Пікір жазғандар


БӨЛІМ III. АРНАУЛЫ БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЗАМАНАУИ ЖҮЙЕСІ



бет30/99
Дата06.03.2023
өлшемі1.45 Mb.
#470440
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   99
арнайы кітап

БӨЛІМ III. АРНАУЛЫ БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЗАМАНАУИ ЖҮЙЕСІ


§ 16. КОРРЕКЦИЯЛЫҚ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮДЕРІСІНІҢ Қ¥РЫЛЫМЫ
1. Коррекциялық-педагогикалық үдерістің құрылымдық
компоненттері.
2. Коррекциялық-педагогикалық үдерісті құраушы диагностикалау,
мониторинг, кеңес беру жұмыстары
3. Арнаулы білім беру мекемелеріне арналған оқу жоспарлары мен
бағдарламалардың қүрылу ерекшеліктері
Білім беру жүйесінің даму кезеңдері қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге байланысты күрделеніп отырады. Бұл бір жағынан білім беру жүйесіндегі парадигмалардың өзгерісін айқындаса, екінші жағынан оқытудың мазмүнын айқындаудағы (саралап оқыту мен даралап оқыту, оқытудың әдістері мен тәсілдері, оқытудың формалары) шынайы механизмдерді қажет етеді.
Қалыптасқан педагогикалық жүйелер жаңару мен даму үстінде. Шетелдік және қазақстандық теоретиктер мен практиктер әрбір баланың білім беру мекемесінде білім алуының жалпы даму ерекшеліктерімен қатар, спецификалық (жеке-психологиялық) ерекшеліктерін есепке алуды мойындауда.
Жалпы ерекшеліктерге қоршаған орта туралы түсініктер мен білім қорының аздығы, жалпы және ұсақ моториканың жетіспеушілігі, сөйлеу тіліндегі кемшіліктер, тәртіптің бүзылуы, коммуникативтік қиындықтар, кеңістік пен уақыт туралы үғымдардың аздығы, танымдық процестердің төмендігі, өзіне-өзі сенбеушілік, эгоизм, пессимизм, өзін-өзі жоғары немесе төмен бағалаушылықты жатқызады. Бұл кемшіліктер құрылымдық ерекшеліктеріне қарай екінші кемшіліктер түрінде танылып, қиын оқушыларға тән сипатты береді.
Осы кемшіліктерді жою үшін білім беру мазмұнындағы пәндерге өзгерістер енгізілген. Мысалы, пропедевтикалық кезеңдерге бөлінген бөлімдер оқушылардың қоршаған орта туралы түсініктері мен жалпы білім қорын молайтуға арналады.
Спецификалық ерекшеліктер орталық жүйке жүйесінің органикалық бұзылу себептерінен пайда болған кемшіліктер түрінде беріледі. Бұл жетіспеушіліктердің мінездемесі МШ балалардың оқу жоспары мен оқу бағдарламаларын құруда есепке алынып, бірінші кемшіліктерге көру, есту қабілетіндегі жетіспеушіліктер топтастырылған. Дамудағы бірінші кемшіліктерді жою үшін (көру және естудің, сөйлеудің жүйелі түрдегі бұзылуы, бас миындағы сөйлеу зоналарының зақымдануы) арнаулы білім беру мазмұнына коррекциялық пәндер енгізілмен. Мысалы, соқырларға білім беру
мазмұнында балалардың кеңістікті бағдарлау мен икемділігін дамыту үшін оқу пәндері қарастырылса, саңырауларға есту қалдығын дамыту сабақтары, пәндік-практикалық әрекетгі ұйымдастыру сабақтары, ауызша сөйлеу тілін қалыптастырудағы арнайы пәндер оқытылады.
Арнаулы білім берудегі коррекциялық-педагогикалық процесс өзара бір-бірімен байланысты компоненттерді анықтаушы біртұтас жүйені құрайды. Оның мазмұны жеке түлғаның жалпы және үйлесімді дамуын анықтаушы міндеттермен анықталса, екінші жағынан білім берудегі ұжымдық, жеке оқытудың мақсат, міндеттерімен анықталады.
Құрылымдық компоненттер мен коррекциялық-педагогикалық процестің мазмұны әрбір білім беру мекемесіндегі оқу бағдарламасымен анықталып, өздерінің ішкі жүйелік қүжаттарын құрайды.
Әр мекемедегі кешенді бағдарламалар мен ішкі құжаттар негізінде педагог кадрлардың жұмысын регламенттейді. Аталған құжаттарда даму ортасы, оқу-тәрбиелік жұмыстардың міндеттері, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру жұмыстарының мазмұны көрсетілуі тиіс
Диагностикалық-кенес беру жұмыстары, сауықтыру, коррекциялық-дамытушылық, тәрбиелік-дамытушылық іс-шаралардың мазмұнын бейнелей отырып, коррекциялық-педагогикалық процесте ерекше орын алады.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы білім беру ұйымдарындағы (балабақшалар, арнайы мектептер, психологиялық-медициналық) педагогикалық кеңес беру ұйымдар, коррекциялық кабинетгер, орталықтар, инклюзивті оқыту жағдайы) психологиялық-педагогикалық процестің технологиясы мынадай міндеттерді шешуді көздейді:
• әр баланы жан-жақты зерттеу: ерте балалық шаққа тән оқу бағдарламасының деңгейлеріне сай жеке ерекшеліктерді, танымдық әрекеттегі ерекшеліктерді, эмоциялық-ерік сферасындағы ерекшеліктерді, сөздік қор мен қоршаған орта туралы түсініктерді, түрлі әрекеттерді игеруде іскерлік пен дағдыларды анықтау;
• типтік оқу бағдарламалар негізінде әр балаға арналған жеке
бағдарламаларды құрастыру, жүзеге асыру;
• коррекциялық оқыту жағдайлары мен білім беру бағыттарын
анықтауда бала дамуының динамикасын зерттеу;
• психологиялық-педагогикалық бақылау мен танымдық, эмоциялық-
ерік сферасындағы әрекеттерді зерттеуде ұқсастықтарды саралау;
• мектеп бағдарламарын игерудің деңгейін диагностикалауда
баланың мектепке оқуға дайындығын анықтаушы параметрлерді белгілеу және
оқу бағдарламасын игертудің формаларына таңдау жасау.
Сонымен, коррекциялық-педагогикалық процесс баланы оқыту міндеттері мен балаға психологиялық-педагогикалық көмек көрсетудің жолдарымен байланысып отырады. Бұл міндеттерді шешу білім беру, білім берудің тиімділігі, оның бағасы туралы мәселелермен байланысты. Мұндай байланыстар барысында диагностикалау-мониторинг жұмысы анықталады.
Дамудағы кемшіліктердің анықталуы мен байқалуы балаларды арнаулы (коррекциялық) мекемелерге, балабақша топтарына орналастыру мен топтастыруда қиындықтар туғызып отырады. Психологиялық- медициналык-педагогикалық кеңес беру ұйымдары (ПМПК) мүмкіндігі шектеулі баланы тексеріп және оның ерекше білім алу қажеттіліктерін анықтап, соған сәйкес білім беру мекемесінде оқытуға ұсыныс жасап, қорытынды шығарады.
ПМПК мамандарына осындай ұқсастықтарды диагностикалаудын міндетерін шешуде жоғары кәсіби қасиеттер қажет. Осылайша, топтағы оқушылар контингенті әр түрлі болуы мүмкін. Педагогикалық жағынан артта қалушылық балалардың әлеуметік бейімдеуін, білім беру ортасына үйренісуін қиындатады. Арнайы педагогика және психологиядағы мамандар жұмысының жетістіктерге қарамастан, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды саралауда диагностикалау, жеке психологиялық-педагогикалық көмек көрсету жұмыстары нақты зерттеулерді талап етеді. Бұл проблема білім беру жүйесіндегі интеграциялау тенденцияларымен байланысты өзектілігін арттыруда. Педагогтардан интеграциялау жағдайында балабақша түлектерімен, мектеп оқушыларымен жұмыс жасаудағы жеке оқыту бағдарламаласын құру талап етіледі. Мұндан жағдайларда баланың мүмкіндігі мен білім беру қажеттіліктерін анықтау үшін, тұлғалық және танымдық даму сферасындағы жекелеген жетістіктерді бағалау мен болжау құралы ретінде диагностикалық зерттеулер қажет.
Арнайы балабақшалар мен арнайы мектептердегі диагностикалық зерттеулер ПМПК зертеулерінде қолданылатын міндетгерден, әдістерден ерекше болады. ПМПК алдындағы негізгі міндеттер дамудағы кемшілікті кемшіліктің , баланың білім алу мекемесінің түрін анықтау болып табылады.
Арнайы білім беру ұйымдарындағы диагностикалау жұмыстары коррекциялық-педагогикалық процестің негізгі құрылымдық компоненті мен процестің тиімділігін арттырудың құралы. Жан-жақты түрде жүргізілген зерттеулердің нәтижесі жеке және топтық коррекциялық-білім берушілік бағдарламаларды құрып, коррекциялық-дамытушылық процестің тиімділігін анықтайды. Диагностикалық жұмыстардың ережелері Л.С.Выготский, А.Р.Лурия, В.И.Лубовский, Д.Б.Эльконин т.б. зерттеулеріндегі психологиялық-диагностикалық қағидалар негізінде құрылады.
Жан-жақты және командалық тексеру қағидасы бойынша бала дамуындағы кемшіліктерді анықтауда түрлі мамандардың (дәрігерлер, психологтар, педагогтар) бірігуімен жүргізілетін жұмыстардың мазмұнын анықтап, диагностикалаудың әрбір бағыты саралау жұмысының мақсаты мен міндеті анықталады.
Баланы зерттеудегі жүйелік қағидасы кемшіліктің дамуындағы кұрылымдарды, кемшіліктің иерархиясын анықтайды. Психологиялық-педагогикалық зерттеуде бұзылған психикалық процестерді, олардың бағасын анықтау ғана емес сақталған психикалық процестер кезінде анықталады.
Зерттеу қорытындыларының талдауын сандық және сапалық жагынан біріктіру қағидасы тапсырманың орындалғаны немесе орындалмағаны туралы фактілерді анықтайды. Мұнда негізгі зерттеудің сапалық түрдегі қорытындысы бірінші бола отырып, мынадай міндеттерді көздейді:
- баланың өз қателігіне немесе әрекет қорытындысына деген
қатынасын анықтау;
- психикалық әрекеттің шартты формаларын қамтамасыз етуші
функциялардың бағасын беру;
- мағыналы түрдегі әрекеттер мен оның қорытындыларын мағынасы
жағынан талдау;
- педагогтың, жолдастарының ескертулеріне берген реакциясындағы
ерекшеліктерді айқындау;
- бала әрекетін сапалық жағынан арттыратын жағдайларды айқындау;
- психикалық процестердің сапалық ерекшеліктерін және олардың
даму деңгейін айкындау.
Динамикалық әрекет қағидасы баланың жас ерекшелігін есепке алу көзқарастары тұрғысында психикалық функциялардың жетілу реттіліп мен дамуын, онтогенез заңдылықтарына қалайша сәйкес келетіндігін анықтайды. Коррекциялық оқытуда бала дамуындағы кемшіліктің динамикасын міндетті түрде есепке алу қажет. Берілген тапсырмаларды орындаудың қиындығы қандай кездерде байқалатынын, яғни баланы оқытудың шынайылығын, потенциалдық мүмкіндігінің қаншалықты екендігін анықтайды.
Л.С.Выготскийдің концепциясына сәйкес психикалық дамудың екі деңгейін, яғни дамудың өзектілігі мен «жақын даму аймағы» баланы зертгеу процесінде анықтау керек. Жаңа әрекеттерді орындаудағы балаға ересектердің көмек көрсетуін, әрекеттерді өзгертуде баланың білім алу ерекшелігін анықтауға болады. Оқыту бір жағынан негізгі диагностикалық-саралау негізінде орындалса, екінші жағынан коррекциялық-білім беру жұмыстары оқушы мен педагог арасындағы жұмыс стилін таңдауға мүмкіндік береді.
Басты іс-әрекетін ескеру қағидасы жас ерекшелік кезеңдеріне сай жүргізілген диагностикалау жұмыстарын құруда негізге алынады. Бала дамуында бірнеше кезеңнен өтеді: нәрестелік, сәбилік, мектепке дейінгі, бастауыш мектепке сәйкес, жасөспірім, жастықшақ. Әр кезеңіне сәйкес баланың басты бір әрекеті негізгі болып есептеледі. Мысалы: сәбилік кезеңде қимыл-қозғалыс және сөйлеу іс-әрекеті; мектепке дейінгі кезеңде ойын іс-әрекеті т.б. Яғни мектеп жасына дейінгі балаларды зерттеуде заттық және ойын әрекетінің қалыптасу деңгейі, оның негізгі құрылымдық компоненттері (ойын ережесін түсіну, зат пен әрекет байланысын анықтау) анықталуы керек. Мектеп жасындағы баланы зерттеуде оқу әрекетіне, мектеп дағдыларының игерулі деңгейіне көңіл бөлінеді.
Дамудағы кемшілікті ерте диагностикалау ерте балалық шақтағы коррекциялық-дамыту жүмыстарын жүргізуде түрлі функциялардың сензитивтілігін есепке алу, потенциалды мүмкіндіктерді анықтауға мүмкіндік береді.
Диагностика мен коррекциялық жұмысының бірлігі жеке және топтық жұмыстарға арналған коррекциялық-дамыта оқыту бағдарламаларын кұруда тексеру жұмысының қорытындыларын нәтижелі түрде қолдануға жағдай жасайды. Баланы зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттерін анықтау, диагностикалау әдістемелеріне таңдау жасауда арнайы маман психиканың дамуындағы жалпы заңдылықтарды, тұлға дамуының негізгі кезеңдерін, жоғары психикалық функциялардың қалыптасу логикасын, мүмкіндігі шектеулі түлғалардың психологиялық ерекшеліктерін білуі тиіс.
Баланың жеке білім алуға қажеттіліктерін тексеру кезінде анықталған танымдық және жеке дамудың көрсеткіштерін есепке алады. Диагностикалау процесін құрудағы арнайы мамандардың алдына қойылатын талаптар мен ережелерді былайша сипаттауымызға болады:
Арнайы білім беру мекемесіндегі диагностикалық әрекетті үйымдастырудың талаптары:
• диагностикалау әрекетін ұйымдастыруда нормативтік-құқықтық білім беру мекемесінің қабылдаған ішкі жүйелік құжаттарды негізге алу керек;
• диагностикалық зерттеу технологиялары ғылыми негізде құрылып, экспертизаға ұсынылатындай болуы керек;
• диагностикалау процесіне қатысушылар тексеру жұмысы кезінде ата-аналармен танысуда, қарым-қатынасқа түсуде «Ар-намыс кодексі ережелерін»
сақтауы керек;
• диагностикалау процесіндегі бағалау жұмыстары кезінде баланың потенциялдық мүмкіндігін жақын даму зонасын есепке алу керек Баланың жеткен жетістігінің көрсеткіші дамудың әрбір кезеңінде арнайы педагоггардың жеке жұмыс жүргізу әдістері мен технологияларын талдауға мүмкіндік беретінін есте ұстаған жөн;
• арнаулы білім беру мекемесіндегі диагностика игерілген білім беру бағдарламасының көлеміне (білім, іскерлік, дағды) ғана емес, сол білім көлемін игеруден қалыптасқан психологиялық механизмдерді де (психологиялық-педагогикалық, сауықтыру, баланы жалпы дамыту ортасының жағдайы) есепке алу керек;
• диагностикалау әдістемелеріне таңдау жасауда баланың жетістігін сандық және сапалық жағынан талдауға мүмкіндік беретін бағалау өлшемдеріне берілген әдістемелерге назар аудару керек. Тестілеу жұмыстары ерекше жағдайларда ғана (мысалы, психомоторлық дамуды бағалауға арналған Н.И.Озерецкийдің өлшемдік тесті) қолданылуы керек;
• кез-келген диагностикалау жұмысы белгілі мақсатқа бағытталуы тиіс. Тексеру жұмысы кезінде кең тараған, тәжірибеден өткен әдістер мен диагностикалау әдістемелерін қолдану керек.
Әксперименттік-психологиялық зерттеулер мен ұзаққа созылған бақылау жұмыстарының өзара бірлігі бала дамуының көрсеткішін бағалау, психологиялық-педагогикалық көмек көрсетудегі тиімді жұмыстардың жүргізілуін қамтамасыз етеді.
Баланы алғашқы тексеруде психологиялық-педагогикалық кеңес беру орталығының мамандары (ПМПК) жүргізеді. ПМПК мамандары балаға арнайы білім беретін мекеменің түрін анықтап, баламен жүргізілетін жүмыстардың негізгі бағыттарын анықтайды.
Арнаулы балабақша немесе арнайы мектеп жағдайында балаға бірнеше бағытта құрылған жан-жақты диагиостикалық тексеру жұмысы жүргізіледі.
Психологиялық тексеру бала бойындағы кемшіліктің құрылымын, деңгейін, тәрбиеленушінің психологиялық даму ерекшеліктерін анықтайды. Диагностикалау жұмысының бұл бағыты жыл бойы жүргізілетін коррекциялық-дамыту бағдарламасының мазмұны мен міндеттерін анықтауға көмектеседі.
Педагогикалық тексеру қоршаған орта туралы білім деңгейін, алдағы уақыттағы игерілетін білім көлемі үшін дағды мен іскерліктің жағдайына болжам жасайды.
Білім беру барысында бірнеше кезеңнен тұратын диагностикалық зерттеу мен динамикалық бақылау жүмыстары ұйымдастырылады
I кезең - оқу жылының басында (қыркүйек айы) жүргізілетін тексеру. Бұл кезеңнің мақсаты - кемшіліктің деңгейін, сипатын анықтау. Зерттеу қорытындыларының нәтижесіне қарай жеке баламен, топпен жүргізілетін коррекциялық жұмыстардың жоспары құрылады.
II кезең оқу жылының ортасында (қаңтар айы) жүргізілетін тексеру. Бұл кезеңнің мақсаты бала дамуының динамикасын, білім беру бағдарламасын игерудегі қиындылықтарды, олардың себептерін анықтау.
III кезен - оқу жылының аяғына (мамыр айы) жүргізілетін тексеру. Бұл кезеңнің мақсаты - бала дамуының динамикасын, алдағы уақытта жүргізілетін жұмыстардың түрлерін анықтау.
Балаға жүргізілген жан-жақты тексеру жұмыстарының қорытындысы қажетгі құжаттарға тіркеледі. Алынған қорытындылардың нәтижелеріне қарай тәрбиеленушілердің әрбіреуімен жүргізілетін жұмыстардың әдіс-тәсілдері, оқу-тәрбие жұмысының мазмұны анықталады. Баламен жүргізілетін тексеру жұмысына арнайы педагогтар, ПМПК мамандары қатысады. Күрделі кемшілік кезінде бала арнайы консилиумның тексеруіне жолдама алады. Консилиумның қорытындысы бойынша қажет болған жағдайда ПМПК тексеруіне диагнозды бекіту үшін қайта жібереді.
Бақылау және мониторинг психологиялық және педагогикалық мониторинг түрінде жүргізіліп, білім беру процесінің динамикасын анықтау, білім беру процесін ұйымдастыру барысындағы туындаған жағымсыз жағдайлардың алдын алу, оларды түзету, жою жұмыстарын көздейді. Білім беру жүйесіндегі мониторинг коррекциялық-дамыту бағдарламалары мен оқу-тәрбие процесіндегі тиімді технологияларды анықтауға жағдай жасайды.
Арнайы білім беру мекемелері оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру барысында білім берумен қатар сауықтыру жұмыстарын ұйымдастырады. Мұндай жағдайлар ұйымдастыру жұмыстарының жоғары деңгейде болуын, шығармашылыққа баулу жұмыстарының кеңінен қолданылуын жүзеге асырады. Мониторинг жүргізу психологиялық-педагогикалық процесті бақылауға алу, диагностикалау жұмыстарының қорытындысын шығару, оларға талдау жасау, арнаулы білім беру жүйесіндегі педагогикалық ұжымның жалпы жұмысын бақылауға алу, оның қорытындысын шығару, интерпретациялар енгізуде тиімді болып табылады.
Арнаулы білім беру мекемелеріндегі мониторинг объектілері мыналар:
• баланьщ жүйке-психикалық және дене дамуы;
• баланың психоэмоциялық жағдайы мен бала түлғасының дамуы;
• мектепке дейінгі ұйымның жалпы жағдайына бейімділігі;
• баланың түрлі әрекеттері кезіндегі дамуы (коммуникативтік, заттық, ойын, продуктивті, оқу әрекеті, т.б.)
• арнаулы мекемедегі жағымды жағдайлардың баланың жалпы дамуына әсері;
• емдік-сауықтыру жұмыстарының баланың дене дамуына әсері;
• инновациялық процестердің дамуы, оның білім беру мекеме жұмысының сапасын арттыруға ықпалы;
• тәрбиешілердің, логопедтердің, арнайы педагогтардың, психологтардың педагогикалық әрекеті, кәсіби деңгейдегі өсу жағдайы;
• арнаулы мекеме мен отбасының қарым-қатынас жасаудағы түрлі аспектілері;
• мектеп адаптациясы, үлгерім қорытындылары.
Диагностикалау, бақылау-мониторинг жүргізу жұмыстары арнайы білім беру мекемесіндегі коррекциялық-педагогикалық процесті дұрыс ұйымдастыру, түрлендіру, жұмыстың тиімділігін көрсетуге бағыт береді.
Кеңес беру жұмыстары мүмкіндігі шектеулі балалармен арнайы мамандардың ұйымдастыруымен арнайы педагогтар мен ата-аналардың тапсырыстары негізінде жүргізіледі. Сонымен қатар, алдағы жүргізілетін жұмыстардың мақсаты мен міндеттері де анықталады. Кеңес беру жұмыстарын психологтар, логопедтер педагогикалық және диагностикалык бағытта жүргізеді.
Кеңес беру жұмыстарын ұйымдастырудың түрлі деңгейлері бар. Оларды жеке түрде қарастырсақ, бірінші деңгейінде кеңес беруді ұйымдастыру жұмыстары жүргізіледі. Екінші деңгейінде білім беру, іскерлік пен дағдыны игертудегі кеңес беру жұмыстары құрылады. Үшінші деңгейде қарым-қатынасқа түсу, шындық қүбылыстармен танысудағы ақпараттарды игерту жү_мыстары жүргізіледі. Кеңес беру жүмыстары барысында этикалық қағидаларды, психологиялық кеңес берудегі әдістемелік тәсілдерді есепке алуымыз қажет.
Педагогика ғылымы мен білім беру тәжірибесіндегі маңызды бағыттардың бірі - коррекциялық білім беру мазмүны. Осыдан он жыл уакыт бүрын шамасында мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін мектепке дейінгі және мектептерде оқытудың жағдайлары туралы мәселелер көтерілген жоқ. Қазіргі күрделі теориялық және практикалық, өзекті мәселелердің қатарында психикалық және дене дамуында кемшілігі бар балаларды әлеуметтік бейімдеу мен интеграциялау, коррекциялық-дамыту оқыту мен тәрбиелеу жүйесін ұйымдастыру басты - мәселе. Шет мемлекеттерде жалпы білім беру мекемелеріне коррекциялық-дамыта оқыту жұмыстарын енгізу ісіне баса назар аударылған. Бұл мәселенің білім беру мазмұнын ғана қамтымай, әлеуметтік-қолдау мен қорғау туралы мәселе екенін есепке ала отырып, ҚР-ның бірнеше заңнамалық қүжаттары негізінде бағдарламалар бойынша жұмыс жасайды. Оның ішінде ең маңыздысы «ҚР-ың 2011-2020 жылға дейін білім беруді дамыту Стратегиясы».
Соңғы кездері коррекциялық білім беру мазмұны білім беру бағдарламалары мен білім беру мазмүнын түрлендіре отырып ұйымдастыруға бет бұрды. Көтерілетін мәселелердің мазмұны коррекциялық білім берудің психологиялық-педагогикалық аспектілеріне талдау жасау арқылы сипатталады. Ерекше білім алуды қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу - күрделі әлеуметтік және педагогикалық мәселе ретінде мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды өз мүмкіндектеріне сәйкес қоғамдық өмірге араласуға, өз бетінше әрекет ете білуге қалыптастыруды мақсат етеді.
Қазақстан Республикасының арнайы білім беру жүйесі 90-шы жылдарда мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік бейімделуін жетілдіру мақсатында халықаралық құқықтық актілер қабылданды, олар "Бала құқықтары туралы Конвенция" (1989) және "Мүгедектердің құқықтарының тепе-теңдігін қамтамасыз ету туралы ережелер" (1993), білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларға арнайы білім беру және жағдайын реттеу үшін "Саламаңдық декларация"(1994).
Көрсетілен заңнамалық құжаттарда бекітілген арнаулы терминдердің мағынасына сәйкес түзету, қолдау жұмыстары ұйымдастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет