Қосымша
2023-2024 оқу жылының басына техникалық және кәсіптік,
орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындарында оқу процесін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық-әдістемелік ұсынымдар
Білім күнін өткізуге қатысты
Білім күні 1 қыркүйекте барлық курстардың білім алушыларына кураторлық сағат өткізіледі. Талқыланатын тақырыптар шәкірттердің білімге, еңбекқорлыққа және патриотизмге, рухани құндылықтарды қалыптастыру мен дамытуға, жауапкершілік пен өзара сыйластыққа ұмтылуына бағытталуы тиіс.
Негізгі міндет оқу жылында білім алушыларға үздік білім беру, жайлы және қауіпсіз білім беру ортасын құру, сондай-ақ әрбір білім алушының жеке дамуын қолдау болып табылады.
Кураторлық сағаттың мақсаттары:
1. Білімге деген құндылықты қалыптастыру, өз Отаны үшін қажет және пайдалы болуға деген ұмтылыс.
2. Белсенді өмірлік ұстанымды, кәсіби маңызды қасиеттерді және олардың қоғам өмірінің түрлі салаларында көрініс табуына дайындығын қалыптастыру.
3. Өзін-өзі тәрбиелеуге және өзін-өзі дамытуға, жеке тұлғаның шығармашылық қасиеттерін дамытуға бағдарлау
2. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қатысты
2023-2024 оқу жылында оқытуды сараптамадан өткен және 2022 жылғы білім беру бағдарламаларының тізілімінде орналастырылған білім беру бағдарламалары бойынша бастау қажет, яғни МЖМБС (Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына 2022 жылғы 23 қыркүйектегі өзгерістер мен толықтырулармен) 2023 жылғы 6 маусымдағы МЖМБС жаңа түзетулерін есепке алмағанда.
Себебі, «Білім туралы» ҚРЗ 17 және 20-бабының 2-тармағына сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларының тізбесі білім беру бағдарламаларының тізілімінде қамтылған. Тізілімге енгізу үшін білім беру бағдарламалары сараптамадан өтеді (ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 2022 жылғы 7 қазандағы № 417 бұйрығы).
МЖБС жаңа түзетулері бойынша білім беру бағдарламалары бүгінде сараптамадан өтпеген, осыған байланысты оларды білім беру бағдарламаларының Тізіліміне енгізу мүмкін емес. Білім беру бағдарламаларының сараптамасы білім беру бағдарламалары мазмұнының сапасын, сол арқылы білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын даярлауды қамтамасыз етеді.
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 6 маусымдағы № 161 бұйрығы 2024-2025 оқу жылына арналған білім беру бағдарламаларын әзірлеу кезінде қолданылатын болады.
2023-2024 оқу жылында білім беру бағдарламаларына келесі базалық модульдерді міндетті түрде енгізуді көздеу қажет:
1) дене қасиеттерін дамыту және жетілдіру;
2) ақпараттық-коммуникациялық және цифрлық технологияларды қолдану;
3) экономиканың базалық білімін және кәсіпкерлік негіздерін қолдану;
4) қоғам мен еңбек ұжымында әлеуметтену және бейімделу үшін әлеуметтік ғылымдар негіздерін қолдану.
«Қоғамда және еңбек ұжымында әлеуметтену және бейімделу үшін әлеуметтік ғылымдар негіздерін қолдану» модулін зерделеу орта буын мамандарын даярлау кезінде жүзеге асырылады.
Қосымша базалық модульдерді қосуға, егер оларсыз біліктілік бойынша кәсіптік модульдерді игеру мүмкін болмаған жағдайда жол беріледі.
ТжКОБ ұйымының қалауы бойынша базалық модульдер әскери мамандықтарды қоспағанда, мамандық бейініне байланысты кәсіптік модульдерге біріктіріледі.
Сонымен қатар, ТжКБ ұйымдары МЖМБС жаңа түзетулері бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеуді бастауы және 2023 жылдың қыркүйек-қазан айларында тізілімге орналастыру үшін сараптамаға жіберуі қажет. МЖМБС жаңа түзетулері бойынша әзірленген білім беру бағдарламаларын өзектендірілген және жаңадан әзірленген кәсіптік стандарттардың талаптарына сәйкес келтіру қажет. Білім беру бағдарламаларын тізілімге орналастыру 2024 жылдың қаңтарынан басталады.
Достарыңызбен бөлісу: |