Практикумы алматы, 2009 (075) ббк 46. 6 я 7 б 83 сараптамашылар



бет4/12
Дата17.06.2016
өлшемі1.67 Mb.
#142334
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

1 Тапсырма. Гидроаппараттағы сығылған үлгілердің тұрақты құрғақ салмағын анықтау:

Биязы жүн – 108,6 г; 93,5 г.

Ұяң жүн – 158,9 г; 167,1 г.
2 Тапсырма. Жүн үлгілерінің таза талшық шығымының процентін анықтаңыз. Егер ЦС-53А аппаратында жүнді жуып, сыққаннан кейін оның салмағы:

Биязы жүн – 103,8 г; 97,3 г.

Биязылау жүн – 169,5 г; 172,2 г. Тең болғанда.
3 Тапсырма. Солтүстік қазақ меоиносының ересек саулықтар отар 620 бас, олардан 2850кг кір жүнді қырқылды, отар бойынша қырқылған орташа таза талшық шығымын анықтаңыз.Егер:

1 класс 1 1 класс тармағы – 650 кг , шығымы 42,4% қалыпты;

1 класс 1 класс тармағы ластанған 1- 480 кг шығымы 42,0%

II класс 1 класс тармағы қалыпты - 890 кг шығымы 41,0%

II класс 1 класс тармағы ластанған - 390 кг шығымы 40,4%

III класс қалыпты – 270, кг шығымы 38,2%

Қиқымдалған - 150 кг, шығымы 32,0%

Қи – көңді - 20 кг, шығымы 12,6%

Анықтау керек:

Отар бойынша таза жүн көлемін,

отар бойынша таза талшық шығымының процентін;

Бір бастан қырқылған орташа кір жүнді;

Бір бастан қырқылған орташа таза жүнді.

Бақылау сұрақтары.


1. Таза жүн шығымы процентінің маңызы.

2. Таза жүн шығымына әсер етуші факторлар.

3. Қой отары бойынша таза талшық шығымын анықтау әдістемесі (жабағы мен үлілерді сұрыптау, тұрақты құрғақ салмақты анықтау,таза талшық шығымын есептеу).

4.Жуылған жүн үшін ылғалдылықтың қандай нормасы қалыптастырылған?

5. Жүн ылғалдылығы қандай аппарат көмегімен анықталады.

6. Неліетен биязы жүнге қарағанда қылшық жүннің таза талшық шығымы жоғары болып келеді.



3.5 Тақырып. Қой жүнін дайындау стандарты.

Жүнді кластау

Сабақ мақсаты.

Қой жүнін жіктеу принциптері мен дайындау стандартын оқу. Биязы, биязылау, ұяң және қылшық жүндердің жіктелуін үйрену.


Дайындау стандарты деп, дайындау класы деп аталатын белгілі топтарға бөлінетін қой жабағысының арнайы жіктелуін айтады.Дайындау кластарына арналып әр түрлі белгілері бойынша қол жабағысын бөлу жүнді кластау деп аталады.

Мемлекеттік стандартта жүннің әр түрлі топтары мен әр тектілігін беретін қой бағыты мен тұқымымен қатар оларға қойылатын техникалық талаптар келесідей сызба нұсқа бойынша көрсетеді:

1. Бір текті жүн: жіңішкелігі, ұзындығы, талшық иректілігі және осы қасиеттері бойынша бір келкілігімен сипатталады

2. Жүнді (жабағыны) түсі әрбір түске мінездемесі бойынша бөлу.

3. Жүнді жабағы, бөліктік және төменгі сортты немесе жабағыны кластау кезінде жабағы жүннен ажыратылатын класқа жатпайтындарға бөлу.

4. Жабағы жүнді дайындау класы мен клас түрлеріне (подкласс) биязы және кросберд үшін ғана бөлу және ол бойынша жүн қай класқа және класс түріне жататындығы жөнінде белгілері көрсетеді.

5. Жүн жабағысы мен бөліктерін жағдайы бойынша топтарға бөлу (өсімдіктермен ластану дәрежесі, талшықтың жіңішкеруі, мықтылығының, беріктігінің төмендеуі, малды дұрыс тоғытпаудан – жүн түсінің өзгеруі).

6. Жабағыны жинау, оларды упаковкілеу, таңбалау, тасымалдау және сақтау ережелері көрсетіледі.

Биязы жүн. Бұл біртекті жүннен тұратын штапель құрылымды жабағы. Белгілер жиынтығы бойынша биязы жүн (мемлекеттік стандарт 7763-71 сәйкес) меринос және меринос емес болып бөлінеді.

Меринос жүн түсі бойынша ақ, жұмсақ созылғыш, штапельдегі талшық жуандығы мен ұзындығы бойынша біркелкі. Штапель биіктігі бойынша иректілігі біркелкі. Қазақстан, Сібір, Орал, Орта Азия, Закавказье, елдерінде шайырдың аздаған жетіспеулілігі рұқсат етіледі.

Меринос емес биязы жүн меринос жүнінен шайырының аз, штапель мен жабағыдағы талшық ұзындығы мен жіңішкелігіні біркелкілігінің жетіспеушілігімен және иректілігінің болуымен ажыратылады. Сонымен қатар меринос емес жүннің түсі әр түрлі болуы мүмкін.

Биязы жүннің жіңішкелігі 60 сападан (23,1-25,0мкм) жуан болмауы тиіс, қалайда меринос жүніне мойын мен аяқ бөлігінде 58 сапа рұқсат етілсе,меринос емес жүнге осы бөлікте кез-келген сапа болады.

Бір жасар жас малдан қырқылған биязы меринос жүні ластанғандығымен және штапельдің сыртқы ұштары құрғақ, талшық ұзындығы мен жіңішкелігінің біркелкілігі әлсіздеу болуымен сипатталады.

Биязылау жүн. Тұқымның шығу тегіне байланысты биязылау жүннің бірнеше түрін ажыратады.

а) бизы-қылшық, биязылау-қылшық, биязы-цигай және тағы да басқа будандардың биязылау жүні (мемлекеттік стандарт -7937-74) –біркелкілігімен жабағысының штапельді және штапель-тұлымды құрылымымен сипатталады. Штапельдің сыртқы (беткі) ұштарында құрғақ, дөрекі (ірі) және ластану рұқсат етіледі.Жүн иректілігі әлсіз көрінеді, штапель ұзындығы бойынша біркелкі және әркелкі болып келеді. Биязы жүнге қарағанда шайырдың түзілуі аз. Жүннің көп бөлігінің жіңішкелілігі 58-56-50-ші сапа. Құрғақ және өлі талшық түрлері кездеседі.

б) кроссбердті және кроссберд типті жүн – біркелкілігінен, штапельді және штапель – тұлымды құрылымымен, серпімділігімен, созылғыштығымен және жылтырлықтың (люстралы) болуы немесе болмауымен сипатталады.

Кроссьерд типті жүн түсі ақ, көлеміне байланысты талшық иректілігі орташа және ірі (толқынды) шайырдың тузілуі жеткілікті.

Жабағыдағы жүн жіңішкелігі бойынша көп бөлігінің массасы 58 сапа және одан жуан (58,56,50,48,46,44,40,36,32 сапа)

Кроссберд типті жүн шайарйнйң аздығымен, ұсақ орташа және ірі әлсіз иректігімен ажыратылады.Жабағыдағы жүн жіңішкелігінің негізгі массасын 58,56,50,48,46 сапа құрайды.Түрлі түсті жүн рұқсат етіледі.

в) Цигай жүні және цигай қылшық біртекті жүн (мемлекеттік стандарт 9764-74) жабағы штапельді және штапель – тұлымды құрылымды, біркелкі және жақсы серпімділігімен, шайырының аздығымен, ұстағанда қатты және құрғақтығымен, түрлі-түсті және өлі талшықтардың болмауымен сипатталады. Жүн иректілігі ірі,кейде әлсіз, кейде өте жақсы көрінеді.Жүн жіңішкелігінің негізгі массасын 56,50,48,46,44 сапа құрайды. Жүн түсі тек қана – ақ.

Біртекті цигай – қылшық жүні цигай жүні мен салыстырғанда жабағыдағы талшық ұзындығы мен жіңішкелігі, біркелкілігі бойынша төмендеу, жабағының сыртқы етінің ұштары құрғақ, өткір, түрлі-түсті, құрғақ және өлі талшықтар кездеседі.

Ұяң жүн. Ұяң жүн (19779-74 мемлекеттік стандарт бойынша) қырқу уақыты мен қойдың жасына байланысты көктемгі, күзгі және қозы жүні болып, бөлінеді. Көктемгі ұяң жүн әркелкілігімен жабағының тұлымды құрылымымен сипатталады. Негізінен ұзын түбіттен,аралық талшықтан және жіңішке қылшықтан тұрады. Қылшық жүннен қылшықтың аз болуымен, талшықтың көпшілігінің қалыңдығы және ұзындығы бойынша бірелкілігімен ажыратылады.Көктемгі ұяң жүн қойдың тез шығу тегіне байланысты:балбасс, сараджа, тәжік, алтай және будан ұяң болып бөлінеді.

Күзгі ұяң жүн тұлымдары мен талшық бумалары арасында берік байланыстың жоқтығымен сипатталады (сондықтан тұлым тұтас жаағы түзбейді) сонымен қата талшық ұзындығы мен шайыры күзгі жүннен қарағанда аз болып келеді.

Ұяң қозы жүні ұяң жүнді жас қой малдарымен қырқылады, ал серпімді жұмсақ және тұлым иректілігі штопор тәрізділігімен сипатталады, бірақ жеке тұлымдар мен тұлымдағы талшықтар арасында мықты байланыс жоқ, соның әсерінен тұлым тұтас жабағы түзбейді.

Көктемгі жүнмен салыстырғанда қозы жүнінің талшық ұзындығы қысқарақ және шайыры мен ластануы аз болады.

Қылшық жүн. Әртекті қылшық жүн (7939-79 мемлекеттік стандарт бойынша) тұлымды құрылымды, талшық ұзындығы мен жіңішкелігі бойынша әркелкі, ол:түбіттен, аралық және қылшықты сонымен қатар өлі және құрғақ талшықтардан тұрады. Қылшық жүнде ұяң жүн сияқты қырқу уақыты мен малдың жасына байланысты:көктемгі, күзгі және қозы жүні болып бөлінеді.

Әртекті қылшық жүннің күзгі қырқым жүні жеке бума талшықтары арасында мықты байланыстың болуымен, сипатталады, соның салдарынан тұлымдар тұтас жабағы түзбейді және талшықұзындығы мен шайыры көктемгі қырқыммен салыстырғанда аз.

Әртекті қылшық қозы жүні қылшық жүнді қой малдарының жас малдарынан туғанына бір жыл толғанда (бірінші қырқылған жүн) қырқылады.Серпінділігімен, тұлымның штопор тәрізді иректілігіменсипатталады. Талшық аралығымен жеке тұлымдар арасындағы байланыс әлсіз, сондықтан тұлым тұтас жабағы түзбейді. Көктемгі қырқылған жүнмен салыстырғанда қозы жүнінің ұзындығы, шайыры және ластануы вз.

Әзірленген стандарт талаптарына сәйкес ( мемлекеттік стандарт, техникалық жағдайлар (т ж), биязы биязылау жүн (барлық түрлері) үшін) көктемгі ұяң және қылшық түрлері: жабағы, кесек және төменгі сортты (немесе кластан тыс) деп бөлінеді.

Жабағы жүн бір қойдан алынады, штапельден немесе тұлымнан тұрады да өзара байланысып, бір тұтас – жабағы түзеді одан төменгі сорттар (немесе кластан тыс) алынып тасталады.

Жабағы жүнге толық емес жабағы және бір текті жүннің ластанбаған 150 г салмақтан, әртекті жүннің 100г салмақтан жоғары бөлігі кіреді.

Кесек (бөлек) жүн – жабағы жүннің біртекті жүн үшін 150г төмен немесе әртекті жүн үшін 100г төмен ластанбаған бөлігі.

Төменгі сорт (клатан төмен):

а) обор – біртекті жүннің ұсақ лас бөлігі қой қырқымы кезінде жабағыдан бөлініп алынады, сонымен қатар жабағыны жинау кезінде астанған аймақтарын жұлып алу, құйрық бөлігінен, аяқтарының ішкі жағындағы беткі бөліктерінен қырқылып алынады;

б) обножка – қойлардың аяғының төменгі бөліктерінен қырқылатын қысқа жүн. Онда белгілі бір көлемде «жабын талшық» және «қырқым» немесе «қиқым» (қайталап қырқудан түскен қысқа жүндер) жүндер жабағы жүн салмағының 1%-нен жоғары болады ;

в) клок – қой қырқу кезінде жабағыдан бөлініп алынған әртекті жүннің ұсақ ластанған бөлігі, сонымен қатар ондай бөліктер (кесек) жүнді кластау кезінде жабағының ластанған, сарғайған шетінен жұлып алынады және «қиқым» («подстрижка») жүн;

г) клюнкер (НЕМЕСЕ ҚИМЕН ЛАСТАНҒАН)– өте ластанған ұсақ жүн бөлігі және мал қиы жабысқан жүн.

Жабағыны түсі бойынша бөлу.

Жабағы және кесек биязы меринос жүні, кроссберд типті, сонымен қатар цигай жүні тек қана ақ түсті болады. Кроссберд типті жүнде әр түсті талшықтар кездеседі.

Жабағы және кесек биязы меринос емес, биязылау будан, ұяң және қылшық жүндер түсі бойынша:

а) Ақ – түрлі-түсті талшықсыз. Жүн шайыр түсі мен минералды қоспалардың (шаң, құм, табиғи қоспалар) болуына байланысты. Әр түрлі жылтырлық беруі мүмкін.

б) ашық – сұр – ақ түсті жүнде әр түрлі талшықтар кездеседі. Қылшық жүнді қойлардың жабағы шеттерінде 0,5% дейін түрлі – түсті жүн бөлігі рұқсат етіледі.

в) Түрлі – түсті (әр түрлі түсті) – жүннің нақты түстерінде: сұр, қою – сұр, қоңыр түстердің барлығы және қара болады. Қылшық жүнді құйрықты және қаракөл жүндері түсі бойынша тек ақ және ашық сұр болып бөлінеді.

Төменгі сорттар мен класқа жатпайтын барлық жүн топтары түстері бойынша ажыратылмайды.

Дайындалатын жүн кластары.

Талшық ұзындығы мен жіңішкелігіне байланысты биязы, биязылаудан, кроссберді және кроссберд типті, сонымен қатар цигай және біртекті қылшықты – цигай жабағылар келесідей кластар мен подкластарға бөлінеді.


3.5.1 кесте. Биязы жүн мінездемесі


Жүн талшықтары

Класс

Класс тармағы

Жабағы сипаттамасы

Биязы меринос

Жоғарғы (сұрыпталған жүн)

-

Жүннің негізгі бөлігінің ұзындығы (аумағының 65% немесе салмағынан) 7см-ден кем емес, жіңішкелігі 64 сапа және одан жоғары. Қалған жүн 6 сападан жуан емес. Штапель құрылымы тығыз, үзілуі мықты, ақаусыз, созылғыш, шайыры жеткілікті, өсімдік қоспаларымен ластанбаған. Шоқтығында жеңіл ажыратылатын өсімдіктер (пішен, сабан, орыс ошағаны) рұқсат етіледі.

Биязы меринос

1

II

Жүннің негізгі бөлігінің ұзындығы 6,5см-ден кем емес, бірақ жіңішкелігі 60 сапа және аралық жүн 60/64 сапа (талшық штапельдің төменгі бөлігінде жіңішке, жоғарғысы (ұшы) жуандау. Жабағының мойын бөлігі мен аяқ бөлігінде 58сапа рұқсат етіледі.

-/-

1

1

Жүннің негізгі бөлігінің ұзындығы 6,5см, жіңішкелігі 64сапа және одан жоғары. Қалған жүн 60 сападан жуан емес, жабағының мойын бөлігімен аяқ жүндеріне 58 сапа рұқсат етіледі.

-/-

II

1

Жүннің негізгі бөлігінің ұзындығы 6,4 см-ден 5,5 см-ге дейін, жіңішкелігі 64 сапа және одан жоғары. Қалған жүн 60 сападан жуан емес, жабағының мойын емес бөлігі жүндеріне 58 сапа рұқсат етіледі.

-/-

II

II

Жүннің негізгі бөлігінің ұзындығы 6,4 см-ден 5,5 см-ге дейін, жіңішкелігі 60 сапа және аралық талшық 60/64 сапа, жабағының мойын және аяқ бөлігі жүндеріне 58 сапа рұқсат етіледі.

-/-

III

-

.

-/-

Қысқартылған жүн




Жүннің негізгі бөлігінің 4,0 см төмен.

Биязы меринос емес

1

1

Жүннің салмағының 55%-нен төмен емес немесе жабағы аумағының негізгі бөлігінің ұзындығы 6,5см-ден кем емес, жіңішкілігі 64 сапа және жоғары, қалған жүндері біркелкі.

-/-

1

II

Жүннің негізгі бөлігінің ұзындығы 6,5 см-ден кем емес, жіңішкелігі 60 және 60/64 сапа, қалған жүндері біркелкі.

-/-

II

1

Жүннің негізгі бөлігінің салмағы 6,4см-ден 5,5см-ге дейін, жіңішкілігі 64 сапа және жоғары, қалған жүндері біркелкі.

-/-

II

II

Жүннің негізгі бөлігінің ұзындығы 6,4 см-ден 5,5см-ге дейін, жіңішкелігі 60 және 60/64 сапа, қалған жүндері біркелкі.

-/-

III

-




-/-

Қысқартылған




Жүнді жіңішкелігі бойынша бөлмегенде, ұзындығы 4см-ден төмен жатқызылады.

Кроссберд жүн

1

-

Жүннің (аумағының 55% төмен емес жабағы салмағының) негізгі бөлігінің ұзындығы 11см және одан жоғары, жіңішкелігі 58 56 50 сапа қалған жүндер біркелкі.

-/-

1

2




Кроссбред жүн

II

1

Жүннің негізгі бөлігінің ұзындығы 11 см-ден төмен (9см-ге дейін) жіңішкелігі 58 56 50 сапа. Қалған жүндері біркелкі,

-/-

2

1

Жүннің негізгі бөлігінің ұзындығы 11 см-ден төмен (9см-ге дейін) жіңішкелігі 48 сапа және одан жуандау. Қалған жүндері біркелкі, бірақ шеттерінде жабағы салмағының 5% кем емес әркелкі жүн рұқсат етіледі.

Кроссбред типті жүн

1

-

Жүн ұзындығы 8 см және одан жоғары, жіңішкелігі 58 56 50 48 46 сапа. Қалған жүндері біркелкі, бірақ шеттерінде жабағы салмағының 5% кем емес әркелкі жүн рұқсат етіледі.

-/-

2

-

Жүн ұзындығы 8 см-ден төмен (5,5см-ге дейін) жіңішкелігі 58 56 50 48 46 сапа. Қалған жүндері біркелкі, бірақ шеттерінде жабағы салмағының 5% кем емес әркелкі жүн рұқсат етіледі.




қысқартылған

-

Жүн ұзындығы 5,5см-ден төмен

Цигай жүні

I

-

Жабағы жүнінің негізгі бөлігінің (5,5 жүннен төмен емес) ұзындағы 6,5 см және одан жоғары, жіңішкелігі 56-50 сапа. Кез-келген жіңішкеліктегі қалған жүн біркелкі




2

-

5,5%-тегі төмен емес жүннің ұзындығы 6,5см және одан жоғары, бірақ жіңішкелігі 48 46 44 сапа. Кез келген жіңішкеліктегі қалған жүн біркелкі. Жабағы шеттерінде тұлымды құрылымдағы 3% дейін әркелкі жүн рұқсат етіледі.

-/-

қысқартылған

-

Жүн ұзындығы 6,5см-ден төмен

Көктемгі қырқылмай алынған жабағы ұяң жүн мен жабағы қылшық жүн талшық жуандығына – түбіт, аралық және қылшық арақатынасына және оладың ұзындығына жүннің негізгі бөлігінде (ұяң жүнде жабағы салмағының 55 проценттен төмен емес немесе жабағы аумағының және қылшық жүнде жабағы аумағының 50 процентінен төмен емес) өлі және құрғақ талшықтардың болуына байланысты келесідейкластарға бөлінеді:


3.5.2 кесте. Ұяң жүнді кластау

Жүн атауы

Класс

Класқа мінездеме

Будан ұяң жүні

1

Тұлым түбіттен және неғұрлым ұзын, аздаған мөлшерде жіңішке қылшық талшығы бар аралық талшықтан біраз болғандықтан, жіңішке тұлым түзеді. Тұлымда өлі және құрғақ талшық кездеседі.

-/-

II

Тұлымның көп бөлігі неғұрлым ұзын және жуан аралық және қылшық талшықтарға ажыратылатын түбіттен тұрады. Сондықтан тұлым неғұрлым ұзын. Өлі және құрғақ талшықтар бар.

Сараджы, тәджік, алай ұяң жүні

1

Тұлымы нәзік, негізгі бөлігі түбіттен (5-см-ден төмен емес ұзындықтағы) аралық талшықтан және аздаған бөлігі жіңішке қылшықтан тұрады, қылшық түбіттен қарағанда анық байқалады.Жүн созылғыш, аздаған жылтырлығы мен ұсақ иректілігі бар. Алай жүнініде өлі және құрғақ талшықтар кездеседі.

Құйрықты қылшық жүн

1

Жүн жұмсақ.Тұлымы онша үлкен емес, қысқа, қылшық жіңішке, жіңішке түбіт салмағынан аздап асады.Өлі және құрғақ талшық аздаған көлемде кездеседі.

-/-

II

.Тұлым 1-ші класқа қарағанда неғұрлым жуан және ірі, орташа жуандықтағы қылшық пен жіңішке түбіттен тұрады. 1-ші кластан қарағанда түбіті аз, өлі және құрғақ талшығы бар.

-/-

III

Тұлым ұзын, тура, анық көрінеді, ірі, көбінесе құрғақ.Түбіті жіңішке, түбіт мөлшері байқалмайды.Құрғақ және өлі талшық белгілі бір мөлшерде.

Ұяң және қылшық қозы жүні класқа жіктелмейді, тек қана атауына байланысты (мысалы, ұяң жүнді балбасс, ұяң жүнді алай, ұяң жүнді будан, қылшық жүнді қаракөл, қылшық жүнді еділбай, қылшық жүнді құйрықты және т.б) түсіне және жағдайына байланысты бөлінеді.

Сонымен қатар күздік ұяң және қылшық жүндер де класқа жіктелмейді, тек атуы, түсі және жағдайына байланысты ажыратылады.

Төменгі сорттар мен класқа жатпайтын барлық жүн топтары атауына, түсіне байланысты жіктелмейді.

Жүнді жабағына байланысты топтарға бөлу. Жабағы биязы жүні меринос және меринос емес, биязылау будан жүн, кроссбердті, сонымен қатар цигай, көктемгі ұяң жүн, көктемгі қылшық жүндерінің әрбір класы, подкласы түсі мен жағдайына (ластану дәрежесі мен мінездемесі, ақаудың бар жоқтығы, мықтылығын жоғалту мен нақты түсін жоғалту) байланысты келесідей топтарға бөлінеді.

Қалыпты – органолиптикалық бағалағанда жүн үзілуге мықты. Оңай ажыратылатын өсімдіктер жабағының кез-келген жерінде рұқсат етіледі, сонымен қатар қиын ажыратылатын өсімдіктер жабағының қосымша бөліктерінде (мойын, қарын, аяқ) жеке-жеке кездесуіне немесе жапппай жабағы аумағының 10 процентінен көп емес мөлшерде кездесуіне рұқсат етіледі.

Арамшөпті – ошағанды 1топ жабағы немеееесе аумағынан 10-30 проценттен көп емес мөлшерде оңай ажыратылатын өсімдіктермен ластанған жүн немесе жабағы салмағынан немесе аумағынан 15 проценттен көп емес мөлшерде қиын ажыратылатын өсімдіктермен ластанған жүн, өсімдіктермен ластану жабағының кез-келген жерінде кездеседі.

Арамшөпті – ошағанды 2топ – жабағы салмағынан немесе аумағынан 30% жоғары, ал қиын ажыратылатын өсімдіктер 15 %-тен жоғары мөлшерде кездеседі.

Ақаулы 1 топ – жүн негізі немесе штапельдің соңғы жағы жіңішкерген.

Ақаулы 2 топ – штапельдің ортасы жіңішкерген немесе жүн негізі және бір уақытта штапельдің соңғы жағыда жіңішкерген болды, сонымен қатар қойды дұрыс күтіп бақпағаннан немесе тоғытпағаннан жүн беріктігі мен нақты түсін жоғалтады.

2 топтағы ақаулы жүнге сонымен қатар ұяң жүнді қой жабағысын көп мөлшерде ( жабағы аумағының 50% көбінде) қайызғақ жағдайда жатқызады.

Арамшөпті – ошағанды – ақаулы – жүн 1 немесе 2 топтармен ластанған және бір уақытта 1 немесе 2 топты ақаулы.

Сарғайған жүн – жабағының барлық аумағында штапельдің немесе тұлымның 1/3 ұзындығынанда, жоғары мөлшерде қойды дұрыс азықтандырмағандықтан немесе дұрыс тоғытпағаннан нақты түсін жоғалтады (жуылмаған жүнде түсінің өзгеруі анық байқалады)

Қысқартылған жүн – биязы, биязылау, цигай және біркелкі қылшықты, цигай жағдайына байланысты бөлінеді.

Кроссберд типті жүн жағдайына байланысты:

Қалыпты жүн, өткізілетін жүн салмағынан 15% -тен көп емес мөлшерде әр түрлі өсімдік қалдықтарымен ластанған жүн бөліктері рұқсат етіледі.

Арамшөпті – ошағанды жүн, өткізілетін жүн салмағынан –тен жоғары мөлшерде әр түрлі өсімдік қалдықтарымен ластанған жүн бөліктерін түзеді.

Көктемгі қылшық жүн басқа жүн топтары жағдайына байланысты: қалыпты арамшөпті – ошағанды бірінші, екінші топ, және ақаулы болып, ажыратылады. Ақаулы қылшық жүн – жабағының үлкен бөлігін көп мөлшерде (аумағының -нен жоғарысын) қалың қабықпен қайызғақ қаптайды.

Кесек жүн, төменгі сортты және класқа жатпайтын жүндер жағдайына байланысты жіктелмейді.

Күздік ұяң, қылшықты қозы, күздік қылшық жүн, сонымен қатар қылшықты қозы жүні өздерінің атауымен түсінің жағдайына байланысты:

а) қалыпты – өткізілетін жүн салмағынан *-тен жоғары емес мөлшерде әр түрлі өсімдік қалдықтарымен ластанған жүн бөліктері рұқсат етіледі.

б) арамшөпті – ошағанды * топ – өткізілетін жүн салмағынан * -тен * дейін әр түрлі өсімдік қалдықтарымен ластанған жүн бөліктерін түзеді.

в) арамшөпті – ошағанды * топ - өткізілетін жүн салмағынан *-тен көп мөлшерде әр түрлі өсімдік қалдықтарымен ластанған жүн бөліктерін түзеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет