Пособие Көркем шығарманы талдау indd


«қыз жібек» операсын оқыту жолдары



Pdf көрінісі
бет10/34
Дата20.02.2022
өлшемі1.36 Mb.
#455566
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   34
Көркем шығарманы талдау

 «қыз жібек» операсын оқыту жолдары
«Қыз Жібек» операсын оқытқанда алдымен эпостық жырдың операдан 
айырмашылығына, жанр ерекшелігіне тоқталу керек. Опера әдеби мәтінге негізделеді. 
Жырдың негізінде оқиға құрастырылады. Операда жырдың ең негізгі деген бөлімі ғана 
алынып көрсетіледі. Операда кейіпкерлер әрбір кезеңде ішкі сезімдерін білдіріп отырады. 
Оны ән арқылы жеткізеді. Ол әндер танымал халық әуендермен беріледі. Оқушыларға 
жырдың, операның толық нұсқасын оқытудан да ондағы маңызды жолдарын іріктеп 
оқытқан өте тиімді. Оқушы оқиға желісін тани білуі қажет.
Опера нұсқасын төменгі деңгейде оқыту оқушылардың опера оқиғасының 
мазмұнын айтып берумен ғана шектеледі. Жоғары деңгейдегі оқыту операда қозғалған 
тақырыптар, ондағы кейіпкерлері мен операдағы символдар туралы талқылауға 
жетелеуі тиіс. Өте жоғары деңгейдегі оқыту оқушылардың операдағы мәселелерді 
оның қойылымдық ерекшеліктері арқылы, музыкасымен және сахналық сөздермен 
байланыстыра отырып талқылауына алып келеді. 
Төменде операда қозғалған тақырыптар мен мәселелер берілген. Сабақтың 
барысында осы мәселелер мәтінді мұқият жан-жақты талдау арқылы қарастырылуы 
керек. 
• Операдағы Жібектің және кейіпкерлердің бейнесі
• Махаббаттың зұлымдыққа төтеп беруі
• Шынайы махаббаттың көрінісі
Қазақ халқының ерекшелігі
• Берілген жыр-дастан, аңыз қазіргі заманғы сезімдерді бейнелей ала ма?
• Операдағы тап тартысы
• Жібек пен Төлегеннің махаббаты - қазақ халқының бірлігінің символы
Мәтіндегі ұлт бейнесі
• Мәтінде діннің көрсетілуі
• Адалдық тақырыбы: мысал ретінде операдағы екі көріністі алу
• Ертедегі көшпелі қазақтардың өміріндегі құндылықтар, салт-дәстүрдің көрінісі
• Басты кейіпкерлер жеке тұлғалық қана емес, символдық бейнелерді беріп 
тұрғанын қалай байқауға болады?
Операның соңы (өте күрделі сұрақтар):
• Қандай құндылықтар көрінген? Басыбайлы болу деген не? Ерлік? Тарихи тұлға? 
«Әмеңгерлік» деген не? Осы сөздің өзі отбасындағы құндылықты көрсете ме?
• Құндылықтар қалай көрініс тапты, жеңіске жетті ме? Бұл құндылықтар 
кейіпкерлер бойында және сюжеттік шешімді қалай бейнеленген? 
• Неліктен опера халық әндерінің негізінде құрылған? Оның көрерменге берер 
әсері қандай? 
• Операдағы музыка мен сөздердің өзара байланысы? Музыканың көрерменге 
берер әсері?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет