Клетка теориясының ашылғанына 150 жылдан аса уақыт өтсе де, клетканың құрылысы,
қызметі жайында көптеген жаңа мағлұматтар ашылса да, ол өзінің маңызын осы уакытқа
дейін жоғалтқан жоқ. Қазіргі уақытта клетка теориясының мынандай постулаттары бар.
1. Клетка - тіршіліктің ең кіші бөлімі, клеткасыз өмір жоқ.
2. Клетка құрамы əртүрлі бір бірімен байланысқан біртұтас жуйе болып саналады.
3. Клеткалар құрылысы жəне маңызы жағынан ұқсас.
4. Клетка бөліну арқылы көбейеді (генетикалық материалдың (ДНК) екі есленуінің
салдарынан, немесе клетка клеткадан пайда болады.
5. Көп клеткалы организм күрделі клеткалар мен ұлпалардан туратын жүйе болып
саналады. Оның құрамына бір-бірімен химиялық, гуморальды
жане нерв факторларымен
біріккен ұлпалар жəне органдар жүйесі кіреді.
6. Көпклеткалы организмдердің клеткалары тотипотентті, немесе организмнің
құрамындағы барлық клеткалар генетикалық ақпаратты беру жағынан бірдей, ал гендердің
экспрессия жағынан əртүрлі генетикалық қабілеттілікке ие, осыдан барып олардын
морфологиялық функционалдық қызметтерінің əртурлі
болуына немесе олардың
дифференцировкаларының ерекшелігіне əкеліп соғады.
ЦИТОЛОГИЯ ІЛІМІ ЖƏНЕ КЛЕТКА ТЕОРИЯСЫ
Цитология клеткалардың құрылысын, атқаратын қызметін, дамуын зерттейтін ілім.
Грекше kytos — клетка, logos— ілім деген мағынаны білдіреді. Цитологияның биология
ілімінен өзінің іргесін бөлгеніне небары жүз жылдай ғана уақыт өтті. Осы аралықта ол
жедел қарқынмен дамып, жазбаша морфологиялық ілімнен
экспериментальды ілімге
айналды. Сөйтіп цитология бүгінгі таңда клетканың құрылысын ғана емес, ондағы күрделі
физиологиялық процестерді де зерттейтін ауқымды ғылым саласының біріне айналып
отыр.
Морфология ілімінен өрбіген цитология анатомия, гистология, физиология,
эмбриология, генетика, биохимия т. б. ілімдерімен
тығыз байланыса келіп, клетка
физиологиясы, цитохимия, цитогенетика, цитоэкология, салыстырмалы цитология сияқты
өзінің төл тармақтарын туындатты.
Цитология да биохимия,
биофизика, генетика жəне молекулалық биология
салаларындай ғылыми əдістемелік тəсілдерге жүгінеді. Осы тəсілдер арқылы ол соңғы
жылдары клетканы жан-жақты зерттеуде нəтижелі жетістіктерге жетті.
XIX ғасырдың басында жүргізілген микроскопиялық зерттеулер жануарлар мен
өсімдіктер организмдерінің клеткадан құрылатынын дəлелдеп қана қоймады, органикалық
дүниенің даму заңдылықтарын ашып берді. Я. Э. Пуркине жəне И. П. Мюллер
ұйымдастырған ғылыми мектептер өмірге клетка теориясы
жөнінде көп жаңалықтарды
əкелді. Жалаң физиологиямен жəне фармакологиямен айналысқан Пуркине енді өзінің
ғылыми бағыт-бағдарын өсімдіктер мен жануарлар клеткаларын зерттеуге қарай бұрды.
Клетка теориясы ашылғанға дейін биология саласында оптикалық құралдармен
жабдықтау, оны жетілдіру сияқты күрделі жұмыстар жүргізілді. Сөйтіп өсімдіктер мен
жануарларды зерттеуде алғашқы мағлұматтар алына бастады. 1665 жылы Роберт Гук
тұңғыш рет үлкейтіп көрсететін шынының көмегімен тозағашының құрылысын зерттеп,
оның «клеткадан» тұратынын анықтады. Кейін өсімдіктердің өсіп дамуын бақылай келе
М. Мальпиги (1671), II. Грю (1671) бұл жаңалықтарды толық. дəлелдеді.
А. Левенгук (1680) бірінші рет қан құрамында
эритроциттердің барын анықтаса,
Фантана (1781) жануарлар клеткаларындағы небір құпияларды ашты. Осыдан кейін
өсімдіктер мен жануарлардың клеткаларының құрылыстары белгілі бола бастады.
Қлетканың құрамындағы негізгі элемент
протоплазма (Пуркине 1830) мен ядро (Браун 1833) табылды. Осы мағлұматтарды негізге
алып əрі əр түрлі ұлпалардың құрылысын, дамуын жанжақты зерттеп, соңынан нəтижелі
қорытындыларын саралай отырып, 1838—1839 жылдары Т.
Шванн өзінің атақты клетка
теориясын жазды. Бұл жаңалық табиғаттану ғылымдарында бұрын-соңды болмаған ұлы
жетістіктердің бірі еді. Т. ІІІванның тұжырымы бойынша клетканың пайда болуы
өсімдіктерге де жануарларға да қатысы бірдей заңдылыққа бағынады. Ғалымның ой
елегінен өткізілген осы қағида органикалық дүниенің даму заңдылығын тағы да бір
қырынан көрсетті.
Ф. Энгельстің клетка теориясын XIX ғасырдағы ұлы жаңалықтардьң бірі деп
атауына да осы негіз болса керек.