ҚҰран кәрім хикаялары



Pdf көрінісі
бет24/102
Дата09.08.2022
өлшемі0.91 Mb.
#459911
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   102
Хикаялар

Мүсіндерді талқандау 
Ибраһим пұттардың пайда бере алмайтындығына кәпірлердің көзiн 
жеткiзу үшiн айла ойлады. Бір жолы ол пұттар тұрған ғибадатханаға барды. 
Ғибадатханада ешкiм жоқ еді. Қауым адамдары белгіленген бір күні қала 
сыртында сауық құрып, той тойлайтын. Олар пұттарға үнемі тамақ әкеліп 
қоятын. Ибраһим ғибадатханаға кірген бойда: «Жемейсiңдер ме? Сендерге 
не болған, сөйлемей тұрсыңдар ғой?» – деп пұттарды келемеждей бастады. 
Сосын балта алып пұттарды қиратуға кірісті. Тек қана iштерiндегi үлкендеу 
бiреуiн қалдырып, оның мойнына балтаны iлдi де, өзi шығып кеттi. Адамдар 
ғибадатханаға келiп, бұл жағдайды көрiп: «Бiздiң тәңiрлерiмiзге мұны кiм 
жасады?» – деп таң қалысты. Олардың бiрi: «Ибраһим есiмдi бiр жiгiттiң 
бұлар туралы сөз қозғап жүргенiн естiген едiк», – дедi. Олар сонда: «Иә, иә, 
бiлдiк. Ендеше, мұны жасаған сол. Қане, кеттiк. Бұл қылмысы үшiн оны 
жазалаймыз», – деп өре түрегелдi. 
Олар Ибраһимдi ұстап, жиналған пұтқа табынушылардың ортасына алып 
келдi. Ибраһим бұған қатты қуанды. Өйткенi бұл жиналған адамдарға 
насихат айтып қалуға мүмкiндiк туғызған, қолайлы да ыңғайлы сәт едi. 
Адамдар күл-талқан болып, боршаланып жатқан тастардан жасалған 
пұттарын нұсқап, Ибраһимдi жауапқа тартты. Олар: «Ей, Ибраһим! Бiздiң 
тәңiрлерiмiзге бұл iстi сен жасадың ба?» – деп сұрады. Сонда Ибраһим: 
«Бәлкiм, мынау үлкендерi жасаған шығар… Егер олар сөйлейтiн болса, 
өздерiнен сұраңдар», – деп жауап қайтарды. Олар бiр-бiрлерiне сұраулы 
жүзбен қарап, тосылып қалды. Сосын: «Олардың сөйлей алмайтындығын 
бiлесiң ғой», – дестi. Мiнеки, олар бір сәт өздерiнiң жеңiлгендiктерiн өздері 
дәлелдеп бердi. Олар өздерінің шындықты жоққа шығарудағы 


30 
дәрменсіздіктерін байқады. Сөйтіп, олар пұттардың сөйлей алмайтындығын 
әрi бiрде-бiр iстi атқара алмайтындығын мойындады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет