ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Омыртқалылар зоологиясы»


Жалған жыршы торғай тәрізділер (



бет9/14
Дата09.06.2016
өлшемі2.26 Mb.
#125234
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

2. Жалған жыршы торғай тәрізділер (Мепигае) бұған Австралияға тараған бір азғана түрлері жатады. Нағыз торғай тәрізділермен салыстырғанда, дыбыс байланыстары нашар жетілген. Негізгі тұқымдасы — лиралар (Мепигіdае).

3. Жыршы торғай тәрізділер (Оsсіпеs) бұл отряд тармағына, отрядтағы түрлердің 2/3 бөлігі жатады. Дыбыс аппараты толық жетілген, 5—7 пар дыбыс еттері болады. 4000-ға тарта түрі белгілі, олар 5/2 тұқымдасқа бірігеді.

Қарлығаштар (Нігипdіпіdае) өте тез ұшатын, ұсақ қүстар. Олар насекомдарды ауада ұшып бара жатып қағып, ұстап жейді.

Қаратамақтар (Моtасіllіdае) шабындық және далалы жерлердегі үлкендігі торғайдай болатын ұсақ құстар. Қонып отыр-ғанда үзын құйрығын әрдайым қозғап отырады.

Сушылқара (Оляпка) (Сіпсlіdае) насекомдарды және олардың личинкаларын іздеп суға жақсы сүңгіп, судың түбімен тез жугіретін ұсақ құстар. Бізде кәдімгі оляпка немесе сушыл қара (Сіnсlus сіnсlus) деген түрі тіршілік етеді.

Шымшықтар (дрозды) (Тurdіdае) — дене мөлшері орташа және ұсақ болып келетін орманда және жер бетінде тіршілік ететін құстар. Ағаштың басына, қуысына жарлардың қуысына ұялайды. Көпшілігінің әтештері жақсы жырлайды. Бұл тұқымдасқа: әнші (Тuгdus рһіlотеlоs), қара шымшық (Мегulа mегulа), шақшақай (Sахісоlа), бұлбұл (Lusсіпіа) т. б. жатады.

Шыбын қаққыштар (Мusсісаріdае) — ормандарда тіршілік ететін насекомдармен қоректенетін ұсақ кұстар. Көбінесе ағаштардың қуысына ұялайды. Бау-бақшаларға іліп қойған жасанды ұяларға да ұя салады. Насекомдарды ұшып жүріп ұстайды. Қараторғайлар (Sturnidae) — жерде қоректенетін, ағашта және жер бетінде мекендейтін, ұяларын ағаштардың қуысына немесе тастардың арасына салатын кұстар. Қараторғайлардың екі түрі бар: кәдімгі қараторгай (Sturdus vulgaris) және бізде оңтүстікте болатын күлгін қараторғай (Раstог гозеus) көптеген шегірткелерді құртып, пайда келтіретін құстар.

Қарғалардың (Согvidае) — дене мөлшері орташа, ірі болып келетін құстар. Бірсыпырасы орманда, бірсыпырасы жер бетінде тіршілік етеді. Қарғалар кез келген затпен қоректенеді.

Жұмақ” қустары (Рагаdisеіdае) — ашық түсті болатын Ав-стралия мен Жаңа Гвинейдің құстары.



Сарышымшық (Рагісіае) — ағаш діңімен, бұтағымен тез қоз-ғалатын құстар. Олар ағаштардың қабығының және жапырақ-тарының үстінен немесе ағаштардың жарығынан насекомдарды теріп жейді. Көбіне ағаш қуысына ұялайды. Өсімдік қалдықтарының талшықтарынан ұя жасайтын құрқылтай дейтін түрі бар.

Өрмелегіш торғай (поползни) (Sittidае) — таулы және ор-манды жерлерде тіршілік етеді. Олар тегіс жардың, ағаштың үстімен жақсы жорғалай алады. Өрмелегіш торғайлар жіңішке.

  1. Құстардың экологиясы, маңызы және шығу тегi

ҚҰСТАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТОПТАРЫ

Осы кезде тіршілік құстар — ағашты, бұталы, батпақты, сулы орталарды мекен етеді. Бірақ сүт қоректілерге қарағанда, қүстардың бейімделген орталары оншама көп емес. Мысалы, кұстардың ішінде тек қана суда тіршілік ететін немесе топырақтың қалың қабатында тіршілік етуге бейімделген түрлері болмайды.



1. Бұталы-орман құстары. Құстардың бұл тобына олардың өте көптеген түрлері жатады.

Бұл ортада көбірек мамандалған құстардың тобы — ағаш-та өрмелеушілер болып саналады. Олар қоректерін ағаштан, немесе бұталардан алып, осы жерге ұялайды. Көбінесе ұяларын ағаштардың бұтағына салмай, діңіндегі қуыс жерлеріне салады. Қоректерін ағаштан табатын болғандықтан, олар ағаш бойымен тез өрмелей алады.

Қоректерін әр түрлі тәсілмен табады: тоқылдақтар мыкты қашау сияқты түмсығымен ағаштардың қабығын тесіп, оның арасынан насекомдарды және оның личинкаларын тауып жей-ді. Пищухилар — шиқылдауықтар, өрмелегішторғайлар, дүпіл-дектер ұзын, әрі жінішке тұмсығының көмегімен ағаштың қабығының жарықтарынан, саңылауларынан насекомдарды және олардың личинкаларын теріп жейді.

Щуралар мен шыршаторгайлардың қылқан жапырақты ағаштардың бүрінен дәнін шығарып алуға бейімделген тұмсығы болады. Мысалы, щуралардың түмсығы төмен қарай иілген, ал шыршаторғайдьщ үстіңгі және астыңғы жақтары бір-бірімен айқасып түрады.

Жеміспен қоректенетін құстардың тұмсығы өсімдік жемісін үзіп алып, дәнінің қабығын жаруға ыңғайлы ірі, көпшілік жағ-дайда ұзын болады. Мұндай тұмсықты тукандардан, мүйіз тұмсықтылардан т. б көруге болады.

Н е к т а р ж е у ш і л е р г е — колибрилер, Африканың нектарницалары, Австралия-малайлық бал сорушылары сияқты құстар жатады. Бұлардың тұмсығы гүлдің түбіне қарай ене алатындай ұзын, әрі жіңішке, көпшілік жағдайда аздап иілген түрде болады. Тілі нектар соруға бейім бір немесе екі түтік іспеттес. Құстың мұндай экологиялық тобына жататындары өте нашар ұшады. Бірақ, ағаштың вегетативтік органдарымен өте тез өрмелеп жүре алады.



II. Батпақты-шалғындықтың құстары. Бұл құстар су қоймаларының суы тайыз агашсыз, аздап та болса батпақты, топырағы дымқыл жағауларда мекендейді жер бетінен, тайыз балшықты сулардың түбінен табады. Жоғарыда көрсетілген биологиялық ерекшеліктеріне байланысты, бұл топқа жататын құстардың аяғы кауырсынсыз ұзын, саусақтары жіңішке, олардың арасын жалғастырып тұратын жарғақтары болмайды.

1. Шалшық суларда жүретін сирақты құстарға дене мөлшері ірі және орташа болып келетін аяқтары өте ұзын — тырналар, құтандар, дегелектер жатады. Олар батпақты-шылғындық-тарды, мүкті-батпақтарды, қалың өскен қамыстарды мекендейді. Кейбір түрлері ағаштың басына ұялайды.

2. Өрмелеп қозғалатын батпақты жер құстары — көлемдері орташа және шағын болады да батпақты жерде немесе шалғындықтың қалың шөптесін жерлерін мекен етеді. Бұған әр түрлі батпақты жер тауықтары, тартарлар, погоныштар, сұлтан тауығы т. б. жатады.

3. Тайыз судың балшықшылары — ұсақ, әдетте тұмсықтары ұзындау келетін кұстар. Тайыз жерлерде ұсақ тастардың үстінен немесе астынан және судың түбінен қоректерін теріп жейді. Бұлардың көпшілігінің аяғы ұзын келеді.

III. Шөлді дала құстары. Бұларға — түйеқұстар, дуадақтар және тағы басқалары жатады. Бұл типке жататын құстар өсімдігі аз, әрі сирек ашық даланы мекен етеді. Осы тіршілік жағдайында пайда болған ерекшеліктеріне қарай бұл топқа жататын кұстар жүрдек және тез ұшатын құстар деп екіге бөлінеді.

Құстардың бұл тобына дуадақтар, түйеқұстар жатады.



IV. Су құстары. Бұған сегіз отрядтың өкілдері: пингвиндер, чистик тәрізділер, шағалалар, түтік түмсықтылар, гагар тәрізділер, ескек аяқтылар, қаз тәрізділер енеді. Сулы ортада тіршілік етуі және олардың дене құрылысындағы бейімделушілік әрбір түрінде түрліше болады.

Сүңгуірлер — өмірінің көпшілігін суда өткізетін, сулы ортада тіршілік етуге бейімделген құстардың тобы. Қорегінің бірқатарын судың ішінен, ал енді бірқатарын судың түбінен та-бады. Бұлар балықтармен, шаян тәрізділер және моллюскалармен қоректенеді.

Ауада — суда кездесетін кұстар тобына шағалалар, крачкалар, түтік тумсықтылар жатады. Сүңгуірлерден ерекшелігі жақсы ұшады. Сонымен қатар жақсы жүзеді. Кейбір түрлері ғана сүңги алады. Олар ұяларын суға жақын жерге салады. Балық аулайды. Оны ұшып жүріп байқап, кұйылып келіп ұстап, қоректенеді. Тұмсығы қуатты, ұзындау әрі ұшы төмен қарай иіліп тұрады. Құрлықта жақсы жүре алады.

Өкілдері: дауылпаздар, теңіз және өзен шағалалары,.

Жерді және суды мекендеуші — құстар тобына: үйректер, аққулар, қаздар жатады. Олар ұясын су коймаларынан жырағырақ салады. Басқаларына қарағанда еулы ортамен тіршілігі тығыз байланыстысы — сүңгуір үйрек, олар жақсы сүңгиді, су қоймаларында ғана қоректенеді. Қоректік заттарына балықтар мен омыртқасыздар жатады. Оларды сүңгуір үйректер судың терең қабатынан да тауып ала алады. Сүңгуір үйректер жақсы ұшады, бірақ ауаға тез көтеріле алмай су бетімен біраз жерге жүгіріп барып көтеріледі.

V. Жыртқыш құстардың белгілі мекен ететін экологиялық ортасы болмайды, олар түрлі ортада; тоғайда, тауда, далада, батпакты жерлерде мекен ете береді.

1. Өлексе жеушілерге бізде тазқаралар, ал жер шарының батыс бөлімінде болатын кондорлар жатады. Бұлар биікте қалқып ұшып жүріп, жерде жатқан өлекселерді көруге бейім-делген құстар. Тірі жануарларға түспейді. Сондықтан олардың саусақтары әлсіз, тырнағы қысқа, жіңішке болады. Басы мен мойнында қауырсыны болмайды. Барлығы да таулы өлкелерді мекендейді.

2. Бүркіт пен аксарылар — тазқараларға қарағанда, қалық-ап үшуға қабілеті нашар құстар. Үлкенді-кішілі әр түрлі жануарлармен қоректенеді. Оларды ауада ұшып жүріп байқап, жерден ұстайды. Сонымен қатар жерде, кемірушілердің інінің маңында да отырып аулайды. Бұл жөнінен олар жыртқыш аңдарға ұқсайды.

Жапалақтар — жемін аулау жөнінен, бүркіттерге ұқсас болады. Бұларда тірі жемдерін ауада ұшып жүріп немесе бір жер-де бұғып отырып байқайды, оны бүріп ұстайды және мықты тұмсықтарымен жұлып жейді.

3. Құладындар — ашық жерлерді мекендейді. Денесі сымбатты кұйрығы мен қанаты өте үзын әсем, өзіндік ұшу мәнері бар құстар. Қорек ететін жәндіктерін аулағанда (ұсақ аңдар мен құстарды) жер бетіне өте жақын ұшып, мұқият қарап, оларды жер бетінде ұстайды.

4. Қаршығалар — барынша маманданған, орман жырткыштары. Олар тек қана қүстармен қоректенеді деп айтуға болады. Құстарды ағаштың немесе бұтаның бұтағынын, арасында тығылып отырып, байқап кенеттен шабуыл жасап ұстайды. Қаршығалардың құйрығы ұзын, қанаттары қысқа және моқал болады. Денесінің мұндай құрылыста болуы, олардың же-мін ұстауда ағаштың және бұтақтардың арасымен тез бұрылып ұшуға мүмкіндік береді.

5. Сұңқарлар — жыртқыш құстардың ішіндегі өте жақсы ұшатын, жемін ауада ұстайтын құстар. Ұсақ түрлері, мысалы, куйкентай жерде жүрген жануарларды да ұстайды. Бірақ, оларды ауада бір орында қалықтап тұрып байқайды.

Сұңқарлардың үлкен түрлері — лашын, сұңқар, кейбір ителгілер ауада ұшып жүріп жемдерін іздейді. Алыс жерден көрсе де қуып жетеді. Олар көбінесе үйректерді, көгершіндерді және балшықшыларды аулайды. Жемдерін ауада жүріп өлтіреді. Бұл кезде сұңқар одан жоғарырақ көтеріліп, үлкен жылдамдықцен жанап өте беріп, аяғының артқы

саусағының тырнағымен кұстың мойнын шалып өлтіреді.

Сұңқарлардың денесі жемін осы көрсетілген әдіспен аулауына бейімделген қанаттары ұзын және жіңішке, құйрығы керісінше, қаршығаларға қарағанда қысқа келеді. Сұңқарлар түрлі жерлерді мекендейді, бірақ жемдерін ашық жерлерден аулайды. Егерде каршыға жемін мысықтар сияқты аулайды десек, ірі сұңқарларды “ауадағы иттер” деп айтуға болады. Себебі, бұлар иттер сияқты қорегін қуалап жүріп ұстайды.



Құстардың көбеюі. Құстардың көбею биологиясында бірнеше тамаша прогрессивті ерекшеліктер бар. Олардың негізгілері мыналар: 1) құстар ұрықтанған жұмыртқаларын арнаулы ұя-ларға салады; 2) жұмыртқалары атааналарының денесінен шыққан қызудың әсерінен дамиды. Сондықтан құстар жұмыртқасының дамуы сыртқы ортаның температурасына байланысты емес; 3) Ата-аналары жауларынан ұяларын әр түрлі тәсілмен қорғайды; 4) ата-аналары шыққан балапандарын бағады.

Көптеген құстардың жыныс безі жетілген кезде жыныстық диморфизмі байқалады. Ұрғашыларына қарағанда еркектерійің дене мөлшерінде, дауысында, пластикалық белгілерінде, түсінде ерекшелік білінеді. Еркектері әрқашанда ұрғашыларынан ірі болады. Бірақ бұл заңдылыққа сәйкес келмейтін қазуарлар, кивилер, тинамулар, күндізгі жыртқыштар сияқты құстар да бар. Әтештерінің түсі ашық, әсем болады. Мысалы, тауық тәрізділерде,

Жыныс диморфизмі құстардың бір азғанасында болмайды. Бұл сияқты құстарға пингвиндер, түтік тұмсықтылар, ескек аяктылар, гагарлар, сұр қарлығаштар т. б. жатады. Ал кейбір құс-тардың жыныс диморфизмі (шағалалар, чистиктер, пастушкалар, балшықшылар және торғай тәрізділердің көпшілігі) нашар білінеді.

Көпшілік құстар “күй салтанаты” кезінде монагамды. жұп құрайды, яғни бір еркегі мен ұрғашысы қосылып бір жұп болып жүреді. Қосарланып жүру уақытының ұзақтығы түрлі құстарда түрліше уақытқа созылады. Мысалы, аққулар, ірі жыртқыштар, дегелектер бірнеше жылдарға дейін, кейбір жағдайда өмір бойына жұбымен жүреді.

Гагардың әтештері “күй ойнақ” кезінде, суда айрықша бір қимылдар жасап, тез қозғалады. Ақ кекілік “күй ойнақ” кезінде мезгіл-мезгіл жерден жоғары аспандап ұшып, ерекше қықылықтайтын дыбыс шығарады. Шағылысар алдында арнаулы дыбыс Шығару — көптеген құстарға тән қасиет. Шағылысар алдында дыбыс шығарып жырлау көмекейдегі дыбыс қатпарлары арқылы орындалады, ал кейбіреулерінде басқа органдар арқылы да орындалады. Мысалы, таукұдырет “күй ойнақ” кезінде ауада ұшып жүріп, төмен қарай түскенде, құйрық қанатын жайып жібереді. Тоқылдақ “күй ойнақ” кезінде"құрғақ ағашқа орнығып алып, тұмсығымен ағашты үсті-үстіне соғып, дауыс шығарып — “жырлайды” — мұны “барабан сарыны” деп атайды.

Жүп құрғаннан кейін құстар ұя салуға кіріседі. Құстардың ұясы алуан түрлі, бірақ белгілі бір түрінің ұясы әрқашанда белгілі бір формада салынады. Ұяларының сипаты, олардың биологиялық түр ерекшеліктеріне және ұя салатын ортасының экологиялық ерекшелігіне тығыз байланысты. Құстардың кейбір түрлері ұя жасауға әрекеттенбей-ақ кезкелген жерге туа береді.

Күндізгі жыртқыш құстарда ұяларын осы типтес етіп жасайды, бірак, -олардың ұясы өте қалың болады. Торғай тәрізділердің көпшілігінің үялары күрделірек және ұясының қуысы терең болады. Ұясын жасауға құрылыс материалдар есебінде — құрғақ шөптерді, мүктерді, қыналарды, шаш және қауырсындарды пайдаланады.

Құстар тіршілігінің жыл маусымдық циклы және ұшып кетуі. Құстардың тіршілігі, басқа жануарлардікі сияқты, белгілі биологиялық ритмге байланысты. Биологиялық ритмі — тіршілік жағдайының маусымды өзгеруіне және түрдің ортаға бейімделуіндегі тұқым қуалаушылық сипатына байланысты. Қорыта келгенде құстардың жылдық тіршілік циклі көптеген биологиялық фазадан құралады, сол кезде қандай болмасын бір биологиялық қүбылыс басымырақ болады. Мысалы, шағылысу, жұмыртқа басу, түлеу т. б.

Құстардың жылдық биологиялық циклінің негізгілері мыналар:



Көбеюге дайындық — құстардың тіршілік жардайларының күрделі жиынтығының заңды әсерлерінің нәтижесінде байқалатын, туа пайда болған инстинкт. Бұл көпшілік жағдайда “сигналдық” (И. П. Павловтың айтуынша) сипатта болады. Жыныстық инстинкті қоздырушы факторлар: тәулік ішіндегі күн жарығыньщ заңды өзгеруі және климаттық басқа ерекшеліктері, әтештерінің болуы және олардың мінез-құлқындағы өзгерістер (“күй ойнақ”), ұя салған ландшафтаның ерекшелігі, ұяның өзі т. б. факторлар.

Бұл күрделі құбылысты түсіндіруде жоғарғы нерв системасының әрекеті шешуші роль атқарады. И. П. Павлов оны; “физиологияның үлкен бөлімі — нерв системасы, негізінен организмнің жеке органымен емес бүтін организммен ортаның арасындағы қарым-қатынасын қалыптастырады” деп жазған болатын. Көбеюге дайындық жасау, жұп құрау, ұя салу үшін белгілі территорияға ие болудан басталады.



Қысқа дайындық өте актив қоректенумен сипатталады. Бұл кезде қүстардың арнаулы, тұрақты орны болмайды.

Олардың бірнешеуі бірігіп, жем іздеп, орын ауыстырып отырады. Мысалы, үйректер, қаздар топтанып егістік далаларға ұшып барады. Қара торғайлар мен көгершіндер ұя салған ағашты жерлерінен далаларға ұшып барады. Бұл кезде құстар тамақтық зат көп жерлерді мекен етіп, актив қоректеніп, семіреді. Құстардың майлануы қыстан аман шығуына, ал жыл құстары үшін қыстайтын жерлеріне ұшып баруына жағдай жасайды. Кейбір құстар қысқа қарай тамақтық қор жинайды. Мыса-лы, самырсын құс — самырсын ағашының, жаңғағын жинап, оларды ауыз қалтасына толтырып, ұшып барып топыракқа көміп қояды. Осы тәсілмен жорға торғай да емен жаңғарынан қор жинайды. Бірақ, осы қорынын тек қана 20—30 проценттейін ғана пайдаланады. Қалғаны пайдаланылмай топырақтың астында қалып қойып, өсіп шығады.



Қыстау. Қыс кезінде қүстардың тіршілік жағдайы, кенет қиындайды да, керекті заттардың мөлшері азайып, қажет тамақты табу ауырлайды. Құстарға жем болатын насекомдар, өсімдіктердің дәндері, жемістер қыста қалағанынша табыла бермейді. Тәулік ішіндегі күннің жарық болатын уақыты қыс-қарады, жердің бетін қар, судың бетін мұз жауып — құстарға қорек табу қиыншылыққа түседі.
Өзін-өзі баұылау сұрақтары:

  1. Құстардың систематикасы.

  2. Құстар тіршілігінің жыл маусымдық циклы және ұшып кетуі.

  3. Құстардың экологиясы.

  4. Құстардың көбеюі.


Ұсылынған әдебиеттер:

  1. Олжабекова,К.Б. Омыртқалылар зоологиясы. 2 бөлім :оқулық /К.Б.Олжабеков, Б.Е.Есжанов.-Алматы:Эверо,2011.-368с.

  2. Дәуітбаева К.Ә.,т.б. Жануарлар алуан түрлілігі.1 және 2-бөлімдер.Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.-Алматы.,2011.-712б.

  3. Божбанов, А.Ж. Экологиялық зоогеография негіздері: оқулық / А.Ж. Божбанов, М.Қ. Байбатшанов.- Алматы, 2013.- 339б.

  4. Наумов Н.П. Омыртқалылар зоологиясы. – Алматы.: “Мектеп”, 1970.

  5. Наумов Н.П., Карташев Н.Н. Зоология позвоночных. I, и II тома. – М.: Высшая школа, 1979г.



12 дәріс: Сүтқоректiлер немесе аңдар (МАММАLIА) класы.

Жоспар.

  1. Сүтқоректілердің сыртқы құрылысы.

  2. Сүтқоректілердің iшкi құрылысы..




  1. Сүтқоректілердің сыртқы құрылысы.

Сүт қоректілер омыртқалы жануарлардың ішіндегі ең жоғарғы даму сатысында тұрған жануарлар. Олардың прогрессивт белгілері: . '

1. Бұларда орталық нерв системасы жоғары дамыған. Оның ішінде жоғарғы нерв әрекетінің орталығы — үлкен ми жарт шарларының сұр қыртысы көңіл аударады. Осыған байланыс-ты сүт қоректілердін, орта жағдайына бейімделуі өте күрделі, әрі жақсы жетілген.

2. Сүт қоректілер тірі туады. Баласын аналық организмнің продуктысы — сүтімен қоректендіреді. Бұл сүт қоректілердің әр түрлі жағдайда көбеюіне мүмкіндік береді.

3. Жылу реттелуі қабілетінің жоғары дамуы, аздап та болса дене температурасының тұрақтылығына байланысты икемделген.

Сүт қоректілердің морфологиялық ерекшеліктері, денесі жүнмен жабылған. Терісінде бездері көп, әсіресе жақсы жетілген сүт безін атап өтуге болады. Бас сүйегі омыртқа жотасымен екі бұдыр ескіншектер арқылы бекиді.

СҮТ ҚОРЕКТІЛЕРДІҢ ДЕНЕ ҚҰРЫЛЫСЫНА ЖАЛПЫ ШОЛУ



Дене пішіні. Тіршілік ететін ортасының түрліше болуына байланысты сүт қоректілердің дене пішіні түрліше болады. Оның ішінде кеңінен таралғаны жер бетінде мекендейтін төрт аяқты аңдар. Олардың аяғы ұзын болады да, ол рептилилердегідей кеудесінің екі бүйіріне орналаспай, астына арналасқан. Сондықтан тізе буындары денесінің алдына қарай, ал шынтақ буындары денесінің арт жағына қарай бағытталған. Мойын бөлімі жақсы жетілген, ал құйрық бөлімі керісінше дененің қосалқы бөліміндей нашар дамыған. Жер астында тіршілік ететін түрлерінің денесі ұршық сияқты, мойыны қыска, сыртынан айқьш байқалмайды. Құйрығы редукцияланған. Аяқтары өте қысқа болады. Суда тіршілік ететіндерінің дене пішіні балық тәрізді болады да аяқтары ескекке айнапған. Кит тәрізділерде тек қана алдыңғы аяқтары сақталған.

Тері жамылғысы. Сүт қоректілер түрлі ортада тіршілік етуі-не байланысты тері жамылғысының құрылысы басқа омыртқалылармен салыстырғанда анағұрлым күрделі болады. Омыртқалылардың тері жамылғысы сыртқы — эпидермистен, оның астыңғы қабаты.— кутистен немесе нағыз теріден тұрады. Эпидермис өз тарапынан екі қабаттан тұрады. Бірінші — төменгі қабатын — мальпигиев немесе өсу қабаты деп атайды. Ол қабаттың клеткалары цилиндр немесе кубик тәрізді болады. Бұл қабаттың үсті жалпақтау келген клеткалардан тұрады. Олар біртіндеп ішкі қуысына кератогиалиннің толуына байланысты мүйізденген өлі клеткаларға айналады. Бұл қабаттың үстіңгі клеткалары біртіндеп қайызғақ түрінде, немесе кесек (лоскут) қабат түрінде (тюленьдерде) түлеп түсіп отырады.

Сүт қоректілердің барлығының дерлік денесінің сыртын қап-тап тұратын түк болады. Кейбір түрлерінде (кит, дельфин т. б.) түк тіпті болмайды. Болса рудимент түрінде ғана сақталған 33-сурет).

Оның непзгі плеріне: мамық түк немесе түбіт, қылшық, сезгіш түк немесе вибристар т. б. жатады.

33 - с у р е т Терідегі шаштың жарып көрсетілген суреті: 1 — эпидермистің мүйізді қабаты, 2 — мальпигиев қабаты, 3 — нағыз тері, 4 — май безі, 5 — шаш өзегі, 6 — шаштық қабыршақ қабаты, 7 — шаш қабы мен шаш қынабының арасындағы мөлдір қапшығы 8 — шаштың қабыршақ қабы, 9 — шаш қынабы, 10 — шаш емізікшесі, 11— май бездері, 12 — шаш қабының еті


С е з г і ш — түктердің атқаратын әрекеті түрліше болады. Оны сезімтал мұртша деп те атайды. Бұлар жануардың бас, мойын және төс бөлімдерінде орналасады. Құрсақ бөлімі ағашқа тиш қозғалатындарында (тиндерде) мұндай түк бауыр жағында болады. Түк қалтасының түбінде және оның керегесінде вибристердің басқа затқа тигенін сезетін нерв талшықтары болады.

Мүйізді туындыларға сиырдың, ақбөкеннің, ешкінің, қойдың мүйізі жатады. Ал, бұғының мүйізі мұндай туынды емес, кутис пайда болатын сүйекті зат.

Тері бездері өзінің құрылысына және атқаратын қызметіне қарай — тер, май, иіс

және сүт бездері болып бөлінеді.

Иіс бездері — тер немесе май бездердің түрінің өзгерген түрі болып саналады.

Сүт бездері — түтік пішінді болады. Клоакалы сүт қоректілердің (үйрек тұмсықтардың, ехидналардың) сүт бездері түтік сияқты болады.



Ет системасы — өте жақсы жетілген және көптеген бұлшық еттер жіктеліп, өз алдына орналасқан. Құрсақ қуысын көкірек қуысынан бөліп тұратын диафрагманың (көк ет) болуы, жалпы еттердің қызметін сипаттайды. Бұл ет көкірек қуысын бірде кеңейтіп, бірде тарылтып, сүт қоректілердің тыныс алу процесін жеңілдетуге көмектеседі. Тері астындағы ет қабаты жақсы жетілген. Ол терінің кез-келген жерін қозғалысқа келтіре алады. Кірпілер мен кесірткелерде мұндай ет денесін жиырып, домалалып қалуына көмектеседі. Сол сияқты кірпілер мен жайралардың инелерін жыртқыштардың түктерін, вибристарын тікірейтуге көмектеседі. Приматтарда мұндай ет бет бөлімінде болады, оны мимикалық еттер деп атайды.

Скелет. Омыртқа жотасы. Сүт қоректілерде омыртқалары- ның буындасатын беттері тегіс болады, яғни омыртқаның мұндай түрін платицельдік омыртқа деп атайды.

Алдыңғы екі мойын омыртқасын — ауыз омыртқа (атлант) және эпистрофей деп атайды. Мойын омыртқасы (ламантинадан басқасында). жеті омыртқадан тұрады. Бірақ, сүт қоректілердің мойынының ұзындығы бірдей емес. Арқа омыртқалары 12—15 болады. Тұмсықты киттерде (Нурогооdоп) және сауыттылардың бір түрінде 9, ал жалқау аңдардың бір қатарында (сһоlоериs) 24 арқа омыртқасы болады. Бір ұшымен алдыңғы жеті арқа омыртқасына, ал екінші ұшымен төс сүйегіне бекіген қабырғаларды — нағыз қабырғалар деп атайды. Бел омыртқаларының саны 2-ден 9-ға дейін болады. Он-дағы қабырғалар рудименті түрде ғана болады. Сегізкөз көпшілігінде бір-бірімен бірігіп кеткен төрт омырт-қадан тұрады. Бұл төрт омыртқаның алдыңғы омыртқасы ғана сегізкөз омыртқасы болады да, артқы екеуі сегізкөзге бірігіп кеткен кұйрық бөлімінің омыртқасы болып саналады. Сегіз көз омыртқалары жыртқыштарда үшеу, ал үйрек тұмсықтыларда екеу болады. Құйрық омыртқаларының саны тұрақты болмай-ды. Мысалы, гиббондарда — 3 болса, кесіртке тәрізділерде 49-ға жетеді.



Ми сауыты. Сүт қоректілердің миының үлкен болуына бай-ланысты, ми сауыты да үлкен болады. Жас сүт қоректілердің ми сауыты (тұмсық бөлімімен салыстырғанда) ересектерінің ми сауытынан үлкен болады. Сүт қоректілердің ми сауытын-дағы жеке сүйегінің саны, төменгі сатыдағы омыртқалардың сүйегінен аз болады.

Ми сауытының астыңғы бөлімі (түбі) негізгі (sрһепоidеum) және алдыңғы сына тәрізді сүйектерден, ал висцериальды бөлімінін, түбі — қанат тәрізді, тандай және жоғарғы жақ сүйектерінен қалыптасады.

Жоғарғы жақ, жұп жақ аралық және жоғарғы жақ сүйекте-рінен тұрады. Сүт қоректілерде жак аралық сүйектердің және жоғарғы жақ сүйектерінің өсінділерінен және таңдай сүйектерінен екінші реттегі таңдай сүйегі пайда болады. Төменгі жақ сүйегі бұдыр бетті сүйекке бекитін бір пар тіс сүйегінен (dіепtаlе) қалыптасады. Буындасу сүйегі, есіту сүйекшесі — балғаға (mаllеиs) айналады, шаршы сүйек, есіту сүйекшесінін, екінші бір түрі төске (іпеиs) айналады.

Иық белдеуі — сүт қоректілерде өте қарапайым. Ол негізгі жауырын, оған бекіген рудиментті каракоидтан тұрады. Клоакалы сүт қоректілерде ғана (үйрек тұмсықты, ехидна) корокоид өз алдына жеке сүйек болып саналады. Сүт қоректілердің ал-дыңғы аяғы алуан түрлі күрделі қимылдар жасайтын түрлерінде (маймылдарда) бұғана болады, ал алдыңғы аяғы жер беті-мен қозғалу қызметін атқаратын тұяқтыларда рудиментті түрде болады немесе тіпті болмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет