Р. Б. Доскалиева


Б.Г.Ананьев Г.Д.Пирьовтың



Pdf көрінісі
бет40/114
Дата02.12.2022
өлшемі1.66 Mb.
#466315
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   114
Doskalieva R.B. Psihologiialyq diagnostika 2018

Б.Г.Ананьев Г.Д.Пирьовтың әдістер классификациясын 
сынай отырып, психологиялық зерттеу әдістерінің жүйесін былай 
топтастырады: 1) ұйымдастыру; 2) эмпирикалық; 3) мәліметтерді 
өңдеу; 4) интерпретациялық. 
1.Ұйымдастыру әдістері - салыстырмалы, кешендік 
лонгитюд 
2.Эмпирикалық әдістер- обсервациялық әдістер (бақылау 
және өзін-өзі бақылау), эксперимент (лабораториялық, далалық, 
табиғи және т.б.) психодиагностикалық әдіс, іс-әрекет 
нәтижелерін талдау (праксиометрлік әдістер), модельдеу және 
биографиялық әдістер жатады. 
3.Мәліметтерді 
өңдеу 
әдістері-математикалық-
статистикалық 
талдау 
және 
сапалық 
сипаттау.
4.Интерпретациялық әдістер-генетикалық (филогенетикалық, 
онтогенетикалық) 
және 
құрылымдық 
әдістер 
(классификациялық, типтік және т.б.) . 
М.С.Роговин мен Г.В.Залевский еңбектерінде жоғарыда 
аталған зерттеулерді қарастыра отырып, өздерінің жүйесін 
ұсынады. Бұл авторлардың көзқарастары бойынша әдіс – бұл 
таным үрдісі кезінде объект пен субъект арасындағы
қатынастардың көрінісі. Олар негізгі психологиялық әдістерді 
алты топқа бөлді: 
1.Герменевтивті-ой операциялары мен әдістер бөлінбеуі; 
2.Биографиялық-психиканың таным объектісінде тұтастығы; 
3.Бақылау-таным объектісі мен субъект дифференциациясы
4.Өзіндік клиникалық – сырттай бақылаудан ішкі механизмге
ауысуы; 
5.Өзіндік 
бақылау–дифференциация 
негізінде 
субъект 
объектіге ауысуы; 
6.Эксперимент – таным үрдісі кезінде субъекті мен объектіні тану. 
Психологтар тек эмпирикалық психологиялық әдістердің 
жіктелуіне ғана тоқталды, ол үшін олар модельдерді 
герменевтивтік әдістер қатарына қосуға бейім болды. Модель – 
субъектінің объектіге және өзіне деген рефлексивті қатынасы,
субъектінің рационалды қарама-қайшылығы. 


75 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет