232
Су – Жер шарындағы
ең көп таралған айрықша зат, химиялық
құрамы жөнінен сутегінің тотығы (Н
2
О) болып табылады. Оның
өзіне тəн
қасиеттері бар, бұл қасиеттерінің географиялық қабықта
жүретін түрлі зат жəне энергия алмасудағы маңызы өте зор.
Су табиғатта қалыпты жағдайда үш бірдей күйде бола алады.
Судың бір күйден екінші күйге ауысуы үшін белгілі бір мөлшерде
жылу жұмсалады (булану, қар мен мұздың еруі)
немесе бөлініп
шығады (конденсация, судың қатуы). Мысалы, 1 г суды буландыру
үшін жұмсалатын жылу 1 г мұзды ерітуге қажет жылудан 7 еседей
артық болады.
Табиғаттағы басқа заттармен салыстырғанда су қатқан кезде
өзінің көлемін ұлғайтады. Таза су
қалыпты қысым жағдайында
+100
0
С-де қайнап, 0
0
С-де қатты күйге айналады. Ал дүниежүзілік
мұхит суы +4
0
С шамасында ең жоғары тығыздыққа ие болады; бұдан
төмен температурада керісінше тығыздығы біртіндеп кеміп, көлемі
ұлғая бастайды. Қатқан мезетте судың көлемі күрт артып, бастапқы
сұйық күйіндегі көлемінен 10%-ға жуық ұлғаяды.
Табиғатта судың мұндай өзгерістерге түсуінің өзіндік маңызы
бар. Су айдындарының бетін жапқан мұз судың төменгі қабаттарының
одан əрі салқындауына жол бермейді. Өйткені егер су қатқан сайын
тығыз бола берсе, су айдындары түбінен бастап қатар еді. Мұндай
орасан мол мұз жаз кезінде еріп үлгермес еді, мұның өзі қоршаған
ортаға, судағы тіршілікке кері əсерін тигізген болар еді.
Су еріткіш болғандықтан табиғатта таза күйінде
болмайды,
оның құрамында еріген күйде түрлі бөгде заттар кездеседі. Судағы
тұздардың мөлшері, яғни
тұздылығы əркелкі болады. Судың
тұздылығын бір литрдегі грамм есебімен (г/л), пайыз (%) жəне про-
милле (
0
/
00
) есебімен өлшейді.
Дүниежүзілік мұхит суларының тұздылығы да əртүрлі, олардың
қату жəне ең жоғары тығыздық байқалатын температуралары да
белгілі дəрежеде айырмашылық жасайды (
12-кесте).
Судың тұздылығы артқан сайын, қату температурасы төмен бо-
лады. Сол себепті тұздылығы жоғары болатын терең көлдердің небір
қатты аяздарда да қата қоюы қиын. Ал
мұхит жағдайында беткі
тұзды су қату барысында біртіндеп тығыздығы артып, төменге ба-
тады. Осының нəтижесінде мұхиттың неғұрлым төмен қабаттарына
оттегі жеткізіліп, ондағы тіршілікті қамтамасыз етеді.