Пән бағдарламасының титулдық парағы (syllabus)


Аверкиева Ю.П. История теоретической мысли в американской этнографии. – М., 1999



бет4/4
Дата30.06.2016
өлшемі396 Kb.
#168593
1   2   3   4

Аверкиева Ю.П. История теоретической мысли в американской этнографии. – М., 1999.

  • Емельянов Ю.Н. Введение в культурантропологию. – СПб., 1992.

  • Антропология и история культуры. – М., 1992.

  • Мещеряков Б.Г., Мещерякова И.А. Введение в человекознание. – М., 1994.

  • Орлова Э.А. Введение в социальную и культурную антропологию. – М., 1994.

  • Антология исследований культуры. Т.1. Интерпретация культуры. – СПб., 1997.

  • Леви-Стросс К. Структурная антропология. – М., 1985.



    Тәжірибелік сабақтардың мазмұны

    Тәжірибе сабақ №1

    1 Компаративистиканың пайда болуы

    2 ХІХ ғасырда этнография, этнология және антропологияның пайда болуы

    Тәжірибе сабақ №2

    1 Антропологияны құрайтын пәндер

    2 Антрпология түсінігінің адам және оның мәдениеті туралы ғылым ретіндегі ағылшындық трактовкасы.

    Тәжірибе сабақ №3

    1 Теологиялық антропология

    2 Психологиялық антропология

    3 Когнитивті антропология


    Тәжірибе сабақ №4

    1 Қазіргі замандық қоғам антропологиясы

    2 Мәдениеттің жалпы теориясы

    3 Әлеуметтік ұйым теориясы



    Тәжірибе сабақ №5

    1 Мәдени шок және мәдениаралық бейімдеу кезеңдері

    2 Этникалық бірегейліктің дамуы мен трансформациясы

    3"Ұлттық сипаттағы" зерттеулер



    Тәжірибе сабақ №6

    1 Тұтыныс қоғамы және әр түрлі қоғамдардағы тұтыныс нормалары

    2 Иррационалды әрекет механизмдері

    Тәжірибе сабақ №7

    1 "Бейімделу" түсінігі

    2 Эволюционизмнің методологиялық базасы

    3 Біртармақты эволюция тұжырымы



    Тәжірибе сабақ №8

    1 Ратцельдің үздіксіздік принципі

    2 Мәдени орталар теориясы (Фробениус, Ф. Гребнер)

    3 Ф. Боас – американ тарихи этнологиясының негізін қалаушы



    Тәжірибе сабақ №9

    1 Андамандықтарды зерттеу объектісі ретінде таңдау.

    2 Психологизмді қабылдамау

    3 Салыстырмалы әдіс



    Тәжірибе сабақ №10

    1 Мейер Фортес – африкандық акефальдық қоғамдардың теоретигі

    2 Реймонд Ферттің әлеуметтік құрылымдардың пайда болу тарихына қызығушылығы.

    3 Лич билік жөнінде, уақыт туралы мәдени шарттылық жөнінде.



    Тәжірибе сабақ №11

    1 Романтизм, эволюционизм элементерімен бірге диффузионизм, эндемиялық расизм.

    2 Гердер ілімі ұлттық рух жөнінде

    Тәжірибе сабақ №12

    1 З.Фрейд эдип комплексі туралы

    2 Карл Юнгтың "ұжымдық бейсаналылығы". Архетиптер теориясы.

    Тәжірибе сабақ №13

    1 Мексика, Перу және Таяу Шығыстағы 60-80 жж. ірі археологиялық бағдарламалар

    2 Ресейдегі политогенез теориялары: Маркс пен Сервис араларындағы

    3 Карл Поланья мұрасы (субстантивизм; редистрибуция және реципрокность)



    Тәжірибе сабақ №14

    1 Мәдениет белгілер жүйесі және мәтін ретінде

    2 Мәдениетті сараптаудың герметевтикалық принциптері

    3 Экзистенциалдық, нормативті және идеологиялық коммунитас



    Тәжірибе сабақ №15

    1 Дәстүрлі этнология, оның негізгі қағидалары және постмодернистік мәдени антропологияға сын (деконструкция)

    2 Дискурс пен биліктің этнологиядағы жаңа бағдарлы методологиядағы қатынасы

    3 Постмодернистік мәдени модельдегі негізгі аспектілер


    Студенттің өздік жұмысының мазмұны

    Өздік жұмысын зерттеу тақырыптары

    1 Тақырып Мәдениантропологиялық білімнің генезисі

    1 Халықтардың типтері мен әдеттерін суреттеудегі ежелгі дүние тарихшылары мен саяхаттанушылардың антропологиялық қызығушылығы

    2 ХХ ғ. мәдени антропологияның негізгі бағыттары

    Ұсынылған әдебиет: [2] 5-20 б.



    2 Тақырып Мәдени антропологияның пәндік саласы

    1 Антропология табиғи және жасанды ортада адам күн көрісінің негізгі мәселелерін ғылыми тану құралы ретінде

    2 Антропологияны құрайтын пәндер: палеонтология, этнология, әлеуметтану, география, демография

    Ұсынылған әдебиет: [1] 13-35 б.



    3 Тақырып Антропологиялық білімнің жүйелендірілуі

    1 Адам болмысының құрылымы туралы философиялық антропология

    2 Индивидтің іс-әрекеті, білімі және сезімі Психологиялық антропология ғылыми білім ретінде

    3 "Метаантропология" мәдениет туралы ғылым (Д. Бидни)

    Ұсынылған әдебиет: [4] 11-29 б.

    4 Тақырып Әлеуметтік антропология: мәселелері және практикалық қырлары

    1 Күнделікті өмір антропологиясы. Жанұя және туыстық антропологиясы

    2 Өнердің экологиялық антропологиясы

    3 Білім беру және тәрбие антропологиясы

    Ұсынылған әдебиет: [4] 36-57 б.

    5 Тақырып Психологиялық антропология: мәселелері және практикалық қырлары

    1 Әлемнің этникалық суреті

    2 Әлеуметтік контекстінің этникалық бірегейліктің қалыптасуына әсері

    Ұсынылған әдебиет: [3] 44-69 б.



    6 Тақырып Экономикалық антропология: мәселелері және практикалық қырлары

    1 Саудалық азшылық және этникалық кәсіпкерлік

    2 Экономикалық интеграция мен жаһандасу модельдері

    Ұсынылған әдебиет: [2] 33-70 б.



    7 Тақырып Мәдени антропологиядағы эволюционистік бағыт

    1 Л. Уайт зерттеулері

    2 Әмбебап эволюция тұжырымындағы даму формасын білдіретін глобальды өзгерістерді айқындау (Л. Уайт)

    3 Экологиялық антропология немесе мәдени география (А. Вайда, Р. Раппорт)

    Ұсынылған әдебиет: [5] 34-63 б.

    8 Тақырып Тарихи антропология және оның принциптері

    1 Этнологиялық зерттеулерде "мәдениет" түсінігі

    2 Боастың тарихи мектебіндегі дәстүрлер шектеулігі

    3 Жалпы мәдени формалар, мәдени өсу конфигурациялары – А. Кребер "паттерндері"

    4 Р. Бенедикт тұжырымдамасындағы мәдениет типологиясы

    Ұсынылған әдебиет: [9] 55-89 б.



    9 Тақырып Функционализмнен структурализмге

    1 Мәдени емес, әлеуметтік антропология

    2"Әлеуметтік заңдарды" қалыптастыруы

    3 Археолгияға сенімсіздік

    Ұсынылған әдебиет: [7] 74-110 б.

    10 Тақырып Британ әлеуметтік антропологиясы

    1 Мәдени динамиканың ашылуы

    2 Мәдени динамика норма ретінде

    Ұсынылған әдебиет: [10] 69-99 б.



    11 Тақырып Орталықеуропалық мектеп

    1 Фридрих Ратцельдің "антропогеографиясы"

    2"Этнографиялық пәндер" және "этнографиялық туыстық"

    3 Миграция мен мәдени әсер етудің бөлінуі

    Ұсынылған әдебиет: [11] 15-57 б.

    12 Тақырып Фрейдизм мәдени-антропологиялық теория ретінде

    1 Отто Ранк ана архетипі жөнінде

    2 Альфред Адлер ("әлеуметтік қызығушылық", саналылық бейсаналылықтан маңыздырақ)

    3 Фрейдизм (Геза Рохейм, Алан Дандес) және этнографиядағы пансексуализм (Херардо Рейхель-Долматов)

    Ұсынылған әдебиет: [3] 28-115 б.

    13 Тақырып Американдық мәдени антропологияның социометриясы

    1 Джеймс Фордтың Нуклеарлық Американың мәдени бірлігін түсіндіруі

    2 Салинздың "Тас ғасырынығ экономикасы" еңбегі

    3 Роберт Карнейро: соғыс мемлекетті құру факторы ретінде

    Ұсынылған әдебиет: [8] 95-206 б.

    14 Тақырып Интерпретативті мәдени антропология

    1 К. Гирцтің мәдени интерпретативті теориясы

    2 Ван Геннеп мұрасы

    3 Дағдарыстық культтер теориясы (Энтони Уоллес және Уэстон Ла Барр)

    Ұсынылған әдебиет: [6] 78-132 б.

    15 Тақырып Структуралық антропология

    1 Постмодернистік мәдени антропология

    2 Дәстүрлі мәдениеттегі постмодернистік жағдай

    3 Мәдениеттегі дәстүрлі және модернистік мәселесінің қазіргі замандық аспектілері.

    Ұсынылған әдебиет: [10] 113-121 б.
    11 Курс саясаты

    Академиялық тәртіп пен әдептің саясаты С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес келеді.

    Оқытушы және студент бір-біріне құрметпен қарауға тиіс.

    Барлық аудиториялық уақыт дәрістік және тәжірибелік сабаққа бөлінген.

    Сабаққа дайындық бақылау сұрақтары мен тестерімен тексеріледі.

    Негізгі талаптар:


    1. Сабақта белсенді болыңдар. Оқытушыға сұрақ қойыңдар. Сабақта болу ең басты емес. Сондықтан тақырыпты талдауға белсенді қатысу, талданып жатқан тақырыпқа байланысты сұрақтар қою немесе жауап беру, өзіңнің бақылауың –басты рөл атқарады.

    2. Сабаққа келу, қатысу міндетті болып саналады. Егер сіз себепсіз 3 немесе одан да көп сабақ босатсаңыз, оқытушының сізден деканаттан рұқсатнама әкелуді талап ету құқығы бар. (Себеп – құжатпен дәлелденуі тиіс) Есте болсын: Сабаққа қатысу – қорытынды бағаға әсер етеді.

    3. Жазба жұмыстарыңызды уақытылы тапсыру қажет. (Тапсырмалардың орындалуы және тапсыру кесиесін қараңыз).

    4. Аудиториялық сабақтарға кешігуге болмайды, кешіккен жағдайда кіргізілмейді.Өте қажет себеп болса, оқытушыға алдын ала ескерту қажет.

    5. Оқытушы сөйлеп жатқанда, қатарласып сөйлесуге тыйым салынады. Екі ескертуден кейін студент аудиториядан шығарылуы тиіс.

    6. Сабаққа студенттер дайындықпен келуі тиіс. Ұсынылған әдебиеттерді немесе материалдарды қолдану керек.

    7. Босатылған сабақтарды оқытушының белгілеген уақытында орнына келтіруге болады.

    8. Сабақ үстінде рұқсатсыз шығуға тыйым салынады.

    9. Жазбаша сұрақтар бақылау кезінде көшіру және плагиатқа қатаң тыйым салынады.

    10. Консультацияларға қатысқан дұрыс.

    11. Дәріс кезінде әдебиеттерді оқуға тыйым салынады.

    12. Сабақта ұялы телефондарды байланыстан ажырату қажет.

    13. Сағыз шайнауға тыйым салынады.

    Қосымша баллдар:

    Сабақтағы белсенділік –(+1б)



    Сынақты өткізу формасы:

    1. «Әлеуметтану» пәні бойынша 3 курс студенттері үшін қорытынды бақылау, жұмыстың оқу жоспарымен сәйкес жазбаша формадағы сынақ түрінде белгіленеді.

    2. Сынақ 1 сұрақтан тұрады.

    3. Жазбаша сынаққа дайындалу уақыты - 40 минут.

    Сынақ тапсыру ережелері:

    1. Сынақтық сұрақтарға сіздің билетіңізге ғана жауап беру керек.

    2. Жауап толық, ауқымды, терең болу керек.

    3. Жазбаша сынақ аяқталған соң, жауап парағы сынақ қабылдаушы оқытушыға тапсырылуы тиіс.

    4. Сынақта:

    -сынақ билеттерді ауыстыруға;

    -сынақ билеттерді аудиториядан шығаруға;

    -жауап парақтарын ауыстыруға;

    -ұялы телефондарды пайдалануға;

    -шпаргалкаларды, оқулық, конспектілерді пайдалануға тыйым салынады.

    12 Әдебиеттер тізімі

    Негізгі әдебиеттер:

    1 20 ғасыр мәдениетінің антропологиясы. Алматы: Жазушы, 2005

    2 Губин В.Д. Философская антропология. М.: ПЕР СЭ, 2006

    3 Философиялық антропология. Астана: Аударма, 2006

    4 Иванов В.Н. Наука о человеке. М.: РГГУ институт, 2008
    Қосымша әдебиет:

    5 Малиновский Б. Научная теория культуры. М.: ОГИ, 2005

    6 Золотухина-Аболина Е.В. Философская антропология. М.: ПРЕСС-К, 2004

    7 Кравченко А.И. Социальная антропология. М.: Академический проект, 2005

    8 Никитич Ю.М. Культурология. М.: ЮНИТИ, 2005

    9 Хамутов А.Е. Антропология. Ростов-на-Дону: Феникс, 2003



    10 Хрисанова Е.М. Антропология. М.: МГУ: Высшая школа, 2002

    11 Шаповалов В.Ф. Основы философии. М.: ФАИР-ПРЕСС, 2003

    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет