6- тақырып. Фонетика.Түркі негіз тіліндегі дауысты дыбыстар жүйесі. Дифтонгтар, жеке дауыстылардың дамуындағы ерекшеліктер.
Жоспар (қарастырылатын мәселелердің тізімі:)
Түркі негіз тіліндегі дауысты дыбыстар жүйесі.
Дифтонгтар, жеке дауыстылардың дамуындағы ерекшеліктер.
Тіл тарихы тіл құрамыңдағы жеке элементтердің тарихы ғана емес — тілдік құралдар жүйесінің, солардың өзгеріп, дамуының тарихы. Тілдің фонетикалық жүйесінің тарихы немесе тарихи фонетика жеке дыбыстардың немесе жеке фонетикалық құбылыстардың өзгеру, даму тарихы ғана емес, ең алдымен фонетикалық заңдылықтар, фонетикалық құбылыстар жүйесінің тарихы болып табылады. Тарихи фонетика бүгінгі тіліміздің фонетикалық жүйесінің құрылымы мен жүйелік зандылықтарының қалыптасуын, даму ерекшеліктерін түсіндіруі қажет. "Даму ерекшеліктері" дегенде бір тілдің өзімен ұялас, өзімен түбірлес жеке тілдерден, тілдер тобынан ерекшелену, айрықшалану, соның нәтижесінде дербестену жоддары еске алынады.
Тарихи фонетика тарихи тіл білімінің дербес саласы ретінде тарихи-салыстырма тіл білімінің даму процесінде қалыптасты. Фонетикалық заңцылықтарды диахрондық түрғыдан зерттеу тарихи-салыстырма тіл білімінде тарихи фонетикалық өзгерістердің бір семьяға жататын барлық тілдерге қатысты түрлерін анықтады. Тіл білімінде "жас грамматизм" ағымының ықпалымен анықталған мүндай заңдылықтар кейбір бір жақтылығына қарамай, фонетиканың өз алдына пән, дербес сала ретінде орнығуына ғана әсер етіп қойған жоқ, тарихи-салыстырма тіл білімінің теориялық жағынан жетіле түсуіне де зор себепкер болды. Тарихи фонетика сөйлеу тілінің (яғни, қазіргі, осы мерзімдегі тіддің) дыбыстарын, дыбыстық заңдылықтарын қарастырмайды. Ол тек тіддік дыбыс (звук языка) жайлы үғымды негізге алады, ал дыбыс жайлы үғым (немесе дыбыстық ұғым) фонетикалық белгілерді салыстыра қорытыңдылау барысында қалыптасады. Дыбыстық ұғым немесе дыбыс жайлы ұғым тарихи салыстырма әдісімен және іштей қайта құру, реконструкция әдісімен туыс тіддер мен диалектілер материалдарын зерттеудің соңғы, ақырғы нәтижесі болып табыла-ды. Айталық, отандық түркология "тірі" және "өлі" тілдерді тарихи-салыстырма әдіспен зерттеу арқылы түркі тілдері тарихында р > з > й, д//т > з > й, аг//ыг//уг//ег//іг//>у//й ауысуларының болғандығын анықтаса, қазіргі тіл фактілерін өзара салыстыру арқьщы (яғни, ішкі қайта құру әдісімен) қазақ тілінде сод ауысулардың р > з, д > й, к//қ, у//й тәрізді іздері сақталғандығын айқындайды. Ал мұндай сәйкестіктер қазақ тілінің кене түркі тіліне, тіпті жалпы алтайлық (түркі-монғол) тіл бірлестігіне қатысты дәрежесін көрсетеді.
Салыстыра зерттеу, сондай-ақ, түркі тілдерінің өзара айырым белгілерін айқындаумен бірге, бір тіл мен екінші тілдің байланыс дәрежесін, ондай байланыстардың жеке тілдердің қүрылымына ықпалының қандай болғанын да айқындайды. Айталық, қазақ тілінде сез басында айтылатын г, г, д, з кейде б дыбысы да таза түркілік қүбылыс еместігі тарихи салыстырулар арқылы ғана белгілі болды. Сондай-ақ ішкі қайта қүру әдісін қоддану арқылы қазіргі қазақ тілінде кейбір сездердің бас шеніндегі айтылатын ж және н, а және ы, а және е, ы және / дыбыстары бір-біріне ерекше фонетикалық қүбылыс емес, бір ғана дыбыстың әр түрлі көрінісіері екенін айқындауға да болады. Мысалы: жайқалу және найқалу, арс-арс және ырс-ырс, жалт етті, жылт етті, аңқаңдау және еңкеңдеу, ырқ-ырқ және ірк-ірк тәрізді параллельдер құрамында аталған дыбыстар бірінің орнына екіншісі айтылған, бірақ бір-бірінен лексикалық дербес мағыналы сез жасалмаған. Қысқасы, бүл создер құрамында сәйкес қолданылған дыбыстар бір ғана фонетикалық қүбылыстың әр түрлі керінісі дәрежесінде ғана. Егер осы фактілерді жалпы түркілік аяда салыстырып қарастырсақ, тілдердің даму тарихында й > дж//ж дыбыс ауысулары болғандығын коруге болады. Прототүркілік д дыбысы Сібір мен Алтайдағы түркі тілдерінде (якут, т.б.) қатаң дыбысқа айналса, Орта Азияға орналасқан тілдерде әлсізденіп, ұяндап кеткені белгілі. Сөз басында айтылатын ж дыбысы сондай өзгерістердің нәтижесі деп қаралады. Бұл өзгеріс Сібірдегі кейбір тілдерде басқа да сыпат алған: сез басында н дыбысы айтылатын болған: сағай тілінде нан (жан, жақ, жаны, жағы), ніске (жіңішке), наман (жаман), наңмыр (жаңбыр), нузрух (жұмырық), т.б. Сағай, қойбал тілдерінің ерекшелігі деп қаралатын осы өзгеріс жоғарыдағы сездер қүрамында қазақ тілінде де жаңғырық берген. Әрине, қазақ тілінде мүндай езгеріс оқшау қаралатын қүбылыс дәрежесіне жетпеген. Ал а ~ е, а ~ ы, ы ~ / сәйкестіктері жалпы түркілік аяда қарастырғаңца екі түрлі жайды аңғартады: түркі тіддері мен монғол тілдері арасындағы жіктелістің ізі болумен бірге, чуваш тілі мен басқа түркі тілдері арасындағы жіктелістің керінісі. Екінші жағынан, дауысты дьібыстардың осындай сәйкестіктеріолардың (дауыстылар жүйесінің) фонологиялық жүйе ретінде кейін қалыптасқандығының да белгісі деп қаралады. Дегенмен, дауысты-лардың сапалық белгілері сөз мағынасына экспрессивтік, эмоцио-налдық әр береді дейтін пікірдің жаны бар: ақырандау мен әкіреңцеу арасында экспрессивтік әр бар, сол әр дауыстылардың жуан-жіңішкелігіне ғана негізделген.
Дыбыс синтагматикалық фонетиканың негізгі ұғымы, екінші сөзбен дыбыс өз қасиетін, өз қызметін басқа дыбыстармен тіркесіп келгенде ғана толық айқындайды. Сондықтан әр дәуірдегі тілдің көрінісі ретінде дыбыс тіркес қүрау қабілеті, қүрай алатын тіркестердің түрі түрғысынан қарастырылады. Осы түрғыдан қарастырганда, әр дәуірдің (не кезеңдердің) өзіне тән ерекшелігі барлығы айқындалады. Көне дәуірлердегі дыбыс тіркестерінің түрлері, жеке дыбыстардың тіркесімділік қабілеті заман өткен сайын белгілі бір өзгерістерге түсіп, басқаша сыпат алуы тіл тарихыңца жиі үшырасатын қүбылыс. Айталық, көне түркі тілінде фузияда қолданылған дыбыс тіркестері (рт, лт, нт) түркі тілдерінде, солардың бірі қазақ тілінде, кейінгі дәуірлерде өзгеріске үшырады: қатар айтылған екі дауыссыз дыбыс бір-біріне ықпаддасатын болды. Ал мүның өзі дауыссыз дыбыстардың үндесу заңдылығының (ассимиляция) қалыптасуының көрінісі еді. Түркі тілдеріне, соның бірі қазақ тіліне, г, к дыбыстардың жуан дауыстымен тіркесіп айтылуы, ал г дыбысының жіңішке дауыстымен тіркесі тән емес, екінші сөзбен, ондай қодданыс қазақ тілінің табиғи заңдылығы емес. Алайда қазіргі тілде г, к дыбыстары біраз сөздер қүрамында (газет, комитет) жуан дауыстылармен бір тіркесте айтьшады да, г дауыссызы жіңішке дауыстылармен айтьшады. Біраз сөздер қүрамында осы дыбыстың қатаң варианты қ да жіңішке (қазір, т.б.) дауысты дыбыс айтылған сөздер қүрамында кездеседі, т.б. Қысқасы, дыбыс тіркестері немесе дыбыстардың тіркес қүрай білу қабілеті тарихи өзгермелі қүбылыс. Олар белгілі бір кезеңнің көрінісі болумен бірге, тілдің қүрамында болған өзгерістердің де куәсы.
Дыбыстар жүйесінің мәнді бөлігі фонема. Дыбыстық құрамдары бірдей, бірақ мағынасы басқа-басқа сөздер фонема арқылы ғана бір-бірінен ажырап түсініледі. Екінші сөзбен, сөз мағынасы фонема арқылы ғана айқындалады. Сөз құрамындағы дыбыстың фонемалық қызметі қарама-қарсы қатынаста ғана көрінеді. Мысалы: ал, әл, ел сөздерінің құрамындағы дауысты дыбыстың фонема екендігі осындай қарама-қарсылықта ғана анықталса, шал, сал, қал, бал, тал сөздері құрамында басқы дауыссыздардың фонемалық қызметі де осы қарама-қарсы қатынаста көрініп тұр. Дыбыстың фонемалық қасиетін анықтау, әрине, сипаттамалы (синхроңдық) тіл бөлімінің негіздеріне сүйенеді. Сипаттамалы тіл білімі ғана дыбыстың фонемалық сипаты жайлы ұғымды қалыптастырады. Тарихи (диахрондық) тіл білімі сол анықтама-ұғымды пайдаланады. Тарихи фонетиканың сипаттамалы фонетикадан негізгі айырмашылығы — оның қағидалары жүйелі заңдылықтарды қорытындылап, жалпылап беруінде. Екінші сөзбен, жеке дыбыстық өзгерістерді сол дыбыс енетін жүйенің тарихи өзгерісінің бір саласы ретінде түсіндіріп баяндау — тарихи фонетиканың басты мақсаттарының бірі болып табылады. Дыбыстық құрылымды синтагмалық жағынан сипаттау дыбыстардың конститутивтік және позициялық бағыныштылық белгілерінің болатындығын айқындады. Конститутивтік белгі, яғни, дыбыстың басқа ықпалға тәуелсіз қолданылуы деп оның ешбір өзгеріске түспейтін, көрші дыбыстардың әсеріне ұшырамайтын орны айтылады. Позициялық бағыныштылық белгісі деп көрші дыбыстардың әсеріне ұшырайтын орны, сондай ықпалдың әсерінен сәл де болса өзгеріске ұшыраған сипаты аталады. Конститутивтік белгі дыбыстың фонетикалық сапасын айқындайтын белгі болып табылады. Ал позициялық бағыныштылық белгі сол дыбыстың тарихи фонемалық қызметін айқындауда үнемі есте болатын ерекшеліктердің бірі болып табылады. Мысалы, көне түркі тілдеріндегі сөздің басқы шенінде айтылатын қатаң, қ, к дауыссыздары сөздің екінші, үшінші буындарында екі дауысты аралығында ұяндап, г, г-ға айналған. Осы құбылыс ол тілдің даму барысында тұрақталып, сөздің абсолют соңына да жайылды: ақ, агыс, бек, бегі, сарыг, кічіг, т.б. Сонда к дыбысының қатаң сипатында сөз басында қолданылуы конститутивтік белгісі де, екі дауысты дыбыс аралығында ұяңдауы позициялық бағыныштылық белгісі болып табылады. Қатаң қ фонемасының тарихи дамуы жайлы айтқанда оның соңғы ерекшелігі де есте болу керек болады.
Фонема сөздің мағынасының айырмашылығын көрсететін белгі. Фонема дыбыстық құрамы ұқсас сөздердің мағыналық дербестіктерін белгілеуде белгілі бір фонетикалық ерекшеліктерге сүйенеді. Айталық бол, бел сөздерінің құрамында о, е дауыстыларының фонемалық сапасы еріндік-езулік жасалу жолдарына негізделген. Сонымен бірге, фонетикалық құбылыс кейде сөздің белгісі бір шенінде фонемалық қатынастағы дыбыстарды бейтараптандырады, екінші сөзбен, олардың фонемалық айырым белгілерін жоққа шығарады. Мысалы, қазақ тілінде қ, к дыбыстарына аяқталатын есімдердің барлығы да тәуелділіктің III жақ қосымшасы жалғанғанда ұяңдап кетеді, аяқ — аягы, көк — көгі, т.б. Бірақ, қалмақы ер, қазақы ат. Бұл жерде қатаң-үяң фонетикалық құбылысының негізінде қалыптасқан фонемалық айырым белгі бейтараптанған.
Тіл жүйесін құрайтын дыбыстарды парадигматикалық тұрғыдан сипаттау фонема туралы қалыптасқан ұғымға сүйенеді. Фонеманы танудың негізі, айналып келгенде, дыбыстық құрамы ұқсас сөздердің құрамындағы айырашылықты анықтап, сол айырмашылықтар арқылы сөз мағыналарының өзгеретіндігін білу болып табылады. Сөздің құрамындағы сондай жүйелі дыбыстық өзгерістерді (парагдигматикасын) айқындап, олардың тілдің морфемалық құрылымы мен лексикалық құрамына әсерін қарастыру - тарихи фонетиканың басты міндеттерінің бірі. Бұл жерде мынадай қағида еске алынады. Тілдің даму барысында, әр түрлі тарихи кезеңдер тұсында, дыбыстардың тіркесімділік сипаты мен олардың сөздің әр түрлі шенінде қолданылу заңдылықтары белгілі бір өзгерістерге ұшырап отырады. Алғашқы сатысында жалқы өзгерістер келе-келе жүйелі топ құрайды, белгілі зандылықтар жүйесіне айналады немесе белгілі бір зандылықтар жүйесінің қалыптасуына себеп болады.
Қазақ тілінің дыбыстық, фонологиялық жүйесінің даму, тарихи өзгерістерін анықтап білуде сүйенерлік негіз қаңдай - дейтін сұрақ туады. Осыдан бұрын ескертілгендей, басқа да түркі тілдері сияқты қазақ тілінің дыбыстық жүйесіндегі тарихи өзгерістерді білу көне түркі тілінің бізге жеткен нұсқаларын зерттеуге құрылады.
Ғылымда "Орхон-Енисей жазба ескертіштері" дейтін атпен белгілі көне түркі тілінің фонетикалық жүйесі қазақ тілі құрамында негізінен сақталғанымен, дыбыстық құрамда жеке дыбыстардың қолданылуында едәуір өзгерістер болғанын көреміз. Ондай айырмашылықтар сол тілдің фонетикалық жүйесін сипаттағанда анық көрінеді. Сонымен, көне түркі тілінің фонетикалық сипаты қандай?
Көне түркі тілінің нұсқалары руникалық жазу арқылы жетті. Ал руникалық жазу тілдің морфологиялық құрылымына негізделген. Сондықтан да ол жазу жеке фонеманың өзіндік сипатынан гөрі фонемаларды бір-бірінен дербестейтін айырмашылықтарды белгілеген. Дауыссыз дыбыстардың едәуір тобын екі түрлі таңба арқылы (жуан буындағы дауыссыздың таңбасы мен жіңішке буындағы дауыссыздың таңбасы бір-бірінен өзгеше берілген) белгілеу ол жазудың сондай ерекшелігінің салдары.
Көне түркі тілінде 8 дауысты дыбыс болған: а,е,ы,і,о,у,ө,у. Бұлардан басқа Енисей ескерткіштерінде бірен-саран сөздерде жабық қысаң дыбысталатын е дыбысы қолданылған деп есептейді, осы ескерткішті алғаш оқып-зерттеген Дания ғалымы В.Томсен. Бұл дыбыс, ғалымның түсіндіруінше ашық дауыстысының әлдеқайда қысаң айтылатын варианты. Сонымен, көне түркі тілінде 8 дауысты дыбыс // фонема болған дейтін қорытынды өзгермей қала береді. 8 дауысты фонема мынадай топтарға жіктелген: ашық дауыстылар а, е, қысаң дауыстылар ы, і, у, у, жартылай ашық дауыстылар о, у.
Жасалу орнына қарай жуан дауыстылар: а, у, о, ы; жіңішке дауыстылар: е, ө, у, і; ерін қатысына қарай: езу дауыстылары: а, е, ы, і; ерін дауыстылары: о, ө, у, у сияқты топтарға жіктелген.
Дауысты дыбыстар мына төмендегідей топтарға жіктеледі: 1) Дауыстылардың ашық және қысаң түрлері. Бұл дыбыстау органдарының ашылу дәрежесіне негізделеді. Артикуляциялық мүшенің ашылу дәрежесіне сай дыбыстардың естілуі де екі түрлі: а, е, о, ә - ашық дауыстылар, у, у, ы, і - қысаң дауыстылары. Бұл топтар қазіргі түркі тілдерінің бәріне дерлік тән/ 2) Дауыстылардың жуан және жіңішке топтары дыбыстың айтылу тонының көтеріңкі не бәсең болуына негізделеді. Бұл принцип бойынша дауысты дыбыстар бір-біріне пар болатын екі топқа бөлінеді: а, о, у, ы — жуан, е, ә, у, і - жіңішке фонемалар. Алайда, қазіргі түркі тілдерінің барлығында осы принцип түгел сақталмайды. Бірсыпыра тілдерде жуан дауысты а-ға екі түрлі жіңішке дауысты сай келеді: а ~ е, ә. Бұл ерекшелік қазіргі қазақ, азербайжан, т.б. тілдерге ғана тән. Жасалу орны жағынан а мен е, ә аралығында белгілі бір жақындық бары айқын. Қазақ тілінде ә дыбысы сөздің тек бірінші буынында айтылады, екінші буынында сирек ұшырайды. Екінші буында ә-нің айтылуы белгілі фонетикалық қоршауды қажет етеді. 3) Дауыстылардың еріндік және езулік топтары. Еріндік дауыстылар түркі тілдерінің барлығында кездескенмен, көпшілік тілдерде сөз ішінде бірінші, екінші буындардан аспайды. Қазіргі тіл білімінде тіддің дыбыстық жүйесін бұлайша жіктеу төмен сазды (низкая тональность) - жоғары сазды (высокая тональность), компактылы - диффузды, жай сазды (простая тональность) - бемол сазды (бемоль тональность) деп аталады. Және бұлар фонемалардың айрықша белгілерінің 12 түрлі оппозициясының тек үш қана түрі болып табылады. Екінші сөзбен, қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар лингвистикалық жағынан осы үш түрлі принциппен сипатталады.
Түркі тілдерінде дауыстыларды жіктеудің бұдан басқа да принципі, атап айтқанда, естілу дәрежесіне қарай бөлу де бар. Қазіргі түркі тілдерінің ішінде тува, түрікмен, якут, қырғыз тілдерінде дауыстылардың созылыңқы айтылуы, яғни, созылыңқы дауыстылар бар. Дауыстылардың мұндай айтылуы көне ескерткіштерде де кездеседі. Махмуд Қашқари сөздігінде кейбір сөздер құрамындағы дауыстылардың созылыңқы айтылуы арнайы белгіленіп отырған. Мысалы: аат, ааз, т.б. Мұндай фактілер үйғыр жазбаларынан да ұшырасады.
Алайда, жалпы түркі тілдеріндегі дауыстыларды шола қарағанда, олардың созылыңқы және қысыңқы (немесе: әдеттегідей) айтылуы жалпы түркілік құбылыс емес, жеке тілдер ерекшелігі екендігі байқалады. Мүның өзі созылыңқы дауыстылар түркі негіз тілінің жеке тілдерге ыдырау дәуірінде пайда болды дейтін А. М. Щербак пікірін дәлелдейді. Дауыстылардың ашық-қысаң, жуан-жіңішке топтарға бөлінуі түркі тілдерінің барлығында да бар қүбылыс. Олай болса, олар — сонау түркі негіз тілі заманында-ақ орнығып қалған қүбылыс. Дауыстылардың еріндік-езулік топтары да сондай. Дауыстылардың жіктелуінің осы принциптері бойынша қазіргі қазақ әдеби тіліңдегі дауысты фонемалар мыналар: а, ә, е, ы, і, о, ө, ү, у.
Қазақ тілі дауыстылар жүйесінің дамуын доцент Ж.Аралбаев үш түрлі кезеңге бөліп қарайды. Ол кезеңдер мыналар: көне түркі кезеңі, орта түркі кезеңі және жаңа түркі кезеңі. Бұлайша бөлудің сырт кезге Н. А. Баскаков класификациясын еске түсіргенімен, лингвистикалық негізі бар: сол аталған дәуірлерде түркі тілдері құрамында кейін заңдылыққа айналып кеткен фонетикалық өзгерістер келіп шықты. Көне түркі кезеңінде, Ж. Аралбаевтың айтуынша, түбір сөз бір дауысты фонемадан (г), дауысты және дауыссыз фонемалардан (ГС), дауыссыз және дауысты фонемадан (СГ), дауыссыз-дауысты-дауыссыз фонемалардан (СГС) құрылған. Сөйтіп бұл кезеңде фонетикалық буын лексика-грамматикалық морфемамен сәйкес болған. Соған орай үш дауысты фонема: а,~ы, у болған. Қазіргі қазақ тіліндегі байырғы сөздердің де басым көпшілігі осы дауысты фонемалармен айтылады. Осы кезенде дауыстылардың еріндік-езулік жіктелуіне негізделген қосарлы түбірлер (сарт-сұрт).
Тарихи түркология түркі негіз тілінде 8 дауысты фонема болған деп есептесе де, кейбір тілдердің (ескерткіштердің де) ерекшеліктерін ескере отырып, қыпшақ тілдерінің арғы негізінде 9 дауысты фонема болған деп есептейді. "Түркі тілдерінің салыстырмалы тарихи фонетикасының авторлары қыпшақ тілдерінің арғы негізі деп қаралатын "Кодекс Куманикус" тілінде 9 дауысты бар деп қарайды. "Сравнительно-историческая грамматика тюркских языков. Фонетика". М., 1984, стр. 18. Сонда тоғызыншы дауысты дыбыс ә, а мен е-нің (немесе ә мен /-нің) арасында айтылған жіңішке, қысаң дыбыс болса керек:
Достарыңызбен бөлісу: |