Педагогика ғылымында тәжірибе жасау ерекше орын алады. Басқа ғылымдармен салыстырғанда, педагогикалық практикада бірнеше эксперименттік жұмыстарға бірдей жағдай жасау мүмкін емес


Кеңістік пен уақытты қабылдау. Монокулярлық қабылдау, бинокулярлық қабылдау



бет100/142
Дата25.01.2022
өлшемі290.91 Kb.
#454803
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   142
Өзің өзі тану сабақтар

Кеңістік пен уақытты қабылдау. Монокулярлық қабылдау, бинокулярлық қабылдау.

КЕҢІСТІК  ПЕН  УАҚЫТТЫ ҚАБЫЛДАУ – кеңістік пен уақыт – материяның өмір сүруінің негізгі формалары. «Әлбетте, – деп жазды Ф.Энгельс, – материяның өмір сү- руінің бұл екі формасы материясыз түк емес, тек өзіміздің ойымыздағы бос түсініктер, абстракциялар ғана». Кеңістік пен уақытты материядан бөлектеу, оларды материядан аулақ өмір сүреді деу бұл идеализм тұр- ғысына көшу болып табылады. Ке- ңістіктегі объектілерді қабылдау өте күрделі процесс. Тек адамның нақ- тылы тәжірибесі арқылы ғана кеңі- тікті дұрыс қабылдауға болады. Адам заттардың бірінен-бірінің қашық- тығын, бет алысын, көлемін, релье- фін, бағдарын және формасын қа- былдау арқылы ғана кеңістікті дұ- рыс қабылдайды. Дүниедегі заттар- дың барлығы да кеңістікке орналас- қан. Олардың әрқайсысының белгілі тұрқы (ұзын, қысқа, енді, енсіз, биік не аласа т.б,) болады. Сондай-ақ олар бізден  түрлі  қашықтықта тұрады.

Кеңістікке орналасқан заттардың кө- лемін қабылдауда екі көзбен көрудің (бинокулярлық көру) маңызы зор.

Ал бір көзбен көру (монокулярлық көру) тереңдік жөнінде дәл мағлұмат бере алмайды. Мұны бір көзді жұ- мып, екі қолды бір-біріне тигізбей, инеге жіп сабақтаудың қиын екені- нен де байқауға болады. Бинокуляр- лық қарауда екі көзге түсетін кескін қосылып кетеді де, нәрсенің бедері айқын сезіліп, бір ғана кескінге ай- налады. Нәрсенің көлемдік қарамын қабылдау үшін оның бірігіп, қосылып көрінуі маңызды рөл атқарады. Екі көзбен көруде түрлі заттардың тұта- сып көрінуі оның қашықтығы мен қоршауын, шамасы мен түсін, релье- фін жан-жақты қабылдауға мүмкін- дік туғызады. Қашықтық пен зат- тардың көлемін қабылдауда көздің конвергенциясы, яғни екі көздің кө- рілетін затқа бір көздей болып әрекет етуі қажет болады. Бұл құбылыс жа- қындағы нәрсені ажыратуда байқала- ды. Көз тіккен нәрсе неғұрлым жа- қын тұрса, конвергенция да сонша күшті болады да, көз ішке бұрыла береді.

Көздің түрлі қашықтықтағы заттар- ды көруге бейімделу қабілеттілігін аккомадация деп атайды. Көздің ак- комадациясы хрусталь дөңестігінің өзгеруіне байланысты жақын заттар- ды көргенде жиырылады да, алыста- ғы заттарға қарағанда ашыла түседі. Кеңістіктегі заттарды қабылдауда кө- ру-қозғалыс анализаторының мәні ерекше. Бір эксперименттік зерттеу- де көру-қозғалыс қабылдауы қатыс- пайтын бірде-бір мектептік пән жоқ екендігі, шәкірттердің оқу материал- дарын тиянақты қателерін кезінде көре біліп, түзетуі, әр пәннің (сызу, сурет, еңбек т.б.) өзіндік ерекшелігі түрлі аспаптармен жұмыс істеуге ықпал ететіндігі жақ- сы байқалған. Қашықтықты қабыл- дау өте күрделі процесс. Мәселен, іштен соқыр болып туған адам көзі- не операция жасағаннан кейін де қашықтықты айыра алмайды. Оның көзіне іліккен нәрсенің бәрі бірдей, дәл алдында тұрғанға ұқсайды.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   142




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет