Индустриялизация картасы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылдың 19 наурызындағы «Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған жеделдетілген индустриялық-инновациялық дамуы бойынша Мемлекеттік бағдарламасы туралы» №958 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылдың 14 сәуіріндегі №302 Жарғысына сәйкес, облыс әкімінің 2010 жылдың 4 шілдесіндегі №27 шешімімен бекітілген өңірлік индустриялизация Картасына сәйкес бірқатар жұмыстар атқарылды.
Қазіргі күні Индустрияландыру «Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық дамуды жеделдетудің мемлекеттік бағдарламасына» сәйкес қүрылған республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына жобалар ұсынылды. республикалық Индустрияландыру КартасынаТассай ауыл округіне қарасты Қызыл сай елді мекенінде «Стандарт Цемент» ЖШС-нің қүрғақ тәсілмен жылына 1 млн.тонна цемент өндіретін зауыт қүрылысы қүны 12 млрд теңгеге жүргізілді.. Ауданымызда зауыттың құрылысы жоспарға сәйкес аяқталып 2010 жылы қолданысқа беріліп, 300 жұмыс орны ашылды. Цемент өнімдерін 2011 жылдың наурыз айынан тұтынуға шығарады деп жоспарлануда..
Ауданның 5 жылдық даму бағдарламасы аясында ауданның бюджетінің қалыптасуына өз ықпалын тигізетін басыңқы бағыттағы инвестициялық жаңа 15 жоба жалпы құны 468,9 млн.теңгеге 1265 жұмыс орнымен іске қосылады деп күтілуде. Олар:
1. 2011 жылы Қарасу ауылында орналасқан «Швед Каз» ЖШС-нің өндіріс қуаттылығы жылына 3,0 мың тонна тазартқыш, ідіс жұғыш және химиялық өнімі. Жоба іске қосылғанда 100 адам жұмыспен қамтылуы жоспарлануда.
2. «Сайрам - сүт» ЖШС-нің тәулігіне 20 тонна сүт өндіретін инвестициялық құны 250,0 млн. теңгенің жобасына талапқа сай құжаттары әзірленіп ұсыныс хатпен облыс әкімдігі мен салалық басқармаға жолданды. Жоба «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде қаралу мақсатында екінші денгейдегі банктердің қарауында, жоба іске асқан жағдайда 55 жаңа жұмыс орны ашылып, жоғары сапалы сүт өншдері халық түтынуына үсынылады. Ескерілетін жағдай - жергілікті қайта өндеу саласын дамытуға және шаруа қожалықтары жем азығына қажетті ауыл шаруашылық дақылдарының түрін егіп, өсіріп, өткізу мүмкіндігіне ие болады, жергілікті түрғындар қайта өндеу саласын дамытуға маманданған, бейімделген және қажетті кадрларды табу қиындығы болмайды.
3. Тассай елді мекеніне қарасты «Дархан» шыны зауыты» ЖШС өндіріс қуаттылығы жылына 224 млн дана шыны ыдыстар шығаратын зауытының 2012 жылға іске қосылуы жоспарлануда. Жоба іске қосылғанда 600 адам жұмыспен қамтылуы күтілуде. Жоба «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде қаралу мақсатында екінші денгейдегі банктердің қарауында. Құны 16436,4 млн тенге құрауда.
4. Ақсукент ауылындағы «Орксинтез СБН» ЖШС өндіріс қуаттылығын күшейту мақсатында 2011 жылдың сәуір айында жаңа битум түрін шығаруды жоспарлауда, жобаның құны 76,5 млн тенге, іске қосылған жағдайда ауданның салық базасы ұлғайып 10 адам жұмыспен қамтылып, жылына 18,0 мың тонна битум өндіру жоспарлануда.
5. «ЮКМЗ» ЖШС 2011 жылы 1052,0 мың тенгелік өрт сөндіретін УПП-3 тіркемесін, 2012 жылы -СНП - 500/10, СНПӘ 500/10 су сорғыш стансаларын қүны 2079,0 мың тенгелік, 2013 жылы - ВЛМ - ІООА ленталық су көтергіш стансасының жаңа модефикациясын, 2014 жылы – ВУ-ЗА су тартқыш шығару жоспарлануда. Осы төрт жоба іске асқан жағдайда 175 жаңа жүмыс орындары ашылатын болады.
6. Сайрам ауылындағы «Шымпласт» ЖШС пластикалық трубалар өндірісін кеңейту мақсатында 370,0 мың тенгелік жобаны 2011 жылдың қараша айында іске қосуды жоспарлап отыр, және 2013 жылы қайта өндеу саласының өнімін бәсекелестікке қабілетті сапасын арттыру мақсатында жемісжидек өнімдерін ТЕТРО ПАК қораптауына консервелеу мақсатында жаңа өндірісті еңгізуді жоспарлап отыр. Жоба іске асқан жағдайда 25 жаңа жұмыс орындарының ашылуы жоспарлануда.
7. «Шымкент құс» ЖШС құс өсіру тәсілін жаңарту мақсатында жаңа линия қосқалы отыр. Жоба 2013 жылдың II тоқсанында іске қосылуы жоспарлануда. Жобаның қүны 750,0 мың теңгені құрап, іске қосылған жағдайда жоғары технологиялық өндірісті енгізу жоспарлануда.
8. 2015 жылы «Рахат Шымкент» ЖШС тәулігіне 4 тонна кондитерлік өнімдер шығаратын фабриканың құрылысы жоспарлануда. Жобаның құны 4500,0 млн тенгені қүрап отыр. Фабрика іске қосылған жағдайда 200 адам жүмыспен қамтылуы жоспарлануда.
Қазақстанның дүниежүзілік рыноктағы бәсекеге қабілеттілігін нығайтуда «ЮНИКС», «Шымкент қүс», «Барыс 2007», «Арай», «Эм-нүр», «Сайрам сүт», «Шымпласт» ЖШС-і барлығы 11 мекеме ИСО 9001-2001 сапа менеджменті жүйесін ендіріп, халықаралық деңгейдегі сертификатқа және 15 мекеме СТ-К2 сертификаттарына ие болды.
2014 жылы ИК аясында 3 жоба іске қосылды:
1. «Ақсу Энерго» ЖШС-ның «Қуаттылығы 1 мВт күн электр станцасының құрылысы»жобасы іске қосылды. Ашылған жұмыс орны 6 адам. Жобаның құны 300,0 млн.теңге. Ү.ж. 28-қазанда өткен Өңірлік Үйлестіру Кеңесінің отырысында (ӨҮК) Индустрияландыру картасына ауданның 3 жобасы еніп, желтоқсан айында 2 жоба іске қосылды:
2. «Глобус плюс» ЖШС «көкөніс консервілеуге арналған қосымша жүйені қою» жобасы, ашылған жұмыс орны 42 адам. Жобаның құны 200,0 млн.теңге.
3. «Green Land Корпорациясы» ЖШС «62 жер теліміне интенсивті бақ отырғызу» жобасы, ашылған жұмыс орны 19 адам. Жобаның құны 295,2 млн.теңге.
«Қайып ата» ЖШС «1000 ІҚМ басына арналған мал бордақылау алаңын құру», ашылатын жұмыс орны 20 адам. Жобаның құны 230,6 млн.теңге. Жоба 2015 жылға жоспарланып отыр.
Инновациялар
2010 жылдың қорытындылары бойынша ауданда 2 кәсіпорын инновациялық технологияларға ие болған . («ЮНИКС», «Барыс-2007» ЖШС). Индустриалдық-инновациялық даму бағытындағы мәселелер :
- Өңдеуші өнеркәсіп саласындағы технологиялық қондырғылардың ескіруі; Негізгі қордың жетіспеушілігі, ұзақ мерзімді, төмен пайызды несиеге қол жетімсізділік;
-Отандық кәсіпорындардың инновациялық белсенділігін төмендгі сияқты кедергілерді жою.
-Кәсіпекрлік секторындагы өндірілген өнімнің бәсекеге қабілетсіздігі.
2014 жылдың 11 айында баламалы энергия көздерін қолдану мақсатында «Ақсу Энерго» ЖШС-ның жалпы қуаттылығы 1,0 МВт құрайтын, құны 300,0 млн. теңгелік 1 инновациялық жоба іске қосылды. Ашылған жұмыс орны 6 адам.
Мекемелердің инновациялық белсенділігі
Халықаралық ұйымдардың қатысуымен осы замангы ғылыми орталықтар мен «технологиялық парктер» құру мен дамыту, жаңа технологияларды игеру үдерісіне қолдау көрсетуіміз керек. Бүл тұрғыда ТІІүбар ғылыми-техникалық орталығында Республикалық даму институты «¥лттық инновациялық қор» АҚ-мен ОҚО Инновациялық қоры бірлесіп технологиялық паркте «Кен-Б» ЖШС -гі лоток және тратуар төсеніштерін өндіруде.
Аудан бойынша индустриализаңиялаудың республикалық Карта жобасына енген жоба
№
|
Жобаның атауы
|
Жобаның
өтінім
берушісі
|
Жүзеге асыру мерзімі, жылдары
|
Пайдалануға беру, жылы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1
|
«Стандарт Цемент» ЖШС қүрғақ тәсілмен жылына 1 млн.тонна цемент өндіретін зауыт
|
«Стандарт
Цемент»
ЖШС
|
2006-2010
|
2010
|
2
|
«Алтын Дән» ЖШС Тауарлы сүт фермасының қүрылысы
|
«Алтын Дән» ЖШС
Тауарлы сүт фермасы
|
2010-2012
|
2012
|
Туризм
Тарихы тереңде жатқан Сайрам ауданында мәдени-тарихи орындар көптеп кездеседі. Аудан аумағында 98 тарихи мекендер мен қалашықтар, сонымен қатар архитектура және қала құрылысының ескерткіштері бар. Онда Сақ заманының қорғандары, орта ғасырлық қалашықтардың орындары және халық арасында аты аңызға айналған тарихи маңызы бар «Ибрахим ата», «Қарашаш ана» «Махмут ата», «Сихым баба», «Жанс баба» секілді көпшілік мінажат ететін әулие жерлер көптен кездеседі.«Манкент» шипажайы, «Жан», «Элнур», «Жансая» демалыс аймақтары бар.
Аудан аумағында 98 тарихи мекендер мен қалашықтар, сонымен қатар архитектура және қала құрылысының ескерткіштері бар.
-
Тарихи мәдени ескеркіштер – 10
-
Қасиетті орындар – 12
-
Жергілікті маңызы бар археологиялық ескерткіштер (обалар, қалашықтар) – 76
Ауданда 9 туристік нысандар орналасқан,оның ішінде:
2 – қонақ үй, 3 – демалу орындары, 1 – сауықтыру лагері, 1 – шипажайы,
1 – ардагерлер демалыс үйі бар.
Туристік қызметті 2009 жылы ауданымызда пайдаланғандардың жалпы саны, келу туризмі – 24 108 адам, шығу туризмі – 16998 адам, ішкі туризм бойынша – 35977 адамды құрап отыр. Туристерді орналастыру нысандарының саны аудан көлемінде 2009 жылда 10-ға жетті.
Ауданда туризм және демалыс орындары үшін пайдалануға болатын табиғи ландшафтар мен шырайлы жерлер көп. Материалдық база бар: олар Машат шатқалында орналасқан сауықтыру лагері, «Манкент» шипажайы. Сондықтан да ауданда туризм саласын дамытуға барлық мүмкіншіліктер бар.
2014 жылы Сайрам ауданының Ақсукент ауылында орналасқан «Манкент» шипажайы» АҚ-на 14 221 адам келіп, ем-шипа алуы жоспарланып отыр.
2014 жылы кірме туризмнің көлемі 30 адамға жоспарлануда.
Туристік қызмет саласында қызмет көрсететін ұйымдардың жиынтық табысын ұлғайту жұмыстары бойынша жеке кәсіпкерлер өз есептерінен жүргізіледі.
Жыл сайын облыстық, республикалық маңызы бар жолдар ағымдық және күрделі жөндеуден өткізілуде, мұның өзі туризмді дамытуға үлкен үлес қосады.
Ауданда туризмді дамытуда төмендегі басымдық бағыттарда жұмыстар жасалынуда:
- мінәжат ету туризмі;
- әкологиялық туризм;
- емдеу-сауықтыру туризмі;
Туризмді дамытудың негізгі проблемалары:
- туристік және көліктік инфрақұрылымдардың жеткіліксіз дамуы;
- жоғары дәрежелі экскурсоводтардың, әсіресе шет ел тілін меңгерген (ағылшын, италян) туризм нұсқаушысының жоқтығы;
- ауыл аумақтарында инженерлік инфрақұрылымы және коммуникация жетілдері төмен деңгейінде;
- туризмдегі дамыған инфрақұрылымы жоқтығы.
Агро-өнеркәсіп кешені.
Ауыл шаруашылығы – тұрғындарды маңызды тамақ өнімдерімен қамтамасыз ететін, Сайрам ауданының салаларының бірі. Ауданның көкөніс, бақша дақылдарымен жүзім және жеміс-жидек өсіруге қолайлы климаттық жағдайлары бар, сонымен қатар жайылымдықтарды жыл бойына азықтық база ретінде қолдану мүмкіндігі бар және осы арқылы мал шаруашылығының дамуына ықпал ете алады.
Ауданда ең маңызды дақыл көкөніс және масақты-дәнді дақылдар болып табылады.
2010 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша ауданның ауыл шаруашылық өндірушілерін 6197 меншік формаларының барлық түрлеріндегі ауыл шаруашылық кәсіпорындары көрсетеді, оның ішінде 112 ауыл шаруашылық кәсіпорындары және 6082 шаруа қожалықтары.
2004-2009 жылдары агроөнеркәсіп кешенінің дамуы тұрақтанған, ауыл шаруашылық өнімдерінің өсуі де байқалған, 2009 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 21126,8 млн. теңге деңгейіне жеткен, оның ішінде өсімдік шаруашылығы 11010,6 млн. теңге, мал шаруашылығы өнімі 10116,2 млн теңге.
Мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің салыстырмалы тұрақтылық жағдайында өсімдік шаруашылығы өнімдері өндірісінің тербілісі байқалған.
2009 жылы ауыл шаруашылығы саласында 21126,8 млн.теңге өнім өндіріліп, 2008 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 100,5 пайызды құраған.
2010 жылы ауылшаруашылық өнімдерінің жалпы көлемі 20457,7 млн.теңгеге жетіп, 2009 жылмен салыстырғанда 103,2% құрады.
Аудан халқын азық-түлікпен қамтамасыз ету.
Тұтыну қоржынына кіретін 20 әлеуметтік маңызды азық-түлік бойынша талдау жұмыстары нәтижесінде ауданның өзінде өндірілген ұн, сүт, жұмыртқа, көкөніс, картоп стандартқа сәйкес толығымен қамтамасыз етіледі.
Қалған өнімдер басқа аудандар мен облыстардан әкелінеді.
Осы стандартқа сәйкес аудан халқы 2009 жылы бақша өнімдерімен 43,8% және етпен 64% қамтамасыз етілген болса, онда 2010 жылы бақша 48%, ет өнімдерімен 65%-ға қамтамасыз етіп отырмыз. Етпен аудан халқын толығымен қамтамасыз ету үшін 2010 жылы қосымша 10 дана мал бордақылайтын орын ашылып, оларда 2500 ірі қара мал бордақылануда.
Ауданда мүйізді ірі қара мал бордақылау бойынша 78 ферма бар, оларда 11041 бас мал бордақылануда. Қарабұлақ ауыл округінде мал бордақылау алаңдарын елді мекендерден сыртқа шығару бойынша жұмыстар жүргізіліп, 2010 жылы 4 мал бордақылау фермалары салынып сыртқа шығарылды.
Аудан бойынша өндірілген және қажетті азық-түліктің кейбір түрлерінің балансы.
Өнім атауы
|
Тұтыну стандарты
|
Тонна
|
Жылдық тұтыну стандарты 266,6 мың адам
|
2009 жылы өндірілген өнім
|
Әкспорт
|
Импорт
|
Баланс
(+,-)
|
Ұн 1 с
|
87,6
|
23354
|
23354
|
-
|
-
|
-
|
Бидай наны 1 с
|
87,3
|
23274
|
23274
|
-
|
-
|
-
|
Ет және ет өнімдері
|
48
|
12796
|
8200
|
-
|
-
|
-4596
|
Тазартылған күріш
|
9,32
|
2484
|
-
|
-
|
-
|
-2484
|
Кілегей май
|
1,9
|
506
|
540
|
-
|
-
|
+34
|
Сүт және сүт өнімдері
|
260
|
69316
|
102780
|
-
|
-
|
+33464
|
Жұмыртқа (мың дана)
|
139
|
37057
|
133000
|
-
|
-
|
+95943
|
Өсімдік майы
|
8,8
|
2346
|
2400
|
-
|
-
|
+54
|
Макарон өнімдері
|
4,4
|
1173
|
1173
|
-
|
-
|
-
|
Жеміс
|
22
|
5865
|
15790
|
-
|
-
|
+9925
|
Пияз
|
18,6
|
4958
|
31800
|
-
|
-
|
+26842
|
Қызылша
|
2,1
|
560
|
4600
|
-
|
-
|
+4040
|
Сәбіз
|
17,9
|
4772
|
16400
|
-
|
-
|
+11628
|
Қырыққабат
|
19,1
|
5092
|
8050
|
-
|
-
|
+2958
|
Қызанақ
|
8,9
|
2372
|
40100
|
-
|
-
|
+37728
|
Қияр
|
6,6
|
1759
|
11200
|
-
|
-
|
+9441
|
Картоп
|
70
|
18662
|
35270
|
-
|
-
|
+16608
|
Бақша
|
24,8
|
6611
|
2900
|
-
|
-
|
-3711
|
Жүзім
|
3,93
|
1047
|
16260
|
-
|
-
|
+15213
|
Қант
|
18
|
4798
|
-
|
-
|
-
|
-
|
Егін шаруашылығы
Ауданның әлеуметтік- әкономикалық дамуы осы салаға байланысты. Жалпы егістік жер көлемі 85400 гектар, оның ішінде:
суармалы жер – 25290 гектар, көпжылдық екпелер -3319 гектар;
- жайылымы - 33484 гектар.
Осы жерлер 6082 шаруа қожалықтары, 29 ЖШС, 86 өндірістік кооперативтер, барлығы 6197 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне бекітіліп берілген. 2010 жылы ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге Республика және облыс тарапынан көптеген көмектер жасалынды. Осындай берілген көмектердің нәтижесінде 2007 жылы 6 гектар, 2008 жылы 27 гектар, 2009 жылы 63 гектар және 2010 жылы 127,3 гектар жаңа бау мен жүзімнің көпжылдық екпелері егілді.
2010 жылдың өнімі үшін 23476 гектар күздік бидай агротехникалық талаптарға сай егілді. 2010 жылға бекітілген егін жоспары: дәнді дақылдардың егіс көлемі – 28000 га , мақсары – 8500 га , көкөніс – 5000 га , картоп -2359 га, бақша -150 га, мал азықтық дақылдар -19007 га. 2010 жыл егілгені : дәнді дақылдар 23476 га, картоп -2525 га, көкөніс -4785 га, бақша -169 га, майлы дақылдар 12075 га, мал азықтық дақылдар -18000 га. егілді.
Ал 2011 жылға егін жоспары: дәнді дақылдар -28000 га, майлы дақылдар -11500 га, картоп -2600 га, көкөніс -6000 га, бақша -170 га, мал азықтық дақылдар -21000 га болып бекітілген.
Мал шаруашылығы
Ауданымызда мал шаруашылығы жылдан жылға дамып келеді. Төрт түлік мал басы мен өнімдері артуда. 2010 жылы ірі қара 164686 басқа жетеді, өткен 2009 жылмен салыстырғанда 109,5 пайызға артады, қой-ешкі 224895 басқа 92,6 пайызға, жылқы 21143 басқа 105,9 пайызға, шошқа 12805 басқа 141,2 пайызға, құс 935445 басқа 102 пайызға артады.
Мал өнімдері: ет 15177 тн өндіріліп, өткен 2009 жылмен салыстырғанда 101,7 пайызға, сүт 108756 тн өндіріліп,106,1 пайызға, жұмыртқа 151168 мың дана 115,4 пайызға, жүн 525 тн 109,1 пайызға өсті.
Мал өнімдерінің өнімділігі және төл алу көрсеткіштері артуы көзделуде. Аудан бойынша 2009 жылы 5 асыл тұқымды мал шаруашылығы болса, 2010 жылы 3 шаруа қожалығы асыл тұқымды шаруашылық мәртебесін алды. 2011 жылы да 2 шаруашылық асыл тұқымды шаруашылық мәртебесін алады деп күтілуде. Асыл тұқымды малдардың үлес салмағы жылдан жылға артып келеді. Оңтүстік-Батыс мал және егін шаруашылығы ғылыми-әерттеу институтының ғалымдарымен бірлесе отырып жеке қожалықтардағы асыл тұқымды ірі қара малдарына бағалау жұмыстары жүргізіліп, аудан бойынша 3240 бас асыл тұқымды ірі қара малы анықталып есепке алынды.
Ауданда 20 сиырларды қолдан ұрықтандыру пункті жұмыс істейді. Қолдан ұрықтандырудың нәтижесінде асыл тұқымды ірі қара малдарының үлес салмағы артуда. 2010 жылы 6200 бас сиыр асыл тұқымды ұрықтармен қолдан ұрықтандырылды.
Мал өнімдерінің өнімділігін арттыру, сапасын жақсарту мақсатында 2010 жылы қаламызда 2 мал бордақылау алаңы, 2 сүт фермасы және 1 мал сою пункті, 3 мал сою алаңы іске қосылды.
Ветеринария:
Ауданданымыздың Жұлдыз ауыл округінде мал өлексесін тастайтын «Беккери» шұңқырының құрылысына 1310,0 мың теңге ажыратылып бұл жұмыстар жүргізілуде. 2011 жылға -2, 2012 жылы – 1, 2013 жылы-2, 2014 жылы – 2, 2015 жылы- 2 «Беккери» шұңқырын салу жоспарланып отыр.
Қырым қанды безгегіне қарсы жұмыстар жүргізілді. Бұл үшін 1920 литр Парисар препараты, 3100 кг дельтаметрин препараты алынды. Аудан бойынша 164433 бас мүйізді ірі қара мал, 230110 бас уақ мал 2 реттен шомылдырылды және 825985 шаршы метр буферлік аймақтар 2 рет залалсыздандырылды.
2010 жылы жануарлармен адамға ортақ қауіпті ауру малдарды , олардан алынатын өнімдермен шикізаттардың құнын иелеріне өтеу үшін 800,0 мың теңге бөлінді және мал иелеріне төленуде.
Қаңғыбас ит, мысықтарды жою үшін аудандық бюджеттен 2010 жылы 888,0 мың теңге бөлініп, бұл қаржыға 1000 бас ит атылып, жойылды.
Жаңа технологияларды енгізу жөнінде.
Ауыл шаруашылығы өндірісіне жаңа технология енгізу бойынша ауданда жылыжай шаруашылығын дамыту мен тамшылатып суғару әдісін өндіріске енгізу жұмыстары жүргізілуде. 2010 жылы 6,96 гектар жылыжай іске қосылды. Бүгінде барлығы 14,61 гектар жылыжай жұмыс істеуде. 2011 жылы- 4,0 га, 2012 жылы- 4,0 га, 2013 жылы–3,0 га, 2014 жылы -5 га, 2015 жылы-5 гектар жылыжай салу есебінен аудан халқын жыл бойы көкөніс және жеміспен қамтамасыз ету көзделіп отыр.
Бүгінгі таңда өсімдік шаруашылығының өнімділігін арттырудағы өзекті мәселе - егін егіп, көкөніс өсіруде ылғал сақтау мен тамшылатып суғару әдістерін өндірістік тәжірибеге енгізу. Ауданымызда «Максимум» АИО ЖШС қызметкерлері, Израилдік «Нетафим», Украиндік «АИК» және ҚР АШМ «Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекелестігін арттыру жобасы бойынша «Агро-Консалтинг» НС ЖШС менеджерлерінің ұйымдастыруымен 4 рет семинар-тренинг өткізіліп, тамшылатып суғару әдісінің тиімділігі жөнінде агроқұрылым басшыларына кеңінен мағлұматтар берді. Сонымен қатар, «Агроконцерн» ЖШС-і қызметкерлерімен бірлесіп, 2010 жылы көктем айларында 18 агроқұрылымның егістік жерлерге ағын суына, топырағына, егілетін дақыл түріне сараптама жүргізілді. «Агроконцерн» ЖШС-гі арқылы тамшылатып суғару әдісін ендіруге барлығы 8 агроқұрылым тапсырыс беріп, тамшылатып суғару әдісін 710 гектарға ендіруге келісім-шарт жасаланды. Бүгінде 6 агроқұрылымның 198 га жеріне тамшылатып суғару жүйесін «Максимум» АИО ЖШС-не кепілдік қойып несие алып жабдықтаушы компаниялар арқылы ендірді. Тамшылатып суғару әдісін өз есебінен ендіретін агроқұрылым басшыларымен де жұмыс жүргізіліп, олар тарапынан 295 гектарға тамшылатып суғару әдісін ендіру жұмыстары жүргізілуде. Жалпы 2010 жылы аудан бойынша 493 гектар жерге тамшылатып суғару жүйесі ендірілді.
Достарыңызбен бөлісу: |