42
тестирования" атты еңбегінің маңызы үлкен болды. Альфа
коэффициенті көмегімен тест сенімділігі
формуласын анықтады,
психологиялық өлшемдердің математикалық-сандық жағына көп
көңіл аударды және тұлға психологиясымен айналысты.
Психодиагностика тарихында американдық психологтар
еңбегі мен британдық психологтардың да өзіндік орны бар.
Мысалы,әлемге танымал
Векслер және Стэнфорд-Бине
шкалалары. Тест 2,5-17,5 жас аралығына арналған, интеллектінің
алты бағытын (ақпараттық үрдістердің жылдамдығы, ойлау, қиял
кеңістігі, перецептивті таңдау, қысқа мерзімде есте сақтау
білімді жаңғырту және қолдану) анықтайтын 23 шкаладан
тұрады. Әрбір шкала бірнеше
субшкаладан тұрады және
интеллектінің үш көрсеткішін сипаттайды-жалпы ІQ, визуалды
ІQ, вербалды ІQ. Бұл тестінің басқалардан ерекшелігі –түрлі
теорияларға негізделуі. Мысалы: бір субшкалалар Ж.Пиаже
теориясына
негізделсе, ендігісі Раштың латенттік сипат
теориясынан бастау алған.
1970 жыл негізінен бүкіл әлемде психодиагностика
дамуындағы компьютерлік кезең болып танылды.
XX ғасырдың 1980 жылдарында
тест қорытындыларына
күмән келтіретін пікірлер әлі бой көрсетіп жүрді. Осы кезеңдегі
психологтардың жетістіктерінің бірі -1982-1989 жылдар
аралығында қалыптасқан бес томдық "Успехи в
психологии
человеческого интеллекта" атты кітаптың шығуы. Оған
жетекшілік жасаған американ психологы
Роберт Стенберг.
Мұнда
интеллектінің
танымдық
әрекеттермен,
индивид
тәжірибесімен
және
мінез-құлқымен
байланыстылығы
көрсетіледі, интеллект моделі когнитивті сипатты қамтиды.
Жалпы 80-ші жылдар факторлық зерттеудің қайтадан дамып,
қалыптасу кезеңі болды.
XX ғасырдың тоқсаныншы
жылдары тестілердің басым
көпшілігі тұлға диагностикасына арналды. Тестердің жаңа
түрлері мен өңделген нұсқалары шықты.