Сабақтың тақырыбы: Параллель түзулер, олардың белгілері және қасиеттері



бет6/32
Дата12.03.2024
өлшемі2.99 Mb.
#495109
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
7геометрия

Сабақ жоспары
Бекітемін:

Бөлім:

Түзулердің өзара орналасуы

Педагогтің Аты; Тегі; Әкесінің аты бар болса):




Пән/Сынып:

7 сынып

Күні:




Сабақтың тақырыбы:

Параллель түзулер, олардың белгілері және қасиеттері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

7.1.2.4 түзулердің параллельдік белгілерін дәлелдеу;

Сабақтың мақсаттары:

Параллель түзулер белгілерін ажыратады
Параллельдік белгілерін есептер шығаруда қолданады. Параллельдік белгілерін дәлелдеп түсіндіреді

Сабақ барысы:

Уақыты

Кезең дері

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

5 минут



Ұйымдастыру

Сәлеметсіздерме!
Бүгін, Параллель түзулер, олардың белгілері және қасиеттері тақырыбын қарастырамыз
Бүгінгі сабақта меңгеретініңіз: - түзулердің параллельдік белгілері.
-түзулердің параллельдік белгілерін есептер шығаруда қолдану.
"Миға шабуыл" әдісі

  1. Қандай түзулер параллель түзулер деп аталады?

  2. Параллельдік аксиомасы дегеніміз не?

  3. Берілген түзуден тыс жатқан нүкте арқылы түзуге параллель неше түзу жүргізуге болады?

Үйге тапсырмасын тексеру. №3.12.

Сұрақтарға жауап береді







Оқу құралдары; оқулық; слайд; бағалау парақтары

Презентация



10 мин

Жаңа сабақ

1- теорема (2-теоремаға кері теорема). Егер параллель екі түзуді үшінші түзу қиып өтсе, онда пайда болған айқыш бұрыштар тең болады.
2-теорема (3-теоремаға кері). Параллель екі түзу үшінші түзумен қиылысқанда а) ішкі тұтас бұрыштардың қосындысы 1800-қа тең; ә) сәйкес бұрыштар тең болады.
3-теорема. Сәйкес қабырғалары параллель екі бұрыш өзара тең немесе олардың қосындысы 1800-қа тең болады.
Салдар. Сәйкес қабырғалары бірдей немесе қарама-қарсы бағытталған екі бұрыш тең болады.

Тақырып бойынша ресурстарды қарап, танысады





Дескриптор:
-Түзулердің параллельдік белгілерін біледі
- Теореманы дәлелдейді

- Сызбасы



Интернет ресурстары



15
минут



Бекіту тапсырмасы

І
1. к түзуі кез келген а және с түзулерімен қиылысқанда 8 бұрыш пайда болады. Олар цифрлармен белгіленген. ∠5=45° пен∠8=135° екені белгілі, 2 және 4 бұрыштарының қосындысын табыңдар.

2. Екі параллель түзу үшіншімен қиылған. Ішкі тұстас бұрыштардың айырымы 25° екені белгілі. Түзулердің қиылысуында пайда болған барлық бұрыштарды табыңдар.
3. к түзуі кез келген а және с түзулерімен қиылысқанда 8 бұрыш пайда болады. Олар цифрлармен белгіленген. ∠4- ∠5=20° екені белгілі, 2 және 8 бұрыштарының айырмаларын табыңдар.

4. а мен b түзулері параллель, ал к түзуі оларды қиып өтеді. Пайда болған бұрыштар үшін ∠7=∠6 екенін дәлелдеңдер.



ІІ
1. Екі параллель түзу үшіншімен қиылған. Ішкі айқыш бұрыштарының қосындысы 160°-қа тең. Түзулер қиылысқанда пайда болған барлық бұрыштарды табыңдар.
2. . Екі параллель түзу үшіншімен қиылған. Сыртқы айқыш
бұрыштарының қосындысы 150°-қа тең. Түзулер қиылысқанда пайда болған барлық бұрыштарды табыңдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет