Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет226/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

Субтропиктік орман зоналары белдеудің батыс жəне шығыс 
жағалық бөліктерін алып жатыр. Батыста орман жерортатеңіздік 
қатты жапырақты мəңгі жасыл ормандар мен бұталар деп ата-
лады. Жерортатеңіздік климат жағдайында бұл орман зонасы жазғы 
ыстық пен құрғақшылыққа жақсы бейімделген, жапырақтары өте 
ұсақ əрі жылтыр немесе беті балауызбен көмкерілген, кейбіреулері-
нің сыртын ұсақ бүрлер жауып тұрады. Ағаштардың қабығы тозда-
нып, қалыңдайды. 
Табиғи ландшафт күшті өзгеріске ұшыраған, ағаштар жаппай 
кесілген жерлерде екінші реттік ормандар – маквис пайда болған. 
Белдеудің шығысында ауыспалы ылғалды (муссондық) ормандар 
таралған. Бұл ормандар қыста ылғал жетіспеушілігіне байланысты 
жапырағын түсіреді.
Ылғалды мəңгі жасыл тропиктік ормандар субтропиктік, 
тропиктік, субэкваторлық жəне экваторлық белдеулердің бірқалып-
ты ылғалды климат таралған аудандарын алып жатыр. Жылдық жау-


316
ын-шашын мөлшері 2000 мм кем түспейтін, ауа температурасы жыл 
ішінде аса үлкен ауытқуларға ұшырамайтын бөліктерде таралады. 
Бұл ормандарды А. Гумбольдт гилея деп атаған. 
Орман ағаштары аса биік, бірнеше қабатты болып өседі. 
Жыл мезілдерінде ауытқу болмайтындықтан ағаштарда жылдық 
сақиналар түзілмейді. Лианалар мен эпифиттер арқылы шырмалған 
ағаштар орман ішіне кіруге мүмкіндік бермейді. Тіпті, күн сəулесін 
де өткізбейді, сондықтан орманның төменгі бөлігінде бұталар мен 
шөптесін өсімдіктер өте аз кездеседі. 
Ормандарда ылғал жеткілікті болғандықтан өсімдіктердің 
гүлдері мен жемістері ағаш діңінің үстінен тікелей шығады. Бұл 
құбылысты каулифлория деп атайды. Өсімдіктер бойында бір 
мезгілде барлық вегетациялық процестер (бүр жару, гүлдеу, жеміс 
беру) қатар жүре алады. 
Ылғалды тропиктік ормандар өте ежелгі ормандар қатарына 
жататындықтан, топырақ жақсы жетілген. Басым түрде қызыл-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет