Оқулық «Білімді дамытудың федералдық институты»



бет5/75
Дата31.10.2023
өлшемі2.2 Mb.
#481980
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75
aparatty-zhjeler

АЖ даму тарихы


Ақпараттық жүйенің идеясы және оларды ұйымдастырудың кейбір қағидаттары дербес компьютерлер пайда болғанға дейін туындаған. Кітапханалар, мұрағаттар, мекен-жай бюросы, телефон анықтамалығы, сөздіктер – осының бәрі ақпараттық жүйелер. Дегенмен, компьютерлендіру ақпараттық жүйелердің тиімділігін арттырып, олардың қолдану аясын кеңейтті. АЖ ақпаратты пайдаланудың үнемі дамып отыратын тұжырымдамаларына негізделген жүйелер болып табылады.


Алғашқы автоматтандырылған ақпараттық жүйелер өткен ғасырдың 50-ші жылдарында пайда болды. Соғыстан кейінгі жылдары жаңа ұйымдастыру құрылымдарын жасау немесе

8
реттеудің экономикалық тетіктерін жетілдіру бойынша шаралар экономиканы басқаруда туындаған қиындықтардың өсуі мен шығыстардың сәйкесті өсуін көтеруге мүмкіндік бермейтін жағдай қалыптасты. Негізді шешім ақпаратты өндеу саласында еңбек өнімділігін түбегейлі өсіру есебінен мүмкін болды. Сол уақытта автоматтандырылған жүйелерді әзірлеу басталды, олар шоттарды, жүкқұжаттарды жазып беру, төлем тізімдемелерін жасау, еңбекақыны есептеу және бухгалтерлік есептің басқа операциялары үшін арналды, электрмеханикалық бухгалтерлік есептеу машиналарында жүзеге асырылды. Бұл шығыстардың біршама азаюына және қағаз құжаттарды дайындауға жұмсалатын уақытты қысқартуға әкелді. Сол уақытта «деректерді электрондық өндеу» (ДЭӨ) термині таралған болатын.


1960 жылдары есептеу техникасы құралдары одан әрі дами түсті: операциялық жүйелер, дискілі технология пайда болды, бағдарламалау тілдері айтарлықтай жақсарды. Есептеу техникасының дамуы қызметтің ртүрлі салаларын , мысалы есептік құжаттаманы дайындауды автоматтандыруда жаңа мүмкіндіктердің пайда болуына шарттас болды. Ақпараттық жүйелерге деген көзқарас өзгерді. Олардың көмегімен алынған ақпаратты көптеген параметрлер бойынша мерзімді есептілік үшін қолданылды. Шешімді қабылдайтын менеджерлерге бағытталған
басқару есептер жүйелері құрылды.
1970 жылдары деректер базасы технологиялары және деректерді интерактивті өндеуге арналған құралдар дамыды. Жаңа ақпараттық технологиялардың дамуы шешімдерді қабылдауды қолдау жүйелерінің (ШҚҚЖ) пайда болуына жағдай жасады. Ақпаратты алдын ала белгіленген есептілік нысандары бойынша ұсынатын басқарушы есептер жүйелерінен айырмасы, ШҚҚЖ оны қажет болған шамада ұсынады.
1970-1980 жылдары кеңселерде әртүрлі компьютерлік және телекоммуникациялық технологияларды қолдана бастады, олар ақпараттық жүйелердің қолдану саласын кеңейтті. АЖ шешімдерді қабылдау процесін қолдайтын және жеделдететін басқарушы бақылау құралы ретінде кеңінен пайдаланыла бастады.
1980 жылдар ақпараттық технологиялардың ұйымдағы жаңа рөлге ұмтылуымен сипатталады: компаниялар өздері үшін ақпараттық технологиялар стратегиялық қару болып табылатынын ашты. Осы кезеңнің ақпараттық технологиялары уақытында қажетті ақпаратты ұсына отырып, ұйымға өз қызметінде табысқа жетуге, жаңа тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді жасауға, жаңа өткізу нарықтарын табуға, лайықты әріптестермен ынтымақтастықты қамтамасыз етуге, төмен баға бойынша өнімді шығаруды ұйымдастыруға және тағы басқаға көмектесті.
Ресей мен Батыста басқарудың ақпараттық жүйелерінің дамуы

9
тарихи жағдайлардың елеулі айырмашылығына байланысты әртүрлі өтті. Жоспарлы социалистік жүйе әртүрлі жолдармен (адами, қаржы) материалдық ресурстарды қатаң регламентке белгілеп бөлді, сондықтан нарықтық емес экономика кәсіпорындардың басшыларын ресурстарды үнемдеуге және қаржылық, материалдық ағындарды оңтайландыруға ынталандырмады. Ал капиталистік қоғамда мүлдем басқаша болды. Капитализм парадигмасында нағыз қожайын үшін ресурстарды оңтайлы басқару міндеті әрқашан бірінші кезекте тұрды. Осы объективті мән-жайларға орай Батыстағы басқару жүйесін автоматтандыру қорларды басқару міндеттерін шешуден басталды. Ал біздің елде ақпараттық жүйелерді енгізу кәсіпорындардың бухгалтерлік және кадр бөлімшелерінен басталды.


Алдыңғы жолы отандық ақпараттық жүйелер есепке алу
функцияларын орындап, кейін олардың жауапкершілік аймағы басқару және жоспарлау функцияларына таралды. Осымен, нарықта ең көп сұранысқа ие «1С» компаниясының өнімдері мына реттілікпен пайда болды: «Бухгалтерия», «Еңбекақы және кадрлар», «Сауда және қойма», «Кәсіпорын». «БЭСТ», «Парус»,
«Галактика» сияқты отандық басқа фирмалардың да бағдарламалық өнімдері осындай даму кезеңдерінен өтті.
Кәсіпорындар автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді қолданудың пайдалылығына көз жеткізгеннен кейін, басқарудың барлық функцияларын автоматтандыруға көшті. Бұл ретте әртүрлі бағдарламалық-аппараттық тұғырнамаларға негізделетін әртүрлі фирмалардың бағдарламалық өнімдері пайдаланылды. Бүгінге дейін өз бизнес процестерін басқаруды автоматтандыруға тырысып жатқан көптеген кәсіпорындарда бағдарламалық- аппараттық құралдардың алуан түрлілігін кездестіруге болады. Құрақ автоматтандырудың нәтижесінде фирманың бөлімшелері автономды, тіпті автоматтандырусыз жұмыс істегенге қарағанда, кейде мүлде тиімсіз жұмыс істеуде.
Батыстық ақпараттық жүйелердің негізінде, дамудың басынан бастап, ресурстарды сақтау, яғни материалдық және қаржылық ресурстардың ағынын оңтайландыру идеясы жатты. Бұл ақпараттық жүйелердің атауларында көрінісін тапты: IC (Inventory Control — қорларды басқару), MRP (Material Requirements Planning
— материалдарға қажеттілікті жоспарлау), MRP II (Manufacturing Resource Planning — өндірістік ресурстарды жоспарлау), ERP (Enterprise Resource Planning — корпорация ресурстарын жоспарлау). Бұл батыс жүйелерін әзірлеушілер бухгалтерлік есеп модуліне жеткілікті көңіл бөлмеді дегенді білдірмейді. Дегенмен, есепке алу міндеттері басқару міндеттерімен тығыз байланысты.
Бүгінде біздің елде іскери орта екпіндеп өзгеріп жатыр:

10
компаниялардың сыртқы және ішкі байланыстары кеңейіп, бизнес- процестердің жылдамдығы ұлғаюда. Ақпараттық технологияларға қойылатын талаптар артып, басқару жүйелерінің жылдам дамуына ықпал етеді. Нәтижесінде ақпараттық жүйелер бір мезгілде автоматтандыруға жаңа тәсілдерді талап ететін жаңа бизнес- үлгілерге себепкер болып, басқарудың маңызды құралдарының біріне айналды.







      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет