да түгел, кемшiлiксiз жемiстерiн бердi. Олардың ортасынан өзен
ағыздық. Ол кiсiнiң басқа кiрiсi де бар едi. Сонда ол серiгiне мақтанып:
«Менiң мал-дүнием сенiкiнен көбiрек. Әрi бас жағынан да үстеммiн», –
дедi. Ол күпiрлiк пен өзiне зұлымдық қылған түрде бақшасына кiрдi де:
«Тiптi мұны жоқ болады деп ойламаймын, – дедi. – Және Қияметтi де
болмайды деп ойлаймын. Егер (Қиямет болып, қайта тiрiлiп), Раббыма
қайтарылсам, әлбетте, бұдан да жақсы орын табамын». Серiгi оған
сөйлеп: «Сенi топырақтан, содан кейiн бiр тамшы судан жаратып,
сосын ержеткізіп, адам еткен Аллаһқа кәпiр болдың ба? – дедi. – Ал мен
«Ол Аллаһ – менiң Раббым» деймiн. Және Раббыма ешбiреудi серiк
етпеймiн. Сен бақшаңа кiргенiңде: «Бұл – Аллаһтың қалауы, Аллаһтан
басқа ешбiр күш-қуат жоқ», – десеңшi. Егер сен менi мал-дүние, бала-
шаға жағынан өзiңнен кем деп бiлсең, Раббым маған сенiң бақшаңнан
жақсырағын берiп, сенiң бақшаңа аспаннан апат жiберiп, ол теп-тегiс
жерге айналып қалуы мүмкін. Әлде оның суы тартылып, сен оны iздеп
те таба алмассың. Шыныменен, оның бақшасы жойылды. Ол босап
қалған ағаштарды көрiп, оларға жұмсаған қаржысын ойлап, алақанын
ысқылап: «Әттең, Раббыма ешбiреудi серiк қоспағанымда ғой», – дедi.
Оған Аллаһтан өзге жәрдем беретiн бiрде-бiр жамағат жоқ. Сондай-ақ
ол өзiн де құтқара алмады. «Сол жердің иелiгі шынайы Аллаһқа ғана
тән. Ол сыйлық беру жағынан жақсы әрi нәтиже жағынан да қайырлы»
(«Кәһф» сүресі, 32-44-аяттар)
.
Аллаһ тағаланың нығметтерiн қадiрлеу керек! Аллаһ тағала тек қана
байлыққа ие болу үшiн әрекет жасайтындарды ұнатпайды. Аллаһ тағала
пенделерінің мал-дүниені нығмет етiп берген Өзiне ғана ғибадат жасағанын
қалайды. Егер мал-дүние адалдықпен келіп, игiлiктi iстерге ғана
жұмсалатын болса, бұл шүкiрлiк етудiң ең жоғарғы көрінісі болмақ. Ал
дүниесiн арам жолмен тауып, арам iстерге жұмсайтын кiсiнiң ақыр соңында
өкiнерi сөзсiз.
101
Уа, Аллаһ! Иманымызды берiк етiп, біздерге иман жолынан адаспауды
нәсiп ет! Әлемдердiң Раббысы Аллаһқа мадақ!
102
Достарыңызбен бөлісу: |