21-сабақ: Олимпиада жеңімпазы
І-тапсырма: Мәтінді оқып, орысшаға аудар.
Әлия – Азия чемпионы
Астанада «Дәулет» спорт кешенінде көркем гимнастикадан Y Азия чемпионаты өтті. 14 мемлекеттің спортшылары арасынан қазақстандық гимнастар үздік шықты. Азияның бірнеше дүркін чемпиондары, Олимпиадада ел намысын қорғаған. Әлия Юсупованың ізін басқан спортшылар Қазақстанның Азия құрылығында көркем гимнастикадан озық екенін тағы бір дәлелдеді. Доппен және шеңбермен өнер көрсету сынында Әлия Асылова бірінші орын алды.
ІІ-тапсырма: Сұрақтарға жауап бер.
1. «Дәулет» спорт кешенінде не өтті?
2. Мемлекеттің неше спортшылары қатысты?
3. Әлия Юсупованың ізін басқан кім?
4. Нендей спорт құралдарымен өнер көрсетті?
5. Кім бірінші орынға ие болды?
ІІІ-тапсырма: Жаңа сөздермен таныс. Берілген сөздермен сөз тіркестерін құрастыр:
спорт кешені – спортивный комплекс
намысын – честь
құрылығында – на материке
дәлелдеді – доказал
шеңбер – обруч
ІІІ Оқу-еңбек аясы
Менің мектебім
22-сабақ: Менің мектебім
І-тапсырма: 1. Жаңа сөздерді оқы, есіңе сақта.
Қабат – этаж
Орналасқан – расположен
Дәрігерлік бөлме – кабинет врача.
Бірінші – первый
Екінші – второй.
2. Жаңа сөздерді сөздік дәптеріңе жаз.
3. Берілген жаңа сөздермен сөз тіркестер мен сөйлемдер құрастыр.
Үлгі: Қабат. Бірінші қабат. Мынау – бірінші қабат.
4. Есіңе сақта: «Бір, жеті» сөздеріне –інші жұрнағы, «Алты» сөзіне –ншы жұрнағы, «жиырма» сөзіне – сыншы жұрнағы жалғанады.
5. Басқа сан есімдерге реттік тәртіпті білдіретін жұрнақ қосып жаз.
ІІтапсырма.
Сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастыру.
Менің мектебім, жарық сынып, үлкен спортзал, әдемі кітапхана, көп кітап, жақсы оқушы.
ІІІ тапсырма: Сөйлемдерді толықтырып жаз.
Асхана (на первом) қабатта.
Кітапхана (на втором) қабатта.
Қазақ тілі, математика, орыс тілі кабинеттері (на третьем) қабатта.
ІҮ тапсырма: Өз мектебің туралы айт.
Мынау менің ____________.
Мектеп ____________ көшесінде.
Біздің _________ әдемі.
Достарыңызбен бөлісу: |