37
белгілі құбылыс пен географиялық
объектінің таралу ауданын
белгілейді, мəселен ауыл шаруашылығының маманданған ауданда-
ры, топырақ немесе ландшафт типтері айқындалып көрсетіледі.
Мұндай карталар
типологиялық деп те аталады. Егер де типтер
саны көп болса, нақтылық деңгейін
көтеру мақсатында қосымша
индекс немесе жазу қолданылады.
Карта құрастыру барысында объектінің бір немесе бірнеше
белгісі басшылыққа алынуы мүмкін. Геологиялық картада ең алды-
мен, тау жыныстары магмалық жəне шөгінді жыныстарға жіктеледі,
сонан соң шөгінді жыныстар жасына қарай, ал магмалық жыныстар
петрографиялық құрамына қарай бөлінеді.
Мұндай карталардың шартты белгісімен, түсіндірме мəтіндерімен
мұқият танысу қажет. Кейбір жағдайда түрлі
типтер арасындағы
айырмашылықтар айқын болмаған жағдайда,
олар өтпелі сипат
алып, екі түстің де араласуынан қиғаш жолақтар түрінде беріледі.
Мұндай белгілер топырақ картасында да кездеседі,
жазық
жəне таулы аймақтағы бірдей топырақ типтері бояу түсі бірдей
болғанымен, штрихтеу арқылы бір-бірінен айқын ажыратылады.
5. Сандық түс əдісі – бояу
немесе штрих арқылы белгілі
құбылыс пен географиялық объектінің жаппай таралған ауданын
көрсету немесе олардың сандық
көрсеткіштерін шкала арқылы
бейнелеу. Мысалы, өзен суы алаптарының гидроэнергетикалық
мүмкіншілігі, топырақтың химиялық заттармен ластану көрсеткіші,
жылдық жауын-шашын мөлшері жəне т.б.
Достарыңызбен бөлісу: