«Психология және адам дамуы» пәнінің


Дәріс тақырыбы. Бастауыш мектеп жасындағылардың психикалық дамуы



бет5/6
Дата17.06.2016
өлшемі0.52 Mb.
#141942
1   2   3   4   5   6

Дәріс тақырыбы. Бастауыш мектеп жасындағылардың психикалық дамуы.

Жоспар.


1. Кіші оқушының психологиялық сипаты.

2. Бастауыш сынып оқушыларының анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері.

3. Бастауыш сынып оқушысының оқу іс-әрекеті.

Дәрістің қысқаша мазмұны

Кіші оқушылардың оқуға недәуір мүмкіншілігі бар. Егер осы жастағылардың негізгі

әрекеті бұрын ойын болып келсе, оқуға кіргеннен кейін оқу қызметі шешуші роль

атқарады. Сөйтіп, оқу негізгі қызметке айналып, баланың психикалық дамуын билейтін

болады. Осыған орай баланың психикалық дамуы ірі өзгерістерге ұшырайды. Өзгерістерге

ұшырауының себебі ойынға қарағанда оқу талабының бала үшін қиындығында. Сонымен

қатар оқуға жаңа түскен бала кластағы құрбыларымен қатынас жасап, осының

нәтижесінде өзінің психикалық байлығын дамытып, жаман – жақсыны ажырата бастайды.

Алғашқы уақытта мектептегі жаңа жағдайға әлі бейімделе алмағандықтан, оқу үстінде мынандай қиыншылықтар кездеседі: 1) бала мектеп режиміне бейімделе алмай қиналады (ерте ояну, сабақты жіберуге болмайды, тыныш отыру сабақта, үй тапсырмаларын орындау т.б.), осының нәтижесінде тез шаршауы ықтимал; 2) мұғалімнің өзіне тән мінезіне және құрбыларымен қалай қарым-қатынас жасауға үйрене алмағандақтан бала қиналады; 3) бірінші кластағы көптеген оқушылар оқу жылының ортасына таман сезіне бастайды. Алғашында бірінші класта оқушыларға қойылатын талаптар тым жеңіл келеді, орьасына қарай тапсырмалар қиындай түседі. Сондықтан тапсырманы баланың жас ерекшелігін ескеріп ұйымдастыру керек.

Бұл жаста дененің барлық органдары мен ткаьдарында елеулі өзгерістер болады. Бұлшық еттері мен шеміршектері және сүйектері недәуір нығайып қалады. Қол бармағының нығаюы (сүйектенуі) 9-10 жаста қалыптасады, ал табаны 10-11 жаста сүйектеніп бітеді. Осының нәтижесінде кші оқушының 10-11 жасқа толғанша жазуға тез болдырып, қиналады. Сондықтан бастауыш мектеп жасындағыларды жазба жұмысымен көп айналыстыруға болмайды. 7-8 жастың арасында бала жылына 2,5 кг-дай салмақ қосады. Биіктігі жылына 5 см өседі. Бұл кезде әсіресе кеудесі көтеріліп, жүрегімен тыныс органдары недәуір қалыптасып қалады. Жүрегінің соғуы 84-9-ға барады (ересек 70-72 жиілігімен соғады). Бас миының салмағы (7-11 жастқа дейін 1000-1400 гр) дейін өседі, әсіресе маңдай бөлігі ой мен сөйлеудің орталығы болғандықтан оның қалыптасуы балада ақыл-ойдың кеңінен өріс алуына мүмкіндік береді. Қозу мен тежелу процестерінің өзара қатынасы өзгереді.

Осылайша, мектеп жасына дейінгі балаларға қарағанда бастауыш класс оқушыларының скелет-бұлшық ет жүйесі едәуір қатаяды, жүрек-тамыр қызметі салытырмалы түрде тұрақтанады жүйкенің қозу және тежелу процестері көбірек тепе-теңдікке ие болады.

Оқу ісі мазмұнының ерекше өзгешеліктері болады: оның негізгі бөлігін ғылыми ұғымдар, ғылым заңдары және соларға сүйенетін практикалық міндеттерді шешудің жалпы тәсілдері құрайды. Тек оқу қызметінде ғылыми білімдерді және соларға сәйкес іскерліктерді игеру негізгі мақсат және қызметтің басты нәтижесі ретінде байқалады.

Оқу іс-әрекетінің құрылымы: 1) оқу ситуациялары (немесе міндеттері); 2) оқу әрекеті; 3) бақылау; 4) бағалау.

Бастауыш мектеп жасындағылардың танымдық әрекеттерінің өрістеуі. Зейіннің дамуы және зейінділігі. Қабылдау мен бақылампаздығының артуы. Ес процесінің дамуы. Ойлауының дамуы және ақыл-ой әрекеттерін өрістету. Қиялының дамуы. Ауызша сөйлеуі мен жазбаша сөзінің және үнсіз сөйлеуінің дамуы. Олардың психикалық дамып жетілуінде сөйлеу әрекетінің ролі.

Бастауыш мектеп жасындағылардың жеке басының дамуы. Өзгелермен қарым-қатынасында мінез-құлықтың өзгеруі. Құрбылармен және өзара қарым-қатынас жасау ерекшеліктері. Жалпы және арнайы қабілеттерінің көрінуі. Олардың дүние танымының дамуы мен өзіндік ерекшеліктері.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:



  1. Мектепке баруға байланысты баланың дамуының әлеуметтік жағдайларының өзгеруіне түсінік беріңіз.

  2. Танымдық сферасының қалыптасуы.

  3. Бастауыш мектеп шағындағы жаңа құрылымдарға анықтама беріңіз.


Дәрістің тақырыбы. Жеткіншектердің психикалық дамуы.

Жоспар.


  1. Жеткіншек психикасының дамуының сипаты .

  2. Жеткіншект жастағы организмнің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері.

  3. Жеткіншек кезеңдегі «дағдарыс».

Дәрістің қысқаша мазмұны

Жеткіншектік кезеңнің баланың дамуындағы ерекше орны «өтпелі», «бетбұрыс», «қиын», «ауысу жастары», «сыналатын» деп атайды. Балалаық шақтан ересектікке өту осы кезеңдегі дене, ақыл-ой, адамгершілік, әлеуметтік дамудың барлық жақтарының негізгі мазмұны мен өзіне тән ерекшелішгі болып табылады. Барлық бағыттарда сапалық жаңа құрылымдар қалыптасады, организмнің сана-сезімнің, үлкендермен және жолдастарымен қарым-қатынастың, олармен әлеуметтік өзара іс-әрекет әдістерінің, мүдделердің, танымдық және оқу іс-әрекетінің, мінез-құлыққа, іс-әрекет пен қарым-қатынасқа арқау болатын моральдық-этикалық нормалар мазмұнының қайта құрылуы нәтижесінде ересектік элементтері пайда болады.

Жеткіншектің жеке басы дамуының аса маңызды факторы – оның өзінің ауқымды әлеуметтік белсенділігі; ол белгілі бір үлгілер мен игіліктерді игеруге, үлкендермен және жолдастарымен, ақырында өзіне қанағаттанарлық қарым-қатынас орнатуға бағытталады.

Жеткіншектік кезеңнің маңыздылығы адамның жеке басының моральдық және әлеуметтік негіздері қолданады және олардың қалыптасуының жалпы бағыты белгіленеді. Жеткіншектік кезең қиын әрі сыналатын кезең деп саналады

Жеткіншектің дамуындағы биологиялық фактор проблемасы баланың организмінде нақ осы шақта түбегейлі өзгерістердің болуынан туындайды: дене күшінің дамуында жаңа кезең басталып, жыныстық жетілу процесі өрістейді. Организмнің қайта құрылуы эндокриндік жүйедегі өзгерістерден басталады. Гипофиздің, әсіресе оның алдыңғы бөлігінің қызметі күшейеді, ал мұның гормондары талшықтардың өсуіне және ішкі секрецияның басқа да өте маңызды бездерінің (қалқан жыныс, бүйрек үсті бездерінің) қызметіне қолайлы жағдай жасайды. Олардың қызметі жеткіншектің организмінде көптеген өзгерістер туғызады (жыныс органдарының дамуы және екінші жыныстық белгілердің көрінуі), соның ішінде неғұрлым анық көрінетін өзгерістер туғызады. Бұл процестер қыз балаларда 11-13 жаста, ер балаларда 13-15 жаста неғұрлым жедел жүреді. Дене күшінің толысуы мен жыныстық жетілудің акселерациясы байқалып отырған қазіргі уақытта кейбір қыз балалар 10-11, ер балалар 12-13 жаста жыныстық жетілудің бастапқы сатысында болады. Бойдың ұзаруы, салмақтың артуы, кеудк клеткасы шеңберінің өсуі- жеткіншектік шақтағы дене толысуының өзіне тән жағдайлары, бұлар күрт өсу деген терминмен белгіленеді. Дененің пропорциясы ересек адамға тән пропорцияға жақындайды.

Жеткіншектің организмінде болатын елеулі өзгерістер ұзақ уақыт бойы осы кезеңдегі жеткіншектер ерекшеліктері мен дамуының сыналу құбылыстарының биологиялық шарттастығы туралы әр түрлі теориялар негіз болды. Аффектілік-қажеттіліктер сферасының дамуы. Қарым-қатынастағы Жеткіншектің жеке басының қалыптасуы. Өнегелік сенімдер, олардың қалыптасуы. Сана сезімдердің дамуының басталуы, оның негізігі заңдылықтары. Талпыну деңгейі. Жеткіншек жасына өтудің алғы шарттары.

Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:

1.Отандық және шетел психологиясындағы жеткіншек проблемасы.



  1. Жеткіншек шақтағы жаңа құрылымдарға анықтама беріңіз.

  2. Жеткіншектің үлкендермен қарым-қатынасының жаңа типінің қалыптасу қиыншылықтарына сипаттама беріңіз.

Әдебиеттер:

  1. Кон И. Психология старшеклассника. М., 1982.

  2. Особенности обучения и психического развития школьников 13-17 лет. Под.ред. И.Дубровиной.

3. Солодилова О.П. Возрастная психология. М., 2005

Дәріс тақырыбы. Балаң жас психологиясы.

Жоспар.


1.Жоғары сынып оқушысының әлеуметтік-психологиялық сипаттамасы.

2.Оқу және еңбек іс-әрекеттерінің ерекшеліктері.

3.Жасөспірімдік шақ теориялары.

Дәрістің қысқаша мазмұны

Жеткіншек жасынан, ересек жасына өту – жас өспірімдік шақтың өзіндік өмірге дайындығы депте айтуға болады. Осы кезең бұл жастың дамуындағы әлеуметтік ситуацияны анықтайды. Жас өспірімдік шақ бала мен ересектің арасындағы аралық жағдайда болады. Баланың жағдайы оның ересектерге тәуелділігімен сипатталады, бұлар оның өмірлік іс-әрекетінің басты мазмұны мен бағытын белгілейді.

Өмір әрекетінің дамумен алғашқы жастық жасөспірімдік шақта сандық және сапалық өзгерістер болады. Көбірек ересектік рөл салдарынан өзбеттілік пен жауапкершілік пайда болады. 16 жасты паспорт алады. 18 жасында сайлау құқығы мен некелесуге мүмкіндік алады. Жасөспірім қылмысты істер үшін жауап беретін болады. Көпшілігі бұл жаста еңбек қызметін бастайды. Бәрі де мамандық таңдау туралы және т.б. ойлайды. Жасөспірімде ересектер статусының элементтерімен қатар оның жағдайын баланың жағдайына жақындататын тәуелділік белгілері әлі сақталады. Материалдық жағынан жоғары сынып оқушысы ата-ананың қамқорлығында болады. Бұл жастың хронологиялық шегі психологияда әртүрлі анықталады. Жоғары сынып жасы 15-18, кеш жастық 18-23 дейін. Әлеуметтік есею міндеттері, әлеуметтік ситуацияның дамуының анықталуы бүкіл жастық шағына тарайды. Жасөспірімдік шақтың аяғында адамның дене процесінің бітімі пісіп жетіледі. Бұл кезеңнің психологиялық мазмұны - өзіндік сананың дамуы, кәсіби өзіндік анықталуы және ересектік өмірге енуімен сипатталады. Танымдық және кәсиби қызығушылықтар қалыптасады, еңбек қажеттілігі, өмір сүру жоспарын құру қабілеттелігі, қоғамдық белсенділігі. Бұл жаста онтогенездегі үлкендерге тәуелділікті жеңіп, жеке өз беттілік пайда болады. Бұл жас кезеңі – адамгершілікті сезіну, идеал, бағалау, дүниетанымы, жеке сананың қалыптасуы. Барлық психикалық процестері тұрақтанады, жеке адам болып қалыптасады.

Жасөспірімдіктің көптеген теориялары бар. Биологиялық теориялар нақ өсудің биологиялық процестері басқаларының бәрінен басым болады деген оймен жасөспірімдікті алдымен организм эволюциясының белгілі бір кезеңі деп қарайды. Психологиялық теориялар психикалық эволюцияның заңдылықтарына, ішкі дүние мен өзін-өзі ұғынудың тән сипаттарына назар аударады. Психоаналитикалық теориялар жасөспірімдікті психосексуалдық дамудың белгілі бір кезеңі деп біледі. Көрсетілген теориялар жасөспірімдікті алдымен индивид немесе жеке адамның дамуы ретінде ішкі процесс тұрғысынан қарайды. Бірақ бұл даму әртүрлі әлеуметтік және мәдени ортада әркелкі болып өтеді. Жасөспірімдіктің социологиялық теорилары оны алдымен социализацияның белгілі бір кезеңі, тәуелді балалықтан ересектің дербестікте жауапты іс-әрекетіне көшу деп қарайды. Зерттеушілер адам меңгеруге тиісті әлеуметтік рөлдерге, оның бағалаушылық бағдарларының қалыптасуына, еңбек өміріне аяқ басумен байланысты проблемалаларға назар аударады, яғни индивидтік – психологиялық проблемалар әлеуметтік проблемалародан шығарылады.

Балаң жастағылардың оқу іс-әрекеті, олардың өзіндік санасының дамуы. Өзін-өзі бағалау мен өзгелерді бағалауы. Бейімділігі мен қабілеттерінің даму ерекшеліктері. Ақыл-ой әрекеттерінің жүйесі мен теориялық ойлауын қалыптастыру. Балаң жастағы достық пен махаббат. Құрбы-құрдастарымен және үлкендермен өзара қатынастарының дамуы. Мамандық таңдауда әсер ететін факторлар қатары. Қоғамдық пайдалы еңбекпен шұғылдануы, оның нәтижесінде мамандық таңдауға ынта-ықыласының тууы. Балаң жастарды мамандық таңдауға даярлау.

Балаң жастағы оқушылардың танымдық процестерінің даму ерекшеліктері. Сана-сезімнің оянуы, білім алуға құштарлығының артуы, әр нәрсенің байыбын түсіне білуі. Психикалық дамуын жетілдіре түсуге әсер ететін субъективті және объективті факторлар.

Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:


  1. Жоғары сынып оқушысының әлеуметтік-психологиялық сипаттамасы.

  2. Оқу және еңбек іс-әрекеттерінің ерекшеліктеріне тоқталыңыз.

  3. Құрдастарымен және ересектермен қарым-қатынастарына сипаттама беріңіз.

Әдебиеттер:

1. Солодилова О.П. Возрастная психология. М., 2005

2. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы. А.В.Петровскиий редакциясымен, А., 1987ж. 67б.

3. Кон И.С. Психология ранней юности. М., 1989

4. Кон И.С. Психология старшеклассника. М., 1982

3 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРЫ
Тәжірибелік 1. Психология пәні, міндеттері және зерттеу әдістері.

Мақсаты: психология пәнін және зерттеу әдістерінің ерекшелігін студенттердің қаншалықты меңгергеніне қарай бағалау.

Жоспар:


Психология – психика және психикалық құбылыстар жайлы ғылым. Психология ғылымының салалары. Психологияның басқа ғылымдармен байланысы.

Әдістемелік нұсқау: Тақырыпты қарастыру барысында , психология ғылымының пәніне, зерттеу объектісіне, мақсат міндеттері. Психикалық құбылыстардың классификациясына (психикалық процестер, психикалық кейіп (қалып), психикалық қасиеттер) тоқталу. Психологияның пәнаралық байланысын түсіндіру.

Әдебиеттер.



  1. Тәжібаев Г. Жалпы психология. 120-144беттер.

  2. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993. 97-115 беттер.

  3. Алдамуратов Ә. Жалпы психология. А., 1995.- 31-37 беттер.

  4. Немов Р. С. Психология. 165-180 беттер.

  5. Рубинштейн Л. С. Основы психологии. 177-220 беттер.


Тәжірибелік 2. Психика және сана.

Мақсаты: Психика, адам санасының пайда болуы және дамуы туралы түсінік беру.

Жоспар:


Адамның жоғары жүйке жүйесінің құрылысы, қызметі. Жүйке клеткасының құрылысы. Талдағыштар, оның құрылымы. Мидың анализдік-синтездік қызметі. Ми және психиканың байланысы. Адам және жануарлар психикасын салыстыру. Адам санасының пайда болуы мен дамуы. И.М.Сеченов және И.П.Павловтың психиканың шартты-рефлекторлы сипаттамасы.

Әдістемелік нұсқау: Тақырыпты қарастыру барысында мидың қүрылысы, қызметіне тоқталу. Адам санасының пайда болуы мен дамуына сипаттама беріңіз.

Әдебиеттер:



  1. Жарықбаев Қ. Психология.А.,1993.-42-47 беттер

  2. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. А.,1995.-16-21 беттер.

  3. Рубинштейн Л.С. Основы общей психологии. М.,2000.134-160 беттер.

  4. Немов Р.С. Психология. Т1.-М.,1998.-132-145 беттер.

  5. Ананьев Б.Г. Избранные психологические труды. В 2-хт .Т1.- Москва,1980


Тәжірибелік 3. Қарым-қатынас туралы түсінік.

Мақсаты: Қарым – қатынас, қарым – қатынас құралы туралы түсінік беру.

Жоспар:


Қарым – қатынас туралы түсінік. Қарым – қатынас құралы. Адамның психикалық дамуындағы қарым – қатынастың рөлі. Қарым – қатынастағы кедергілер. Қарым – қатынасты дамыту.

Әдістемелік нұсқаулық: Семинар сабағына даярлануда қарым – қатынасқа анықтама бере отырып, оның мазмұнын, құралдарын, тәсілдерін ашып көрсету керек. Қарым – қатынас түрлерін (көпшілік, іскерлік, вербальдық, вербальдық емес, жеке өзара достық) нақты мысалдармен түсіндіру керек. Қарым – қатынастың адам үшін қажеттілігін және оның психикалық дамуындағы рөлін ашып көрсету керек. Қарым – қатынастағы кедергілер және оны ретке келтіру тәсілдері мен жолдарына тоқталу қажет. Қарым – қатынас құрылымын (коммуникативті, интерактивті, перцептивті) сипаттау керек.

Әдебиеттер:



  1. Столяренко Л. Д. Основы психологии. М., 1997. 71-73 беттер.

  2. Немов Р.С. Психология. Т.1. М., 1998. 424-432 беттер.

  3. Бороздина Г.В. Психология делового общения. М., 2001. 9-49 беттер.

  4. Кричевский Р.Л. Психология малой группы. М., 1992.


Тәжірибелік 4. Топ және ұжым.

Мақсаты: топ және топтардың түрлері туралы түсінік беру.

Жоспар:


Топ және ұжым туралы түсінік. Топтың жеке адамға жағымды әсері. Топтың жеке адамға жағымсыз әсері. Адамдардың бір – біріне қабылдауы және түсінуі. Жеке адамның топта өзін ұстауы. Ұжым және оның негізгі белгілері. Лидер және жетекшілік стилі.

Әдістемелік нұсқаулық: Тақырыпты топ және ұжымға анықтама беру және оның түрлерін сипаттама беріңіз. Ұжым мен топтың айырмашылығына тоқталу қажет.

Әдебиеттер:

1.Столяренко Л. Д. Основы психологии. М., 1997. 71-73 беттер.

2.Немов Р.С. Психология. Т.1. М., 1998. 424-432 беттер.

3.Бороздина Г.В. Психология делового общения. М., 2001. 9-49 беттер

4.Кричевский Р.Л. Психология малой группы. М., 1992.


Тәжірибелік 5. Зейін туралы түсінік.

Мақсаты: зейін және зейіннің түрлері, қасиеттері туралы түсінік беру.

Жоспар:


Зейін туралы түсінік. Зейіннің атқаратын қызметі және түрлері. Зейіннің физиологиялық механизмдері. Зейіннің негізгі қасиеттері. Зейін түрлерін топтастыру негіздері. Зейін және іс-әрекет. Зейіннің дамуы.

Әдістемелік нұсқаулық: Тақырыпты қарастыру барысында іс-әрекеттің түрлеріне сипаттама беру. Зейін туралы түсінік, зейіннің турлері мен қасиеттерін ашып көрсету.

Әдебиеттер:



    1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993

    2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993

    3. Немов Р.С. Психология. М., 1998


Тәжірибелік 6. Түйсік туралы түсінік.

Мақсаты: түйсік және түйсіктің қасиеттерін студенттердің қаншалықты меңгергеніне қарай бағалау.

Жоспар:


Түйсіктің қасиеттері. Абсолюттік сезгіштік. Сезгіштін табалдырықтары. Сенсорлық бейімделу туралы түсінік. .Сенсибилизация. Синестезия.

Әдістемелік нұсқаулық :Тақырыпты қарастыру барысында түйсіктің түрлері мен қасиеттеріне жалпы сипаттама беру. Түйсік заңдылықтарына тоқталу.

Әдебиеттер:



    1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993

    2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993

    3. Немов Р.С. Психология. М., 1998

    4. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000

Тәжірибелік 6. Қабылдау.

Мақсаты: қабылдау және қабылдаудың қасиеттерін студенттердің қаншалықты меңгергеніне қарай бағалау.

Жоспар:


Қабылдаудың негізгі қасиеттері. Кеністікті қабылдау. Уақытты қабылдау. Көлемді, қозғалысты қабылдау.

Әдістемелік нұсқаулық :Тақырыпты қарастыру барысында қабылдауға анықтама беру және оның физиологиялық механизмін және қабылдаудың қасиеттерінің ерекшеліктеріне тоқталу.

Әдебиеттер:



      1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993

      2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993

      3. Немов Р.С. Психология. М., 1998

      4. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000

Тәжірибелік 7. Ес туралы жалпы түсінік.

Мақсаты: ес түрлерін және естің дара ерекшеліктерін студенттер қандай деңгейде меңгергендігін тексеру.

Жоспар:


1.Ес туралы жалпы түсінік.

2.Ес процестері. Олардың сипаттамасы.

3.Ес түрлері.

4.Естің дара ерекшеліктері.



Әдістемелік нұсқаулық :Тақырыпты қарастыру барысында еске анықтама бере отырып, естің түрлеріне сипаттама беру. Естің процестеріне тоқталу.

Әдебиеттер:

1.Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993

2.Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993

3.Алдамұратов Ә. Жалпы психология. А., 1995

4.Немов Р.С. Психология. М., 1998

5.Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000

Тәжірибелік 8. Ойлау туралы жалпы түсінік.

Мақсаты: ойлаудың түрлерін және сөйлеу мен ойлаудың байланысын студенттердің жан-жақты меңгергендіктерін бақылау.

Жоспар:


1.Ойлау түрлері және олардың ерекшеліктері.

2.Адамның шығармашылық ойлауын қамтамасыз ететін факторлар.

3.Сөйлеу және тіл.

4.Сөйлеу және ойлаудың байланысы.



Әдістемелік нұсқаулық: Тақырыпты қарастыру барысында ойлау мен сөйлеуге анықтама бере отырып оның түрлетірен сипаттама беру. Сөйлеу және қарым-қатынас, сөйлеу және ойлаудың байланысын ашып көрсету.

Әдебиеттер:

1.Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993

2.Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993

3.Алдамұратов Ә. Жалпы психология. А., 1995

4.Немов Р.С. Психология. М., 1998


Тәжірибелік 9. Психологиядағы тұлға туралы түсінік .

Мақсаты: психологиядағы тұлға мәсселесін студенттердің қаншалықты меңгергеніне қарай бағалау.

Жоспар:


1.Тұлға психологиясының методологиялық мәселелері.

2.Тұлға теориялары және оқытудың негізгі деңгейлері.

3.Тұлға теориялары.

4.ХХ ғасырдың 80-90 жылдарындағы жеке тұлға мәселесінің даму психологиясы.



Әдістемелік нұсқаулық: Тақырыпты қарастыру барысында шетелдік және отандық психологиядағы тұлға теорияларын салыстыра отырып талдау жасау қажет.

Әдебиеттер :

1.Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность М., 1997

2.Немов Р.С. Общая психология. Кн.1. Спб: питер1990

Столяренко Л.Д. Основы психологии. М., 1997
Тәжірибелік 10. Мінез туралы түсінік.

Сабақтың мақсаты: мінездің құрылымы мен қасиеттерін студенттер қалай меңгергендігін тексеру.

Жоспар:


1.Э.Кречмер бойынша мінез типологиясы, А.Е.Личко бойынша мінез типологиясы, К.Леонгард бойынша мінез типологиясы, Э. Фромм бойынша мінез типологиясы.

2.Мінез туралы теориялар.

3.Мінез құрылымы мен қасиеттері. Мінез бітістері.

4.Мінез және темперамент. Мінездің ұлттық ерекшеліктері.



Әдістемелік нұсқаулық :Тақырыпты қарастыру барысында мінезге анықтама беру, темперамент және мінездің байланысын көрсету.

Әдебиеттер:



  1. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993

  2. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000

  3. Столяренко Л.Д. Основы психологии. М., 1997

Тәжірибелік 11. Қабілет туралы жалпы түсінік.

Сабақтың мақсаты: қабілеттілік, нышан және адамдардың даралық ерекшеліктері байланысын студенттердің жан-жақты меңгергендіктерін бақылау.

Жоспар:


Қабілет туралы түсінік. Адамдардағы қабілеттілік түрлері Қабілеттілік, нышан және адамдардың даралық ерекшеліктері. Қабілеттілікті дамыту.

Әдістемелік нұсқаулық: Тақырыпты қарастырғанда қабілет туралы анықтама. «Нышан», «Дарындылық», «Талант» ұғымдарының өзара байланысын ашып көрсету. Қабілет теориялары.

Әдебиеттер:

1.Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993

2.Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993

3.Немов Р.С. Психология. М., 1998

4.Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000



Тәжірибелік 12. Эмоция және сезім.

Мақсаты: сезімнің түрлерін студенттер қалай меңгергендігін тексеру.

Жоспар:


Күрделі эмоционалды күйлер. Сезімнің түрлері. Жоғары деңгейдегі сезімдер.

Әдістемелік нұсқаулық: Тақырыпты қарастыруда адам өміріндегі эмоцияның ролін ашып көрсету. Эмоцияның негізгі функцияларына сипаттама беру.

Әдебиеттер:

1.Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993

2.Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000

3.Столяренко Л.Д. Основы психологии. М., 1997

Тәжірибелік 13. Еріктің жалпы сипаты.

Мақсаты: жеке адамның ерік сапаларын студенттер қалай меңгергендігін тексеру.

Жоспар:


Ерік туралы түсінік. Еріктің физиологиялық негіздері. Ерік теориялары. Жеке адамның ерік сапалары.

Әдістемелік нұсқаулық: Тақырыпты қарастыруда адам өміріндегі эмоцияның ролін ашып көрсету. Ерікке анықтама Бере отырып оның физиологиялық негіздеріне тоқталу. Ерік сапаларына және Адам еркін дамыту жолдарына көңіл аудару.

  1. Әдебиеттер негізгі.

  2. Выготский Л.С. эмоция и их развитие в детском возрасте. М., 1982

  3. Психология эмоции. Тексты лекций. М, 1984



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет