5.2 Популяциялардың құрылымы: агрегация, оқшаулану.
Көптеген популяциялардың ішкі құрылымына әртүрлі уақытта әртүрлі көлемді топтардың пайда болуы тән. Осындай топтар пайда болады: 1) орта жағдайының жергілікіті айырмашылығы салдарынан; 2) ауа райының тәуліктік және маусымдық өзгеруінің; 3) көбею процессімен байланысты; 4) әлеуметтік тартылыс нәтижесінде (жоғарығы сатыдағы жануарларда). Агрегация даралардың арасында кеңістік, қорек үшін бәсекелестікті күшейтеді. Дегенмен агрегагацияның осы қоласыз салдары тұтастай топтардың тірі қалуын (қорғау, микроклиматтың өзгеруі және т.б.) қамтамасыз етеді. Агрегация деңгейі, жалпы тығыздық сияқты, осы кезде популяциялардың қолайлы өсуі мен тірі қалуы байқалады, түр мен жағдайға тәуелді, сондықтанда «сирек қоныстану» секілді (немесе агрегацияның болмауы) «тығыз қоныстану» сияқты шектеуші әсер етеді. Бұл Олли принципі. Өсімдіктерде агрегация факторлардың алғашқы үшеуінін әсерінен пайда болуы мүмкін, ал жоғарғы сатыдағы жануарларда қатты байқалатын агрегация барлық төрт фактордың нәтижесінде болады (бұғылардың үйірі, бөкендердің табыны, құстардың тобы, аралардың шоғыры, термиттер және т.б.).
Оқшалау келесі себептерден пайда болады: 1) жетіспейтін ресурстар үшін даралар арасындағы бәсекелестік; 2) тура антагонизм, жоғарғы сатыдағы жануарлардың мінез құлық жауаптарын, ал микрорганизмдерде, өсімдіктері мен төменгі сатыдағы өсімдіктерде – химиялық оқшаулаушы механизмдерін (антибиотиктер мен аллелопатикалық заттар) қосқандағы. Екі жағдайда да бұл кездейсоқ немесе біркелкі таралуға алып келеді, себебі жақын көршілері жойылады немесе қуылады. Даралардың, жұптардың немесе омыртқалы және жоғарғы сатыдағы омыртқасыздардың біріккен топтарының белсенділігі әдетте белгілі кеңістікпен шектелген, ол жеке немесе жанұялық аумақ деп аталады. Егер осы аумақ қорғалса онда ол территория деп аталады.
Агрегация бәсекелестікті күшейтеді, бірақ көптеген артықшылықтарыда бар. Популяциялардағы даралардың бытырап кетуі бәсекелестікті азайтады. Мысалы, сайрауықтар көбею кезінде оқшауланған территорияны алады, қыста үйір құрып жиналады. Сонымен бірге әртүрлі жастағы және жынысты даралар дәл бір кезеңнің өзінде өзін әртүрлі ұстайды (мысалы ересектерінде территориялық мінез құлық байқалады, ал жастары шоғырланады).
Достарыңызбен бөлісу: |