Педагогикалық институты аманжол күзембайұлы еркін әбіл тарихнам а



бет44/124
Дата19.03.2023
өлшемі0.67 Mb.
#470947
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   124
Kuzembayuly-A-Abil-E-Tarikhnama

"Жылнамалар жинағының" жалғыз көшірме данасын Қазан Уни­ве­р­­­­­­­си­теті кітапханасына татар ғалымы И.Халфин тапсырған екен. Сол кө­­шір­мені шығыс қолжазбалар жинағына бастырғанда профессор И.Н.Бе­­резин былай деп алғы сөз жазыпты: "Біз шығармаға қандай ат беріл­генін біл­мей­міз, бірақ кітаптың негізгі бөлігі Рашид ад–Диннің әйгілі туын­ды­сы­ның қысқаша ау­дар­масынан тұрғандықтан, біз оның атын да қол­жаз­бамызға бере аламыз".
«Жылнамалар жинағы» – орта ғасырдағы қазақ тілінде жазылған тұң­ғыш тарихи шығармалардың бірі. Мұнда қазақ хандығының Х ға­сыр­дың ба­сы­нан бергі ішкі–сыртқы жағдайлары, қазақ тайпаларының халық бо­лып қалыптасуы, он­ың халықаралық жағдайлары, хандардың және олар­дың төңірегіндегі түрлі әлеуметтік топтардың саяси ахуал­дары жөнінде аса құнды мәліметтер берілген. Еңбек үш бөлімнен тұра­ды: Борис Го­ду­нов билігін бейнелеу; Рашид ад–Диннің «Джами ат–Та­уа­рих» атты еңбегі­нің қысқаша аудармасы; Орыс ханның Ораз­мұхам­мед сұлтанға дейінгі қыс­қаша аудармасы.
1603-1664 жылдар аралығында өмір сүрген Әбілғазы хан «Шад­жара-йи-тюрк», «Түркілер шежіресі», «Щаджара–йи таракима» («Түр­­кімен шежіресі»), деп аталатын екі шығарманың авторы. Ол Үр­ге­ніште туған. Әртүр­лі саяси шиеленіс нәтижесінде Бұхарада, Хо­ре­зм­де, Ташкентте және қазақ дала­сын­да тұрды.1643 жылы Арал маңында хан атағына ие болды.
Түркілер шежіресінде Орталық Азиядағы мемлекеттердің саяси құ­ры­­лы­сы, әлеуметтік–эканомикалық жағдайы, тарихы, этнографиясы жә­не та­ри­хи геогра­фиясы баяндалады. Көшпелі өзбек хандығы, Қазақ­стан мен Ор­талық Азиядағы Шибан әулеті, Маңғыт ордасы туралы бөлімдері өте қыз­ғылықты оқылады. Моңғол ұлыстары мен Сібірдегі Көшім хан туралы да мәліметтер бар.

Бекіту сұрақтары

  1. Әдебиеттің, мәдениеттің дамуына ислам діні қалай әсер етті?

  2. Араб тарихшыларының тарихи дерекке көзқарасы қандай болды?

  3. Негізгі, ірі еңбектер жазған тарихшыларды ата?

  4. Жекеленген тарихи оқиғаларға байланысты қандай еңбектер жазыл­ды?

  5. Тархи баяндау тәсілімен жазылған шығармаларды ата?

  6. Дидактикалық шығармалар?

  7. Әулеттік хроника шығармаларының ерекшеліктері қандай?

  8. Жергілікті тарихқа, қалалар мен провинция тарихына арналған қандай шығар­маларды білесіз?

  9. Әлем тарихына байланысты қандай туындылар жазылды?

10. Араб тарихнамасындағы Ибн Халдун орыны?
11.Қазақ жеріндгі рухани әлеуетке ислам дінінің әсер
12.Әбунасыр әл–Фарабидің ислам әлеміндегі орыны.
13.Әбунасыр әл–Фарабидің көзқарасының қалыптасуына әсер еткен фак­тор­лар.
14.Махмұд Қашқаришығармасындғы түркі тайпларының рухани әлемі.
15.Жүсіп Баласағұни шығармасындғы тарихи ой–пікірлер
16.Алтын Орда тарихына байланысты парсы тілінде жазылған қандай шы­ғарманы атар едіңіз?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет