С. Б. Ержанова ҚазМемҚызпу профессоры, ф.ғ. д



Pdf көрінісі
бет84/114
Дата13.12.2022
өлшемі1.56 Mb.
#467171
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   114
Жанұзақова Құралай Темірбекқызы Әдебиеттануға кіріспе

Еуропа поэтикасы – жалпы алғанда, антикалық, риторикалық
поэзиялық шығармаларды талдау бағыты. 
Идиома - өзге тілдерге аударуға келмейтін, тура аударылса ұтымды, 
әсерлі болмайтын, құрылысы жағынан тек ана тіліне тән сөз тіркесі. 
Идиллия – грек тілінен енген сөз – ықшамды өлең деген мағынаны 
береді. Қарапайым еңбек адамының табиғаттың аясында қамсыз, алаңсыз 
өмірін суреттейтін өлеңдер. Алғашқы үлгілерін көне дәуірде ежелгі грек 
ақындары туғызған.
Йена романтиктері - ХҮІІІ ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың басында 
Йена қаласында құрылған неміс романтиктерінің үйірмесі. Йена 
романтиктері ең алғашқылардың бірі болып романтикалық теориясының 
негізін салды және әлемге әйгілі романтикалық шығармалар тудырды.
Инверсия – сөз орнын ауыстыру – сөздердің әдеттегі грамматикалық 
түзілу тәртібінен тыс, орындарын ауыстырып, өзгеше тіркестер құру. 
Историография - әдебиет теориясының, тарихының, сынының даму 
тарихының жинағы. 
Классицизм - (лат. үлгілі) Еуропа әдебиеті мен өнерінде 16-17 
ғасырлар белесінде дамыған көркемдік стиль мен эстетикалық бағыт. 
Классицистер антика өнерінің озық үлгілерін, антика теоретиктері (ең 
алдымен Аристотель мен Гораций) белгілеген нормаларды бағдар тұтты. 
Классицизмнің тууы негізінен Еуропада абсолюттік монархияның 
дәуірлеуімен тығыз байланысты болды. Қоғамдағы осы хал әдебиетке де 
әсер етті.
Катарсис – (грекше catarsis тазару), антика философиясында, 
медицинасында, эстетикасында қолданыс тапқан ұғым. Адамның рухани 
жан және тән саулығының үндестігі барлық элементтер мен қуаттың 
бірлігінде екенін көрсететін ұғым. 
Кекесін (ирония) – жорта ойлау, алдау – сөзді тура мағынада 
айтылғандай қолдана отырып, бірақ оған қарама-қайшы мағына беру, 
сөйтіп ойды жеңіл әзіл-қалжыңмен жеткізу тәсілі. 
Композиция – сюжеттік дамудың кезең-кезеңдерін тәртіпке салып, 
реттеп, қиыстырушы. Ал, композициялық шеберлік - шығармадағы барлық 


214 
бөлшекті бір ғана бүтінге тұтастыру, бәрін бір ғана нәрсеге – негізгі идеяға 
– 
бағындыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет