Тапсыру формасы: Коллоквиум тест түрінде тапсырылады.
Әдістемелік нұсқаулар:
-
Оқулықтармен және ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасау.
-
Лекциялық материалдармен жұмыс жасау. Альбомдағы суреттерді қарастыру.
-
Жұмыс дәптеріндегі құрттар бойынша салыстыру таблицаларын толтыру.
-
Тексеру материалдарымен жұмыс жасап, өз білімдерін тексеру.
Қолданылатын әдебиеттер:
Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зооологиясы. – Алматы, 2003. Т. 1, 2.
Догель В.А. Зоология беспозвоночных. – М., 1981.
Түсіпова К.Т. Омыртқасыздар зоологиясы. – Алматы, 1998, 1999. Т. 1, 2.
Натали В.Ф. Зоология беспозвоночных. – М., 1981.
Курс зоологии. Зоология беспозвоночных. В 2-х томах. – М., 1961, 1966.
Омыртқасыздар зоологиясы пәнінен студенттердің өз бетінше дайындалуына арналған оқу құралы /Салина Р.М., Дәуітбаева К.Ә., Сатыбалдиева Г.Қ., Исадықов Н.С. –Алматы, 1999.
Жизнь животных. Т. 1-3, М., 1969.
Блинников В.И. Зоология с основами экологии. –М., 1990.
Рыков Н.А. Зоология с основами экологии. -–М., 1981.
СӨЖ 4.
Тақырыбы: Трилобиттәрізділер тип тармағы. Трилобиттер класы.
Погонофорлар типі.
Мақсаты: Трилобиттер класының құрылысындағы ерекшеліктермен танысу. Погонофорлар класы, олардың сырттай қоректенуге бейімделушіліктерін қарастыру. Жануарлар жүйесіндегі орнына көңіл бөлу.
Сұрақтар:
-
Трилобиттердің құрылысындағы ерекшеліктер.
-
Трилобиттердің буынаяқтылардың филогениясын түсіндірудегі маңызы.
-
Погонофорлар типіне жалпы сипаттама.
-
Погонофорлардың сырттай қоректенуге бейімділігі. Көбеюі және дамуы. Экологиясы.
Тапсыру формасы: Тест.
Әдістемелік нұсқаулар:
-
Оқулықтармен және ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасау.
-
Қысқаша конспект жазу. Құрылысымен суреттері арқылы танысу.
-
Тексеру материалдарымен жұмыс жасап, өз білімдерін тексеру.
Қолданылатын әдебиеттер:
Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зооологиясы. – Алматы, 2003. Т. 1, 2.
Догель В.А. Зоология беспозвоночных. – М., 1981.
Түсіпова К.Т. Омыртқасыздар зоологиясы. – Алматы, 1998, 1999. Т. 1, 2.
Натали В.Ф. Зоология беспозвоночных. – М., 1981.
Курс зоологии. Зоология беспозвоночных. В 2-х томах. – М., 1961, 1966.
Омыртқасыздар зоологиясы пәнінен студенттердің өз бетінше дайындалуына арналған оқу құралы /Салина Р.М., Дәуітбаева К.Ә., Сатыбалдиева Г.Қ., Исадықов Н.С. –Алматы, 1999.
Жизнь животных. Т. 1-3, М., 1969.
Блинников В.И. Зоология с основами экологии. –М., 1990.
Рыков Н.А. Зоология с основами экологии. -–М., 1981.
СӨЖ 5.
Тақырыбы: Қылтанжақтылар типі. Гемихордалылар типі.
Мақсаты: Қылтанақжақтылар класының құрылыс ерекшеліктерімен және экологиясымен танысу. Баланглостың құрылыс ерекшелігін және дамуын қарастыру.
Сұрақтар:
-
Қылтанақжақтылардың құрылыс ерекшеліктері және экологиясы.
-
Қылтанақжақтылар типінің филогениясы.
-
Баланглостың құрылыс ерекшелігі және дамуы.
-
Гемихордалылардың хордалылар типіне жақындастыратын белгілері.
Тапсыру формасы: Жазбаша жұмыс.
Әдістемелік нұсқаулар:
-
Оқулықтармен және ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасау.
-
Қысқаша конспект жазу. Әдебиеттердегі құрылысының суреттерін қарастыру.
-
Тест материалдарымен жұмыс жасап, өз білімдерін тексеру.
Қолданылатын әдебиеттер:
Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зооологиясы. – Алматы, 2003. Т. 1, 2.
Догель В.А. Зоология беспозвоночных. – М., 1981.
Түсіпова К.Т. Омыртқасыздар зоологиясы. – Алматы, 1998, 1999. Т. 1, 2.
Натали В.Ф. Зоология беспозвоночных. – М., 1981.
Курс зоологии. Зоология беспозвоночных. В 2-х томах. – М., 1961, 1966.
Омыртқасыздар зоологиясы пәнінен студенттердің өз бетінше дайындалуына арналған оқу құралы /Салина Р.М., Дәуітбаева К.Ә., Сатыбалдиева Г.Қ., Исадықов Н.С. –Алматы, 1999.
Жизнь животных. Т. 1-3, М., 1969.
Блинников В.И. Зоология с основами экологии. –М., 1990.
Рыков Н.А. Зоология с основами экологии. -–М., 1981.
СӨЖ 6.
Тақырыбы: Буынаяқтылар типі.
Мақсаты: Буынаяқтылар типінің кластарының ерекшеліктерін білу.
Сұрақтар:
-
Буынаяқтылар типіне жалпы сипаттама.
-
Буынаяқтылар типінің систематикасы.
-
Желбезек тыныстылар тип тармағының негізгі белгілері, биологиясы, экологиясы.
-
Өзен шаяны. Сыртқы және ішкі құрылысының ерекшеліктері.
-
Шаянтәрізділердің алуан түрлілігі және маңызы.
-
Хелицералылар тип тармағы. Негізгі белгілері. Систематикасы.
-
Өрмекшілер отрядының морфологиялық, биологиялық, экологиялық ерекшеліктері.
-
Хелицералылардың маңызы.
-
Трахеата тип тармағы. Жалпы сипаттамасы.
-
Насекомдар класы. Насекомдардың сыртқы және ішкі құрылысының ерекшеліктері.
-
Ауыз аппараттарының типтері, олардың құрылысы.
-
Насекомдардың қанаттары мен аяқтарының типтері, олардың құрылысы.
-
Насекомдардың эмбрионалды және постэмбрионалды дамуы.
-
Насекомдардың практикалық маңызы.
Тапсыру формасы: Коллоквиум тест түрінде тапсырылады.
Әдістемелік нұсқаулар:
-
Оқулықтармен және ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасау.
-
Лекциялық материалдармен жұмыс жасау. Альбомдағы суреттерді қарастыру.
-
Жұмыс дәптеріндегі буынаяқтылар бойынша салыстыру таблицаларын толтыру.
-
Тест материалдарымен жұмыс жасап, өз білімдерін тексеру.
Қолданылатын әдебиеттер:
Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зооологиясы. – Алматы, 2003. Т. 1, 2.
Догель В.А. Зоология беспозвоночных. – М., 1981.
Түсіпова К.Т. Омыртқасыздар зоологиясы. – Алматы, 1998, 1999. Т. 1, 2.
Натали В.Ф. Зоология беспозвоночных. – М., 1981.
Курс зоологии. Зоология беспозвоночных. В 2-х томах. – М., 1961, 1966.
Омыртқасыздар зоологиясы пәнінен студенттердің өз бетінше дайындалуына арналған оқу құралы /Салина Р.М., Дәуітбаева К.Ә., Сатыбалдиева Г.Қ., Исадықов Н.С. –Алматы, 1999.
Жизнь животных. Т. 1-3, М., 1969.
Блинников В.И. Зоология с основами экологии. –М., 1990.
Рыков Н.А. Зоология с основами экологии. -–М., 1981.
Тарау 6. Бақылау – тексеру құралдары
Пән бойынша тест тапсырмалары.
1. Қандай ауруларды трансмиссивті аурулар деп атайды?
А) жуылмаған көкөніс арқылы таралатын аурулар;
В) қайнамаған су ішкенде жұғатын аурулар;
С) ауру қоздырғышты тасымалдаушы жануарлар арқылы жұғатын аурулар;
Д) үй шыбыны арқылы таралатын аурулар;
Е) ауа арқылы таралатын аурулар;
2. Мальпигий түтікшелері алғаш рет қай типте пайда болды?
А) жұмсақ денелілер типінде;
В) жалпақ құрттар типінде;
С) жұмыр құрттар типінде;
Д) буылтық құрттар типінде;
Е) буынаяқтылар типінде.
3. Антеннальдық және максиллярлық зәр шығару жүйелері төмендегі топтардың қайсысына тән?
А) ерінаяқтыларға;
В) көпаяқтыларға;
С) шаянтәрізділерге;
Д) өрмекшітәрізділерге;
Е) алтыаяқтыларға.
4. Хелицералылардың жүру аяқтары қанша жұп?
А) бір жұп;
В) екі жұп;
С) үш жұп;
D) төрт жұп;
Е) бес жұп.
5. Төмендегі буынаяқтылардың қайсының дене сегменттері жойылып кеткен?
А) құршаян;
В) жалған құршаян;
С) кене;
Д) өрмекші;
Е) пішенші.
6. Өрмекшілердің бірінші жұп аяқтары қалай аталады?
А) педипальпа;
В) антенулла;
С) антенна;
Д) хелицера;
Е) максилла 1 және максилла 11.
7. Өрмекші тәрізділердің аяқтарының жалпы саны қанша?
А) үш жұп;
В) төрт жұп;
С) алты жұп;
Д) сегіз жұп;
Е) он тоғыз жұп.
8. Денесі аяқ орналасқан сегменттерден тұрады. Гетерономды метамерия тән. Аяқтары түрі өзгерген параподиялар. Хитинді кутикуласы және көлденең салалы ет талшықтары болады. Дене қуысы миксоцель. Жүрегі арқасында орналасқан. Қан айналу жүйесі ашық. Бұл ерекшеліктер қайсы типтерге тән?
А) алғашқы қуыстылар типіне;
В) буынаяқтылар типіне;
С) жұмсақ денелілер типіне;
Д) тікентерілер типіне;
Е) погонофорлар типіне.
9.Төмендегі отрядтардың қайсысы толық түрленіп дамиды?
А) жарғаққанаттылар отряды;
В) тарақандар отряды;
С) тура қанаттылар отряды;
Д) қандалалар отряды;
Е) инеліктер отряды.
10. Алдыңғы аяғы ұстағыш типке жатады. Сирағының іш жағы тісшелерден тұрады. Бұл ерекшелік қайсы отрядтың өкіліне тән?
А) термиттер отрядына;
В) тура қанаттылар отрядына;
С) дәуіттер отрядына;
Д) жартылай қатты қанаттылар отрядына;
Е) қатты қанаттылар отрядына.
11. Аралар, құмырсқалар, шаншарлар (наездники), жұмыртқа жегіштер (яйцееды) қайсы отрядқа жатады?
А) қатты қанаттылар отрядына;
В) жарғақ қанаттылар отрядына;
С) тозаң қанаттыллар отрядына;
Д) жартылай қатты қанаттылар отрядына;
Е) тура қанаттылар отрядына.
12. Масаның дамуы қандай кезендерден тұрады?
А) жұмыртқа, дернәсіл, ересек особь;
В) жұмыртқа, І-ІІ-ІІІ сатыдағы дернәсіл, ересек особь;
С) жұмыртқа, І-сатыдағы, ІІ-сатыдағы дернәсіл, ересек особь;
Д) жұмыртқа, дернәсіл, қуыршақ, ересек особь;
Е) Жұмыртқа ІІ, ІІІ сатылардан өткен дернәсіл, қуыршақ, ересек особь.
13. Төмендегі насекомдардың қайсысының ауыз аппараты тесіп-сорғыш типке жатады?
А) үй шыбыны;
В) адам бүргесі;
С) капуста ақ көбелегі;
Д) бал арасы;
Е) шаншар.
14. Тайга энцефалитінің қоздырғышын адамға қандай буынаяқтылар тасымалдайды?
А) қансорғыш масалар;
В) соналар;
С) шіркейлер;
Д) кенелер;
Е) бүргелер.
15. Өзен шаяны (19 жұп аяғы бар) қайсы отрядтың өкілі?
А) тең аяқтылар;
В) он аяқтылар;
С) мұртаяқтылар;
Д) ескек аяқтылар;
Е) жапырақ аяқтылар.
16. Шаянтәрізділердің денесі қандай бөлімдерден тұрады?
А) бас, кеуде, құрсақ;
В) бас, тұлға, аяқ;
С) бас, сегменттелген тұлға, пигидий;
Д) баскеуде, құрсақ;
Е) тұмсық, жаға, тұлға.
17. Өрмекшітәрізділердің бас миы қандай бөлімдерден тұрады?
А) протоцеребрум;
В) дейтоцеребрум;
С) тритоцеребрум;
D) протоцеребрум және тритоцеребрум;
Е) бас миы дамымаған.
18. Несекомдардың зәр шығару мүшесін тап.
А) протонефридия;
В) метанефридия;
С) целомодукт;
D) бүйрек;
Е) мальпигий түтікшелері.
19. Насекомдардың бас бөлімі неден құралған?
А) простомиум және перистомиум;
В) акрон және үш сегмент;
С) акрон және төрт сегменттен;
Д) акрон және 7 сегменттен;
Е) акроннан.
20. Буынаяқтыларға қандай дене қуысы тән?
А) алғашқы қуыс-бластоцель;
В) екінші дене қуысы-целом;
С) аралас қуыс-миксоцель;
Д) гастраль қуысы;
Е) дене қуысы жоқ.
21. Даму циклі мынандай сатылардан тұрады: жұмыртқа-науплиус-метанауплиус-зоеа-мизид-ересек особь. Мұндай даму қайсы организмге тән?
А) төменгі сатыдағы шаяндарға;
В) жоғарғы сатыдағы шаяндарға;
С) желбезек аяқтыларға;
Д) жақаяқтыларға;
Е) көпаяқтыларға.
22. Triops cancriformis ( қалқанша шаян немесе кәдімгі щитень) қайсы отрядтың өкілі ?
А) желбезекаяқтылардың;
В) жапырақаяқтылардың;
С) ескекаяқтылардың;
Д) мұртаяқтылардың;
Е) теңаяқтылардың.
23. Төменгі шаянтәрізділердің қайсысы кең сақиналы таспа құртпен риштаның аралық иесі болып табылады?
А) Copepoda;
В) Cladocera;
С) Notostraca;
Д) Anostraca;
Е) Ostrocoda.
24. Гетерономды метамерия төмендегі топтардың қайсысына тән?
А) көпқылтанды құрттарға;
В) азқылтанды құрттарға;
С) сүліктерге;
Д) қосжақтаулыларға;
Е) шаянтәрізділерге.
25. Төмендегі өрмекші тәрізділердің қайсысының денесі көптеген сегменттерден тұрады?
А) өрмекші;
В) кене;
С) құршаян;
Д) жалған құршаян;
Е) пішенші.
26. “Қарақұрт” қайсы отрядқа жатады?
А) құршаяндарға;
В) жалған құршаяндарға;
С) пішеншілерге;
Д) өрмекшілерге;
Е) кенелерге.
27. Өрмекші тәрізділердің екінші жұп аяғы қалай аталады?
А) хелицера;
В) педипальпа;
С) мандибула;
Д) антенна;
Е) максилла.
28. Хитинді жабыны, көлденең салалы бұлшық еттері, үш жұп ауыз аяқтары, үш жұп жүру аяқтары, көптеген өкілдерінің қанаты болады және денесі бас, көкірек, құрсақ деп аталатын үш бөліктен тұрады. Мұндай ерекшеліктер төмендегі буынаяқтылардың қайсысына тән?
А) шаянтәрізділерге;
В) көпаяқтыларға;
С) насекомдарға;
Д) ерін жақтырларға;
Е) екі жұп аяқтыларға.
29. Төмендегі отрядтардың қайсысы шала түрленіп дамиды?
А) қоныздар отряды;
В) тор қанаттылар отряды;
С) көбелектер отряды;
Д) қандалалар отряды;
Е) бүргелер отряды.
30. Қансорғыш насекомдардың маса, сона, шіркей, құмыты, үнсіз маса отрядтардың өкілдері?
А) торқанаттылар отрядының;
В) жарғаққанаттылар отрядының;
С) тең қанаттылар отрядының;
Д) қос қанаттылар отрядының;
Е) тура қанаттылар отрядының.
31. Көкірек бөлігі бунақталмаған, қанаты жоқ. Жылы қанды жануарлардың паразиті. Бұл насеком қай отрядтың өкілі?
А) қандалалар отрядының;
В) бүргелер отрядының;
С) биттер отрядының;
Д) тозаң қанаттылар отрядының;
Е) мамық жегіштер отрядының.
32. Ауыз аппараты спираль тәрізді оралған тұмсық. Денесі, канаты қабыршақтармен қапталған. Бұл ерекшеліктер қайсы отрядқа тән ?
А) көбелектер отрядына;
В) тең қанаттылар отрядына;
С) жарғақ қанаттылар отрядына;
Д) қос қанаттылар отрядына;
Е) бүргелер отрядына.
33. Сорғыш түтік тәрізді ауыз аппараты қайсы отрядқа тән?
А) көбелектер;
В) қандалалар отрядына;
С) биттер отрядына;
Д) маса тәрізділер отрядына;
Е) жарғақ қанаттылар отрядына.
34. Төмендегі топтардың қайсысы қанатсыз насекомдарға жатады?
А) қандалалар;
В) биттер;
С) жарғақаяқтылар;
Д) турақанаттылар;
Е) қосқанаттылар.
35. Ызылдауық насекомдардың қай отрядының өкілдеріне тән?
А) бүргелер отрядына;
В) қосқанаттылар отрядына;
С) қоныздар отрядына;
Д) көбелектер отрядына;
Е) қандалалар отрядына.
36. Төмендегі буынаяқтылардың адамға ең қауіптісті қайсысы?
А) құршаян;
В) қара құршаян;
С) қарақұрт;
Д) бүйі;
Е) крест өрмекші.
37. Буынаяқтылар типі қандай тип тармағына бөлінеді ?
А) Tracheata;
В) Clitellata;
С) Chelicerata;
Д) Branchiata;
Е) Aclitellata.
Дұрыс жауап: 1) 1, 3, 4; 2) 2, 3, 5; 3) 4, 5; 4) 1, 2, 3, 4; 5) 2, 5.
38. Өрмекшітәрізділерде неше жұп жүргіш аяқтары болады?
А) бір;
В) екі;
С) үш;
Д) төрт;
Е) бес.
39. Насекомдардың қайсысы толық түрленіп дамиды?
А) тарақандар;
В) қандалалар;
С) инеліктер;
Д) түзу қанаттылар;
Е) көбелектер.
40. Көбелектердің ауыз аппараты…
А) кеміргіш;
В) сорғыш;
С) тесіп-сорғыш;
Д) жалағыш;
Е) тесіп-жалағыш.
41. Буынаяқтылар типі үшін қандай симметрия типі тән?
А) винтті;
В) шар симметриясы;
С) радиальды симметрия;
Д) сәулелі симметрия;
Е) билатеральды симметрия.
42. Шаянтәрізділерде қандай сезім мүшелері дамыған?
А) статоцистер;
В) тимпанальды мүшелер;
С) хордотональды;
Д) науплиальды көз;
Е) күрделі фасеткалы.
Дұрыс: 1) 1; 2) 2,3; 3) 4,5; 4) 1,5; 5) 5.
43. Төменгі сатыдағы шаяндардың дамуында қандай личинкалар пайда болады?
А) глохидия;
В) зоеа;
С) науплиус и метанауплиус;
Д) нимфа;
Е) жұлдызқұрт.
44. Шаянтәрізділердің аяқтары құралады:
А) жамбас, ұршық, сан, сирақ, табан;
В) қос хитинді тырнақтары бар қысқа табан;
С) протоподит, эндоподит;
Д) протоподит, эндоподит, экзоподит, эпиподит;
Е) қосбуынды тырнақтары бар аяқтар.
45. Өрмекшітәрізділер класының өкілдеріне қандай аяқтар тән?
А) қосбұтақты аяқтар;
В) бірбұтақты аяқтар;
С) хелицералар және педипальпілер;
Д) мандибула және максиллалар;
Е) тырнақтары бар бұтақталмаған аяқтар.
46. Өрмекшітәрізділер немен қоректенеді?
А) өсімдіктекті және жануартекті қатты детритпен;
В) өсімдік шырынымен, өсімдік қалдықтарымен;
С) ұсақ жануарлармен;
Д) омыртқалы жаунарлардың қанымен;
Е) насекомдардың хитинімен және гемолимфасымен.
Дұрыс: 1) 1; 2) 2,3,4,5; 3) 5; 4)4; 5)3.
47. Өрмекшілерге қандай даму типі тән?
А) тура даму;
В) личинкалық даму;
С) толық емес метаморфоз арқылы даму;
Д) толық метаморфоз арқылы даму;
Е) анаморфоз арқылы даму.
48. Өрмекшітәрізділерге қандай жүрек типі тән?
А) жүрегі жоқ;
В) остиялары бар метамерлі жүрек;
С) бір жұп тесігі бар қапшық;
Д) үш жұп остиясы бар қысқарған;
Е) көпкамералы жүрек.
49.Өрмекшітәрізділерге қандай тыныс алу мүшелері тән?
А) ктенидиялар;
В) тақталы желбезектер;
С)өкпе қапшықтары;
Д) трахеялар;
Е) өкпе қапшықтары, трахеялар.
Дұрыс жауап: 1) 1; 2) 2,5,; 3)3; 4)1,4; 5)3,4,5.
50. Өрмекшітәрізділердің қанында болады:
А) лизин;
В) биссус;
С) гемоглобин;
Д) гемоцианин;
Е) гирудин.
51. Көпаяқтылардың иіс сезу және дәм сезу мүшелері болып табылады?
А) қармалауыш;
В) антенналар;
С) фасеткалы көздер;
Д) қарапайым көздер;
Е) темешваров мүшесі.
Дұрыс жауап: 1) 3; 2) 2,5; 3) 1,4; 4)2,4,5; 5)5.
52. Көпаяқтыларға қандай тыныс алу мүшелері тән?
А) өкпе;
В) ктенидийлер;
С) тақталы желбезектер;
Д) трахеялар;
Е) трахеялы желбезектер.
53. Көпаяқтылар немен қоректенеді?
А) өсімдіктекті қатты детритпен, шіріген жапырақтармен, ағаш қалдығымен;
В) өсімдік шырынымен, сұйық қорек;
С) афагтар;
Д) насекомдармен;
Е) омыртқалы жануарлардың қанымен.
Дұрыс: 1) 1,4; 2) 5; 3) 4; 4)3; 5)2,4.
54. Көпаяқтылардың басының құрылысы:
А) басы жоқ;
В)акрон +4 сегмент;
С) акрон +2 сегмент;
Д) простомиум және перистомиум;
Е) акрон +7 сегмент;
55. Насекомдар үшін қоректенудің қандай типтері тән?
А) афагия;
В) фитофагия;
С) зоофагия;
Д) некрофагия;
Е) копрофагия.
Дұрыс: 1) 2,3; 2)1; 3) 5; 4) барлығы; 5) 2,3,4.
56. Көбелектер мен жарғаққанаттыларға дамудың қандай типі тән?
А) А) тура даму;
В) личинкалық даму;
С) толық емес метаморфоз арқылы даму;
Д) толық метаморфоз арқылы даму;
Е) анаморфоз арқылы даму.
57. Буынаяқтылар типінің өкілдерінің ішкі ортасы немен көрсетілген?
А) паренхима;
В) миксоцель және қанайналу жүйесі;
С) мезоглея;
Д) клеткалық құрылысы жоқ гомогенді сұйық;
Е) қанайналу жүйесі.
58. Қандай насекомдарда мандибулалары стилеттерге айналған?
А) тарақандарда;
В) қандалаларда;
С) құмыты, масаларда;
Д) инеліктерде;
Е) көбелектерде.
59. Майлы дене қандай функция атқарады?
А) экскреторлы және трофикалық;
В) зәр шығару және энергетикалық;
С) асқорыту, метаболизмге қатысу;
Д) су мен глюкозаның реабсорциясы;
Е) фагоцитарлы.
60. Көбелектерге қандай дернәсіл типтері тән?
А) нимфа;
В) наяда;
С) жұлдызқұрттәрізді;
Д) құрттәрізді;
Е) аяқсыз құрттәрізді.
61. Қандай насекомдар жануарлардың эндопаразиттері болып табылады?
А) шаншарлар, бөгелектер;
В) қандалалар, масалар;
С) галлицалар;
Д) түзуқанаттылар дернәсілдері;
Е) қабықжегіштер.
62. Бөгелектердің қандай маңызы бар?
А) жануарлардың мұрын және ауыз қуыстарында және жараларында паразиттті тіршілік етеді;
В) жапырақ пен сабақ маңайында жүреді;
С) өсімдіктердің шырынымен қоректенеді;
Д) ағаш қабығын бүлдіреді;
Е) тозаңдандырушылар болып табылады.
63. Насекомдардың суда өмір сүретін дернәсілдерінің зәр шығару мүшелеріне жатады:
А) максилллярлы бездер;
В) коксальды бездер;
С) мальпиги түтіктері;
Д) жасыл без;
Е) антеннальды бездер
64. Қатқылқанаттылар үшін қандай метаморфоз тән?
А) эволютивті тип;
В) метаморфоз жоқ;
С) толық емес метаморфоз арқылы даму;
Д) толық метаморфоз арқылы даму;
Е) анаморфоз арқылы даму.
65. Насекомдар класының өкілдеріне қандай аяқтар тән?
А) қосбұтақты аяқтар;
В) бірбұтақты аяқтар;
С) жамбас, ұршық, сан, сирақ, табан;
Д) мандибула және максиллалар;
Е) протоподит, эндоподит, экзоподит, эпиподит.
66. Насекомдардың күрделі немесе фасеткалы көздерінің морфо-функциональдық бірлігі:
А) пигментті клеткалар;
В) нейрондар;
С) сауытшалар;
Д) таяқшалар;
Е) омматидий;
67. Мимикрия – дегеніміз:
А) тіршілік циклінің типі;
В) даму типі;
С) дененің арнайы түсі мен формасында көрінетін сыртқы ортаға реакция;
Д) белгілі бір модельдерге еліктеу (подражание);
Е) метаморфоз типі.
68.Қармалауыштыларда қармалауыштарының қызметі қандай?
А) тыныс алу;
В) қоректі ұстау және тыныс алу;
С) асқорыту;
Д) зәр шығару;
Е) қозғалу.
69. Қармалауыштылар типіне қандай зәр шығару мүшелері тән?
А) протонефридий;
В) целомодуктылар;
С) антеннальды және максиллярлы бездер;
Д) мальпиги түтіктері;
Е) редукцияланған.
70. Қармалауыштыларда қозғалу механизмі қалай жүзеге асырылады?
А) бұлшықеттерінің жиырылуы;
В) қозғалудың реактивті типі;
С) қозғалудың кірпікшелі типі;
Д) қозғалудың реактивті және кірпікшелі типі;
Е) қозғалудың кірпікшелі типі және целом сұйықтығының гидравликасы.
71. Қармалауыштылар типіне асқорытудың қандай типі тән?
А) клеткаішілік;
В) қуыстық;
С) сыртқы асқорыту;
Д) симбиоттық микроорганизмдердің қатысуымен асқорыту;
Е) ішектен тыс асқорыту.
72. Мшанкаларға қандай дернәсіл типі тән?
А) трохофора;
В) паренхимула;
С) диплеврула;
Д) планула;
Е) амфибластула.
73. Тікентерілілерді басқа екінші ауыздылармен салыстырғанда жабынының қандай ерекшеліктері бар?
А) бірқабатты эпителийден және дермадан тұрады;
В) бірқабатты бірядролы эпителййден;
С) эпителийінде кутикулярлы инелер мен пластинкалар бар;
Д) эпителий инелер және амбулакральды аяқтар түзеді;
Е) көпқабатты эпителий.
74. Тікентерілілер типінің ересек формаларына қандай симметрия типі тән?
А) винтті;
В) радиальды;
С) билатеральды;
Д) қоссәулелі,
Е) шар симметриясы.
75. Тікентерілілер типіне қандай қозғалыс типі тән?
А) тері-бұлшықет қапшығының көмегімен қозғалу;
В) буынды аяқтардың көмегімен;
С) бұлшықетті аяқтың көмегімен;
Д) мантия көмегімен;
Е) гидравликалық тип.
76. Теңіз жұлдыздары класының өкілдерінің құрылысы:
А) денесі бес сәулелі жұлдыз сияқты;
В) денесі шар тәрізді;
С) денесі симметрия осі бағытына қарай қысыңқы;
Д) ораль бағытында қаңқа күшті дамыған;
Е) қаңқасы сәулелерде күшті дамыған.
77. Қандай мүшелер педицелляриялар деп аталады?
А) скелетті пластинкалар;
В) ізбесті өсінділер;
С) амбулакральды пластинкалар;
Д) маргинальды пластинкалар;
Е) қайшы тәрізді қосылған қысқа иілген инелер.
78. Теңіз жұлдыздарының сезім мүшелері болып не табылады?
А) қарапайым көздер;
В) күрделі көздер;
С) амбулакральды аяқтар;
Д) сәулелердің соңындағы қысқа 5 қармалауыштар;
Е) статоцистер.
Дұрыс: 1)5; 2)1,3,4; 3) 2,5; 4) 3,4; 5) 2.
79. Амбулакральды жүйенің сұйықтығының құрамы қандай?
А) құрамы бойынша теңіз суына жақын;
В) белоктың аз мөлшері бар;
С) амебоциттері бар целомдық сұйық;
Д) қышқылды ортасы бар;
Е) буынаяқтылар гемолимфасына жақын.
80. Теңіз жұлдыздарының нерв жүйесі:
А) диффузды;
В)ортогональды;
С) шашыранды-түйінді;
Д) түтік;
Е) эктоневральды, гипоневральды және аборальды нерв сақинасынан және радиальды тәжден тұрады.
Пән бойынша глоссарий
Зоология – жануарлар әлемінің алуан түрлілігін, құрылысын, тіршілік әрекеттерін, экологиясын оқытатын ғылыми пән;
зоогеография – жануарлардың орта жағдайларына байланысты Жер бетінде таралу заңдылықтарын қарастырады;
морфология – жануарлар организмдерінің сыртқы және ішкі құрылысының заңдылықтарын оқытатын ғылым;
онтогенез – особьтің жеке дамуы, ұрықтанған жұмыртқадан бастап особьтің өлгенге дейінгі кезеңі;
омыртқасыз жануарлар – осьтік мүшелер комплексі жоқ жануарлар;
палеозоология – құрып кеткен жануарлардың қазба қалдықтарын, олардың құрылысын, шығу тегін және қазіргі кезде тіршілік ететін формаларымен туыстық байланыстарды зерттейді;
симметрия - бүтін организмнің құрылымдарының реттілік дәрежесінің көрсеткіші;
таксономия – Жануарларды ғылыми жүйесінің және классификациясының теориясы мен практикасы;
тіршілік циклі – көбеюдің және ядролық циклдардың фазаларының заңдылықты ауысып отыратын түрдің даму циклі;
ұрық жапырақшалары – гаструляция процесінде пайда болатын және әртүрлі ұлпалар мен мүшелерге бастама беретін, көпклеткалы ұлпалы жануарлардың ұрық денесінің гомологиялық қабаттары;
ұлпа – организмде белгілі бір қызмет атқаратын клеткалардың, клеткаралықзаттардың және т.б. құрылымдардың жиынтығы;
филогенез – тірі материяның, оның систематикалық топтарының, организмдердің, жеке мүшелердің және олардың жүйелерінің тарихи дамуы;
физиология – тірі организмнің функцияларын, зат алмасуын, тіршілік ету ортасына бейімделу механизмдерін оқытатын ғылым;
экология – организмдердің бір-бірімен және олардың бірлестіктерінің қоршаған ортамен қарым-қатынасын оқытатын ғылым саласы;
протистология немесе протозоология – қарапайым бірклеткалы организмдерді зерттейтін ғылым;
гельминтология – паразиттік тіршілік ететін құрттарды зерттейтін ғылым;
карцинология – шаян тәрізділерді зерттейтін ғылым;
арахнология - өрмекші тәрізділерді зерттейтін ғылым;
акарология – кенелерді зерттейтін ғылым;
энтомология – бунақденелілерді зерттейтін ғылым;
малакология – моллюскаларды зерттейтін ғылым;
ихтиология – балықтарды зерттейтін ғылым;
герпетология – қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушыларды зерттейтін ғылым;
орнитология – құстарды зерттейтін ғылым;
териология (маммалогия) – сүтқоректілерді зерттейтін ғылым.
Достарыңызбен бөлісу: |