1. Шартты бағыныңқы сабақтас 2. 124,127-жаттығулар V. Оқушылардың жауаптарын бағалау. VI. Сабақтың аяқталуы.
Сабақ жоспары 1.Пән аты: Қазақ тілі 2.Сыныбы: 8 3.Күні, айы, жылы:27.02.2012 4.Тоқсан: IV 5.Мұғалім:Омарбекова М Сабақтың тақырыбы: Қарсылықты бағыныңқы сабақтас Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: оқушыларға жаңа ұғымдарды: қарсылықты бағыныңқы сабақтас және бағыныңқы сөйлемнің баяндауышының жасалу жолдарын меңгерту. 2.Тәрбиелік:оқушыларды табиғатты, қоршаған ортаны сүюге тәрбиелеу. 3.Дамытушылық: оқушылардың сабақтас сөйлемнің түрлерін ажырата алу дағдыларын арттыру, ойлауы мен тілін, зейінін дамыту. Сабақтың типі:аралас Сабақтың түрі: баяндау, талдау сабағы Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру. Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер. Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу 2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру 3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару 4.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты туралы хабарлау II.Үй тапсырмасын тексеру: 1. Шартты бағыныңқы сабақтас 2. 124,127-жаттығулар III. Жаңа тақырыпты түсіндіру: 1.Тақтаға жазылған сөйлемдер арқылы түсіндіру. 1. Абай Дәндібай сөзінен жақсы пейілді аңғарса да, ол кезде көмектерін алмаған-ды. (М.Ә.) 2. Таң алдында бір сағат мазғығаны болмаса, Абай бұл түнді ұйқысыз өткізді. (М.Ә.) 3. Ұлберген кедей болғанмен, киім-кешектерін таза ұстайтын еді. Қасен байбаламдағанмен де, ойын тоқтала қоймады; 4. Бір сөзді қайталай бергенше, менің комбайнды жүргізгенімді айтсаңшы. (Ә.Ә) 5. Жастар білім жағынан артық бола тұра, тәжірибелі жұмысшылардың жәрдеміне мұқтаж болады екен. (С.М.) 6. Отыз екі жасқа келгеніне қарамастан, осы жазда капитан Енакиевтің самайына ақ кірді. (В.К.)