының тізімі.

Содан кейін жеке бөлімдерді орындау кезектілігін көрсетумен диплом

жұмысының барлық кезеңіне күнтізбелік кесте құрылады. Күнтізбелік жоспар-

кесте студент пен ғылыми жетекшінің бірлескен жұмысын анықтайтын, жұмыс

құжаты болып табылады, сондықтан да ол диплом жұмысына салынбайды.

Жұмысты орындау барысында ғылыми жетекші диплом жазушыға

кемшіліктерді, аргументтерді, компазиция, стиль және т.б. көрсететін оппонент

болып табылады және оларды қалай жақсарту қажет екендігіне ұсыныстар

жасайды. Ғылыми жетекшінің ескертулері мен ұсыныстарына диплом жазушы

критикалық тұрғыда қарауы керек. Ол өз көзқарасы бойынша оларды ескеруі

немесе ескермеуі мүмкін, өйткені тақырыпты ашуы және теориялық және

әдістемелік дұрыс жасауы, сонымен қатар мазмұнының сапасы және диплом

жұмысын рәсімдеу толығымен диплом жазушыға байланысты, барлық

жауапкершілік өз мойнына артылады. Студент-диплом жазушы қол қойған,

аяқталған диплом жұмысы жетекшіге қорғауға 10 күн қалғанға дейінгі

мерзімнен кешіктірілмей табыс етілуі керек.

Диплом жұмысының соңғы нұсқасын алғаннан кейін ғылыми жетекші

сарапшы ретінде қатысады. Ол диплом жұмысына қол қояды және жазбаша

пікір жазады, бұнда диплом жұмысының сапасы жан-жақты сипатталады, оң

жақтары белгіленеді, диплом жазушымен түзетілмеген бұрын берілген

кемшіліктерге ерекше мән беріледі, студенттің диплом жұмысын жазуы кезінде

жұмысқа қабілеттілігі, қабілеті, жылдамдығы, арнайы дайындық деңгейі,

дербестігі, творчествалық дәрежесі сипатталады. Сонымен бірге жетекші

диплом жұмысына баға қоймайды, тек қана Мемлекеттік аттестациялық

комиссияда қорғауға ұсынады немес ұсынбайды. 12

4 Диплом жұмысын орындау

Диплом жұмысын жазуға дайындық.

Еңбек шығынын үнемдеу мақсатында диплом жұмысының бірінші

фрагментін жазбастан бұрын оны рәсімдеуге қойылатын талаптарды зерделеу

қажет.

Диплом жұмысын жазуға дайындықты диплом жазушыға таңдалған



тақырыптың зерттелу пәнін бағалауға көмек беретін, ғылыми статьялар және

оқу құралдары, монографияларды қоса, әдебиеттермен танысудан бастау керек.

Көздер және әдебиеттермен жұмыс жасау процесінде сол немесе басқа

зерттелетін мәселеге жататын, фактілер мен оқиғалар бойынша көшірмелер

жасау ұсынылады. Көшірмелерді беттің бір жағына жасау мақсатқа лайық, бұл

көпшілік жағдайда материалдарды топтауды және өңдеуді жеңілдетеді. Бұл

кезде көшірме жасалынған, әдебиеттер мен көздердің шығарылуын нақты

көрсету қажет.

Студент-диплом жазушы өзінің жұмысында құжаттардың дұрыстығын

тексеру керек, оны құрушыларға кімдердің көзқарастарына сүйенген, осы

құжаттардың қолданылғаны анық па және қандай мақсатта қолданылған.

Көздер мен әдебиеттерді зерделегеннен кейін диплом жұмысының толық

жоспарын құру қажет және оны ғылыми жетекшімен келісу қажет. Жоспар

жұмыс барысында анықтала түседі. Оның соңғы нұсқасы негізгі көздер мен

әдебиеттерді өңдегеннен кейін құрыларды, ғылыми жетекшімен бекітіледі және

міндетті құжат болып табылады, өзгеріс жасау тек жетекшінің келісімімен ғана

болады.

Кіріспе, бөлімдер және қорытындыны жазу шамасы бойынша диплом

жазушы оны жетекшіге көрсетеді және диплом жұмысына дайындықтың

бекітілген кестесіне, мерзімдеріне оның ескертуі есебімен оны қайта түзейді.

4.2 Диплом жұмысының құрылымы және мазмұны

Диплом жұмысының құрылымы қатаң нысанда және стандартты болмауы

керек. Ол көбінесе мәтінге, күрделілік дәрежесіне және тәжірибелік мәніне,

жалпы баяндалу логикасына, сонымен бірге қойылған міндеттерге байланысты

болады. Диплом жұмысының құрылымы, ереже бойынша, кіріспені, үш бөлімді

(теориялық, аналитикалық және конструктивті), қосымшаны және қолданылған

әдебиеттер тізімін өзіне қосады, сонымен қатар, жұмысты презентациялау

кезінде қолданылатын суреттеуді сипаттаудан тұрады (кескіндеуді).

Диплом жұмысын ғылыми стильмен баяндау қажет. Ғылыми сөз стильі-

өзгешеліксіз монолог, баяндау үшінші тұлғаның атынан жүргізіледі, авторлық

«мен» қолданылмайды. Диплом жұмысындағы қабылданған шешімдер, дәлдік

және барлық мәлметтердің объективтілігі үшін жауапкершілікті студент-

диплом жұмысының авторы өз мойнына алады. 13

4.2.1 Диплом жұмысының құрылымдық элементтері болып:

– сыртқы беті

– титулдық бет

– тапсырыс-хат

– бекітілген нысанда диплом жұмысына тапсырма;

– мазмұны;

– кіріспе – 2-3 бет;

– 1 бөлім (проблеманы зерделеудің теориялық және әдістемеліку негізі,

әдебиеттерге шолулар) – 15-25 бет;

– 2 бөлім (аналитикалық бөлім) – 25-35 бет;

– 3 бөлім (зерттеу бөлімі) – 20-30 бет;

– қорытынды – 3-5 бет;

– қолданылған әдебиеттер тізімі;

– қосымша;

– суреттейтін материалдар (тігілмейді).

Сыртқы бетінде келесідей мәлметтер келтіріледі:



– диплом жұмысы орындалған, ұйымның атауы;

– студенттің тегі, аты-жөні;

– диплом жұмысының атауы;

– жұмыс түрі – диплом жұмысы;

– шифр және мамандық атауы;

– жыл, қала.

Титулдық бет



Титулдық бет диплом жұмысының бірінші беті болып табылады және

құжат іздеу және өңдеу үшін қажет, ақпарат көзі болып қызмет атқарады. Ол Е

ҚОСЫМШАсына сәйкес рәсімделеді және диплом жұмысының жалпы

беттерінің нөміріне қосылады. Титулдық бетте бет нөмірі қойылмайды.

Титулдық бетте төмендегідей мәлметтер келтіріледі:

– диплом жұмысы орындалған, ұйымның атауы;

– диплом жұмысы орындалған, кафедраның атауы;

– кафедра меңгерушісінің бекітуші қолы;

– жұмыс түрі – диплом жұмысы;

– тақырыпты көрсетумен «тақырыбына» диплом жұмысы тақырыбының

атауы;

– шифр және мамандық атауы;



– сол жағында – «Орындаған» сөзі, оң жағында қарама қарсы студенттің

тегі, аты-жөні көрсетіледі;

– бір жол төмен «Ғылыми жетекші» жазылады және жетекшінің тегі,

аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы т.б. регалиясы көрсетіледі;

– бір жол төмен «Стандартизация бойынша кеңес беруші» жазылады

және тегі, аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы көрсетіледі;

– қала, жыл.14

Тапсырыс-хат және тапсырма диплом жұмысының жалпы санына

қосылады, бірақ оларға нөмір қойылмайды.

4.2.4 Мазмұны

Диплом жұмысының мазмұны кіріспені, реттік нөмірлер және барлық

бөлімдер және бөлімшелердің атауларын, қолданылған көздер тізімін және бет

нөмірлері көрсетілген осы құрылымдық элементтер басталатын қосымшалар

атауын қосады. Қысқартылған бөлім және бөлімшелер (параграфтар) атауы

немесе олар басқаша құрастырылып баяндалса, және/немесе жүйелілікке рұқсат

берілмейді.



5 Диплом жұмысын орындау тәртібі

Жалпы талаптар

Диплом жұмысы бір ғана дана болып дайындалады және қалың қапты

қолдану арқылы түптелуі керек. Диплом жұмысының мәтіні оқылған және

редактілік өңдеуден өткен болуы керек. Диплом жұмысының жалпы көлемі 60-

90(қосымшаны қоспағанда) беттен аз емес көлемде құрылуы керек. Қосымша

диплом жұмысының жалыпы көлеміне қосылмайды және нөмірленбейді.

Дипломдық жұмыс компьютер және принтер көмегімен А4 форматты ақ

қағаз бетінің бір жағында жасалуы тиіс. (210х297). А3 форматты бетіне кесте

мен суреттер сызуға рұқсат беріледі. Шрифт Times New Roman – 14 пт.

жоларалық интервал арқылы. Мәтіндегі абзац 12,5 мм-ге тең болуы керек.

Тексті түзеу автоматтық тасымал жасау функциясын қолданумен беттің

көлденеңінен жүргізіледі.

Дипломдық жұмыстың мәтінін компьютермен келесідей жазу өлшемін

сақтап басу керек: оң жағы – 10мм, үсті және асты – 20мм, сол жағы – 30мм.

Диплом жұмысын орындаған кезде біркелкі қалындығын, контрастілік

және анық көрінуді сақтау керек. Жұмыста нақты, бұлдырланбаған сызықтар,

әріптер, цифрлар, белгілер болуы керек. Мәтіндік құжаттар беттерінің

бұзылмауы, былғанбаған, және алдыңғы мәтіннің жолымен араласып кетпеген,

іздері болмауы тиіс.

Тек, мекеме, ұйым, фирма атаулары, бұйымдардың аты және жұмыста

жеке меншік аттары түп нұсқа тілінде көрсетіледі.

Жұмыстың құрылымы

Дипломдық жұмыстың құрылымдық элементтерінің атаулары:

«Мазмұны», «Белгілер мен қысқартулар», «Кіріспе», «Қорытынды»,

«Қолданылған әдеби көздер», «Қосымша», сонымен қатар тарау және

парагрфтар атауы (бөлімдер аты мен бөлмшелер) жұмыстың құрылымдық

элементтерінің аты ретінде қызмет атқарады және жаңа беттен басталады,

соңында нүкте қойылмайды. Жұмыстың құрылымдық бөлімдерінің

тақырыптарын басты әріптермен, жаңа жолдан бастап түсіріліп, қарайтылып

жазылған шрифтпен, нүктесіз басу керек. Егер бөлім тақырыбы екі сөйлемнен

тұрса, онда оларды нүктемен бөлу керек. Диплом жұмысының таралуы барлық

жұмыс шегінде нүктесіз араб цифрлармен белгіленген болуы және реттік

нөмірлері болуы тиіс.

Диплом жұмысын бөлім (тарау) және бөлімшелерге (параграфы) бөлуге

болады. Әр бір бөлім және бөлімшелер татамдалған ақпараттардан тұрады.

Бөлімдер атаулары жиынтығында диплом жұмысының тақырыбын ашуы

керек, ал бөлімшелердің атауы жиынтығында сәйкес бөлімдерді ашуы керек.

Әрбір тарау бөлімшелерден тұруы тиіс және олардың саны 3-4 тен

аспауы керек. Бөлімшелердің атаулары қарайтылып жазылған шрифтпен жаңа

жолдан бастап жазба әріппен жазылуы керек және олар әрбір бөлім шегінде 21

нөмірленеді. Бөлімше нөмірі нүктемен бөлінген екі цифрдан тұрады: бірінші

цифр – бөлім нөмірі, екінші цифр – бөлімшенің реттік нөмірі. Бөлімше

нөмірінің соңында нүкте қойылмайды.

«Тарау(бөлім аты)», «параграф(бөлімше)» сөзі бөлім атауында

жазылмайды.

Бөлім аты немесе бөлімшелер ішінде ары қарай бөлінулер болады.

Әр бір бөлімшелердің ары қарай бөлінулері алдында дифис немес,

мәтіндік құжатта қажет болғанда жол әріпі (мыналардан басқа е,з и,о,ч,ь,ы,ъ)

қолданылады, әріптер кейін жақша қойылады.

Ары қарай бөлінудің ары қарай детальдануы кезінде араб цифрлары

қолданылады, цифрдан кейін жақша қойылады және жазу абзацтан басталады.

Дипломдық жұмыс беттерінің нөмірлу

Диплом жұмысының беттері барлық мәтін бойынша өтпелі нөмірлеуді

қадағалай отырып, араб цифрларымен нөмірленеді. Титульды бет, тапсырыс-

хат және дипломдық жұмысқа берген тапсырма, беттірдің жалып нөмірленуіне

қосылады, оларға беттер нөмірлері қойылмайды. Бет нөмірлері оның төменгі

жағының ортасына нүктесіз қойылады.

Жеке беттерде орналасқан суреттеп сипаттаулар мен кестелер жалпы

беттер нөміріне қосылады. Диплом жұмысының сыртқы беті диплом

жұмысының беттерінің жалпы нөміріне қосылмайды.

Жеке бетте орналасқан суреттеп сипаттаулар және кесте беттердің жалпы

нөмірлеиіне қосылады. А3 форматындағы кестелер мен суреттеп сипаттаулар

бір ғана бет болып саналады.

Суреттеп сипаттаулар

Суреттеп сипаттаулар (сызулар, кестелер, сызбалар, диаграммалар)

диплом жұмысында оларды мәтіннен кейін немесе келесі бетте орналастырған

жөн. Барлық иллюстрацияларға мәтінде сілтеме болуы керек.

Диплом жұмысында суреттеп сипаттаулар (сызулар, сызбалар, кескіндер,

диаграммалар) бірінші рет немесе келесі бетте көрсетілетін мәтіннен кейін

тікелей орналастырылады. Суреттеп сипаттаулар компьютермен орындалған

болуы керек, соның ішінде және түрлі-түсті. Барлық суреттеп сипаттауларға

жұмыста сілтемелер болуы керек.

Суреттеп сипаттаулар қосымшасынан басқа суреттеп сипаттауларды

өтпелі нөмірмен араб сандарымен нөмірлеу керек.

Суреттеп сипаттаулардың атауы және түсіндірме мәлметтері (сурет

соңындағы мәтін, қажет болғанда - легенда) болуы керек. «Сурет» сөзі және

оның атауы түсіндірме мәлметтерінен кейін орналастырылады және келесідей

орналастырылады «Сурет 1. Банк жүйесінің құрылымы». «Сурет» сөзі және

оның атауы жол ортасына орналастырылады.

Суреттеп сипаттаулар жеке мәтіннен жоғарғы және төменгі жағынан

қосымша интервалдамен бөлінеді. Суреттеп сиаппатуларға сілтеме жасаған 22

кезде «...1-ші суретке сәйкес» деп жазу керек.

Әр бір қосымшаның суреттеп сипаттаулары жеке араб сандарымен

алдына қосымшаның сандық белгілеулерін қоса отырып нөмірленіп,

белгіленеді.

Суретті рәсімдеу үлгісі

Коммерциялық банктердің адам ресурстарын құру мен дамуға

бағытталған ақшалай қаражаттарының тұтастай шығындары зерттелген

болатын. Бұл шығындар өзіне банк қызметкерлерінің еңбекақысын, сыйлықақы

қорын, әлеуметтік пакет ақы төлеуін, мамандарды дайындау және қайта

дайындау, оқыту және сынақ істен өту, және т.б. төлемдер мен жеңілдіктерді

кіріктіреді.

6 Диплом жұмысын рецензиялау

Диплом жазушының еңбегін қосымша объективті бағалауды алу

мақсатымен сәйкес аумақтағы мамандар диплом жұмысын рецензиялауды

жүргізеді. Рецензенттер ретінде мемлекеттік органдар мамандар, бизнес

сферасы, өндіріс және ҒЗИ мамандары, сонымен қатар басқа оқу орындары

мұғалімдері және профессорлары тартылуы мүмкін. Рецензенттер тізімін және

рецензияға бағыттаманы кафедра дайындайды.

Рәсімделген диплом жұмысын жетекші пікірімен бірге диплом жмзушы

қорғауға 7 күн қалғанда, кешіктірмей рецензентке табыс етеді.

Рецензияда таңдалған тақырыптың өзектілігінің бағасы, тақырыпты

ашуға дербес тәсілдің болуы, ақпараттарды жинау, қорытындылар мен

ұсыныстардың дәлелділік дәрежесі, алынған нәтижелердің шынайылығы,

олардың жаңалығы және тәжірибелік мәні, рецензияланатын жұмыстың негізгі

ережелері және тақырыптың мамандандырылған талдауы болуы керек.

Жұмыстың оң жақтарымен қатар кемшіліктері де аталып өтеді, соның

ішінде, материалды баяндаудың сауаттылығы мен логикасынан аутқып кетуі,

факт жүзіндегі қателердің болуы.

Рецензияда бал-рейтингтік әріптік жүйе бойынша бағаны көрсетумен

аргументтелген қорытынды және сәйкес академиялық дәреже және біліктілік

тағайындау мүмкіндігі беріледі.

Мынандай жағдайда, егер кафедра меңгерушісі ғылыми жетекші және

рецензент пікірлерінің мазмұнынан басқа, Мемлекеттік аттестациялық

комиссияның алдына бітірушіні диплом жұмысын қорғауға жіберу мүмкін емес

деп санаса, онда бұл сұрақ автор мен жетекшінің қатысуымен кафедра

отырысында қарастырылуы керек.

Рецензентпен қол қойылған рецензия бекітілген мерзімде диплом

жұмысымен бірге Мемлекеттік аттестациялық комиссияға табыс етіледі.

7.Диплом жұмысын қорғау

1 Қорғауға тапсырылатын, құжаттар

Диплом жұмысын рецензиялағаннан кейін МАК хатшысына оны қорғауға

үш күн қалғанда тапсырылуы керек:

1) Толығымен рәсімделген диплом жұмысы, төмендегілерден тұрады:

диплом жазушымен, норма бақылаушы кеңесшімен, ғылыми

жетекшімен және кафедра меңгерушімен қол қойылған (бірінші бет, тігіледі)

стандартты титулдық бет;

– тапсырыс-хат(тігіледі);

– тапсырма (тігіледі);

– диплом жұмысының мәтіні;

– жетекші пікірі (ішіне салынады);

– рецензия (ішіне салынады).

– диплом жұмысын сипаттайтын, басқа да құжаттар (егер олар болса,

ішіне салынады).

2) Суреттерді сипаттайтын (ілеспе) материал.

3) Диплом жұмысының электорндық нұсқасы дискетада және оның

презентациясының материалдары;

7.2 Диплом жұмысын қорғауға дайындық

Диплом жұмысын қорғау процедурасы студент-диплом жазушының

баяндамасын өзіне қосады, мұндағы маңызды элемент болып диплом жұмысын

презентациялау, диплом жазушымен алынған негізгі нітижелерді көрсету

болып табылады. Презентация көрсетілетін материалдардың көрнекілігін

қамтамасыз етеді, МАК мүшелеріне диплом жұмысының нәтижелерінің

ғылыми сол сияқты және тәжірибелік мәнін бағалауға мүмкіндік береді, сол

сияқты диплом жазушының оларды шағын баяндап беруіне көмегін тигізеді.

Презентация мыналарды қосуы керек:

– біліктілік жұмысын көрсетуге мүмкіндік жасайтын, баяндама;

– презентацияның өзі;

– қорытынды.

Презентацияны таңдалған тақырыптың өзектілігін баяндаудан, ғылыми

проблеманы сипаттаудан және жұмыс мақсатын құрудан бастау керек, тізбекті

түрде жүргізілген зерттеудің бекітілген логикасына, критикалық салыстыру

және бағалаудға, өте маңызды бөлімдерге және қызықты нәтижелерге ерекше

мән бере отырып бөлімдер бойынша жұмыстың негізгі мазмұнын ашу.

Баяндаманың қорытынды бөлімі диплом жұмысын қорытындылау мәтіні

бойынша құрылады, негізгі бөлік бөлімдерін сипаттау кезінде жасалынған,

оның мәтінінен жеке шолуларды қайталаусыз жалпы қорытындылар алынады,

негізгі ұсыныстар біртұтас жинақталады. Студент өзінің диплом жұмысының

негізгі мақмұнын еркін, жазбаша мәтінді оқымай баяндауы керек.

Презентация MS PowerPoint ортасында орындалған және ілеспе 29

материалдары, электронного слайд-фильм түрінде көрсетілетін визуалды

материалдармен суреттеліп сипатталады.

Визуалды материалдарды қолдану біріншіден МАК мүшелерінің назарын

диплом жұмысының маңызды элементтеріне аударуға мүмкіндік жасайды,

екіншіден сөзбе-сөз хабарламаны нығайтады, және үшіншіден ауызша

жеткізуге қиындық туғызатын, суреттеп сипаттауға мүмкіндік жасайды.

Суреттеп сипаттайтын материалдарды таңдау кезінде қарапайымдылық

және қысқалық қағидасын қолданған қажет. Кесте мен сызба ақпартты болуы

керек, бірақ оларды көп санды мәлметтермен толтырмау керек.

Барлық визуалды материалдарды дайындағаннан кейін алдын ала

репитиция жүргізу керек, бұл баяндаушы сөзінің шапшаңдығын және слайдтар

көрсету жылдамдығын реттеуге көмегін тигізеді.

7.3 Диплом жұмысын қорғауды жүргізу

Диплом жұмысын қорғау МАК ашық отырысында оның құрамының кем

дегенде екі, үш қатысушысымен, ғылыми жетекші және диплом жазушының

қатысуымен, сонымен қатар рецензенттердің мүмкіндігі бойынша қатысуымен

жүргізіледі.

МАК хатшысы әр бір диплом жұмысын комиссия отырысында

таныстырады:

– диплом жұмысының данасы;

– ғылыми жетекшінің қорытындысы;

– рецензенттер пікірі;

– біліктілік жұмысына алынған басқа да пікірлер;

– студент-диплом жазушының оқу картасы;

– студент-диплом жазушының сынақ кітапшасы.

Жұмысты қорғау тәртібі көздейді:

– студент-диплом жазушының баяндамасы (15 минут дейін), мұнда

тақырыптың дәлелділігі беріледі, жүргізілген зерттеулердің мақсаты мен

міндеттері, зерттеу объектісі мен пәні, жасалынған жұмыстың негізгі

нәтижелері, дербес орындалған есептер және зерттелулердің қорытындылары,

маңызды қорытындылар, ұсыныстар, ұсынымдар көрсетіледі;

– МАК мүшелері сұрақтарына студент-диплом жазушының жауаптары;

– рецензенттердің сөзі және басқа тұлғалардың;

– біліктілік жұмысына алныған, басқа да пікірлерді оқу;

– студент-диплом жазушының қорытынды сөзі – диплом жұмысын

талқылау барысында алынған, ескертулерге жауабы.

МАК отырысына қатысушылардың барлығының сұрақтар қоюға

мүмкіндігі бар және творчествалық дискуссияға қатыса алады.

Соңғы (балдық) баға комиссия төрағасының немесе оның

орынбасарының міндетті түрде қатысуымен, отырыста қатысатын МАК

мүшелерінің қарапайым көпшілік дауысымен МАК жабық отырысында

шығарылады. Тең дауыстар саны кезінде комиссия төрағасы (немесе комиссия

төрағасын ауыстыратын оның орынбасары) бірінші шешуші дауысқа ие. 30

Ғылыми жетекші және рецензенттің өз ойларын айтуға құқығы бар, бірақ дауыс

беруге қатыспайды.

МАК біліктілік жұмысын жариялау бойынша, олардың конкурсқа

қатысуға, тәжірибелік қолданылуы бойынша ұсыныстар беруге құқығы бар.

Өте қабілетті бітірушілерге (факультет деканымен және кафедра

меңгерушісімен келісу бойынша) МАК төрағасы магистратураға түсуі үшін

ұсыныс жасауы мүмкін.

МАК хатшысы отырыс хаттамасын жүргізеді, бұған барлық қойылған

сұрақтар, жауаптар, диплом беру (үздік, үздік емес) немес бермеуі туралы

комиссия шешімі және ерекше пікірлер енгізіледі. Хаттамаға отырысқа

қатысқан, төраға және комиссия мүшелері қол қояды. МАК отырысының

хаттамасын рәсімдегеннен кейін сол күні студенттерге біліктілік жұмысын

қорғаудың нәтижелері баяндалады.

Құжатпен расталған, белгілі бір орынды себептермен бекітілген мерзімде

жұмысын қорғамаған, студенттерге МАК жұмысының келесі кезеңіне дейін оқу

мерзімі ұзартылуы мүмкін, бірақ үш ай мерзімнен ерте емес және алғашқы

қорытынды мемлекеттік аттестацияны өткеннен кейін үш жылдан көп емес

мерзімде. Бұл үшін студент факультет деканатына жеке арызын бұған қоса

орынды себебін растайтын құжатын тапсыруы керек.

7.4 Диплом жұмысын бағалау критерилері

«Үздік» бағасына басқарудың ғылыми-теориялық, әдістемелік немесе

тәжірибелік міндеттерін шешуге көмегін тигізетін және автормен қойылған

міндеттерді шешу құралдарын және қазіргі тәсілдерді, адекваттық талдау

тәсілдерін қолдануды куәландыратын теориялық, әдістемелік немесе

тәжірибелік қызығушылығын көрсететін, ғылыми дәлелденген тақырыптағы

диплом жұмысы лайық. «Үздік» бағасына бағаланған диплом жұмысының

құрылымы нақты, логикалық және қойылған мақсатқа сәйкес болуы керек.

Қорытындысында қойылған проблеманы шешуге үлесін қосатын, оны ары

қарай дамыту үшін болашағы бар, нақты, жан-жақты дәлелденген

қорытындылар келтірілуі керек. Жұмыс әдеби тілмен жазылуы керек, ғылыми-

анықтамалық аппарат тыңғылықты түрде тексерілуі керек, қолданыстағы

МЖББС және «»Әдістемелік нұсқауларға» сәйкес болуы керек, кесте, сызба,

суреттеулер, кескіндер түріндегі қосымшалардан тұрады.

Үздік бағаны алу жағдай студент-диплом жазушының баяндамасының

қысқалығы және логикалығы болып табылады, мұнда диплом жұмысының

негізгі ережелері, сонымен қатар МАК мүшелерімен қойылған сұрақтарға

нақты және аргументтелген жауаптар бейнеленеді.

Мынандай жағдайда, егер диплом жұмысы толық көлемде жоғарыда

аталған талаптарға жауап бермейтін болса, онда ол төменгі балмен бағаланады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет