Пікір жазғандар


Жобалау (қайта құрылымдау, жаңарту) сатысында



бет25/49
Дата04.10.2022
өлшемі410.45 Kb.
#461861
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   49
Еңбекті қорғау оқу құралы (Лаврищев О.А.) (z-lib.org)

Жобалау (қайта құрылымдау, жаңарту) сатысында:


  • жеке технологиялық операцияларды жəне технология- лық үдерісті барлық қауіпсіздік талаптарын ескере оты- рып, жобалау;

  • жабдықты жайларда, ғимараттарда жəне өндіріс алаң- дарында барлық қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, орналастыруды жобалау;

  • технологиялық регламенттерді жəне техникалық пайда- лану ережелерін əзірлеу.

Пайдалану сатысында:


  • жабдықты пайдалану, құралды қолдану ережелерін тех- нологиялық үдеріс бойына қатаң сақтау;

  • жабдыққа техникалық қызмет көрсету;

  • құралдың жəне ЖҚҚ жағдайын мерзімді диагностикалау, бақылау жəне басқару аспаптарын тексеру, техно- логиялық үдеріс, еңбек жағдайларының өтуін бақылау жəне мониторинг (оның ішінде, үздіксіз).

Тоқтатып қою жəне тарату сатысында:


  • қандай да бір өндірісті тоқтату, тоқтатып қою жəне та- рату (жартылай немесе толық) үдерістерімен байла- нысты қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау;

  • ғимараттардың жəне құрылыстардың, жабдықтың тех- никалық күйін мерзімді немесе тұрақты диагностикалау.

Негізінен, еңбекті қорғау қызметінің мамандары əрекет ету- ші өндірісті пайдалану кезінде еңбекті қорғауды қамтамасыз етумен айналысатындықтарын атап өтеміз. Өндірісті тоқтату- мен, тоқтатып қоюмен жəне таратумен байланысты жұмыскер- лердің еңбекті қорғау талаптарын сақтауларын қадағалау неғұр- лым сирек жүргізіледі. Мұнымен жиі мамандандырылған ұйым- дар айналысады.
Тəжірибеде бұл мəселелердің барлығынан:

    • қауіпсіз пайдалану;

    • өнеркəсіп алаңдары мен көлік жолдары;

    • ғимараттар жəне құрылыстар, олардың жайлары;

    • жабдықтар жəне құралдар;

    • шикізатты, аралық өнімдер мен дайын өнімді қауіпсіз пайдалану;

    • жұмыс орнындағы қауіпсіз еңбек жағдайлары ерекше- леніп алынған.

Бұл жағдайларда өндірістің технологиялық үдерістерінің
«штатты» өтуінің бұзылуын, апаттық жағдайлардың туындауын қарастыру қажет, бұл қызметкерлердің мұндай жағдайларда əрекет етеуге дайындығын талап етеді.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет