Практикумы алматы, 2009 (075) ббк 46. 6 я 7 б 83 сараптамашылар



бет1/12
Дата17.06.2016
өлшемі1.67 Mb.
#142334
түріПрактикум
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі

Шәкәрім атындағы Семей Мемелекетік Университеті



Н.Б. Бурамбаева, К.Х. Нұржанова, Б.С. Ахметова

ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ

ПРАКТИКУМЫ

Алматы, 2009



УДК 636.3 (075)

ББК 46.6 я 7

Б 83

САРАПТАМАШЫЛАР:



П.Р.Габдуллин – Шәкәрім атындағы Семей мемелекетік университетінің агротехнология кафедрасының доценті, ауыл шаруашылығының ғылымдарының кандидаты.

Т.К.Бексеитов – С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің деканы, ауыл шаруашылығының ғылымдарының докторы.

Б 83 Бурамбаева Н.Б., Нұржанова К.Х., Ахметова Б.С. Қой шаруашылығының практикумы 050802 - «Зоотехния» мамандығында оқитын студенттерге арналған. – Алматы. – 2009. - 164 б.
ISBN 978-601-248-104-4
Практикумда студенттердің өздік жұмысына берілген тапсырмаларды орындауға арналған тәжірибелік-зертханалық сабақтардың негізгі тақырыптары көрсетілген. Әрбір тәжірибе – зертханалық сабақтар үшін орындау тәртібі, сабақ мақсаты, бақылау сұрақтары берілген.
ББК 46.6 я 7
Практикум Шәкәрім атындағы СМУ-нің оқу әдістемелік кеңесінің отырысында бекітілді.

№ 11 Хаттама 25 қараша 2009 жыл


Б
ISBN 978-601-248-104-4

© Бурамбаева Н.Б., Нұржанова К.Х., Ахметова Б.С., 2009

Кіріспе
Халық шаруашылығы барлық аумағы үшін ауыл шаруашылығы мамандарын дайындау сатысын жоғарлату мақсатында оқу үрдісін техникалық заттарды жиі қолдану жаңа әдістер мен оқу формасын, студенттердің ғылыми – зерттеу жұмысын белсенді түрде, енгізу қажет.

Зертханалық – тәжірибелік сабақтарда уақыттың көп бөлігі студенттердің шығармашылық, өздік жұмыстарына сонымен қоса, зерттеу жұмыстарына арнаулы тиіс.

Саланың дамуына қарай ірі ұйымдастырылған шаруашылықтық және техника - экономикалық шаралардың пайда болуы, өндірістегі аймақ өнідуге кететін шығынды бір уақытта азайту үшін мал басын көбейту мен өніммін жоғарлату мамандардың осы саладағы жетік білімділігін талап етеді, яғни қой малын өсіру, азықтандыру, күтіп – бағу, олардың биологиялық ерекшелігі, өнімділігі, жүн, ет, елтірі және тонды өндіру. Сондықтан курсты оқу барысында осы сұрақтарға көп назар аударылуы тиіс.

Қой шаруашылығының практикумы пәнді тәжірибе жүзінде меңгеруге бағытталған. Студент қой және ешкі шаруашылығында өндірістін өнім сапасының халықаралық рыноктағы талаптарын, әр түрлі бағыттағы жоғары өнімді, қой тұқымдарының, биологиялық және өнімділік ерекшеліктерін, жаңа тұқым шығару және бар тұқымдарды жетілдіру әдістерін, қой малын өсіру, күтіп-бағу және азықтандыру әдістері мен ғылыми-негізделген технологияларды кешенді түрде оқып үйренеді. Бұл – студенттің логикалық ойлау қабілетін дамытуға тәжірибелік жетістіктерін қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.

Әрбір тақырып басында сабақ мақсаты, теориялық қысқаша сипаттама, тапсырма және бақылау сұрақтары берілген. Тапсырма құрылымды студенттің өзіндік жұмыс жасауына және күрделі сұрақтары туған жағдайда ғана оқытушыдан кеңес алуға болады. Оқытушы жіберліген қажет түзету мен жекелеме кеңес беру қызметін атқарады және жинаған тәжірибесі бойынша тақырыпты өзі таңдап, таңдалған тақырыпқа сағат санын анықтайды.
І Қой малдарының биологиялық ерекшеліктері

1.1 Тақырып. Қой малдарының биологиялық ерекшеліктері

Сабақ мақсаты.

Қой малдарының өсіп-дамуының морфо-функционалды ерекшеліктерімен танысу.


Биологиялық ерекшеліктері - бұл қоршаған орта, жағдайында организмнің жауап беру (реакциясы) ерекшеліктері мен белгілі бір мөлшердегі өнімділігін айқындайтын, морфофизиологиялық, қасиеттердің жиынтығы. Мал өнімділігінің генетикалық потенциалын толық пайдалану үшін, осы ерекшеліктерді есепке ала отырып, оларды азықтандыру, күтіп- бағу керек.

Қолда өсірілетін қой малдарының басты ерекшеліктері – әр түрлі жағдайға бейімделігіне және икемделгіне потенциалының өте жоғарлығы. Ол көптеген қой тұқымдарының экологиялық жағдайлары әр түрлі жерлерде - шөл, биік таулы, далалы және т. б. аймақтарда өсіп, таралуына мүмкіндік туғызады.

Қой малдары жайылым жағдайында өсіруге жақсы бейімделген. Жануарлар қоректенетін 800 түрлі өсімдіктің 520-дан аса түрінен қой, 460- мүйізді ірі қара, 416- жылқы малдары пайдаланады. Сонымен қатар қой малдары 146 түрлі жусанның 91, жылқы малдары -39, сиыр малдары – 24 түрімен қоректенеді, ал 181 түрлі солянканың -132, жылқы-48, сиыр-39 түрің қорек етеді. Қой өтпелі кезеңдерге бейімделгіні және далалы шөл, шөлейт, таулы, биік таулы аймақтардың жайылымдарының өсімдіктерін қоректене береді.

Бұл тек физиологиялық ерекшеліктерін ғана емес, сонымен қатар анатомиялық ерекшеліктерімен де сипатталады. Мәселен, қой малдарының басын, бет бөлігі үшкір келіп сүйірленген, тістері қиғаш орналасу өткір, ерні жұқа жылдам қозғалады, сондықтан олар өсімдік тапшы, өсімі жерлерден де азығын тауып жейді.

Қой малдары тек қана жайылымның барлық түрін ғана қолданып қоймайды. Сонымен қатар жайылым сапсына талғампаз емес, оған өсімдіктің барлық түрімен: иісі ашты тікенекті, көп бөлігі арамшөпті өсімдіктермен қоректенетіндігі дәлел болады. Бұл тәжірибелік құндылығы жоғары қасиеттернің бірі, яғни ол ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруге жарамсыз немесе басқа ауыл шаруашылығы малдары пайдаланбайтын жерлерді пайдалану тиімділігін жоғарлатады.

Қойлардың ас қорыту мүшесі қатаң азықтарды жақсы қорытуға және қоректік заттарды жақсы сіңдіруге бейімделген. Бұл ерекшілік қой ішегінің денесінен 30 ретке ұзындығымен байланысты, ал, бұл мүйізді ірі қарада- 20-22 ретке, шошқада -12 ретке, жылқыда-15 ретке ғана ұзын. Сонымен қатар қойлар жайылым малдары болғандықтан жайылымға өте қабілетті. Бұл жағдайда мал асқазаны зор маңызға ие. Ол 4 бөлімнен үлкен қарын, тақия қарын, кітапша қарын және ұлтабардан тұрады. Ұлтабар ғана асқазан безінен асқазан сөлін бөледі.Үлкен қарын, кітапша және тақия қарының без ұлпалары болмағандықтан оларды асқазан алды, ал ұлтабарды – нағыз асқазан деп атады.

Асқазан алды қарыны азықтағы қоректік заттардың қорытылуында зор роль атқарады. Әсіресе, қатаң азықтардың үлкен қарында ферменттер мен бактериялардың әсерінен азықтың құрамындағы ұсақ және ірі заттардың ыдырауы өтеді.

Үлкен қарында азықтағы қант пен крахмалды 95%-ға және қорытылатын клетчатка -50% дейін ыдырайды. Ал қалған пайдалылыған клечатканың ыдырамай қалған бөлігі асқорытудың келесі бөлімдеріне өтеді.

Үлкен қарныдағы көмірсулардың микробиольді ыдырау кезінде ұшқым май қышқылдары түзіледі, әсіресе, сірке қышықылы, сонымен қатар күйістілердің жалпы энергияға қажеттілігінің 40%-дай мөлшерін жабатын, пропионды және майлы қышқылдар түзіледі.

Қойлардың ас қорытуындағы азотты заттардың қорытылу ерекшелгі, ол үлкен қарына азық протеині микроорганизмдермен пептидтерге, аминқышқылдарына және биологиялық құндылықтағы бактерияларды белок синтезделеді.

Синтезделу үрдісі кезінде біріккен азотты белоксыз аммиак (карбамид) аммоний тұздары және т.б. қосылады. Үлкен қарындағы микроорганизмдер күйіс қайыратын малдардың протеинге қажеттілігін 30%-ға белоктың құрамындағы күкірт түзуші цистин және метиомин аминқышқылдары ерекше қызығушылық туғызады.

Үлкен қарында микроорганизмдердің өміршеңдігінің әсерінен В тобындағы витаминде, мен майда еритін К витамині синтезделеді. Сондықтан ересек малдарға арналған, азықтарды бұл витаминде кездеспейді, бірақ олардың алдын алатын мысалы кобальт, В12 витамині синтездеуге қажет.

Қой малдарының мүйізді ірі қарадан айырмашылығы май ұлпасына каротинді емес А витаминін жинайды, ал сиыр сары дақтар мен қой майындағы құйрық майының ақ түстілігінен көрінеді.

Қойларды азықтандыру және суару кезінде кедергі жағдайлар туып, үзіліс болған жағдайда көптеген қой тұқымдары қалыпты азықтандыру мен күтіп – бағу кезінде өз денесіне, құйрығына жиналған майларын пайдаланады. Қой малдарының өте құнды бұл биологиялық ерекшілігі кез-келген қиыншылық жағдайлардан, әсіресе қыс мерзімінде қардың көп түсуі салдарынан т. б. себептер туған жағдайдан алып шығуға зор септігін тигізеді. Бұл майдың көп мөлшері құйрық омыртқасын бойлай және құйрыққа жиналады, бұған құйрықты және май құйрықты қой тұқымдары жатады. Бұл қасиет шөл және шөлейт қатаң табиғат жағдайында ұзақ уақыт бойы өсірудің нәтижесінде қалыптасқан. Қой шаруашылығы бұл аудандарда –көшпелі жане жартылай көшпелі және жартылай көшпелі болғандықтан, малдар азық қоры мен су тапшылығына жиі, ұшырап отырады, әсіресе, жаз мерзімінде жайылымның күйіп кетуін, ол қыс мерзімінде қарлы – боран күндерді өткереді.

Өсімдік тапшлығына, су жетіспеушілігі континентальді климаттық ылғалдылығын мен температурасының күрт төмендеуі, кей кездердегі ойлы- қырлы жер, жыл бойына жайылымда ұстау және бірнеше жүздеген шақырымға малды айдау, бұл аудандарда тек, қой шаруашылығына басқа салалардың дамуын қиындатады. Оған қой малдарын жыл бойы жайылымда ұстайтын республикамыздың оңтүстік, оңтүстік- шығыс және батыс обылыстарындағы көптеген аудандар жатады.

Қойлардың суық пен ыстыққа төзімділігіне әсер ететін- тері жабыны. Ол жылдық суық уақытында теріні өте төмен температурадан және жел екпейтін, ал ыстық уақыты - терінің қатты қызуы мен күйуінен сақтайды және жылу қорғағыш қабаты қызметін атқарады. Сондықтан малдар қоршаған ортаның температурасына байланысты тері жабының түлеуі байқалады. Бұл үрдіс көбінесе қылшық жүнді қойларда өте жақсы дамыған.

Әр түрлі орта жағдайына жоғары бейімділігіне қарамастан, қой малдары жоғары температура мен ылғалдылық қора-жайдағы өтпелі жел және ылғалды жайылымға төзім үшін оңтүстік далалы аймақтардан қарағанда қара топырақты емес қоңыр тері бағалы өнімді шөл және шөлейт аймақтарда жақсы өндіруге болады. Меринос қой тұқымдары құрғақ далалы шын етті қой тұқымдары үшін қоңыржай, ылғалды климат және мол азық қажет. Барлық мал тұқымдарының биологиялық ерекшеліктерін меңгеру оларды тиімді өсіру үшін қажет. Қой тұқымдарының көптігі, оларды әр түрлі экологиялық аймаққа бейімділігіне, байланысты таңдауға мүмкіндік туғызады.

Қой шаруашылығы басқа салалармен салыстырғанда , жерді , азықты және қора–жайды тиімді пайдалану жағынан ерекшеленеді.

Қой малдары жоғары шаруашылықтың жетілігіштігімен де сипатталады. Оны ерте жаста шаруашлылыққа өнім берумен көре аламыз. Малдың еті мен жүн өнімін 6-8 айлығында, қозы жүніні – 5 айлығында, елтірісін 1-3 күндік жасында өндіруге болады. Тәжірибелік жағынан құнды болып келетін тағы бір биологиялық ерекшілігі - ерте жыныстық жетілу, 5-6 айлық жасында оларды нәтижелі ұрықтандыруға болады.

Алайда малды ерте жасына ұрықтандыру өсуі мен дамуын тежейтіндіктен, ең алғаш шағылысқа 12-8 айлығында жібереді.

Көптеген қой тұқымдарының төлдегікетігі 120-150 %, ал роман қой тұқымдарында 250-300 %, бұл көрсеткіш 250-300 %. Жоғары төлдегіштік тез жетілгіштігіме саланы дамытуға кеткен шығынды тез өтеуде қамтамасыз етеді.

Қой тұқымдарының көбі көбеюге жыл мезгілінің белгілі бір мерзімінде - әдетте күз айларында (қыркүйек- қараша). Жыныстық күйге келеді. Қойлардың жыныстық күйлеуінің қайталану кезеңі- жыныстық циклы – орта есеппен 16-17 тәулік.

Саулықтардың буаздығының ұзақтығы + орташа 5 ай, сүт ему кезеңі – 3-4 ай, саулықтары ұдайы өсіруге немесе саууға пайдаланғанда бұл мерзім 45-60 күнге қысқарады.

Қойлардың желіні жақсы дамыған, әдетте екі емшектегі болып келеді, бірақ кейде, көп емшектілері де кездеседі, мұндай саулықтар сүтті болып келетіні анықталған.

Қой малдарын басқа үй жануарларымен ұстауға болатындығы жайылым, азық және қора жайды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Қойдан – ет, май, сүт, жүн, тондық- мехтың қой терісін, елтірі сияқты әр түрлі өнімдер өндіріледі.

Қой малдары 10-12 және одан да көп өмір сүреді, бірақ шаруашылықтың пайдаланылуы 6-8 жылға одан кейін мұндай жастағы малдарды жарамсыздыққа шығарады, өйткені тіс жүйесінің күрт әлсіреунен тістері түсе бастайды, ол жайлыммен басқа азықтарды пайдалануының нашарлауына әкеліп соғады. Сонымен қатар қойлардың табындық түйсігі жақсы дамығандығын оларды топтап ( табындап) ұстаудан көруге болады. Қой үркек мал болғандықтан, оларды жиі өлшем, қарап, ұстаудың қажетті жоқ.
1 Тапсырма. Қой малдарының биологиялық ерекшелігіне байланысты сұрақтарға жазбаша жауап беріңіздер.

2 Тапсырма. Қойлардың ас қорыту аппаратының суретін салыңыздар.
Бақылау сұрақтары.

1. Қойлардың ас қорыту жүйесінің бөлімдерін жіктеңіз.

2. Ұсақ мүйізді ірі қара малдарының басқа үй жануарларынан ерекшелігі.

3. Қой малдарын ұдайы өсіру ерекшелігі.



1.2 Тақырып. Конституция және экстерьер

Сабақ мақсаты.

Малдың экстерьері мен өсіп, дамуын анықтау әдістерін меңгеру.


Қой малдарының конституциясы басқа ауыл шаруашылық малдарынікі сияқты - ол малдың маңызды морфофизиологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы, яғни – сыртқы түрін, өнімділігі және организмнің жауап беру нормасының сыртқы орта әсеріне байланыстығы.

Конституция организмнің жеке дамуында генотип пен азықтандыру жағдайы малды күтіп - бағумен тығыз байланысты қалыптасады.

Конституция төлдегі зерттеулердің негізгі Ж.Кювье ашқан және Ч.Дарвин дамытқан өзгергіштік байланыстығы заңында жатыр, онда әр түрлі мүшелер мен ұлпалар арасында морфофункционалды тәулділік бар делінген. Сондықтан, мысалы, әр түрлі бағыттағы қой тұқымдары өзара экстерьері бойынша ажыратылады, өсіп- дамуы және ішкі мүшелер мен ұлпалардың қызметінің жиынтығы малдың конституциялық ерекшелігін құрайды.

Сурет 1.2.1 Қой конституциясы түрлерінің сызбанұсқалық көрінісі. ( П.Н. Кулешов бойынша)

а - сүтті бағыттағы қой , б- меринос, в - етті бағыттағы қой; 1- тері, 2- тері асты клетчаткасы 3- бұлшық ет ұлпасы, 4- сүйек ұлпасы, 5- ас қорыту мүшелері.


Жүнді бағыттағы қойларды басқа да бағыттағы қой ұқымдарымен салыстырғанда терісі мен сүйегі ауыр, ал бұлшық ет ұлпасы мен тері асты клетчаткасы әлсіз дамыған. Сүтті бағыттағы қой тұқымдарының ас қорыту мүшелері жақсы дамыған, бұл етті бағыттағыларда нашар, ал жүнді бағыттағы қой тұқымдарында бұл аралық сипатқа ие.

Осындай әр түрлі бағыттағы қой тұқымдарының жоғарыда келтірілген мәліметтері мен бақылауларының конституциялық ерекшеліктерінің вариациясын ескере отырып, П.Н. Кулешов қой малдарын конституциясы бойынша төрт типке: нәзік, тығыз, болбыр және сөлекет деп бөлді.

М.И. Иванов әр түрлі бағыттағы малдар үшін мықты конституцияның маңыздылығын атап көрсетті, өзі қосқан бұл конституция типі тек, ұнамды малдарды өсірумен сипатталады.

Тәжірибе жұмысында конституция типінің П.Н. Кулешов және М.Ф. Иванов бойынша жіктелуін пайдаланады. Ол мықты, сөлекет, нәзік, тығыз және болбыр типті конституция.



Мықты конституция – ауруларға қарсы тұру қабілетінің беріктігі, өнімділігімен азық шығынын өтеуі, төлдегіштік қабілетінің жоғарғылығы кез келген тұқым үшін ұнамды малдар.

Бұл типке жататын қой малдарының сүйегі мықты, бас және аяқ сүйектерінң қалыңдығы біркелкі, бастың кеудесіне ара қатынасы, орташа, көлемде, терісі тығыз жүні жіңішкелігі орташа, қарын жағында жақсы жетілген, жүн сапасы жоғары. Әдетте мықты конституциялы малдар жоғары өнімді болып келеді.



Сөлекет конституция. Қойлардың сүегі өте жақсы дамыған, әсіресе, аяқ және бас сүйегі. Көптеген қой тұқымдарын көбінесе дөңес мұрынды болады. Сөлекет конституциялы малдар көбінсе, салмақты әрі ірі, көбісі, үйлесімсіз, тұлғалы болып келеді. Терісі ұстағанда қалың және сөлекет (дөрекі) Малдардың жүні осы типке сәйкес ірі болып келеді. Жабағы жүні аяғы мен қарнында нашар өскен. Жабағысы біркелкі емес, ал қылшық жүнді қойларда өлі талшық көп мөлшерде. Азықтың өніммен, жүн, ет, тері өтелуі төмен. Өнім сапасы орташа немесе төмен. Ал өміршеңдігімен денсаулығы жағынан мықты конституциялы малдармен тең кейде олардан асып түседі.

Нәзік конституция. Бұл типтегі малдардың басы, кеудегі ұзын, жамбас бөлігі түсіңкі, сүйегі жұа және т.б. болып келеді. Олар ұсақ әрі жеңіл тұлғалы. Мұндай қой малдарының өнімділігі төмен, жүні сирек және қысқа, қарындағы жүннің өсуі нашар, денсаулығы әлсіз болады. Саулықтарының көбінің көбею қабілетті төмендеу.

Тығыз конституция. Тығыз конституциялы малдар мықты конституциялы малдарға ұқсас келеді. Мұндай қой малдарының май жинауы төмен. Олар жақсы қозғалмалығымен, темпераменті жылдам, зат алмасусының тұрақтылығымен сипатталады. Сүйектері жақсы дамыған, мықты, терісі тығыз, бұлшық еттері жақсы дамыған, денсаулығы да жақсы, сондықтан өндірістік тұрғыдан ұнамды типті малдар болып табылады.

Болбыр конституция. Малдарыдың негізгі белгілеріне сүйенсек,тығыз конституция сипаттамасына керісінше, сипатта. Олардың терісі мен тері асты клетчаткасы өте жақсы дамыған, яғни ол май жинауға қабілетті. Олар флегматиктың темпераментке ие. Зат алмасуы бояу. Бұл конституциялық типтегі малдар көбінесе етті бағытта болады. Болбыр конституциялы малдар азық пен күтіп – бағу жағдайына көп талап койғыш келеді. Олардың арасынан төлдегіштігі төмен, сүттілігі нашар малдарды кездестіруге болады.

Болбыр конституциялы қойлардың өндірістік құндылығы олардың өнім бағыттына байланысты. Етті қой шаруашылығында болбыр конституцияғы бейім малдарды құнды деп санайды, әсіресе ол бордақылауда маңызды. Болбыр конституциялы қой малдарының қасиеттерін біле отырып, оларға азықтандыру мен күтіп –бағу жағдайын жақсы жасау ең басты шара, сонымен қатар мұндай типті қой малдарын жаңа табиғат және климат жағдайына пйдалану үшін мұқият ойлану қажет. Етті бағыттағы асыл тұқымды қойларды өндірісте болбыр конституцияға сәйкес емес тірі қатты көзге түсетін, аурулармен қатты зақымданған, төлдегіштігі төмен, сүттілігі нашар малдарды табынан шығарып тастау керек.

Жоғарыда сипатталаған қой малдарының конституция типтерінен басқа аралық формаларда кездеседі. Мысалы, бір уақытта тығыз және ірі немесе нәзік және тығыз, немесе нәзік және болбыр конституция көресткіштері тән малдар көп кездеседі. Бірақ көбінесе, анық байқалатын мықты және болбыр немесе мықты және нәзік, және болбыр конституция көрсеткіштерді тән малдар көп кездеседі. Бірақ, көбінесе анық байқалатын мықты және болбыр немесе мықты және конституциялы қойлар кездеспейді, өйткені олар бір – бірінің қасиеттерін жояды. Аталаған конституция типтерінің морфо-биологиялық қаситтері тұқым түрлеріне байланысты әр түрлі сипатта болуы мүмкін. Мәселен, Гисаар қой тұқымдарының нәзік конституциямын сөлекет және мықты конституциялы құрдастарымен салыстырғанда сүйектері едәуір жіңішке және әлсіз. Алайда, бұл сүйек Гиссар қой тұқымы үшін нәзік болып табылады. Өйткені ол жуан және салмақты болуы тиіс, ал бұл роман қой тұқымы үшін сөлекет конституцияға тән сипаттама. Басқаша айтқанда, әр түрлі типіт конституциялы қойлардың тұлғасының жеке бөліктерінің даму дәрежесін туралы түсінік әжептәуір салыстырмалы және белшілі бір тұқымның нақты көрсеткіштеріне ғана қолданылады.

Алматы облысы Мыңбаев атындағы тәжірибелік шаруашылықта аутбредті және инбредті қазақстың биязы жүнді қошқарларының 8549,0564,80126, 71017, 81094 заводтық аталық іздерін тараған еркек тоқтылардың барлығы нұсқалық Қ.Сейтжан к.лк., 19981 талаптарына сай, мықты конституциялы. Алайда, инбридиттың еркек тоқтылардың мықты конститутциясына аталық із жақындығына байланысты ететіндігі ескеріледі, және инбреддтілігіне ескерілді және инбредттілігіне байланысты малдардың ұнамды типі тиімді варианты анықталған. Мұндай 8549,0564 және 71017 аталық іздері үшін Ғх = 0,78 -1,56%, ал 80128 және 81904 аталық іздері үшін Ғх =3,125 -6,25% анықталған. Бұдан мықты конституцияға сай 74,72,67,73 және 78 % еркек тоқтылар алынса, жоғары дәрежеде (78%) еркек тоқтылар (3,125 -6,25%) 81904 аталық ізінен алынды. 81904 аталық ізіндегі инбредті тоқтылар арасында аутбредтілермен салыстырғанда орта есеппен 5 % жоғары мықты. Конституциялы даралар кездесті, яғни инбридиня екі топқа да жағымды әсерін тигізді. Осыдан конституция мықтылығы, сонымен қатар аталық ізден тараған қой малдарының өсіп- дамуы инбридинг. Әсіресе қазақтың биязы жүнді қой селекциясы кезінде ескеру қажетті ескеріледі.

Конституциялық ерекшелік мінездемесі мен оның негізіндегі қой малының қандай конституциялық типке сәйкес келетіндігін анықтау, қазіргі уақытта дейін өндірістік жағдайда морфологиялық көрсеткіштері (экстерьері) бойынша көзбен бағалау, кейбір өнімділік көрсеткіштері бойынша, жүн жабыны мінездемесі бойынша, қылшық жүн мен түбіт арақатынасы жүргізіледі. Көбінесе малдың конституциясын тұқым қуу қабілетіне байланысты анықтайды, бірақ ол сыртқы орта факторлары (азықтандыру, сұрыптау, жұптау, табиғи –климаттық жағдай және т.б.)әсерінен қалыптасады. Сондықтан, қой шаруашылығы мамандары алдында қойдың конституциялық типін анықтау ғана емес, оны белгілі бір талапқа сай, азықтандыру күтіп-бағу, сұрыптау мен жұптау әдістері арқылы көзделген мақсатқа сай алу керек.

Мал шаруашылығы тарихында малдың конституциялық ерекшелігін ескермей, бір жақты сұрыптау мен жұп таңдауды жүргізу нәтижесінде жеке тұқымдар мен бүкіл қой шаруашылығы бағытының құлдырағаны белгілі.

ХVIII ғ. басында батыс Европада елдерінде, сонымен қатар Ресейде қой мамандары қой өсіруге ұмытылды, өйткені сол уақытта ең бағалы және өте жақсы шикізат көзі басып табылатын биязы жүннен биязы шұға (сукөл) өндірілді. Бұл талапқа электрольді типтегі 0,5 -1,5 кг, жіңішкелгігі 16 мкм және одан жіңішке кір жүн беретін меринос қойлары сай келді. Қойдың дене салмағы 25 кг мөлшерінде болды. Электоральді меринос жүні өте жоғары бағаланды, бірақ жүні өте жіңішкелігінің бір жақты ұлғаюы конституциялық әлсіреуіне, қойдың нәзіктелуіне, сүттілгі мен иөлдегіштігінің төмендеуіне әкеледі. Олар кез –келген ауруға шалдыққан күйге ұшырамай бастады. Бүкіл қой табыны трабер ауруымен құрыды. Осының бәрі қойлардың, осы типтегі едәуір мықты әрі өнімді негретти және инфолтада, мериностары мен ауысына әкеледі. Осындай жағдайға ХІХ ғасырдың ортасында Ресейдің оңтүстік аймағында қой мамандары ағаынды Мазаевтар шығарған. Мазаев қой тұқым ұшырады. Бұл мериностарды шығарғанда көп көңіл тек жүн ұзындығы мен жіңішкелігіне аударылды,нәтижесінде, бұл белгі бойынша бір жақты сұрыптау Мазаев қойларының жоғары бағаланатын ірі, ұзын меринос жүні өндірілді, бірақ, артынша, сүйектің күрт жіңішкеруі, конституциясының әлсіреуі көрініс тауып, қойлар жаппай трабер ауруына ұшырады, соңында көптеген мазаев қой тұқымы табындары өлді. Мазаев қой тұқымы конституциясын бекіту үшін П.Н. кулешов мықты және тіпті сөлекет конституциялы (бальдебуковск типі) рамбулье қойларымен будандастыруды ұсынды.

Осы қой тұқымдарын будандастыру нәтижесінде неғұрлым мықты конституциясымен, жүнінің орташа жіңішкелігімен және жақсы төзімділігімен ерекшеленетін жаңа кавказ мериностары шығарылды.

Қазіргі жағдайда жаппай экологиялық мәселелер конституция мықтылығы, төзімділігі, стресс жағдайларға шыдамдылығы жөніндегі сұрақтардың туындауы маңызды орын алады.

Экстерьер – малдың конституция көрсеткіштері, денсаулық жағдайы мінезі мен өнімділік дәрежесі кіретін, дене бітімнің сыртқы пішіні.

Малдың экстерьері мен өнімділігінің байланысы жөніндегі пікір байланыс (корреляция) заңы негізінде қалыптасады, ал малды әр түрлі мүшелерімен ұлпаларының құрылысы мен қызметі арасындағы белгілі бір байланыстың болуына негізделген.

Бұл байланыс кері және тура болады. Мысалы, етті бағыттағы қой тұқымы: қысқа кеудесі терең, кең, аяқтары кең және тік орналасқан, мойыны қысқа, арқасы мен белі жуан, терісі болбыр, тері асты клетчаткасы жақсы дамыған: сипаттама бойынша болбыр (босаң) малдар. Ал жүнді бағыттағы қойар осы аталған сипаттамаға керісінше мінездемеге тән, яғни , олар: ұзын аяқты, кеудесі неғұрлым ұзын, терісі тығыз, сүйегі мықты, темпераменті бойынша еті тірі.

Экстерьерді бойныша бағалау, малдың өнімділік бағыты мен типін анықтауда зор маңызға ие.

Тәжірибе жүзінде малды экстерьері, бойынша бағалаудың жай көзбен және дене өлшемдерін алу әдісі жиі қолданылады. Көзбен бағалау әдісінен қарағанда малдың әрбір дене бөліктерінің өлшемін алып бағалау әдіс тиімді әрі шықты. Дене өлшемдерді дененің индексін және экстерьерлік профильді есептеу үшін қолданады.

Көбінесе ең негізгі индекстерге: жоғары – аяқтылық, созыңқылық, өсіпкеткендік, кеуделік, тығыршықтық, сүйектілік және салмақтылық жатады.
1 Тапсырма. 1.2.1 кестені пайдалан отырып, 1.2.2 және 1.2.3 кестедегі саулықтардың жалпы және орта тәуліктік тірі салмақ қосуын кезеңдердегі өсуі бойынша анықтап, толтырыңыз.

1.2.1 кесте. Саулықтардың көрсеткіштері (Қ.Ұ)




Көрсеткіш

Жасы, ай

Ересек саулық

0

4

8

12

16

Жеке нөмері №1025

Тірі салмағы, кг

5,1

35,2

41,0

42,6

51,2

64,0

Дене өлшемдері, см



















Денесінің қиғаш ұзыңдығы

34,0

60,0

64,6

66,5

72,0

76,0

Шоқтықтың биіктігі

42,2

62,0

64,3

64,8

70,0

73,0

Құйымшақ биіктігі

43,0

62,9

64,6

66,0

69,6

72,6

Кеуде тереңдігі

16,0

24,0

26,8

29,8

30,0

33,1

Кеуде ені

8,5

18,0

20,4

20,8

21,0

21,5

Кеуде орамы

57,0

77,0

88,8

90,2

94,6

98,1

Жіліншік орамы

6,4

7,5

7,8

7,8

8,0

8,2

Бас ұзындығы

-

-

-

-

-

30,0

Басының ені

-

-

-

-

-

11,0

Жеке нөмері №1035

Тірі салмағы, кг

4,6

33,7

37,7

39,6

49,2

66,0

Дене өлшемдері, см



















Денесінің қиғаш ұзыңдығы

33,6

62,0

65,8

67,9

74,8

80,0

Шоқтықтың биіктігі

41,0

62,0

63,0

64,5

66,8

71,0

Құйымшақ биіктігі

42,3

63,0

64,0

65,3

67,6

71,5

Кеуде тереңдігі

18,6

27,8

30,0

31,0

32,0

33,0

Кеуде ені

9,0

19,5

20,5

21,0

21,2

22,5

Кеуде орамы

59,0

82,0

93,5

96,0

100,6

105,0

Жіліншік орамы

6,8

7,8

8,6

8,8

9,0

9,2

Бас ұзындығы

-

-

-

-

-

28,0

Басының ені

-

-

-

-

-

13,5

Жеке нөмері №1045

Тірі салмағы, кг

4,2

27,0

31,0

33,0

42,0

60,0

Дене өлшемдері, см



















Денесінің қиғаш ұзыңдығы

30,5

60,0

62,8

65,0

71,7

75,0

Шоқтықтың биіктігі

40,0

60,0

61,6

62,0

66,6

68,0

Құйымшақ биіктігі

44,4

61,2

62,7

63,2

67,2

69,5

Кеуде тереңдігі

15,0

23,0

26,0

27,0

28,5

30,0

Кеуде ені

8,0

17,0

17,5

18,0

18,5

19,0

Кеуде орамы

55,0

74,0

83,8

86,0

88,8

92,0

Жіліншік орамы

6,2

6,9

7,2

7,3

7,5

7,5

Бас ұзындығы

-

-

-

-

-

26,0

Басының ені

-

-

-

-

-

7,0

1.2.2 кесте. Кезең бойынша жалпы өсімі, кг


Саулықтың жеке нөмері

Кезеңдер, ай есебімен




0-4

4-8

8-12

12-16

0-16

1.2.3– кесте. Орта тәуліктік өсімі, г




Саулықтың жеке нөмері

Кезеңдер, ай есебімен




0-4

4-8

8-12

12-16

0-16


2 Тапсырма. 1.2.1. кестедегі (Қ.Ұ) саулықтардың көрсеткіштерін ала отырып, салыстырмалы кезеңдік өсуді келесі формула бойынша анықтаңыз.

К=(х1-х): 0,5 (х1-х)*100%

К- салыстырмалы кезеңдік өсім, %

х1 - кезең соңындағы тірі салмақ, кг

х – кезең басындағы тірі салмақ, кг

Анықталаған нәтижелі 1.2.4. кестеге жазыңыз.

1.2.4 кесте. Салыстырмалы кезеңдік өсім, %


Саулықтың жеке нөмері

Кезеңдер, ай есебімен




0-4

4-8

8-12

12-16

0-16


3 Тапсырма. 1.2.1 кестедегі (Қ.Ұ) саулықтардың көрсеткіштерін пайдалана отырып, ересек саулықтың меншікті салмағынан жаңа туған, 48,12,16 айлық төлдердің меншікті салмағын есептеп, нәтижесін 1.2.5 кестеге жазыңыздар.

1.2.5 кесте. Жас малдардың тірі салмағының ересек саулықтардағы меншікті салмағы, %




Саулықтың жеке нөмері

Кезеңдер, ай есебімен

Туғанда

4

8

12

16


4 Тапсырма. 1.2.1. кестедегі (Қ.Ұ) саулықтардың көрсеткіштерін пайдалана отырып, жаңа туған 4,8,12,16 айлық жас малдардың дене өлшемдерінің үлес салмағын осыған сәйкес келетін ересек қойлардың дене өлшемдерінің үлес салмағынан табыңыз, нәтижені 1.2.6 кестеге жазыңыздар.
1.2.6 кесте. Жас малдардың дене өлшемдерінің саулықтардағы үлес салмағы, %


Дене өлшемдері

1025

1035

1045

0

4

16

0

4

16

0

4

16

Денесінің қиғаш ұзыңдығы




























Шоқтықтың биіктігі




























Құйымшақ биіктігі




























Кеуде тереңдігі




























Кеуде ені




























Кеуде орамы




























Жіліншік орамы






























5 Тапсырма. 1.2.1 кестедегі (Қ.Ұ) саулықтардың көрсеткіштерін пайдалана отырып, ересек саулықтардың дене индекстерін еспетеңіздер:

Жоғары аяқтылығы = шоқтың биіктігі – кеуде тереңдігі *100/ шоқтық биіктігі;

Созыңқылығы = денесінің қиғаш ұзындығы *100/ құйымшақ биіктігі;

Кеуделілігі = кеуде ені *100 / кеуде тереңдігі;

Жинақылығы = кеуде орамы *100 / денесінің қиғаш ұзындығы;

Сүйектілігі = жіліншік орамы *100 / шоқтың биіктігі;

Нәтижені 1.2.7. кестеге жазыңыздар.

1.2.7 кесте. Ересек саулықтардың дене бітімі индекстері




Дене өлшемдері

1025

1035

1045

Жоғары аяқтылығы










Созыңқылығы










Өсіп кеткендігі










Жинақылығы










Сүйектілігі











6 Тапсырма. 1.2.1 кестедегі (Қ.Ұ) саулықтардың көрсеткіштерін пайдалана отырып, бас енінің ұзындығына қатынасын

БЕҰ = Е / (Ұ/8)

формуласы арқылы анықтаңыз.

БЕҰ - бас енінің ұзындығына қатынасы;

Е - бастың ені;

Ұ – бастың ұзындығы

8- тұрақты көрсеткіш
7 Тапсырма. Үш саулықтың дене өлшемдерінің 7 көрсеткішін пайдалана отырып, профиль құрыңыздар. Нәтижені 1.2.8 кестеге жазыңыздар.


Дене өлшемдері

1025

1035

1045

Денесінің қиғаш ұзыңдығы

100







Шоқтықтың биіктігі

100







Құйымшақ биіктігі

100







Кеуде тереңдігі

100







Кеуде ені

100







Кеуде орамы

100







Жіліншік орамы

100







Бас енінің ұзындығына қатынасы

/8

/8

/8

1.2.8 кесте. Дене өлшемдері мен бас өлшемі қатынасының

мешікті салмағы

Бақылау сұрақтары.




  1. Конституция типтерін атаңыз және қысқаша сипаттаңыз.

  2. Селекция мал конституциясы есебінің маңызы

  3. Дене бітімі индекстерін не үшін қолданады.

  4. малдарды экстерьері бойынша бағалау әдістері.


ІІ Қой тұқымдары

2 Тақырып. Қой тұқымдарының жіктелу

Сабақ мақсаты.

Дәріс және әдебиеттерді пайдалана отырып, негізгі қой тұқымдарына мінездеме беру және сипаттау.


Қой тұқымдары нақты міндетке байланысты екі түрлі жүйенің біреуіне ғана : зоологиялық немесе өндірістік болып жіктеледі.

Зоологиялық жіктелу бойынша басқа ауылшаруашылық малдары сияқты бас қаңқасының әр түрлі белгілері бойынша емес, құйрық пішіні мен ұзындығы бойынша құрылған. Бұл жіктелу бас қаңқасынан қарағанда көп дәрежеде құйрық пішіні мен көлеміне байланысты қой топтары арасында биологиялық ерекшеліктері кеш енінен көрініс тапты. Құйрық ұзындығы осы жіктелуге сәйкес абсолютті көлеміне байланысты 5 топқа: қысқа құйыршықты, ұзын құйрышықты, құйыршықты, май құйыршықты және африкандық иректелген деп бөлуді ұсынды. Кейінен бұл жіктелу Г. Натузиус, Н.П. Чарвинский, М.Ф. Ивановтардың енгізген өзгерістері мен толықтырулары мен бекітілді.

Нақтырақ айтқанда зоологиялық жіктелу бойынша барлық қой тұқымдары құйыршық пішіні мен ұзындығына байланысты: қысқа майсыз құйыршықты , ұзын масызқұйыршықты, қысқа май құйыршықты, ұзын майқұйыршықты және құйрықты деп бес топқа бөлінеді.

АҚШ-та (Оңтүстік Дакота штаты) бұл жіктеуге жатпайтын құыршықсыз қой тұқымы шығарылған. Сондықтан, осы жіктелуге алтыншы топқа қйыршықсыз қойларды қосуды талап етеді. (кесте 2.1).



2.1 кесте. Қойлардың зоологиялық жіктелуі


Қой топтары

Құйыршық пішіні мен ұзындығы




Аталас топқа жататын тұқымдар және тұқымдық қой топтары

1

2




3

Қысқа майсыз құйыршықты

Құйыршығы қысқа, құйыршықтың ұшы тілерсекке жітпейді. Омыртқа саны 10-12. Сырт көзге мал жиналуы байқалмайды.

Роман, солтүстік қысқа құйрықты

Ұзын майсыз құйыршықты

Құйыршығы ұзын, тілерсектен төмен түскен, жіңішке, май жиналуы байқалмадйы. Омыртқа саны 22-24.

Барлық биязы жүнді қой тұқымдары, тез жетілетін етті (ағылшын) қой тұқымдары

Қысқа май құйыршықты

Құйыршығы қысқа, тілерсекке ұзындығы табиғи жағдайда жетпейді. Құйршық түбінде май жиналуы кішкене жастықша тәрізді. Омыртқа саны 10-12.

Бурят, Тувин, Абасси.

Ұзын май құйыршықты

Құйыршығы ұзын, май жиналуы жақсы көрінеді. Табиғи жағдайда ұзындығы кейде тілерсекке жетпейді, көбінесе осы қалпын сақтайды немесе одан біраз төмен болады. Май жиналуы дөңгелек тәрізді (жастықша, кейде екі жастықша) немесе қысыңқы клин тәрізді пішінде болады. Құйыршықтың төменгі жағына май жиналмайды, тік немесе иілген, көбінесе S әрпі тәрізді. Мысалы, қаракөл қой тұқымы. Омыртқа саны 22-24.

Қаракөл, Кучугуров

Құйрықты

Құйыршық түбінде жастық тәрізді май жиналған. Ол тілерсекке қарай бағытталған, салбыраңқы болып келетін –құйрық. Құйыршығы өте қысқа және дұрыс жетілмеген, құйрықпен жабылған, құйыршығы көрінбеді. Құйыршық омыртқасының саны 5-6.

Еділбай, гиссар қазақтың құйрықты қылшық жүнді қой тұқымы, сарыарқа, қазақтың құйрықты ұяң жүнді қойы, биязылау кросбредті етті- жүнді дегерес тұқымы, елтірі - құйрықты атырау тұқымы, жайдары, Алай, Сараджа.

Құйыршықсыз

Құйыршығы жоқ.

Бұл қой тобы оңтүстік дакота штатында (АҚШ-та) өсіріледі.

Құйыршықтағы май жиналу көлемі мен ұзындғы пішіні зор ұқсастыққа ие. Сондықтан бұл жіктелу бойынша әр түрлі будандарды ажырату сәтті бола бермейді.

Алайда, зоологиялық жіктелуді ғылыми- маңызы зор, ол арқылы әр түрлі тұқымдар арасындағы айырмашылықты немесе биологиялық ұқсастық дәрежесін талқылауға мүмкіндік туғызады. Ал бұл тұқымды тәжірибиеде аудандастыру мен будандастыру үшін сұрыптауға қажет. Бірақ зоологиялық топтардың көбісі, өнімділік бағыты бойынша , әр түрлі болып келеді де, біразы ғана нақты сипат алады. Мәселен, ұзын майсыз құйыршықты қой тобына; биязы жүнді, етті және елтірілі, әр түрлі қылшық жүнді қой, тұқымдары кіреді. Сондықтан, өндірістік мақсатта, жалғыз зоологиялық жіктелу жеткіліксіз болғандықтан оны өндірістік (шаруашылық) жіктелу толықтырады.

М.Ф.Иванов ұсынған өндірістік жіктелу қой малдарының өнімділік бағытын сипаттайды. Бұл жіктелу өндіріс үшін неғұрлым тиімді, бірақ ол біраз шарттардан тұрады. Өйткені бірдей қой тұқымдары кейде әр түрлі аудандарда әр түрлі мақсаттарда өсіреді. Мысалы, цигай қой тұқымы Балқан елді мекенінде, сүті – етті мал ретінде пайдаланады. Цигай қой тұқымының сүт өнімділігі бұл жерде халықты тамақпен қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады. Алайда, көптеген тұқымдардың негізгі өнімділік бағыты нақты көрініс табады. Сондықтан өндірістік жіктелу қазіргі уақытта сәтті қолданылуда. Және қой шаруашылығында жаңа тұқым шығару мен қолда, бар тұқымдарды дамыту оған енгізілген өзгерістер мен толықтырулар сәйкес келеді.

Қазақстанда 20-дан артық қой тұратын, дәнекер ұлпасы негізінен тұрады.

Шаш тамыры теріде эпидермалды клетканың бірнеше қабатты қабықшасымен қоршалған. Бұл түтікше шаш қынасы деп аталып, өз кезегінде дәнекер ұлпасының қабаттарымен қоршалып, шаша қоржыны (сумка) деп аталатын, шаш қынабы қабығын түзеді.



2.2 кесте. Қазақстан Республикасы қойларының өндірістік классификациясы.


Қой тұқымдары

Тұқым атаулары

Жүн жабынының типі бойынша

өнімділік бағыты бойынша



1

2

3

Биязы

Жүнді-етті

Солтүстік қазақ меринос, бескарағай және сұлукөл ішкі тұқым типі, оңтүстік қазақ меринос, меркен және құйық ішкі тұқымдар арасындағы тип



Етті-жүнді

Казаақ арқармериносы. Қазақтың биязы жүнді қойы.

Биязылау

Етті-жүнді ұзын талшықты

Кроссбредті қазақтың биязылау жүнді қойы, шығыс және оңтүстік шығыс аймақтық типі.. Казақтың етті-жүнді, кальченгиль, ақсеңгер және шу тұқым іші типі Ақжай етті-жүнді Дегерес етті-жүнді бизылау. Қазақтың көп тұқымды топтары.



Етті-жүнді қысқа талшықты

Гемпшир типі



Етті-жүнді

Қазақтың цигай қойының ішкі тұқым типі

Ұяң жүнді

Етті-майлы

Казақтың ұяң жүнді, қарғалы, ақтөбе, байыс тұқым іші типі







Дегерес етті-жүнді биязылау кілемді жүн

Қылшық жүнді

Елтірі

Атырау құйрықты-елтірі каракулі



Етті-майлы

Еділбай. Сарыарқа қазақтың қылшық жүнді құйрықты

Қойдың өндірістік классификациясы жағымды қасиеттеріне негізделген. Жүн жабынына қарай оларды биязы, биязылау, ұяң және қылшық жүнді түрлеріне бөледі.



1 Тапсырма. Өнімділігі бойынша әр түрлі бағыттағы тұқымдарын әсіресе Қазақстанға маңызы бар түрлерін меңгеру. 2.3 кестеге толтыру.
2.3 кесте. Ешкі және қой тұқымдары мінездемесі.


Тұқым

Қой тұқымы қайда және қашан шығарылған

Классификация

Жүннің қоюлығы

Жүннің орташа ұзындығы, см

Жүннің орташа және рекордты қырқымы, кг

Зоологиялық типі

1

2

3

4

5

6

7

Кестенің жалғасы.


Орташажәне рекордты салмағы, кг

Жүннің қалыңдығы, мкм

Жуылған жүн шығымы,%

Аналықтың өсімталдығы

Тұқымдардың биологиялыө және шаруашылық қасиеттері

Тұқымдардың аудандастырылуындағы таралу аймағы

Ең жақсы шаруашылық

Тұқымды одан әрі жетілдірудегі жасалатын шаралар

8

9

10

11

12

13

14

15

Бақылау сұрақтары.


1. Қой тұқымын шығару әдісі.

2. Қой тұқымдарын қандай өндірістік классификация және өнімділік бағытына жатқызамыз.

3. Қой тұқымдарын өсіретін ең жақсы шаруашылықты атаңыз.

4. Қой тұқымдарының мінез ерекшеліктері.

5. Қазақстанда аудандастырылған әр түрлі бағыттағы қойларды өсіру аймақтары.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет