Пособие Көркем шығарманы талдау indd



Pdf көрінісі
бет5/34
Дата20.02.2022
өлшемі1.36 Mb.
#455566
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Көркем шығарманы талдау

жанама мінездеу: «Байғұс қара өгіз, көзіне шыбын үймелеп, аузынан сілекейі 
шұбырып, митың-митың аяңдап келеді. Екі доңғалақты қазақ арба дағдылы ойбайын 
салып о да келеді».
Салыстырмалы мінездеу: «Жантық керенаулық қылып, жаңбырға тидіріп, жастай 
жинап жүрмеңдер! Өзім көрмей шошаққа тартпаңдар... Өйтсеңдер, өкпелемеңдер! – 
дейді.
- Осы ит-ақ түбімізге жетер, - деп жігіттер өзара күңкілдеседі. 
Эпитет: «Қоңыр құйқалы, құнарлы шиыр. Адырсыз, жотасыз, жазық алаң, керілген 
кең тақта».
пейзаж: «Жылауық күз емес, гуілдеген желді күз еді. Түндік біткен шаңырақта 
сабалап, қараша үйлер тозығы жеткендігін айтып, зар қағып сықыр-сықыр етеді. 
Бұрқырап түсе бастаған күзгі сары ала жапырақ ауыл қотанында жындай ойнақтайды. 
Кейіптей дамыту: «Қырман басы ұлы дүбір той. Гүр, гүр, гүр! Гүрілдеген сайын 
маңдайдан шыққан ащы тер қызыл маржан болып қапшыққа құйылады. Бұл бұрқыраған 
еңбек күйі аспанға өрлейді. Жер мен аспан қосыла билейді». 
2
шығарманы талдағанда ерекше мән беретін тұстар:
Шығарма құрылымына 
• Стильге 
• Сөйлем құрылымына
Композиция мен сюжет
Көркем шығарманы оқығанда онда баяндалатын оқиғалардың бір жүйеде бір-
бірімен байланысты суреттелетінін оқушы түсіне білуі керек. Олар шығармадағы барлық 
оқиғалар бір-бірімен тығыз байланысты және бір оқиғадан кейін екінші оқиға туындап 
отыратындығын шығарманы оқи отыра сезінуі қажет. Шығармада сөз етіліп отырған 
оқиға желісі әр алуан іс-әрекеттен құрылады. Қандай шығарманы оқыса да оқушы оның 
композициялық құрылымын талдай білгені дұрыс. Ғ. Мүсіреповтың «Ер ана» әңгімесінен 
мысалдар келтіруге болады. «Ер ана» әңгімесінде ең алдымен астаң-кестеңі шыққан, әр 
тұсын өрт шалған қалың орманның, сау тамтығы қалмаған өлікке толы қысқы даланың 
суреті беріледі. Әрбір оқиғаның болатын жерін, оқиғаға қатысушыларды және оқиғаға 
байланысты басқа да жағдайларды суреттеу шығарманың экспозициясы деп аталады. 
Шығарманың экспозициясы, әдетте, жазушы баяндайын деп отырған оқиғаның сипатына 
қарай беріледі. Мысалы, «Ер ана» әңгімесінің экспозициясы – соғыс зардабынан 
жантүршігерлік жағдайға келген табиғат көрінісі. Көркем шығармада баяндалатын 
оқиғалардың бастауын және олардың бір-бірімен сабақтасып отыруын байланыс деп 
атайды. Оқушыларға ұғымды болу үшін оқылып отырған шығарманы мынадай сызбаны 
толтыру арқылы меңгертуге болады.
3


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет