Оқулық Алматы, 012 ƏОЖ


 Мысал аудармаларының төл туындылық сипаты



Pdf көрінісі
бет82/140
Дата11.01.2023
өлшемі3.28 Mb.
#468309
түріОқулық
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   140
Әбдиманұлы-Ө.-ХХ-ғасыр-басынд.-қазақ-әдебиеті-Оқулық-2012ж (1)

9.2 Мысал аудармаларының төл туындылық сипаты
Ахмет Байтұрсынов шығармашылығының сүбелі салаларының 
бірі – поэзия. Бұл – негізінен замана талабы, уақыт сұранысынан 
туындаған, дəуір жүгін арқалаған творчестволық ізденіс жемісі. 
Жалпы қазақ əдебиеті ХХ ғасырдың бас кезеңіне дейінгі аралықта 
жазба əдебиетте қара сөзбен бірді-екілі дүниелер ғана болмаса, 
негізінен поэтикалық туындылар арқылы көрінеді. Бұған негіз 
өлеңнің оқырман мен тыңдарман жүрегіне жылы ұялар қасиеті
ойдың ұшқырлығы мен жинақылығы болса керек. Ел азаттығы 
жолындағы күрескер, білімге, “жарық күнге” үндеуші Ахмет 
Байтұрсынов өзінің алғашқы жүрекжарды туындыларында осынау 
тəсілді таңдап алуы – уақыт үніне сай болуды көздеуден туған шара. 
Бірақ көңіл аударар, назар салар, зерттеушілік құлықты қажетсінер 
бір мəселе – Ахаңның басқалардан өзгерек өзіндік жол табуы. Бұл – 
оның тұңғыш жинағының түгелдей аудармалардан тұруы. Орыстың 
атақты мысалшысы И. А. Крылов творчествосына зер сала үңілген 
ақын, оның көптеген шығармаларынан өзінің ділгір қажеттілігін 
тауып, “Қырық мысал” деген атпен аудармаларын 1909 жылы Пе-
терборда бастырып шығарды. Бірақ Ахаң Крылов мысалдарына 
əрдайым айналып соғып отырған. 1911 жылы Орынборда шыққан 
“Маса” өлеңдер жинағына Крыловтан аударған үш мысалының енуі 
– бұған дəлел.


251 
В. Г. Белинский Крылов мысалдарын көркемдік қуаты мен сая-
си идеялық салмағына қарай басты-басты үш топқа бөледі. Бірінші 
топтағы мысалдарда оқиғаны баяндап қана шығып, ақыл айтумен 
шектеліп отырады. Бұл ретте ол ақын-моралист ретінде көрінеді. 
Яғни Хемницер, Дмитриев салған дəстүрден ұзай қоймайды. 
Екінші топтағы мысалдарда – ақыл айтуды поэзия жеңе бастай-
ды. Ал үшінші топтағы мысалдар – нағыз сатиралық, поэзиялық 
шығармалар.
А. Байтұрсынов Белинский шартты түрде жіктеген осы үш топтан 
да мысалдар аударған. Бірінші топтан – он, екінші топтан – жиырма 
бір, үшінші топтан жеті мысал аударған. Оның бұлай етуіне себеп 
те жоқ емес. Ахметтің сол кезде алдына қойған екі мақсаты болды. 
Біріншісі – əлі де болса қараңғылықтың қалың ұйқысында мүлгіген 
өз халқына ой тастап, білімге ұмтылдыру, артта қалу себебін 
ашып, оның басты кесапаттарын көрсету. Сондықтан ол қазақтың 
ұғымына, тыныс-тіршілігіне сай, көркемдігі басым, ғибраты мол 
мысал үлгілерін таңдады. Сол арқылы тек жаттанды ақыл, құрғақ 
үндеумен емес, ой-сананы оятар, жұғымды да өтімді, үлгілі өлең 
жолдарымен əсер етуді көздеді. Сөйтіп мысал мəтіннің толық 
сақталуына емес, оның өлеңдік қуатына, поэтикалық əсерлігіне ба-
сты назар аударды.
Ахмет Байтұрсыновтың алдына қойған екінші мақсаты – 
халықты қоғамдық-əлеуметтік көкейкесті мəселелерді танып-
білуге үндей отырып, азаттықтың ақ жолын аңғарту, бостандыққа 
ұмтылуға жөн сілтеу. “Қырық мысалдағы” бұл астарлы мағынаны 
кезінде өз замандастары да жіті аңғарған. “Қырық мысал” қалың 
қазақ жұртының алғаш естіген төңкеріс рухының сөзі еді, – дейді
М. Əуезов. Осы тұрғыдан алғанда Ахметтің Крыловтың екінші жəне 
үшінші топтағы, қоғамдық-саяси сипаттағы мəселелерді көтерген 
мысалдарына айрықша мəн бергенін байқау қиын емес.
“Қырық мысалдағы” шығармаларды тақырыбы жағынан үлкен 
екі топқа бөлуге болады. Олардың бір тобы оқу-білімге, адамдық-
азаматтық қасиеттерге үндеу, еңбекқорлыққа тəрбиелеу, елді 
ынтымақ-бірлікке шақыруға негізделсе, келесі тобы елдің елдігін 
сақтау, езгіде қалған елді азаттыққа, бостандық жолында күресуге 
үндеу болып келеді.
Ел бостандығын аңсаған, оған қол жеткізудің жолын іздеген Ахмет 
үшін Крылов мысалдарын аудару таптырмас тəсіл еді. Отаршылдық 
саясаттың озбырлығын сезе тұра, патшалық əкімдердің қанаушылық 


252
қаныпезерлігін көре тұра үндемей қалуды жөн көрмей, өзегіне за-
пыран болып жиналған ащы шындықты қалайда сыртқа шығаруға 
тырысқан Ахаң Крыловтан өзі екшеген “40 мысалға” жүгінді.
Абай аудармаларын жан-жақты терең қарастырған М. Əуезов, 
ақын аудармасының ерекшелігі туралы былайша ой түйеді: 
“Алдыңғы ақын сезіміне, əңгімесіне, ой толғауына сүйене оты-
рып, өз ішінен де соған үндес қоғамдық сыр шығарып, қосыла 
күңіреніп, қатар шабыттанып кетеді. Сондықтан бұл алуандас 
ақындықты құр аударма деп қарамай, Пушкин, Лермонтов, Бай-
рон сарынымен жазылған шығармалар деп тану керек”. Міне, 
осы бір пікір Ахмет шығармашылығын қарастырғанда негізге 
алынуға тиіс. Ахмет Крыловты аударуды мақсат тұтпай, ондағы 
тақырыпты, ой-өзекті ғана алып өзінше еркін жырлауға, қазақ 
өміріне тығыз байланыстыра отырып, ой айтуға ұмтылған. Ол, 
əсіресе, қазақ өміріне қатысты ділгір де дертті мəселелерге кел-
генде өзіндік бағыт ұстанып, негізгі желіні дамыта отырып, 
жаңғыртып, өз уақытына сай мысалдың өткірлігін арттыра түсуді 
мақсат еткенін аңғару қиын емес.
Осы тұрғыдан алғанда “Қырық мысал” жинағындағы аудар-
малардың “Аққу, Шортан, һəм Шаян” мысалымен ашылуы Ахмет 
үшін белгілі бір мақсаткерлікті танытардай. Ол осы мысал арқылы 
сол кездегі қазақ өміріндегі ең бір келеңсіз жайды – бас бірліктің 
жоқ екендігін аса бір дертті мəселе ретінде көтерген. 
“Бас-басына хан болған”, “Ортақ өгізден оңаша бұзауды 
артық көріп” аз ғана елінің басын қоспай, бытыратып жүрген ел 
басшыларының кесірінен қазақтың мүшкіл халге түскен өміріне 
назаланады ақын. Крыловта негізгі ой моральдық түйін арқылы 
мысалдың алғашқы бөлігінде беріледі:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   140




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет