ҚҰран кәрім хикаялары



Pdf көрінісі
бет55/102
Дата09.08.2022
өлшемі0.91 Mb.
#459911
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   102
Хикаялар

Жаңадан иманға келгендер 
Мұса қауымына оралып, олардың iстеп жатқан бұзықтықтарын көрдi. 
Самириге келiп: «Ей, Самири! Не iстеп жатырсың?» – деп сұрады. Самири: 
«Мен оларға бұзау жасап бердiм», – деп жауап бердi. Сосын Мұса 
қауымынан: «Не iстеп жатырсыңдар?» – деп сұрады. Олар: «Самиридің 
жолына ерiп, оның бұзауына сиындық», – дестi. Мұса өзi жоқта болған iстiң 
сырын түсіндi. Қауымның көпшiлiгi иманға келгендерiнен кейiн де, кәпiр 
болып кеткен едi. Бұл – таңғаларлық iс емес. Өйткенi Перғауынның 
заманында ұзақ уақыт бойы олардың жүректерiн адасушылық билеп, олар 
серiк қосу iсiне әдеттенiп кеткен болатын. Олардың жүректерiне иман әлi де 
мықты орнықпаған. Самириден бұрын Перғауын олардың санасын әбден 
уландырған-ды. 
Мұса оларға: «Аллаһтан кешiрiм сұраңдар», – дедi. Олар: «Иә, егер 
Раббымыз бiздi мейiрiмiне алып, жарылқамаса, зиян көрген боламыз», – 
дестi. Мұса оларға сөзiн жалғастырып: «Расында, сендер бұзауға сиынып, 
өздерiңе-өздерiң зұлымдық жасадыңдар», – дедi. Олар: «Енді не iстейiк?» – 
деп сұрады. Мұса: «Аллаһқа бет бұрыңдар. Тәубеге келiңдер. Жүректерiңдi 
күпiрлiк, серiк қосу iстерiнен тазалаңдар. Қайтадан Аллаһқа иман келтiрiп, 
мұндай қорлық, серiк қосу iсiне бұдан былай оралмауға сөз берiңдер», – 
дедi. Сонымен, Аллаһ тағала олардың тәубелерiн қабылдады. Расында, Ол – 
тәубелердi қабыл Етушi әрi Мейiрiмдi. Ал Самири бастаған бір топ тәубеге 
келмей, Перғауын секiлдi күпiрлiктерiне берiк болды. Оның бұзауын Мұса 
өртеп, теңiзге лақтырып тастады. 
Соғыспаймыз 
Кейiн Аллаһ тағала Мұсаға: «Қауымыңды алып, киелi жер – Иерусалимге 
барып тұрыңдар», – деп әмiр еттi. Мұса қауымына Аллаһ тағаланың 
бұйрығын жеткiзiп, Аллаһ олардың Иерусалимдегі кәпiрлердi шығарып, 
олардың орнына орналасуларын қалайтындығын айтты. Бұған қауым 
келіспей: «Ей, Мұса! Ол жерде өте күштi, зорлықшыл қауымдар бар. Олар 
Иерусалимнен шықпайынша, бiз мүлде кiрмеймiз. Егер олар шықса, бiз 
сосын кiретiн боламыз», – деп қарсылықтарын бiлдiрдi. Олар тағы да 
бұйрықты тыңдамастан тартыса бастады. Аллаһ тағаланың әмiрiне қарсы 
шығып, көнбейтiндiктерiн қайталап: «Ей, Мұса! Олар сонда болса, бiз мүлде 
бармаймыз. Сен Раббыңмен бірге барып, олармен соғысыңдар. Бiз осында 
отыра тұрайық», – дестi.
Аллаһ тағала оларды осы қылмыстары үшiн жазалап, қырық жыл 
сахарада адасып, сенделiп жүретiн халге ұшыратты.


72 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет