С. О. Ахметова, М. С. Сериккызы сапа менеджменті жүйелері


 Сапа деңгейін қалыптастыратын факторлар



Pdf көрінісі
бет7/60
Дата16.09.2024
өлшемі1.17 Mb.
#503674
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   60
Сапа менеджменті жүйелері

1.2 Сапа деңгейін қалыптастыратын факторлар 
 
Сапа деңгейін қалыптастыратын факторлар - бұл бұйымның сапа 
жобасы. Сапа жобасын бағалауға жеткілікті көніл бөлінбейтінің ескеру 
керек, жобаның қателіктері өнімнің сапасына әсер ететінің біле тұра 
қазіргі уақытта тек өнім ғана аттестацияланады, ал басқа жағдайда 
өнімді қолдануға жарамсыз деп шығарады. Жобаның қателігін
жөндеудегі шығындар, өндірістің қателіктеріне кететін шығындармен 
салыстыруға болмайды. Сондықтан сапа жобасының деңгейіне жоғарғы 
талаптар қойылуы тиіс, ол тұтынушылардың бұйымды аналогты 
тұтынушылық ақпараттар арқылы, бұйымды аналогты процес кезінде 
шығарылған. Барлық жағымды және жағымсыз жағдай жасалуы тиіс. 
Жобаға енгізілген көрсеткіштері белгілі шамада алда болуы тиіс, 
ағынды кезде ғана емес, сонымен бірге тұтынушылықтың өзгеруінде 
есептеу керек. Біздің ойымызша, бұл сұрақтардың ұйымдық формадағы 
шешімі, жобанын сапа деңгейін аттестаттау болуы мүмкін. Өндірістік 
сферада жоба өзінің материалдық іске асуын табады, мұндағы бар 
материалдардың, шикізаттың сапасы, бұйымды жинақтау сияқты 
факторлар күшіне енеді. Шығарылатын өнімнің сапасы осылардың сапа 
деңгейіне байланысты болады. Өнімнің сапа деңгейін құрастыратын 
факторлар ол – еңбек сыныптауышы болып табылады. Мәдениеті 
жоғары және жалпы білімді жұмыс топтарының деңгейі кейде 
сыныптаудың жүзеге асу деңгейі ретінде қабылданады. Шын мәнінде іс 
бұлай емес. Бұл екі түсінік үнемі сәйкес келмейтіндігіне байланысты 
сыныптауыш деңгейі жобаның барлық талаптарының орындалуын 
қамтамасыз етуі тиіс. Тек осы жағдайда шығарылып жатқан өнімнің 
нормативті–техникалық құжаттарына және тұрғызудың тұтынуына 
сәйкестігіне сенімдеміз. Сонымен сапа деңгейін қалыптастыратын 
факторлар, олар: бақылау, сапаға қойылатын талаптар, нарықтағы 
бұйымдарға қанағаттану, бұйымдардың өзара ауысымдылығы, 
тұтынушының төлей алуы, бұйымды дайындау мен тұтынудағы жалпы 
шығындар сияқты факторлар болады. 
1 Өндіріс саласындағы өнім сапа деңгейін құрастырушы фактор, 
ол - бақылау, яғни өндірістік процесті толығымен қамтитын шикізат, 
материалдар, кешенді бұйымдар, өнімнің дайын болуына дейінгі 
технологиялық операциялар. Өнімнің сапа деңгейі көбіне шығаратын 


14 
өнімге қажетті сапалы материалдардың шығындарымен аңықталады. 
Сапаның экономикалық аспект мәселесі, өнімнің сапа деңгейі, 
тұрғындардың қажеттіліктерін төлеу қабілеттіліктерімен сәйкес 
келуімен қортындыланады. Өнім тұтынушымен төленуі керек, ол оның 
шығындары тұрғындардың кірісі мен жобалануы тиіс. Бұйымды 
тұтыну құнының деңгейін тұтыну жағдайына тәуелді, ол өз кезегінде 
факторларға тәуелді. 
2 Сапаға 
қойылатын 
талаптар, 
яғни 
бұйым 
сапасы 
тұтынушыларды қанағаттандыруы. Бұл фактор бұйымның белгілі 
қасиеттерімен тұтынушының қажеттіліктерін ұғынады, соның ішінде 
функционалды тағайындалу қасиеті көбіне басым болады. 
3 Нарықтағы бұйымға қанағаттану деңгейі, яғни қол жету 
дәрежесі. Егер бұйым көп мөлшерде және әр түрлі модификацияда 
өндірілсе, онда қосымша ақпарат алып, тұтынушы бұйымның қасиетіне 
талаптарын күшейтеді. Оны тек функционалды белгілеудің қасиеті ғана 
қанағаттандырылмайды. Бұйымды тұтыну аясында бірінші ретті процес 
жүргенде ол бір мәселе, екінші мәселе түскен бұйымдарды бұйым 
аналогты тағайындауды өзгерту болып табылады. Тұтынушы талаптары 
шектелуі төменгі қол жеткізу жағдайында болса, таңдау кезінде 
функционалды тағайындау қасиеті болып аңықталады.
2-ші және 3-ші факторлар өзара тығыз байланысты. i- бұйымды 
тұтыну нарықтық қанағаттандыру деңгейі әртүрлі жағдайда 
қолданылуы мүмкін. Тұтынудың үш жағдайын көрсетуге болады – ол 
қанағаттанған тұтыну, қатысты қанағаттану тұтыну, яғни қанағаттану 
нүктесіне жақындағанда, және тұтынудың толығымен қанағаттануы 
нүктесіне, яғни жеткенде. Қанағаттану нүктесі бұйымның физикалық 
және рухани тозуына басты тұтынуды қанағаттанған жағдайда 
сипатталады. Мұндай жағдайда тұтынушылардың кеңею нәтижесі 
байқалады. Бұйымның сол бір сапа деңгейі әртүрлі тұтыну жағдайына 
байланысты. Әртүрлі әлеуметтік баға алады, яғни тұтыну бағасы 
әртүрлі болады.
Мұндай жағдайларда тұтыну процесі материалды түрде жүзеге 
асқанда тепе-тең жағдайда және тепе-тең емес жағдайда, екі жағдай 
дифференциалды - тұтыну бұйымды дайындауды жоғарылайды және 
бұйымды даярлау, оған деген тұтыну жоғарылайды. 
4 i- бұйымның j бұйыммен өзара ауысымдылық дәрежесі. Әрен i - 
бұйымға қол жететін жағдайда тұтынушы тауардың орнына басқа 
ауысым іздейді. Ұзақ шақырымдарға жүру үшін жеңіл автокөліктің 
орнына басқа да көлікті қанағаттану мүмкін (мотоцикл, велосипед және 
т.б.) 


15 
5 Тұтынушының төлей алуы. Бұйымды тұтыну түріндегі жағдайда 
тұтынушының төлей алуы. Таурда дербес қолдануда төлеу көздері ол 
жанұяның табысы болып табылады. 
6 Бұйымды дайындау мен тұтынудағы жалпы шығындар. 
Жоғарыда байқағанымыздай сапа деңгейін қалыптастыру процесі, 
өндірістегі өнімнің өз құқының шығындары мен өнеркәсіптің көтерме 
бағасын қалыптастыру кезінде қатар дайындалады. Айналым кезінде 
және тұтынуда өнеркәсіптің көтерме бағасын және халықтың 
тұтынатын тауарына жекелеп бағалар бекітіледі. Жекелік бағаны 
қолдануда маңыздысы көрсеткіші, ол бұйымды алу үшін бөлінген жанұя 
табысының мөлшерін құрайды. Тұтыну аясында бұйымды қолданбайды, 
ол қажеттілік өнім өндірудегі еңбекке қанағаттанады. Тұтыну 
жағдайынан тұтынудың соңғы бағасына және оның тиімділігіне тәуелді. 
Тұтыну бағасы аргумент қатарының функциясы болып табылады: 
P= f(αQβN) (1) 
Мұндағы: 
P – тұтыну бағасы, өнімнің еңбек тиімділігі; 
Q – сапа деңгейі; 
N – қанағаттану мөлшері; 
α, β – сапа мөлшерінің өзара ауысымдылық деңгейін сипаттайтын 
және өзгермейтін тұтыну бағасының коэффициенттері. 
Қажетті мөлшер N келесі формуламен аңықталады: 
N= f(μ ΰ) (2) 
Мұндағы: 
μ – икемділік коэффициенті, тұтыну деңгейінің өзгеруі, ол 
төлеудің өзгеруіне тәуелді; 
ΰ – басқа өнімдермен салыстырғанда берілген өнімнің тұтыну 
мөлшері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет