С.Т.Иксатова Қылмыстық құқықтың Жалпы және Ерекше бөлімі бойынша тестілердің жинағы.
Павлодар, 2005
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғылыми кеңесімен ұсынылды.
Рецензенті: заң ғылымдарының кандидаты., доцент Жандарбек Б.А.
Заң ғылымдарының кандидаты., доцент Жиенбаев А.С.
Иксатова.С.Т.
Қылмыстық құқықтың Жалпы және Ерекше бөлімі бойынша тестілердің жинағы. Оқу құралы-Павлодар, 2005ж.
Оқу құралы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде жазылған оқу материалдары Жалпы және Ерекше бөлімінің жүйелеріне сәйкес жасалған.
Оқу құралы құқықтану мамандығы бойынша оқитын жоғары оқу орындарының студенттеріне, аспиранттарға, анықтама, тергеу, прокуратура, сот органдары қызметкерлеріне арналған.
АЛҒЫСӨЗ.
Қылмыстық құқықтың Жалпы және Ерекше бөлімі өзара тығыз байланыста болады, осы екі бөлімнің жиынтығы Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығын құрайды.
Қылмыстық құқықтың өзін Жалпы және Ерекше бөлім деп бөлудің себебі, осы пәнді ғылыми-әдістемелік тұрғыдан терең оқытудың қажеттігінен туындап отыр. Негізінен алғанда Жалпы және Ерекше бөлім тұтастай бір қылмыстық құқық ғылым пәнін құрайды.
Жалпы және Ерекше бөлімнің бірлігі сот тәжірибесінде айқын көрінеді. Жалпы бөлімнің нормаларын басшылыққа алмайынша Ерекше бөлімнің нормаларын қолдану мүмкін емес, немесе керісінше Ерекше бөлім нормалары болмаса Жалпы бөлім нормаларының іске асырылуы мүмкін емес. Жалпы және Ерекше бөлімдердің мақсаты қоғамға қауіпті іс-әрекеттерге заңдылық баға беріп, істелген қылмыс үшін заңда белгіленген жазаны әділ қолдану болып табылады.
Қоғамға қауіпті қылмыстық құқыққа қайшы іс-әрекеттерді Қылмыстық құқықтың Жалпы және Ерекше бөлімдеріндегі баптарға дәлме-дәл жатқызу, дұрыс саралау-заңдылық принципін бұлжытпай жүзеге асырудың шарты болып табылады. Қылмысты дұрыс саралау құқық қолдану органы қызметкерінің қызметтік борышы, негізгі міндеті.
Берілген оқу құралын семинар-тәжірибелері оқуларына дайындалу негізде, қылмыстық құқықтың Жалпы және Ерекше бөлімі бойынша емтихан тапсыруға дайындалған кезде студенттер осы пәнді оқу барысында иемденген білімдерін жүйелеп және нақтылай алады.
Тағы бір тиімділігі, автор көрсеткен маңызды мақсаты- оқытушыға студенттердің білімін бақылаудың ең тиімді әдісін беру және олардың материалды игеруін тексеру.
Тест сұрақтары негізінен Қылмыстық кодекстің құрылымына сүйене отырып жасалған. Тест сұрағына ұсынылған бес жауаптарының ішінен студент бір дұрыс жауабын анықтау керек.
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ БӨЛІМІ БОЙЫНША тестілердің жинағы.
1.Қылмыстық құқықтың пәнін қандай қоғамдық қатынастар құрайды?
А) қылмыстық жазаны орындау барысында туындайтын қоғамдық қатынастар
В) мемелекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастар
С) қылмыстарды тергейтін органдар қызметінің тәртібі мен нысандарын реттейтін қоғамдық қатынастар
Д) қылмыстық жаза қолдану қаупінің көмегімен адамды қылмыс жасаудан айнытумен байланысты қоғамдық қатынастар
Е) сотталғандарға түзету шараларын қолдану барысында туындайтын қоғамдық қатынастар.
2.Төмендегілердің қайсысы қылмыстық құқықтың арнайы (салалық) принципі болып табылады?
А) демократизм;
В) гуманизм;
С) азаматтардың заң алдындағы теңдігі;
Д) кінәлі жауаптылық;
Е) заңдылық.
3.Қылмыстық кодекстің 175-бабының диспозициясы ұрлықты бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау деп белгілейді. Көрсетілген диспозиция қай түрге жатады ?
А) жай түрге;
В) күрделі;
С) сипаттаушы түрге;
Д) бланкетті түрге;
Е) сілтемелі түрге.
4. Төмендегілердің қайсысы қылмыстық құқықтың қайнар көздерінің қатарына жатады?
А) халықаралық құқық нормалары;
В) рақымшылық актісі;
С) кешірім актісі;
Д) қылмыскерді беру актісі;
Е) құқықтық әдеттер.
5.Қылмыстық жауаптылықтың негізі болып табылады:
А) кінә;
В) адамның жеке қасиеттері;
С) қылмыс құрамының белгілері бар әрекет;
Д) қоғамдық қауіпті зардаптар;
Е) әрекеттің объективтік белгілері.
6. Қылмыстық жауаптылықты жүзеге асыру қай уақыттан басталады?
А) қылмыскерді ұстау жөніндегі қаулы шығарылған сәттен бастап;
В) айыптау қорытындысы бекітілген сәттен бастап;
С) сот үкімі шығарылған сәттен бастап;
Д) айыптау үкімі күшіне енген сәттен бастап;
Е) қылмыс жасады деп айып тағылған сәттен бастап.
7.Қандай заңның кері күші бар?
А) жауаптылықты белгілейтін;
В) жауаптылықты күшейтетін ;
С) жауаптылықты жоятын немесе жеңілдететін;
Д) жауаптылықты ауырлататын;
Е) жауаптылықты аздап жоятын.
8. Субъектісіне қарай талқылау түрлеріне төмендегілердің қайсысы жатпайды?
А) аутентикалық;
В) доктринальдық (ғылыми);
С) соттық;
Д) сөзбе-сөз;
Е) грамматикалық.
9. Қылмыстық жауаптылық қай уақытта тыйылады?
А) жазаның өтелмеген бөлігі жеңіл жазамен ауыстырылған сәттен бастап;
В) сот тағайындаған жаза өтелген сәттен бастап;
С) жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғаннан бастап;
Д) сотталғандықтан арылған немесе алынған сәттен бастап;
Е) науқастануына байланысты жазадан босатылған сәттен бастап.
10.Адам өзінің іс-әрекетін қылмыс деп қате бағалайды, шындығында заң оны қылмыс қатарына жатқызбайды. Бұл қателіктің қай түріне жатады?
А) заңдылық қателік;
В) объект бойынша қателік;
С) жасалған әрекеттің уақыты жөніндегі қателік;
Д) себепті байланыстың өрістеуі жөніндегі қателік;
Е) жасалған қылмыс тәсілі жөніндегі қателік.
11. Қылмыстық жауаптылық қай жағдайда сақталады?
А) рақымшылық немесе кешірім актісі негізінде қылмыстық жауаптылықтан босату;
В) жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату;
С) ескіру мерзімі өтіп кетуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату;
Д) жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату;
Е) жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.
12. Төмендегі адамдардың қайсысы Қазақстан Республикасының аумағында жасаған қылмысы үшін ҚР-ның қылмыстық заңдары бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды?
А) елде тұрақтану ниеті бар шетел азаматы;
В) шетелдік саяхатшы ;
С) шетел мемлекетінің сауда өкілі;
Д) азаматтығы жоқ адам;
Е) шетел тұратын қазақстан азаматы.
13. Қазақстан Республикасының юрисдикциясы тарайтын аумаққа жатпайды?
А) ғарыш кеңістігіне ұшырылған ҚР-на тиесілі объект;
В) шетел елшілігінің аумағы;
С) шетел портындағы қазақстандық әскери су кемесі немесе әскери әуе кемесі;
Д) Қазақстан Республикасының елшілігінің аумағы ;
Е) ашық теңіздегі немесе әуе кеңістігінлегі Қазақстан портына тиесілі кеме.
14. Қылмыс жасалған уақыт деп танылады:
А) қоғамға –қауіпті зардаптар пайда болған уақыт;
В) қоғамға қауіпті әрекет (әрекетсіздік) жүзеге асырылған уақыт;
С) дайындық әрекеттер жүзеге асырылған уақыт;
Д) аяқталмаған оқталу жүзеге асырылған уақыт;
Е) аяқталған оқталу жүзеге асырылған уақыт.
15. Қандай заң іс-әрекеттің қылмыстылығын жоятын заң деп танылады?
А) жазаның ең жоғарғы мөлшерін төмендететін;
В) жазаның ең төменгі мөлшерін кемітетін;
С) іс-әрекетті декриминализациялайтын;,
Д) балама санкция көздейтін;
Е) сотталғандықты жою және алу мерзімін қысқартатын.
16. Заңды талқылауды грамаматикалық, логикалық, жүйелі және тарихи деп түрлерге бөлуге қандай жік (критерий) негіз болған?
А) талқылау көлемі;
В) талқылау субъектісі;
С) талқылау тәсілдері;
Д) талқылаудың құқықтық күші;
Е) талқылаудың көлемі мен субъектісі.
17. Қылмыстық-құқықтық норманың қылмысты іс-әрекетті атайтын немесе сипаттайтын бөлігі қалай аталады?
А) санкция;
В) норманы қолдану шарты ;
С) гипотеза;
Д) диспозиция;
Е) жазаның түрі мен мөлшері.
18.Қылмыстық-құқықтық норма жазаның екі және одан да көп түрін көздейтін санкциясы қалай аталады?
А) салыстырмалы-айқындалған;
В) абсолютті-айқындалған;
С) сілтемелі;
Д) балама;
Е) бланкетті.
19.Қылмыстың заңға қайшылық белгісінің мазмұны қандай?
А) қылмыстық заңда көзделген тыйымды бұзады;
В) қылмыстық заңмен қорғалатын объектіге қол сұғып, оған зиян келтіреді немесе зиян келтіру қаупін туғызады;
С) адамның іс-әрекет пен оның зардаптарына белгілі бір психикалық қатынасымен сипатталады;
Д) айыптыға міндетті түрде жаза тағайындау мүмкіндігінің көзделуімен сипатталады;
Е) мораль талаптарын бұзады.
20. Қылмыстарды санаттарға бөлуге негіз болған жікті(критерийді) атаңыз:
А) қоғамдық қауіптілік сипаты мен дәрежесі;
В) кінә нысаны;
С) қоғамдық қауіпті зардаптардың сипаты;
Д) келтірілген зиян мөлшері;
Е) қылмыс субъектісі.
21.Кінәлі түрде істелген төмендегі қылмыстардың қайсысында қылмыстың істелу сатылары болуы мүмкін?
А) салақтықпен жасалған;
В) жеңіл ойлылықпен;
С) жанама қасақаналықпен;
Д) тікелей қасақаналықпен;
Е) қылмыстық пиғылмен.
22. Төмендегі белгілердің қайсысы қоғамдық қауіпті әрекеттің сыртқы көрінісін сипаттайды?
А) кінә;
В) субъектінің жасы;
С) мақсат;
Д) себептілік байланыс;
Е) есі дұрыстық.
23. Қылмыс құрамының элементтерінің қатарына жатпайды:
А) қылмыс құрамының объективтік жағы;
В) қылмыс құрамының субъективтік жағы;
С) қылмыс субъектісі;
Д) қылмыс заты;
Е) қылмыс объектісі.
24. Қылмыс объектісінің қай түрі «қылмыстық қол сұғушылықтан» қылмыстық заңның көмегімен қорғалатын барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы деп анықталады?
А) жалпы объект;
В) топтық объект;,
С) түрлік объект;
Д) тікелей объект;
Е) факультативтік объект.
25. Ауырлататын және жеңілдедетін мән-жайлардың қылмыс құрамдары қалай аталады?
А) қарапайым қылмыс құрамы;
В) негізгі қылмыс құрамы;
С) сараланған қылмыс құрамы;
Д) формальдық қылмыс құрамы;
Е) балама қылмыс құрамы.
26.Қылмыстық заңда көзделген қауіпті зардаптар аяқталған қылмыстың қажетті белгісі болып табылатын қылмыс құрамдары қалай аталады?
А) күрделі қылмыс құрамы;
В) формальдық қылмыс құрамы;
С) материалдық қылмыс құрамы;
Д) жеңілдетілген қылмыс құрамы;
Е) балама қылмыс құрамы.
27. Қылмыстың кінәлілік белгісінің мазмұны қандай?
А) қылмыстық заңда көзделген тыйымды бұзады;
В) қылмыстық заңмен қорғалатын объектіге қол сұғып, оған зиян келтіреді немесе зиян келтіру қаупін туғызады ;
С) адамның іс-әрекет пен оның зардаптарына белгілі психикалық қатынасымен сипатталады;
Д) айыптыға міндетті түрде жаза тағайындау мүмкіндігінің көзделуімен сипатталады;
Е) мораль талаптарын бұзады.
28. Жасөспірімдерге тағайындалуы мүмкін бас бостандығынан айыру жазасының ең жоғарғы шегі қанша жыл ?
А) он жеті жыл;
В) он бес жыл;
С) бес жыл;
Д) он жыл;
Е) жиырма жыл.
29. Сыртқы көрінісі белсенді іс-әрекетпен немесе нақты іс-әрекетті орындаудан бұлтарумен сипатталатын қылмыстық заңда тыйым салынған адамның саналы, ерікке бағынған іс-қимылы қалай аталады?
А) қоғамдық қауіпті іс-әрекет;
В) қоғамдық қауіпті әрекетсіздік;
С) қоғамдық қауіпті әрекет;
Д) қылмыс жасау тәсілі;
Е) қылмыс жасау құралы.
30.Аса қауіпті қайталау (рецидив) болып танылғандар бас бостандығын айыру жазасын қайда өтейді?
А) қоныс-колониясында;
В) жалпы режимдегі ТК-да;
С) ерекше режимдегі ТК-да;
Д) қатаң режимдегі ТК-да;
Е) күшейтілген режимдегі ТК-да.
31.Егер сотталған адам түзеу жұмысынан жалтарған болса, онда сот:
А) түзеу жұмысын бас бостандығынан айыру жұмысымен алмастырады;
В) ондай адамды түзеу жұмысын өтеу үшін басқа жерге жібереді;
С) түзеу жұмысын айыппұлмен алмастырады;
Д) түзеу жұмысын бас бостандығын шектеумен ауыстырады;
Е) түзеуді қоғамдық жұмыстарға тартумен ауыстырады.
32. Аралас жазаға жататындар:
А) бас бостандығынан айырмай түзеу жұмысы;
В) белгілі бір лауазымды қызметте болу немесе белгілі бір кәсіппен шұғылдану құқығынан айыру;
С) қамауға алу;
Д) бостандықты шектеу;
Е) мүлкін тәркілеу.
33.Аяқталу сәті қылмыстық әрекеттің алғашқы сатыларына көшірілген қылмыс-құрамдары қалай аталады?
А) формальдық қылмыс құрамы;
В) қарапайым қылмыс құрамы;
С) күрделі қылмыс құрамы;
Д) материалдық қылмыс құрамы;
Е) жеңілдетілген қылмыс құрамы.
34. Қылмыс жасағаны үшін қоныс колониясында жазасын өтейтіндер:
А) қасақана қылмыс үшін сотталғандар;
В) бірінші рет қасақана ауыр қылмыс үшін сотталғандар;
С) бірінші рет абайсыздықпен істелген қылмыс үшін 7 жылдан аспайтын мерзімге сотталғандар;
Д) жазаның мөлшеріне қарамастан бірінші рет ауыр емес қасақана қылмыс жасағандар;
Е) екінші рет қасақана қылмыс жасағандар.
35. Қылмыс жасау барысында кінәлі тарапынан белгілі бір ықпалға ұшырайтын материалдық дүниенің заттандырылған элементі дегеніміз-
А) қылмыс заты;
В) қылмыс объектісі;
С) қылмыс субъектісі;
Д) қылмыс қаруы;
Е) қылмыс жасау тәсілі.
36. Шартты жазаға соттағанда сынақ мерзімінің ұзақтығы былай белгіленеді:
А) үш айдан 3 жылға дейін;
В) бір жылдан 2 жылға дейін;
С) екі айдан 2 жылға дейін;
Д) бір жылдан 3 жылға дейін;
Е) бір жылдан 5 жылға дейін.
37. Қандай жаза тағайындағанда сотталған адамға үкімінің орындалуын кейінге қалдыру қолданылуы мүмкін:
А) түзеу жұмысына;
В) айыппұлға;
С) екіқабат немесе 8 жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруға сотталған ретте;
Д) шартты жазаға сотталғандар;
Е) қамау жазасы.
38. Жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босату сотталған адам кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмысы үшін тағайындалатын жаза мерзімінің кемінде :
А) ауырлығы орта қылмыс үшін тағайындалған жазаның жартысын;
В) үштен екісін;
С )үштен бірін;
Д) төрттен үшін;
Е) екіден үшін өтегеннен кейін қолданады.
39. Қылмыс нәтижесінде моральдық, тәни, мүліктік және басқадай зиян шеккен адамды қалай атаймыз?
А) қылмыс заты;
В) қылмыс объектісі;
С) қылмыс субъектісі;
Д) қылмыстан жәбір көруші;
Е) қылмыс жасау құралы.
40. Заң бойынша аса ауыр қылмыс істеген адамды мынадай мерзімдер өткен соң қылмыстық жауапқа тартуға болмайды:
А) егер қылмыс істегеннен кейін 10 жыл өтсе;
В) он екі жыл;
С) бес жыл;
Д) он бес жыл;
Е) жиырма жыл.
41. Төменде келтірілген қылмыс құрамының объективтік жағын сипаттайтын белгілердің қайсысы факультативтік болып табылмайды?
А) қылмыс қаруы;
В) әрекет жасалған уақыт;
С) қылмыс жасау тәсілі;
Д) қылмыс жасау жағдайы;
Е) қылмыс заты.
42. Соттың заңда көрсетілгеннен гөрі жеңілірек жаза тағайындағанда басшылыққа алатын жәйттері:
А) қылмыстың істелу сипатын;
В) кінәлінің жеке басының кім екенін;
С) істің ерекше мән-жайларын;
Д) істеген іс-әрекеттің мәнісін;
Е) қылмыстың істелу жағдайын ескереді.
43. Кінәнің қай нысанының еріктік сәтінің мазмұнын қоғамдық қауіпті зардаптардың пайда болуын тілеу құрайды?
А) тікелкей қасақаналық;
В) жанама қасақаналық;
С) эвентуалдық қасақаналық;
Д) менмендік қылмысты;
Е) немқұрайдылық қылмысты.
44. Шартты жазаға соттағанда, сот қандай қосымша жазаларды қолдануға құқылы?
А) мүлікті тәркілеу;
В) айыппұл салу;
С) белгілі бір лауазым иесі болу немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығынан айыру;
Д) бостандыққа шек қою;
Е) қоғамдық жұмыстарға тарту.
45.Бас бостандығыннан айырмайтын түзеу жұмысы мынадай мерзімге тағайындалады:
А) бір жылдан екі жылға дейін;
В) екі айдан екі жылға дейін;
С) бір жылдан бес жылға дейін;
Д) алты айдан екі жылға дейін;
Е) бір айдан бір жылға дейін.
46. Қылмыскер нақты бір зардапқа немесе бірнеше зардаптың ішінен біреуіне ұмтылса:
А) алдын ала пайда болған қасақаналық;
В) аяқ астынан пайда болған қасақаналық;
С) балама қасақаналық;
Д) нақтыланбаған қасақаналық;
Е) нақтыланған қасақаналық.
47. Қылмыскер өз пиғылын жүзеге асыру барысында қолданатын әдіс, тәсіл, қимылдардың жиынтығы қалай аталады?
А) қылмыс жасау құралы ;
В) қылмыс жасау жағдайы;
С) қылмыс жасау шарттары;
Д) қылмыс жасау тәсілі;
Е) қылмыс жасау уақыты.
48. Қандай зардап материалдық емес зардаптардың қатарына жатады?
А) мүліктік зиян;
В) денсаулыққа зиян;
С) моральдық зиян;
Д) қазаға ұшырату;
Е) алынбаған пайда.
49. Тізбектелген қылмыстардың қайсысы үшін жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуға болмайды?
А) қажетті қорғану шегінен шығып кісі өлтіру;
В) денені ауыр дәрежеде қасақана жарақаттау;
С) қызмет бабын пайдаланып, қиянатт жасау жолымен мүлікті талан-таражға салу;
Д) ату жазасына кесілген жазаны кешірім беру арқылы бас бостандығынан айыру қолданылған жазасына кесілгендер;
Е) аффект жағдайында кісі өлтіру.
50. Кешірім беру арқылы өлім жазасын бас бостандығынан айырумен ауыстырғанда қандай мерзім белгіленеді?
А) он алты жылға;
В) он сегіз жылға;
С) жиырма бес жылға немесе өмірлік тұтқында болуға;
Д) жиырма жылға;;
Е) жиырма бес жылға.
51. Кәмелетке толмаған қыздар жазаны қандай түрдегі тәрбие колониясында өтейді?
А) күшейтілген режимдегі тәрбие колониясында;
В) қоныс колониясында;
С) жалпы режимдегі тәрбие колониясында;
Д) қатаң режимдегі тәрбие колониясында;
Е) ерекше режимдегі колонияда.
52. Кінәсіз зиян келтірудің жаңылыс сипаттамасын табыңыз:
А) адам қажетті ұқыптылық пен сақтық танытса зардаптарды болжауға тиіс және болжай алатын бола тұра өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамдық қауіпті зардаптарын болжап білмейді;
В) адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамдық қауіпті зардаптарын болжап білмейді әрі істің мән-жайы бойынша оларды алдын ала болжай алмайды;
С) адам өз әрекетінің қоғамдық қауіпті зардаптарын алдын ала біледі және жеткілікті негізбен оны болғызбаймын деп сенеді;
Д) адам өз әрекетінің қоғамдық қауіпті зардаптарын алдын ала біледі, бірақ өзінің психика-физиологиялық қасиеттерінің қысылтаяң жағдайлар талаптарына сәйкес келмеуіне немесе жүйке-психикалық ауыртпалықтарға байланысты осы зардаптарды болғызбауға шамасы келмейді;
Е) адам абайсызда әрекет жасайды, бірақ мұндай әрекет жасағаны және қоғамдық қауіпті зардаптар келтіргені үшін жауаптылық көзделмейді.
53. Қылмыстық қол сұғушылықтың сыртқы көрінісін сипаттайтын белгілердің қылмыстық заңда бекітілген жиынтығы дегеніміз-
А) қоғамдық қауіпті іс-әрекет;
В) қоғамдық қауіпті әрекетсіздік;
С) қоғамдық қауіпті әрекет;
Д) қылмыс құрамының объективтік жағы;
Е) қылмыс объектісі.
54. Адамды атып өлтіру қылмысында мылтық не болып табылады?
А) қылмыс жасау құралы;
В) қылмыстың заты;
С) қылмыс жасау тәсілі;
Д) қылмыс жасау қаруы;
Е) қылмыс объектісі.
55. Қылмыс құрамының субъективтік жағының міндетті белгісі:
А) кінә;
В) ниет;
С) мақсат;
Д) эмоционалдық көңіл-күй;
Е) аффектілі көңіл-күй.
56. Төмендегі шарттардың қайсысы шектеулі есі дұрыстық үшін міндетті емес?
А) психикалық дамуының артта қалуы;
В) мас күйі;
С) онша ауыр емес қылмыс жасау;
Д) ауырлығы орташа қылмыс жасау;
Е) кәмелетке жасы толмауы.
57. Қылмыс құралдарын немесе қаруларын іздестіру, әзірлеу немесе бейімдеп жасау қасақана қылмыс жасаудың қай сатысын құрайды?
А) қылмысты пиғылды біліп қою;
В) қылмысқа дайындалу;
С) аяқталмаған оқталу;
Д) аяқталған оқталу;
Е) аяқталған қылмыс.
58. Мына төменде көрсетілген қылмыстардың қайсысы ауыр қылмыс қатарына жатады?
А) қасақана қылмыс үшін 7 жылға сотталғандар;
В) абайсыз қылмыс үшін 10 жылға сотталғандар;
С) қасақана қылмыс үшін 12 жылға сотталғандар;
Д) қасақана қылмыс үшін 13 жылға сотталғандар;
Е) 15 жылға сотталғандар (қылмыс жиынтығы үшін).
59. Мына белгілердің қайсысы кінәнің қасақаналық түріне жатпайды?
А) адам өзінің іс-әрекетінің қоғамға қауіпті екенін біледі;
В) қоғамға қауіпті зардапты болжайды;
С) зардаптың болуына абайсыздықпен жол береді;
Д) зардаптың болуын тілейді;
Е) зардаптың болуына саналы түрде жол береді.
60. Қасақана қылмыс жасауға тікелей бағытталған іс-әрекет (әрекетсіздік), егер қылмыс адамға байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмесе, қасақана қылмыс жасаудың қай сатысын құрайды?
А) қылмысты пиғылдың қалыптасуы;
В) қылмысты пиғылды біліп қою;
С) қылмысқа дайындалу;
Д) қылмысқа оқталу;
Е) аяқталған қылмыс.
61. Қандай қылмысқа оқталғаны үшін қылмыстық жауаптылық көзделген?
А) онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар;
В) ауыр және аса ауыр қылмыстар;
С) онша ауыр емес, ауырлығы орташа және ауыр қылмыстар;
Д) ауырлығы орташа және ауыр қылмыстар;
Е) ауырлығы орташа, ауыр және аса ауыр қылмыстар.
62. Алдын ала уәде бермей, қылмыстың іздерін, қылмыстың қарулары мен құралдарын жоюға, жасыруға көмектескен адамның әрекеттері қалайша бағаланады?
А) көмектесу;
В) жасыру;
С) хабарламау;
Д) айдап салу;
Е) жол беру.
63. Мына қылмыстардың қай түрі үшін 18-ге толған азаматтар ғана қылмыстық жауапқа тартылады?
А) әйелдерді зорлағаны үшін;
В) мемлекеттік құпиясы бар құжаттарды жоғалтқаны үшін;
С) жұмылдыру бойынша шақырылудан жалтарғаны үшін;
Д) он алты жасқа толмаған қызбен іс жүзінде некелі жағдайда тұрғаны үшін;
Е) ұрлық үшін.
64. Қылмыстың мақсаты мен ниеті дегеніміз-
А) кінәнің мазмұнын құрайтын компоненттердің бірі;
В) қылмыс субъектісін сипаттайтын белгілер;
С) қылмыс құрамының субъективтік жағының факультативтік белгілері;
Д) адамның іс-әрекетінде кінә бар екенін дәлелдейтін белгілер;
Е) қылмыс құрамының субъективтік жағының міндетті белгілері.
65. Кінәнің екі нысанымен жасалған қылмыс тұтастай қандай қылмыс деп танылады?
А) қасақана;
В) абайсыз;
С) қасақана-абайсыз;
Д) істің нақты мән-жайларына қарай не қасақана, не абайсыз қылмыс деп танылады ;
Е) кінәнің екі нысанымен жасалған қылмыстарда кінәнің әр нысанын жеке-жеке анықтаудың қажеті жоқ.
66.Қылмыс істегенде өз еркімен бас тартудың белгілеріне жатады:
А) қылмысты басқа біреуден қорқып істеуден бас тартса;
В) қылмысты біреу көріп қалады деп істеуден бас тартса;
С) қылмысты ақырына жеткізуге мүмкіндігі бола тұра, шын пейілмен оны істеуден бас тарса;
Д) қылмысты істеуді келесі күні істеймін деп бас тартса;
Е) ұялып қылмыстан бас тартса.
67. Мына белгілердің қайсысы болғанда адам қылмысты тікелей орындаушы деп табылады?
А) қылмысты тікелей істеуді біреуге жүктегенде;
В) қылмыс істеу құралдарын даярлап бергенде;
С) жасы толмаған адамды қылмыс істеуге пайдаланғанда;
Д) қылмысты ұйымды тікелей ұйымдастырғанда;
Е) қылмыс істеуге біреуді азғырғанда.
68. Қандай ретте адам қылмыс істеуге айдап салушы деп танылады?
А) қылмыс істеуге біреуді жалдаған адам;
В) қылмыс істеуге біреуді көндірген адам;
С) қылмыс істеуге біреуге берген адам;
Д) қылмыс құралдарын жасыруға уәде берген адам;
Е) қорқытып біреуді осыған көндірген адам.
69. Мыналардың қайсысы қылмысты ұйымдастырушыға тән белгі болып табылады?
А) қылмыстың орындалуына басшылық еткен;
Достарыңызбен бөлісу: |