ҚҰрамы павлодар Кереку 2010 Пікіржазғандар


Себептік байланыс және оның қылмыстық заңдағы



бет3/6
Дата10.06.2016
өлшемі466 Kb.
#126447
1   2   3   4   5   6

3.4 Себептік байланыс және оның қылмыстық заңдағы

маңызы

Материалдық қылмыс деп аталатын қылмысты жасағанда адамның іс-әрекеті (әрекетсіздігі) мен болған зиянды зардаптар арасында себептік байланыстың бар-жоктығы жайында сұрақ туады. Қазіргі қылмыстық заң, егер зиянды зардап адамның іс-әрекетімен (әрекетсіздігімен) себептік байланыста болса ғана сол зиянды зардапты адамға тануға болады деген пікірді қатаң ұстап отыр.

Себептік байланыс мөселесі қылмыстық заң теориясындағы ең күрделі және даулы мәселелердің бірі.

Себептік байланыстың нақты мәселелерін қылмыстық заңда кейбір ғалымдар философиялық санатқа жатқызып, табиғат құбылыстары мен қоғамдық өмір арасындағы бізден тысқарғы байланыс деп шешуде.

Субъектінің іс-әрекеті (әрекетсіздігі) мен одан келген зиянды зардап арасында себептік байланыстың бар екендігі көбіне күдік тудырмайды. Бірақ субъект қызметімен тікелей байланысты емес белгілі бір мәнжайлардан субъектінің мінез-құлқы мен келген зардап арасындағы себептілікті анықтау қиынға түссе, әрине, көптеген күдік туындайды. Мұндай жағдайларда нақты себептік-зардаптық қатынастарға мұқият талдау жасау қажет, көптеген объективтік байланыстардың ішінен біреуін — себептік байланысты бөліп алу керек.

Себептілік кұбылыстар арасындағы объективтік байланыстардың бір бөлігі ғана екендігін ескерсек, себептік байланыстың барлық затын зерттеудегі мақсат — себептік байланысты басқа объективтік тәуелділіктен ажырататын межені анықтау. Мәселенің басын ашқанда объективтік шындықтың құбылыстары арасындағы себептік-қажетті және себептік-кездейсоқ байланыстарды ажырату қажет.

Себептік байланыстың бар екендігі адамның сол әрекетінің қажетті зардаптарына қатысты ғана мойындалуға тиісті, бұл жерде әңгіме сол нақты жағдайда сол әрекетті жасағанда болуы тіптен мүмкін жөне туындауы заңды да зардаптар жайында. Адамның осы іс-әрекетінен туындайтын барлық кездейсоқ зардаптардың қылмыстық заң үшін құндылығы жоқ.

Себептік байланыс объективтік шындықта қаңдай болса, сол күйінде зерттеліп анықталады.

Адамның іс-әрекеті сыртқы дүниеге келген зардаппен байланыста болады, егер бүл зардап сол іс-әрекеттің нәтижесінде туындаса, мысалы, ауыр дене жарақатын салғандықтан жөбірленуші қаза тапса, сонымен қатар адамның іс-өрекеті ауыр зардаппен ерекше жағдайларда да, не жәбірленушінің немесе озбырлық жасалатын заттың ерекше қасиеттері немесе өрекеттің ерекше дамуы немесе қылмыс жасау жағдайының ерекшеліктері нәтижесінде де байланыста болады. Соттың ісі бұған мысал бола алады. Бес жасар қызының артынан таяқ алып қуып келе жатқан он үш жасар К-ні көріп, С. оны бірнеше рет басынан ұрып жібереді. Содан кейін К. кешке дейін сиыр бағады, табан асты халі нашарлап, төрт күннен кейін қайтыс болады. Бас сүйекті ашқанда анықталғаны — ұрғанның нөтижесінде бас сүйектің тігісі ажырап құлақ тұсындағы бұрынғы ісік қайта қозып ми қабаттарына тараған, өліміне сол себеп болған. Жәбірленушінің денсаулығының ерекшелігін ескеріп басқа тиген соққының өлімге себеп болғанын мойындау керек. К-нің өлімі С.-нің әрекетімен себептік байланыста. Бірақ, С. қылмыстық жауапқа тартыла алмайды, себебі қылмыстың субъективтік жағы жоқ — оның өлтіру ниеті болмаған және абайламай іс-әрекет жасаған. Іс-әрекет пен зиянды нәтиже арасындағы себептік байланыс тек нәтиже әрекеттен кейін болған жағдайда ғана мүмкін.

Егер зиянды нәтиже сол іс-әрекеттің заңды жалғасы болып келмесе, онда қылмыстың нәтижесі адам іс-әрекетінің кездейсоқ зардабы болып табылады. Мысалы, адамға жеңіл дене жарақаты салынады, ал ол жарақатты емдеу кезінде қанына тараған инфекциядан қайтыс болады. Бұл жағдайда адамның іс-әрекеті мен ауыр зардаптың арасында ішкі қажетті байланыс жоқ, тек таза сыртқы байланыс, жағдайдың кездейсоқ өрбуі бар.

Қылмыстың нақты құрамдарында объективтік жақтың нышаны ретінде қылмысты жасау тәсілін де жиі атайды. Мысалы, жасалу тәсілі бойынша заң шығарушы меншікке қолсұғуды өзара бөледі (ұрлық, тонау, қарақшылық, т.б.). Кейде, қылмысты жасаудың белгілі бір тәсілі, белгілі бір құралды немесе қаруды пайдалану жасалған қылмыстың ауырлығының дөлелі. ҚК-тің 187 бабының екінші бөлігінде қылмыстың сараланған құрамы ретінде өртеп немесе басқа қауіпті әдіспен бөтеннің мүлкін қасақана жою не бүлдіру қарастырылған. Қаруды немесе қару ретінде қолданылатын затты пайдаланып қарақшылық жасау сараланған құрам болып табылады, бұл іс-әрекет үшін ҚК-тің 179 бабының екінші бөлігінде жаза қарастырылған.

4 Қылмыстың субъективтік жағы
4.1 Қылмыстың субъективтік жағы ұғымы және оның маңызы

Қылмыстың субъективтік жағы дегеніміз — адамның өзі жасаған қылмыстық іс-әрекетке және оның зардабына психикалық қатынасы.

Сыртқы көріністі білдіретін қылмыстың объективтік жағына қарағанда субъективтік жақ қылмыстың ішкі мәнін білдіреді. Сонымен қатар қылмыстың объективтік және субъективтік жақтары өзара тығыз байланыста, олар қандай да бір тұтастық құрайды. Сондықтан да қылмыстың субъективтік жағын зерттеу қылмыстың тиісті құрамының объективтік жағына талдау жасау арқылы жүргізіледі.

Субъективтік жағына мыналар жатады: кіне, қылмыс жасаудағы себеп және мақсат.

Бұл нышандардың барлығы өз жиынтығында қылмыс жасаған адамның психикасында пайда болатын ішкі процесті сипаттайды, адамның санасы мен еркінің жасалған әрекетпен байланысын бейнелейді.

Бұл нышандардың әрқайсысының маңызы әртүрлі.

Кінә — қылмыстың кез келген құрамының субъективтік жағының міндетті нышаны. Кінәсіз қьшмыстың құрамы да болмайды, яғни қылмыстық жауаптылық жоқ.

Қылмыс жасаудағы себеп пен мақсаттың кінәдан айырмашылығы, олар бір құрамдар үшін міндетті болып табылса, екіншілер үшін — субъективтік жақтың факультативтік нышаны болады.

Қылмыстың субъективтік жақтарын — кінәнің, қылмыс жасаудағы себеп пен мақсат нысандарын дұрыс анықтаудың маңызы зор; ол қылмыстық іс-өрекетті қылмыстық еместен айырып алуға, қылмысты дәл саралауға, объективтік жағынан өте ұқсас құрамдарды бірінен-бірін ажыратуға, қылмыстық әрекет жасаған адамның қауіптілік дәрежесін анықтауға, жазаны жеке даралауға мүмкіндік береді.

Қылмыстың субъективтік жағының нышандары қылмыстық занда әрқалай ашылған.

Бұл нышандар, кей жағдайларда, заң мәтінінде тікелей көрсетіледі. Мысалы, ҚК-тің 103 бабында денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру тікелей көрсетілсе, ҚК-тің 188 бабында бөтеннің мүлкін жойып немесе бүлдіріп ірі залал келтіру абайламаулық деп сипатталады. ҚК-тің 314 бабында қызметтік жалғандықтың қажетті нышаны ретінде бас пайда және басқа жеке мүдделілік аталған.

Бірақ көп жағдайларда қылмыстың субъективтік жағын сипаттайтын нышандар заңда тікелей көрсетілмеген. Мұндай жағдайларда тиісті нышандарға заңда әртүрлі түсініктеме беріліп, объективтік нышандарға талдау жасау арқылы анықталады. Мысалы, ұрлықтың құрамын анықтағанда (ҚК-тің 175 бабы) заң бөтеннің мүлкін жасырын ұрлауды сөз қылады. Бұл әрекеттің сипатынан туындайтын тұжырым - ұрлық қасақана және бас пайда үшін жасалынады.

Қылмыстың субъективтік жағының мазмұнын мұқият зерттеу қажеттігі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумынъщ 1993 жылғы 24 маусымдағы «Жаза тағайындағанда соттардың заңдылықты сақтауы туралы» қаулысында көрсетілген: «Жасалған қылмыстың қоғамдық қауіптілік деңгейін анықтағанда сол нақты қылмыстық іс-әрекет жасалған барлық мән-жайлардың (кінәнің нысаны, қылмыс жасау себебі, әдісі, мән-жайы, кезеңі, келген зардаптың ауырлығы, әрбір қатысушының қылмысқа қатысу дәрежесі және сипаты, т.б. жиынтығына сүйену қажет».

Кінә ұғымы және кінәнің нысандары.

Қылмыстық заңның ең маңызды принципі - кінә болған жағдайда ғана жауаптылық белгілеу болып табылды.

Бұл принцип ҚК-тің 19 бабында анық тұжырымдалған. ҚК-тің 19 бабының бірінші бөлігіне сәйкес адам тек қоғамға қауіпті сол әрекеті (өрекетсіздігі) және содан келген қоғамға қауіпті зардап үшін ғана қылмыстық жауаптылық көтереді.

Адамға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келгенмен кінө дәлелденбесе, қылмыстық заң қылмыстық жауаптылықты болдырмайды.

ҚК-тің 19 бабының екінші бөлігінде объективті айыптауға, яғни кінәсіз зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылыққа жол берілмейді делінген.

Кінә - адамның саналы немесе абайсызда өзі жасаған қоғамға қауіпті әрекетіне және оның қоғамға қауіпті зардабына психикалық қатынасы.

Кінә әрқашанда саналы немесе абайсызда жасалған іс-әрекеттен туындайды.

ҚК-тің 19 бабының екінші бөлігіне сөйкес қасақана немесе абайсызда қылмыстық әрекет жасаған адам ғана қылмысқа кінәлі болып танылады делінген.

Қылмыс жасаудағы кінә — объективтік шындықтың фактісі. Субъектінің кінөсі туралы тұжырымды сот іс бойынша жинақталған барлық дәлелдер негізінде жасайды.

Егер қылмыстық занда көзделген қоғамға қауіпті іс-әрекет жасалынып, одан адамға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келсе немесе зиян келу қаупі туса ғана кінә жайында әңгіме қозғауға болады. Қылмыстық-заң ұғымы бойынша қылмыс жоқ жерде кінә де жоқ. Кінә — тек психологиялық қана емес, сонымен қатар әлеуметтік-саяси да ұғым.

Кінәнің психологиялық мазмұны сонда — адам өзі жасаған әрекеттің іс жүзінде болғандығын және оның зардабын ұғынады немесе ұғынуға мүмкіндік алады.

Кінәнің әлеуметтік-саяси мағынасы сонда — өз әрекетінің және оның зардабының әлеуметтік маңыздылығын, яғни олардың қоғамға қауіптілік сипатын ұғынады немесе ұғынуға мүмкіндік алады.

Қылмыс жасаған адамның саналы-ерікті психикалық жағдайы дегеніміз адамның санасы мен еркінің өзі жасаған, қылмыстық заңца көзделген, әрекетке және оның зардаптарына қатынасы. Сана (интеллектуалдық жағдай) мен еріктің (еріктік жағдай) өзара жиынтығы кінәнің мазмұнын құрайды. Сонымен кінә екі жағдаймен — интеллектуалдық және еріктік жағдайлармен сипатталады. Интеллектуалдық жөне еріктік жағдайлардың әртүрлі ара қатынасы кінәні нысандарға, ал нысанның ішінде түрлерге бөлуге негіз болады.

Қылмыстық заңда кінәнің екі негізгі нысаны көзделген — ниетпен және абайсызда жасау (ҚК-тің 20 және 21 баптары). Өз кезегінде қасақана ниет тікелей және жанама болып, ал абайсыздық менмендікке және немкұрайдылыққа бөлінеді. Занда кінәнің екі нысанымен жасалған қылмыс та қарастырылған (ҚК-тің 22 бабы).
4.2 Ниет және оның түрлері

Ниеттің мазмұны ҚК-тің 20 бабында ашылған: «Тікелей немесе жанама ниетпен жасалған әрекет қасақана жасалған қылмыс деп танылады» (ҚК-тің 20 бабының 1 бөлігі).

Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екендігін немесе болмай қоймайтыңдығын алдын ала білсе және осы зардаптардың болуын тілесе, қылмыс тікелей ниетпен жасалған қылмыс деп танылады (ҚК-тің 20 бабының 2 бөлігі).

Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамға қауіпті зардаптары болуы мүмкін екенін алдын ала білсе, осы зардаптардың болуын тілемесе де, оған саналы түрде жол берсе не бұған немқұрайды қараса, қылмыс жанама ниетпен жасалған деп танылады (ҚК-тің 20 бабының 3 бөлігі).

Өз іс-әрекетінің немесе әрекетсіздігінің қоғамға қауіптілік сипатын ұғыну және қоғамға қауіпті зардаптарды алдын ала білу санада жүріп жатқан процесс ретінде ниеттің интеллектуалдық жағдайын құрайды.

Өз іс-әрекетінің немесе әрекетсіздігінің қоғамға қауіптілік сипатын ұғыну ниеттің қажетті элементін құрайды, оның болмауы қасақана кінәні жоққа шығарады.

Өз іс-әрекетінің немесе әрекетсіздігінің қоғамға қауіптілік сипатын ғыну дегеніміз айыптының болған оқиғаны сырттай ғана емес, сонымен қатар өлеуметтік тұрғыдан ұғынуы, яғни өзінің іс-әрекетімен немесе өрекетсіздігімен қылмыстық заң қорғайтын қоғамдық қатынастарға келтірген немесе келтіруі мүмкін зиянды түсінуі.

Жасалған іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігін ұғыну қабілеті адамға өмір тәжірибесінен, білімнен, жалпы мәдениеттен, занды білетіндігінен, т.б. пайда болады. Мектептегі оқу, отбасының ықпалы, өндірістегі жұмыс, құқықтық насихат, әдебиет, өнер, баспасөз, т.б. қандай да бір әрекеттің адам, қоғам немесе мемлекет үшін қаншалықты зиянды екенін дұрыс ұғынуға көмектеседі.

Іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігін ұғынуды оның заңға қайшы екендігін, немесе ол әрекетке қылмыстық занда тыйым салынғандығын ұғынумен теңестіруге болмайды.

Қасақана кінө үшін жасалған іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігін ұғыну қажет және айыптының өз әрекетінің заңға қайшы екендігін ұғынуының қажеті жоқ. Заң (ҚК-тің 20 бабы) заңға қайшылықты ұғынуды ниеттің қажетті нышаны ретінде қарастырмайды.

Өзінің интеллектуалдық жағдайын сипаттайтын ниетінің нышаны ретінде өз іс-әрекетінің қоғамға қауіпті зардабын адамның алдын ала білуі дегеніміз оның қылмыстық заң қорғайтын қоғамдық қатынастарға өз іс-әрекетінің қаншалықты зиян келтіретінін оймен болжауы.

Қоғамға қауіпті зардаптарды адамның алдын ала білуі дегеніміз болған зардаптардың нақты нышандарын алдын ала білу ғана емес, олардың әлеуметтік маңыздылығын, яғни адамға, қоғамға және мемлекетке зияндығын да түсіну.

Қоғамға қауіпті зардаптарды алдын ала білу дегеніміз болмай қоймайтын зардаптарды ғана емес, болуы мүмкін зардаптарды да алдын ала білу. Мысалы, бір адамды тақап тұрып атқаңда ол адамның қалайда өлетіндігін айыпкер біледі. Егер ол басқа бір адамды едөуір қашықтықта тұрып атса, айыпкер оның өлуі мүмкін екендігін ғана болжайды.

Жасайтын әрекеттердің нақты жақтарын ұғыну жөне алдын ала білу дегеніміз осы қылмысқа байланысты барлық мөн-жайларды емес, тек олардың заңдық мағынасы боларын ғана, яғни сол қылмыстың құрамының нышаны ретінде заңда көрсетілген барлық мән-жайларды ұғыну. Сол қылмыс құрамының барлық объективтік нышандарын — объектінің сипатын, сондай-ақ сол қылмыстың құрамының объективтік жақтарын құрайтын барлық нақты мөн-жайларды айыпкер ұғынып, алдын ала білуі керек. Қылмыс субъектісінің айрықша қасиеті занда арнайы көрсетілген болса, айыпкер бұл мән-жайларды да ұғынуы тиіс.Қылмыстың материалдық құрамында өз іс-әрекетінің немесе әрекетсіздігінің қогамға қауіптілік сипатын ұғыну ғана емес, сондай-ақ оның қоғамға қауіптілік зардабын, жасалған қылмыс пен оның зардаптарының арасындағы себептік байланысты да алдын ала білу де ниетке кіргізілген.

Ниетке сол қылмыс құрамының қажетті нышаны ретінде заңда қарастырылған қоғамға қауіпті зардаптарды ғана алдын ала білу кіргізілген.

Ниеттің болуы үшін айыпкердің жасалған іс-әрекет пен жалпылай алынған зардаптың арасындағы себептік байланыстың дамуын алдын ала білу жеткілікті. Себепті байланыстың дамуын айыпкердің тәптіштеп білуі қажет емес. Мысалы, қасақана өлтіргенде жәбірленушіні атқан адам оның жүрек жарақатынан өлетіндігін алдын ала біледі, ал іс жүзінде ол басқа органның жарақаттануынан өледі.

ҚК-тің 20 бабында ниетке анықтама материалдық құрамы бар қылмыстарға қатысты берілген.

Формальды құрамдарда ниеттің мазмұнына тек жасайтын әрекеттің немесе әрекетсіздіктің қоғамға қауіптілігін ұғыну ғана кіргізілген, олар сол қьглмыстың құрамының объективтік жағына жатады, себебі бұл қылмыстарда зардап құрамының қажетті нышаны болып табылмайды.

Қоғамға қауіпті зардаптардың болуын тілеу немесе оған саналы түрде жол беру, не оларға немқұрайды қарау психикалық қызметтің еріктік жағын сипаттайды және ниеттің еріктік жағын кұрайды.

Интеллектуалдық және еріктік жағдайлардың мазмұны бойынша ниет тікелей және жанама болып бөлінеді.

Тікелей ниетте адам өз іс-әрекетінің немесе әрекетсіздігінің қоғамдық қауіптілігін ұғынады, қоғамдық қауіпті зардаптардың болмай қоймайтындығын немесе болуы мүмкін екендігін алдын ала біледі және оның болуын тілейді.

Тікелей ниеттің интеллектуалдық жағдайы жасайтын іс-әрекеттің немесе әрекетсіздіктің қоғамдық қауіптілігін ұғынуды, сондай-ақ қоғамдық қауіпті зардаптардың болмай қоймайтындығын немесе болуы мүмкін екендігін алдын ала білуді қамтиды.

Еріктік жағдай дегеніміз қоғамдық қауіпті зардаптардың болуын тілеу.

Тікелей ниетте қоғамдық қауіпті зардаптарды алдын ала білу сипаты екіжақты болуы мүмкін. Айыпкер тиісті қоғамдық қауіпті зардаптардың болмай қоймайтындығын да, болуы мүмкін екеңдігін де алдын ала біле алады.

Қоғамдық қауіпті зардаптардың болмай қалмайтындығын алдын ала білу дегеніміз айыпкер тілеген зардаптардың қалайда болуы, олардың болмауының мүмкін еместігі.

Тікелей ниетте қоғамдық қауіпті қылмыстардың болуын тілеу әртүрлі нысанда көрініс табады:

а) қоғамдық қауіпті зардап айыпкердің іс-әрекетінің ақырғы мақсаты болуы мүмкін немесе б) қоғамдық қауіпті зардап айыпкер үшін ақырғы мақсатқа жету жолындағы аралықтағы мақсат болуы мүмкін, не в) зиянды зардап айыпкердің ақырғы мақсатқа жетудегі белгілі бір кезеңі болуы мүмкін.

Д.-ның ісі тікелей ниетпен жасалған қылмыстың мысалы бола алады. Д.-ның өкесі мен көрші тұратын А. арасында тұрмыстық себептермен араздық пайда болады. Кезекті дауласу кезінде Д.-ның әкесі инфаркттен қайтыс болады. Марқұмның балалары мен туыстары әкелерінің өлімін А.-дан көріп, оны өлтірмекші болады. Бұлардың қоқан-лоққысынан

қорыққан А. өзінің туысының үйіне көшіп кетеді. А.-ны асханада көрген Д. оны қуып жетіп балтаның жүзімен мойнына, басына алты рет ұрады, алған жарақаттан А. сол жерде қайтыс болады. Бұл тікелей ниетпен жасалған қылмыс екені анық. Д. өз әрекетінің қоғамдық қауіпті сипатын түсінген, А.-ның өлетінін де алдын ала білді, соны тіледі.

Қылмыстың материалдық құрамдарында тікелей ниеттің мазмұнына сол қылмыс құрамының қажетті нышаны ретінде көзделген зиянды зардаптардың ғана болуын тілеу кіреді.

Салдар құрамның міндетті нышаны болып келмейтін формальды құрамда тікелей ниеттің мазмұнына тек заң диспозициясында көрсетілген қоғамдық қауіпті әрекеттің немесе әрекетсіздіктің болуын тілеу кіреді.

Формальды құрамдарда зияңды салдарларды алдын ала білу жағдайы болмайды.

Тікелей ниетте қоғамдық қауіпті өрекеттің немесе әрекетсіздіктің болуын тілеу және зиянды салдарлардың болуын тілеу әртүрлі себептерге байланысты және олардан тиісті бір мақсат туындайды.

Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуы мүмкін екенін алдын ала білсе, осы зардаптардың болуын тілемесе де, оған


саналы түрде жол берсе не бұған немқұрайды қараса, қылмыс жанама ниетпен жасалған деп танылады (ҚК-тің 20 бабының 3 бөлігі).

Интеллектуалдық жағдайдың нышаны ретінде өзінің іс-әрекетінің немесе әрекетсіздігінің қоғамға қауіптілігін ұғыну тікелей және жанама ниеттерінде біріне-бірі дәл келеді.

Жанама ниеттегі қоғамдық қауіпті зардаптарды алдын ала білу тікелей ниеттегі алдын ала білуден бөлекше.

Тікелей ниетте адам қоғамға қауіпті зардаптардың болуы мүмкін екендігін де жөне болмай қоймайтындығын да алдын ала біледі.

Жанама ниетте адам қоғамға қауіпті зардаптардың тек болуы мүмкін екендігін ғана алдын ала біледі.

Сонымен, жанама ниеттің интеллектуалдық жағдайына өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамдық қауіптілігін адамның үғынуы және қоғамға қауіпті зардаптардың болуы мүмкін екендігін алдын ала білуі кіреді.

Жанама ниет тікелей ниеттен қоғамға қауіпті зардаптардың болатындығын алдын ала білу сипатымен ғана емес, негізінен, еріктік жағдай бойынша бөлектенеді. Тікелей ниетте адам қоғамға қауіпті зардаптардың болуын тілейді. Ал жанама ниетте ол бүл зардаптардың болуын тілемейді, бірақ оларға саналы түрде жол береді не бұған немқұрайды қарайды.

Зиянды зардаптарға саналы түрде жол беру дегеніміз — айыпкер олардың болуының нақты мүмқін екендігін алдын ала біледі жөне оларды тойтаруға әрекет жасамайды.

Қоғамға қауіпті зардаптардың болуына немқұрайды қарау дегеніміз — көрсетілген зардаптардың болуына айыпкердің толық бейқамдық танытуы, өзімшілдігі, мейірімсіздігі. А., мас күйінде темір жолдың үстінде Р. деген қызды кездестіреді, оны тоқтату үшін Р.-ға қарай бұзақылық пиғылмен автоматтан бірнеше рет атады, нөтижесінде Р.-дің іші, қолы жарақаттанады.

Р.-дің жағына қарай атқанда А. оны өлтіргісі де, жарақаттағысы да келген жоқ, бірақ ондай болуы мүмкін екендігін ұғынды. А. өрекетті жанама ниетпен жасады.

Жанама ниетте қылмыс құрамына кіретін қоғамдық қауіпті зардаптар айыпкердің іс-әрекетіңдегі ақырғы да, орта жолдағы да мақсат емес, қандай да бір мақсатқа жетудегі құрал да емес. Олар айыпкердің қандай да бір қылмыстық немесе қылмыстық емес мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған, айыпкердің іс-әрекетінің қосымша нәтижесі.

Жанама ниетпен жасалған қылмыстардағы қоғамдық қауіпті зардаптар айыпкердің іс-әрекетінің себептерінен туындамайды, олардың оған қажеті жоқ. Алға қойылған нақты мақсатқа жету үшін адам сол қосымша нәтиженің болуы мүмкін екендігіне келіседі. Жанама ниетпен қылмыс жасау тікелей ниетпен жүзеге асырылатын басқа қылмысты жасаумен ұштасуы мүмкін.

Жанама ниеттің ерекшелігі сонда, ол формальды кұрамы бар қылмыстарда бола алмайды. Мысалы, қаруды заңсыз жасау (ҚК-тің 252 бабы), өкімет өкілін қорлау (ҚК-тің 320 бабы) сияқты қылмыстарды жасағанда жанама ниеттің болуы мүмкін емес.

Формальды қылмыстардың объективтік жақтары заң диспозициясында көрсетілген қоғамға қауіпті іс-әрекеттен немесе әрекетсіздіктен ғана тұрады және қылмыстың құрамына белгілі бір қоғамға қауіпті зардаптардың болуы кірмейді. Құрамы формальды қылмыстардағы адам еркі сол іс-әрекеттің өзіне бағытталған және ол тек тікелей ниет нысанында болуы мүмкін.

Қылмысқа оқталғанда және қылмысқа дайындалғанда, құрамында арнаулы мақсат бар қылмыстарда жанама ниеттің болуы мүмкін емес. Қылмысты қатысып жасаған кейбір жағдайларда да жанама ниет болмайды.

Тікелей және жанама ниеттерді дәл ажыратып алудың қылмысты дұрыс саралаудағы маңызы зор.

Қасақана қылмыстардың көпшілігі тек тікелей ниетпен жасалынады, мысалы, ұрлау, тонау, қарақшылық және басқа көптеген қылмыстар.

Жанама ниетті дұрыс анықтау, сонымен қатар, жанама ниетті қылмыстық менмендік нысанындағы абайламаушылықтан ажырату үшін қажет.

Ниетті жанама және тікелей деп бөлу бірқатар қылмыстық заң 'институттары үшін де маңызды.

ҚК-тің 20 бабы ниеттің екі түріне ғана — тікелей және жанама түрлеріне ғана анықтама береді.

Қылмыстық заң теориясы мен сот практикасы ниетті басқа түрлерге де бөледі.

Қалыптасқан уақытына қарай ниет алдын ала ойластырылған және кенет пайда болған болып бөлінеді.

Алдын ала ойластырылған ниеттің ерекшелігі — қылмыстық пиғыл туындағаннан бастап оны жүзеге асыруға дейінгі аралықта біршама уақыт болады. Осы уақыт ішінде айыпкер қылмысты жасау жоспарын ойластырады, озбырлық жасайтын объектісін, қылмыс затын, әрекет жасау тәсілін тандайды, т.б.

Алдын ала ойластырылған ниетпен қылмыс жасаған адам, кейбір жағдайларда, сондай қылмысты кенет пайда болған ниетпен жасаған адамнан қауіптірек.

Кенет пайда болған ниетте қылмыс жасау ниеті табан асты туындайды жөне ол тез арада орындалады.

Кенет пайда болған ниеттің басқа бір түрі — күйзелісген ниет, бұл жағдайда ниет кенет пайда болған қатты жан күйзелісі (аффект) жағдайында туындайды жөне жүзеге асырылады. Мысалы, КК-тің 98 бабы кенет пайда болған қатты жан күйзелісі жағдайында жасалған адам өлтірудің ерекше құрамын қарастырады, және ҚК-тің 108 бабында кенет пайда болған қатты жан күйзелісі жағдайында денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру және денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру құрамы көзделген.

Айыпкердің өзі жасаған іс-әрекетінің қоғамға қауіпті зардаптарын дөл алдын ала білуіне байланысты ниет, сонымен қатар, анықталған (нақтыланған) жөне анықталмаған (нақтыланбаған) болып бөлінеді.

Анықталған ниетте айыпкер нақты, дәл анықталған қоғамға қауіпті зардаптардың болатынын алдын ала біледі.

Анықталған ниет жай немесе балама болуы мүмкін.

Жай анықталған ниетте айыпкер өзі жасаған іс-әрекеттің нәтижесінде бір дэл анықталған қоғамға қауіпті зардаптың болатындығын алдын ала біледі (мысалы, жәбірленушінің қаза табатындығын).

Балама анықталған ниетте айыпкер екі немесе одан көп нақты анықталған қоғамға қауіпті зардаптардың болуы мүмкін екендігін алдын ала біледі (мысалы, жәбірленушінің өлетінін немесе ауыр дене жарақатын алатынын). Айыпкерге бұл жағдайда іс жүзінде болған нәтиже бойынша айып тағылады.

Анықталмаған ниетте айыпкер қоғамға қауіпті зардаптардың болатынын алдын ала біледі, бірақ оларды нақтыламайды, зардаптардың қандай болатынын дәл біле алмайды. Анықталмаған ниетте айыпкер іс жүзінде орын алған зардаптар үшін жауапталады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет