Республиканское государственное учреждение «национальный банк республики казахстан»


Анықтамалық –біркелкі кредиттердің портфелі



бет16/18
Дата30.05.2016
өлшемі1.28 Mb.
#102771
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

5.12. Анықтамалық –біркелкі кредиттердің портфелі

5.12.1. Қолданылу саласы

Осы анықтамалық уәкілетті органдардың талаптары бойынша және қаржы есептілігінің халықаралық стандарттарының талаптары бойынша банктердің біртекті кредиттердің портфельне енгізілген кредиттердің тізбесін белгілейді.

Уәкілетті органның талаптары бойынша біркелкі жинақталатын кредиттерге банктің ішкі кредиттік саясатында айқындалған талаптарда берілген кредиттер жатады, бұл ретте әрбір кредиттің шамасы жиынтығында бір қарыз алушыға (негізгі борыш қалдығының мөлшері жиынтығында бір қарыз алушыға тәуекелді бағалау күнге) банктер үшін пруденциалдық нормативтерді есептеу әдістемесі бойынша уәкілетті органның талаптарына сәйкес есептелген банктің меншікті капиталының шамасынан 0,02 пайыздан аспайды.

Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптары бойынша біркелкі портфельдің анықтамасы банктің есеп саясатына және ішкі құжаттарына сәйкес анықталады.

5.12.2. Терминдер және анықтамалар

Осы анықтамалықта тиісті анықтамалары бар мынадай терминдер пайдаланылады.

Бірыңғай кредиттер портфелі – кредиттік тәуекелге ұқсас сипаттамасы бар және банктің басқарушы органы бекіткен банктің ішкі ережелеріне сәйкес келетін кредиттер тобы.

5.12.3. Жалпы ережелер

Кредиттік тарих субъектісі бірыңғай кредиттер портфеліне бір мезгілде енгізілу мүмкін.

Банк, банктік емес ұйым бірыңғай кредиттер портфеліне ие.

5.12.4. Анықтамалықтың құрылымы.

Анықтамалық – Бірыңғай кредиттер портфелі екі бөліктен тұрады:


  1. Уәкілетті органның критерийлеріне сәйкес топтастырылған бірыңғай кредиттер портфелі:

  2. Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарының критерийлеріне сәйкес топталған бірыңғай кредиттер портфелі:




р/с №

Бірыңғай портфель атауы

1




...




т.





6. Қарызға қызмет көрсету туралы ақпарат бойынша анықтамалықтар мен көрсеткіштер




6.1. Резиденттік, экономика секторы және валюта түрлері шеңберіндегі баланстық шоттар анықтамалығы


 

6.1.1. Қолдану аясы

Осы анықтамалық банктер және банктік емес ұйымдар көрсететін операцияларды, клиенттің шарт талаптарынан туындайтын кредиттік тәуекелдерін алып жүретін шоттар тізбесін анықтайды.

Анықтамалықтың талаптары барлық қарыздар түрлері мен шартты міндеттемелер үшін міндетті болып табылады.

6.1.2. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сілтемелер

Осы анықтамалықта мынадай Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сілтемелер пайдаланылған:

- «Екінші деңгейдегі банктердің баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар туралы есепті ұсыну нысандары мен мерзімдерін бекіту туралы» ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 25 маусымдағы № 224 қаулысы;

- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы 22 қыркүйектегі № 79 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы нарығының жекелеген субъектілері үшін бухгалтерлік есеп шоттарының Үлгі жоспары;

- «Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Даму Банкінің және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржы секторының шолуын қалыптастыру үшін мәліметтерді ұсыну жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2010 жылғы 27 желтоқсандағы №105 қаулысы (бұдан әрі – № 105 қаулы);

- «Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысы;

- (IAS) 39 «Қаржы құралдары: тану және өлшем» (бұдан әрі – ҚҰХС 39) қаржылық есеп берудің халықаралық стандарты.

6.1.3. Терминдер және анықтаулар

Осы анықтамалықта тиісті анықтаулары бар мынадай терминдер қолданылады:

6.1.3.1. Шоттардың Үлгі Жоспары - екінші деңгейдегі банктерде, «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамындағы және ипотекалық ұйымдардағы бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есебінің шоттар жоспары - бухгалтерлік есептегі қаржылық-шаруашылық операцияларды топтастырудың сыныптарға бөлу схемасын білдіреді.

6.1.3.2. Негізгі борыш - қарыз алушының кредиторға кредит берудің белгілі кезеңіндегі сәттерінде пайыздарды, шартты міндеттемелерді ескермей төлеуге жататын өтелмеген борыш сомасы.

6.1.3.3. Қарыз бойынша сыйақы – банкке тиесілі ақшаның жылдық мөлшерінде есеп айырысу сомасында пайыздық көрсетіліммен анықталған не исламдық банк коммерциялық кредит беру кезінде тауарға үстеме баға түрінде берілген кредит үшін төлем.

6.1.3.4. Резервтер (провизиялар) – нақты актив құнын жоғалту ықтималдығын тану, ал шартты міндеттеме жағдайында – банктің өз міндеттемелерін орындау мүмкіндіктерін немесе активтер (шартты міндеттемелер) жиынтығын жоғалту ықтималдығын тану.

Резервтер (провизиялар) уәкілетті органның талабы бойынша және қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарының талаптары бойынша қалыптасқан провизияларға бөлінеді.

Уәкілетті органның талаптары бойынша бірыңғай кредиттер портфеліне қалыптасқан резервтер (провизиялар) бірыңғай кредиттер портфеліндегі барлық сомада көрсетіледі.

Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарының талаптары бойынша бірыңғай кредиттер бойынша қалыптасқан резервтер (провизиялар) бірыңғай кредиттердің барлық портфель сомасы бойынша көрсетіледі.

Резервтер (провизиялар) абсолютті мәнде көрсетіледі.

6.1.3.5. Кредитті өтеу – қарыз алушының қарыз сомасын және ол бойынша сыйақыны (исламдық коммерциялық қарыздар бойынша құнды өсіру) қайтаруы.

6.1.3.6. Дисконт – қаржы активінің(міндеттемесінің) бастапқы құнының (есептелген сыйақыны ескермей) және инвестор (сатып алушы) үшін алдағы кезеңдердің кірістерін тудыратын өтеу сомасының арасында туындайтын теріс айырма сомасы.

6.1.3.7. Сыйлықақы – қаржы активінің(міндеттемесінің) бастапқы құнының (есептелген сыйақыны ескермей) және инвестор (сатып алушы) үшін алдағы кезеңдердің шығыстарын тудыратын өтеу сомасының арасында туындайтын оң айырма сомасы.

6.1.3.8. Қарыздар көлеміндегі басқа да өзгерістер – институционалдық құрылымдар арасындағы операциялар да, қарыз құнын қайта бағалау да себеп болып табыла алмайтын бастапқы және қорытынды баланс арасындағы активтер мен пассивтердегі өзгерістер.

Олардың деректерді түзеткен кезде емес, активтер мен пассивтерді дұрыс жіктеген кезде пайда болған, осының алдындағы кезеңдерде, басында дұрыс көрсетілмеген қарыздар көлеміндегі басқа шоттағы өзгерістерді көрсету үшін пайдаланылатынын негізге алу керек.

Кредиторлардың үмітсіз борыштарды есептен шығаруына кредитордың біржақты тәртіпте борышты жоюы және осындай талап етуді кейіннен кредитор балансынан шығаруы кіреді. Бұл ретте, кредитор талабын және борышкер міндеттемесін жоюды ерікті түрде ұстап қалуды білдіретін борышқа кешірім жасау операция болып табылады және қарыздар көлеміндегі басқа өзгерістерге жатпайды. Борышты қайта ұйымдастыру сол сияқты операция болып табылады, сондықтан да ол қарыз көлеміндегі басқа өзгерістерге енгізілмеуі тиіс.

Секторлар жіктеліміндегі өзгерістер институционалды құрылымдардың қызмет түрлеріндегі, құрылымындағы және (немесе) құқықтық мәртебесіндегі өзгерістерді көрсетеді. Құрылымдағы өзгерістер мысалы, ұйымды басқа ұйым жұтып қойғандықтан, тәуелсіз заңды тұлға ретінде өмір сүруін тоқтатқан, немесе бірнеше институционалды құрылымдардың пайда болуына байланысты ол бөлінген жағдайда туындайды.

Қарыз жіктеліміндегі өзгерістер оның сипаттамасындағы немесе оны тағайындаудағы өзгерістер салдарларынан қарыздың басқа қаржы құралына қайта жіктелгенін көрсетеді. Мысалы, акциялардан басқа (нарықта айналысқа түсу сипатына ие болған несиелерге қатысты) бағалы қағаздар санатына есептелген несиені жіктеуді өзгерту. Осы жағдайда қарыз көлемі осы сомаға кемиді («Акциялардан басқа, бағалы қағаздар» көрсеткіші бойынша көрсетілетін болады), және осы соманы «Қарыз көлемі бойынша басқа өзгерістер» көрсеткіші бойынша көрсету қажет.

Қарыздар көлеміндегі өзге де өзгерістерге операция болып табылмайтын қаржылық активтер мен пассивтердің әртүрлі басқа да өзгерістері кіреді, олар құнды қайта бағалауға жатқызылмайды және олар жоғарыда аталған өзгерістер салдарынан туындамайды.

6.1.3.9. Қарызды теріс түзету – оның әділ құнының кемуі нәтижесінде туындаған қарыздың баланстық құнын теріс түзету сомасын есепке алу.

6.1.3.10. Қарызды оң түзету - оның әділ құнының өсуі нәтижесінде туындаған қарыздың баланстық құнын оң түзету сомасын есепке алу.

6.1.3.11. Есептелген сыйақы – белгілі бір кезең ішінде пайыздар түрінде алуға (төленуге) тиесілі кіріс сомасы.

6.1.3.12. Алдағы ақша ағынының дисконттық құны – ҚЕХС 39 дисконттау ставкасы бойынша (пайыздың бастапқы тиімді ставкасы – амортизацияланған құн немесе кірістіліктің ағымдағы нормасы бойынша ескерілетін осыған ұқсас қаржы активтері бойынша – өзіндік құны бойынша ескерілетін қаржы активтері және сату үшін қолда барлары бойынша) анықталған құнға келтірілген алдағы болжанып отырған ақша төлемдері немесе түсімдерді (сыйақы және негізгі борышты қайтару түріндегі төлемдер, кепілді алу және сату шығындарын шегеріп, төлеттіру нәтижесінде алу болжанып отырған ақша қаражаты және басқа сомалар) пайдалана отырып, құнға келтіру.

Портфельдік негіздегі қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарының талаптары бойынша есептелген алдағы ақша ағынының дисконтталған құны кредиттердің барлық портфелі сомасында көрсетіледі.

«Кредиттік тіркелім» ААШЖ бірыңғай кредиттер портфелі бойынша «болашақ ақша ағынының дисконтталған құны/ портфельдік негізде алу күтілетін құн» көрсеткіші бойынша толтыратын сома бірыңғай кредиттер портфелінің баланстық құны мен тиісті резервтер (провизиялар) арасындағы айырма ретінде анықталуы мүмкін.

6.1.3.13. Әділ құн – осы операция туралы жақсы хабардар, осындай операцияны жүргізуге ниеттенген тәуелсіз тараптардың операцияны жүргізуі кезінде актив айырбасталуы немесе міндеттеме орындалуы мүмкін сома.

6.1.3.14. Мерзімі өткен берешек шотына енгізу күні

Осы жолда, егер есепті кезең аралығында мерзімі өткен берешек өтелмеген болса, мерзімі өткен берешек шотына қарызды енгізудің (ШМ) бастапқы күні көрсетіледі.

«Мерзімі өткен берешек шоты: негізгі борышты енгізу күні» көрсеткішін ұсыну кезінде «Негізгі борыш қалдығы (шарт бойынша теңгеде, валютада): мерзімі өткен берешек», «Негізгі борыш бойынша баланстық шот нөмірі: мерзімі өткен берешек» жолдарын толтыру міндетті.

«Мерзімі өткен берешек шотына енгізу күні: сыйақы» көрсеткішін ұсыну кезінде «Есептелген сыйақы қалдығы (шарт бойынша теңгеде, валютада): мерзімі өткен», «Сыйақы бойынша баланстық шот нөмірі: мерзімі өткен берешек» жолдарын толтыру міндетті.

Мерзімі өткен берешек ішінара өтелген жағдайда, сондай-ақ мерзімі өткен берешек шотына енгізудің бастапқы күні көрсетіледі.

6.1.3.15. Мерзімі өткен берешекті өтеу күні

Осы жолда қарыз бойынша мерзімі өткен берешекті өтеудің соңғы күні көрсетіледі.

Мерзімі өткен берешегі бар қарыздар бойынша ақпарат ұсыну үшін мынадай логиканы ұстану қажет:


  1. Егер қарыз мерзімі өткен берешекке, мысалы, 05.03.12 ж.қойылса, 01.04.12 ж. есепті күнге, «Мерзімі өткен берешек шотына шығару күні» жолына – 05.03.12 г. күні көрсетілуі тиіс.

  2. 01.05.12 ж. жағдай бойынша есепті күнге мынадай төлем, яғни мерзімі өткен берешек шотына 05.04.12 ж. төлем шығарылды, тиісінше «Мерзімі өткен берешек шотына шығару күні» жолына бірінші күн, яғни 05.03.12 ж. көрсетілуі тиіс.

  3. Мерзімі өткен берешек ішінара өтелгенде, кез-келген жағдайда бастапқы күн, яғни 05.03.12 ж. күн көрсетілуі тиіс.

  4. Егер 01.05.12 ж. жағдай бойынша есепті күнге алғашқы мерзімі өткен берешек 01.05.12 ж. дейін толық өтелген болса (мерзімі өткен берешек шотына 05.03.12 ж.қойылған болса), тиісінше, «Мерзімі өткен берешек шотына шығару күні» жолында өтелмеген немесе ішінара өтелген мерзімі өткен берешек күні (яғни 05.04.12 ж.) көрсетілуі тиіс.

 


Нұсқа

Есепті күн

01.04.12 жылға

01.05.12 жылға

1

05.03.2012ж. төлем мерзімі өткен берешек шотына шығарылған және өтелмеген немесе ішінара өтелген;

05.04.2012ж. келесі төлем мерзімі өткен берешек шотына шығарылған және өтелмеген немесе ішінара өтелген;



05.03.12ж. көрсетіледі

05.03.12ж.

көрсетіледі



2

05.03.2012ж. төлем мерзімі өткен берешек шотына шығарылған және есепті күнге дейін толық өтелген;

05.04.2012ж. келесі төлем мерзімі өткен берешек шотына шығарылған және өтелмеген немесе ішінара өтелген



көрсетілмейді, өйткені мерзімі өткен берешек 01.04.12ж. дейін өтелген

05.04.12ж. көрсетіледі, өйткені 1 мерзімі өткен берешек толық өтелген

6.1.3.16. «Кредиттік тіркелім» ААШЖ мақсатында кредиттік қарта бойынша қаражаттың артық шығыны сол кредиттік карта лимитінің игерілген бөлігіндегі қалдығы көрсетілген шотта көрсетіледі.

Кредиттік карта лимитінің (овердрафт) игерілмеген бөлігі бойынша қалыптасқан резервтер (провизиялар) екінші сыныпты тиісті баланстық шотта нұсқалу арқылы көрсетіледі.

Кредиттік карта лимитінің (овердрафт) игерілген бөлігі бойынша қалыптасқан резервтер (провизиялар) бірінші сыныпты тиісті баланстық шотта нұсқалу арқылы көрсетіледі.

Кредиттік желі бойынша толық ақпарат субъект блогы, шарт және кезең ішіндегі өзгерістер бойынша көрсетіледі. Кредиттік желі аясында барлық берілген қарыздар және шартты міндеттемелер толық көлемде ақпараттың барлық блоктары бойынша көрсетіледі.

6.1.3.17. «Кредиттік тіркелім» ААШЖ мақсатында форфейтинг бойынша дисконт (сыйлықақы) 1422 баланстық шотында көрсетіледі.

6.1.4. Анықтамалықтың құрылымы

Анықтамалық екі бөліктен тұрады:

- резиденттік, экономика секторы және валюта түрлері шеңберінде баланстық шоттар бойынша мәліметтер;

- атауы.


Банктер мен ипотекалық ұйымдардың баланстық шоттары мынадай цифрлық символдар жүйесін білдіреді: АААА Х У Z, онда:

АААА – шоттардың Үлгі жоспарының баланстық шотының нөмірі;

Х – валюталық заңнамаға сәйкес резиденттік белгісі («1» - Қазақстан Республикасының резиденті, «2» - Қазақстан Республикасының резиденті емес);

Y – «экономика секторы» анықтамалығына сәйкес экономика секторы);

Z – валюта түрі («1» – теңге, «2» – ЕАВ, «3» – ВБТ).

X, Y және Z символдарындағы мәліметтердің нөлдік белгісі осы позиция бойынша нақтылаудың жоқ екендігін көрсетеді.



  1. Банктер мен ипотекалық ұйымдар үшін баланстық шоттар анықтамалығы мынадай құрылымда ұсынылған:




Резиденттік, экономика секторы және валюта түрлері шеңберінде баланстық шоттар бойынша мәліметтер

Атауы

А

А

А

А

Х

У

Z







  1. Банктер мен ипотекалық ұйымдар үшін баланстан тыс шоттар анықтамалығы мынадай құрылымда ұсынылған:




Баланстан тыс шот

Атауы




















Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет