125
ТАҚЫРЫП 13. Е-технологиялар. Электронды бизнес.
Электронды оқыту. Электронды үкімет
13.1 Электронды бизнес
13.2 Электронды оқыту
13.3 Электронды үкімет
Бақылау сұрақтары
13.1 Электронды бизнес
Электронды коммерция түсінігі Интернетте бизнес жүргізумен байла-
нысты; онлайндағы коммерция барлық бизнес-процесстерді (жарнама,
маркетинг, сату, тауарды жеткізу, пайда табу) қамтиды. Арнайы
компьютерлік бағдарламалар немесе басқа да
коммуникациялық орта
арқылы жүзеге асырылатын коммерцияның түрі кәсіпорын мен
тұтынушы (“бизнес-тұтыну-шы”, business-to-consumer (B2C)) немесе
кәсіпорындар (“бизнес-бизнес”, business-to-business (B2B)) арасындағы
коммерциялық операцияларға негізделген. Электрондық коммерцияның
негізгі үш түрі бар:
Интернет-дүкендер;
Төлем жүйелердің ұйымдары;
Интернет-аукциондар.
Банк
операциялары, пластикалық карталар, авиабилеттердің сатылу
технологиялар автоматизациялануы және кәсіпорын ресурстарының
басқаруы осы бизнестің пайда болуына тікелей әсер етті.
Дәл қазір Қазақстан территориясындағы интернет-дүкендерде сауда
жасайтын адамдардың үлесі аз - максималды
интернет-аудиторияның
3% төңірегінде. Қазнет 130 коммерциялық интернет-алаңға ие және
оларды 4,7% қазақстандық қолданушы тұтынады екен. Ең белсенді
сатыпалушылар Ақмола облысы мен Алматы қаласының тұрғындары.
Бизнес процесс - бұл тұтынушылар үшін белгілі өнімді немесе көрсе-
тілетін қызметті құруға бағытталған өзара байланысты іс шаралар немесе
міндеттер жиынтығы.
Бизнес-процесс түсінігінің айтарлықтай қолданылатын анықтамасын
келтірейік: бизнес-процестер - бұл тапсырыс беруші үшін өнім немесе
қызмет көрсету сияқты пайдалы жолды көз жетерлік немесе өлшенерлік
болжамды болашақта құру немесе алу үшін
кәсіпорынның ресурстарын
қолданатын өзара тәуелді әрекеттердің қисынды (логикалық) топтамасы.
(
Ұйымдастырушылық-өндірістік процесс синонимы жақын, бірақ та
үлкен.)
Жаңа бизнес-процеске көшу мыналарды жүзеге асырады:
тауарларға
тапсырыс
беру
қызметінің
қызметкерлері
жабдықтаушыны жақсы таңдау және оған сатып алуға тапсырысты
жіберуді белгілеу үшін компьютерлік база байланысымен жабдықталған
(purchase order);
126
жабдықтаушылар тауарды алдын ала төлеусіз жеткізу;
тауарды алу туралы хабар жалпы деректер базасында жазу;
төлемге шот (invoice) сияқты құжаттарды жою.
Реинжиниринг деген атауға ие
болған кәсіпорын қызметінің
революциялық түрленуінің, оның бизнесін қайта құруының әдісі ХІХ
ғасырдың 80-ші жылдары Батыста пайда болды. Реинжиниринг
теориясының негізін қалаушылар Майкл Хаммер және Джеймс Чампи
болып табылады. Олар «Корпорация реинжинирингі: бизнестегі
революцияға арналған манифест» атты кітабын шығарған болатын.
Авторлар
реинжинирингке
мынадай
анықтама
беріп
кетті:
«
Реинжиниринг - бұл нәтижеліліктің шығындар, сапа, қызмет көрсету
деңгейі және шапшаңдылық сияқты кілттік көрсеткіштерінің
жақсартуына жету үшін бизнес-процестерінің радикалды қайта
жобалануы».
Бизнес-процестердің келесідей
категориялары болады:
өнімнің шығарылуын тікелей қамтамасыз ететін процесстер;
жоспарлау және
басқару процесстері;
ресурстық процесстер;
түрлендіру процесстері.
Бизнес-процесс төменде келтірілгендермен сипатталады:
бизнес-процессті жүзеге асырудың бар технологиясымен;
бизнес-жүйесінің бар құрылымымен;
процесстің іске асырылуын қамтамасыз ететін автоматтандыру
құралдарымен, құрал-саймандарымен, механизмдерімен және т.б.
Бизнес-процесстердің тиімділігін бағалаудың негізгі көрсеткіштері
мыналар болып табылады:
уақыттың белгілі интервалына
төленген берілген сападағы
өндірілетін өнімнің саны;
өнімді тұтынатын тұтынушылардың саны;
типтік операциялардың саны, оларды уақыттың белгілі
интервалында өнімді өндіру кезінде орындау керек;
өнімді өндіруге кеткен шығындардың құны;
типтік операцияларды орындау ұзақтылығы;
өнімнің өндірісіне ақша қаражатын жұмсау.