Психологиялық- педагогикалық практикум



бет4/32
Дата26.09.2023
өлшемі381.59 Kb.
#478617
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
семинарға қосымша материалдар

3) Қорытынды эксперимент- бірінші және екінші эксперимент нәтижесін қалпын ілгері басу нәтижесін байқатады. Оған көз жеткізу үшін бастапқыдай эксперимент жасайды. Әңгіме әдісі қосалық әдіс деп есептеледі. Бұл да алдына мақсат қойып жоспарлы түрде дұрыс жауап алу үшін күні-бұрын сұрақтарды дайындайды. Көбінесе баланың білімін, қызығушылығын әрекетке бей-гі үшін жүргізеді.
Тест (ағылшын. - test - сынау, сынама).- жеке тұлғаның даралық-психологиялық қасиеттерін, сондай-ақ білімін, білігі мен машығын салыстырмалы шамалармен өлшеуге арналаған стандартталған тапсырмалар.
Психологиялық тестер жүргізу өзіндік таным, өзіндік даму, мінез-құлықты коррекциялау (түзету) құралы ретінде қолданылады.
Педагогикалық тестілеу білім мен білікті, машықты бағалауда қолданылады.
Тестілеу әдіс- тесталық сынау, яғни тексеру, көру мағынасын береді. Бұл арқылы тексеріп отыратын адамның билігін, іскерлік жағынан, жалпы ақыл-ойының даму дәрежесін психикалық процестердей сапаларын қатынасын анықтау үшін мамандыққа деген қабілетін арнау үшін жүргізуге болады. Яғни мұнда белгілі жағдайды қатаң сақтай отырып, балаларға ұсынылатын арнайы есеп немесе бір топтама мазмұнды сұрақ белгілі біруақыт аралығында беріледі де, соған жауап алу жұмысы жүгізеді. Әр тапсырманы орындағаны үшін белгілі мөлшерде балды есептеп баға береді.
Байқау әдісі - белгілі бір жоспар бойынша жүйелі түрде біраз уақыт бойынша зерттеуші адамның іс-әрекетіне тікелей араласпай-ақ жүреді. Бақылауға алған адам ол туралы білмеуі керек. Егер де өзін зерттеп жүретін білсе адам өзінің қасиетін жасады. Байқаудың арнайы жоспары болады. Жоспар бақылаушылардың барысымен сәйкестігін салыстыру керек. Міндетті түрде байқау күнделікті жүргізеді. Байқау күнделігінде тек факторлар емес, болып жататын жағдайлардың бәрі тіркелеуі керек. Күнделікті жазылмаса фактілерді қорытындылап бағалауға және әр түрлі себепті ажыратуға болмайды. Бақылау әдісі арқылы жекелеген психологиялық қасиеттерді, ерік пен сезімді психологиялық жағдайды байқап көруге болады.
Әңгімелесу - педагогикалық психологияда (және педагогикалық тәжірибеде) адам туралы онымен қарым-қатынас жасау, оның мақсатты бағытталғын сұрақтарға жауаптарының нәтижесінде мәліметтер (ақпараттар) алудың эмпирикалық әдісі. Жүргізуші оның мақсаты туралы зерттелінушіге айтпайды. Жауаптар (мүмкіндігінше әңгімелесушілердің назарын аудармай) дыбыс таспасына жазу, немесе тез жазып отыру, стенография арқылы тіркеліп отырады. Әңгімелесу - адамды зерттеудің дербес әдісі, сонымен қатар көмекші әдіс, мысалы эксперимент пен терапияның алдын-алушы әдіс бола алады.
Сұхбат - әңгімелесудің ерекше түрі ретінде, ол туралы хабардар, сұхбат алынып отырған адам туралы ақпарат алу үшін ғана емес басқа да адамдар, оқиғалар және т.б. туралы мәліметтер алу үшін қолданылады.
Әңгімелесу, сұхбат барысында сараптамалық баға берілуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет