«Самұрық-Энерго» АҚ басшылығының 2015 жылдың қорытындысы бойынша қызмет нәтижелері туралы есебі



бет1/4
Дата17.06.2016
өлшемі482.23 Kb.
#141522
  1   2   3   4
«Самұрық-Энерго» АҚ басшылығының 2015 жылдың

қорытындысы бойынша қызмет нәтижелері туралы есебі

  1. Топқа сипаттама

Қолда бар өндіруші қуатты жаңғырту және жаңаларын ендіру жөніндегі ұзақ мерзімді мемлекеттік саясатты әзірлеу мен іске асыру мақсатында, 2007 жылғы 18 сәуірде құрылтайшылардың жалпы жиналысының шешімімен «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы құрылды (бұдан әрі - Қоғам). Қоғам құрылған кезде оның құрылтайшылары «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ және «ҚазТрансГаз» АҚ болды. Қоғам Алматы қаласында 2007 жылғы 10 мамырда тіркелді.

2008 жылғы 3 қарашада «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ мен «Қазына» орнықты даму холдингі» АҚ-ны біріктіру арқылы жүргізілген қайта ұйымдастыру нәтижесінде Қоғамның акционері «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ құқықтық мұрагері болып табылатын «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ болды.

Қазіргі уақытта Қоғам энергиямен қамтамасыз етудің өте тиімді жүйесін қалыптастыратын халықаралық энергия балансына табысты біріктірілген, сондай-ақ Қазақстанның барлық салаларының орнықты дамуын қамтамасыз ететін көп салалы ірі энергия холдингі болып табылады.

Топ қызметінің негізгі түрлері электр энергиясын, көмір негізінде жылу энергиясы мен ыстық суды, көмірсутектерді және су ресурстарын өндіру және оны халық пен өнеркәсіптік кәсіпорындарға сату, электр энергиясын тасымалдау және электрді желілерге техникалық тарату, су электр станциялары мен жылу электр станцияларын салу, сондай-ақ су электр станцияларының мүліктік кешендерін жалдау, көмір өндіру болып табылады.

Қоғам активтерінің құрамында қуат өндіретін ірі компаниялар бар, олардың құрамында Екібастұз 1-ші МАЭС және 2-ші МАЭС сияқты ұлттық маңызы бар станциялар, сондай-ақ Алматы өңірінде және Ақтөбе қаласында жылу және электр энергиясын өндіретін станциялар бар; Ертіс СЭС каскадына кіретін республиканың негізгі су электр станциялары, сондай-ақ мемлекеттің оңтүстік өңірлерінің СЭС-тері (Шардара СЭС және Мойнақ СЭС) ұсынылды. Сондай-ақ Қоғам активтерінің құрамында өңірлік тарату желілері мен Алматы өңірінің, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарының тарату компаниялары және Қазақстандағы ең ірі көмір өндіретін кәсіпорын «Богатырь Көмір» ЖШС бар. Кәсіпорын Топтың және Қазақстанда да, Ресей Федерациясында да орналасқан үшінші жақтардың қуат өндіретін объектілеріне көмір жеткізеді.

Қоғам қызметінің негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштерін болжамдау Қоғамның акционері – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ жолдайтын макроэкономикалық көрсеткіштерде негізделеді. Қоғамның 2016-2020 жылдарға арналған бекітілген Даму жоспары макроэкономикалық көрсеткіштерді – АҚШ долларының есептік бағамының 360 теңге мөлшерінде өзгеруін есепке ала отырып, Үкімет 2016 жылғы 3 ақпанда (№ 6 хаттама) қабылдаған Мемлекеттің 2016-2020 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамудың нақтыланған болжамына сәйкес инфляцияның 6-8% индексін есере отырып қалыптастырылды.

Топтың еншілес компанияларының және табиғи монополияның субъектілері мен бәсекелес нарықта үстем жағдайға ие субъектілері болып табылатын бірлескен кәсіпорындардың операциялық қызметі «Электр энергетикасы туралы», «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы», «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының заңдарымен және 2016ж. қаңтар айынан бастап қайта күшіне енген «Кәсіпкерлік қызмет туралы» ҚР Кодексімен реттеледі.

Энергетикалық компаниялар қызметінің түрлеріне тәуелді тарифтік реттеу ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің (бұдан әрі - МТР БҚК) немесе салалық министрліктің – Энергетика министрлігінің (бұдан әрі - ЭМ) құзыретіне жатады.

Энергия өндіретін ұйымдар (ЭӨҰ) үшін электр энергиясына белгіленген тарифтер 2016-2018жж. аралығына арналған 2015ж. 27 ақпандағы «Энергия өндіретін ұйымдар тобы үшін электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту туралы» Энергетика министрінің бұйрығымен бекітілді. Энергия өндіретін ұйымдар (КЕГОК және АЭК) үшін электр энергиясын жеткізу мен таратуға, жылу энергиясын өндіруге (ЭТҰ) және энергиямен қамтамасыз етуге (ЭҮК) арналған тарифтерді МТР БҚК реттейді. МТР БҚК реттеу мен бақылауды заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерге қатаң сәйкестікте жүзеге асырады.

Тарифтер бойынша шешімдер елеулі дәрежеде әлеуметтік және саяси мәселелердің әсеріне ұшырады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің экономикалық, әлеуметтік және өзге де саясаткерлері Топтың операциялық қызметіне елеулі ықпал ете алады. 

Қоғам қызметінің негізгі бағыттары мыналар болып табылады:


  • Электр энергиясын өндіру;

  • Жылу энергиясын өндіру;

  • Электр энергиясын жеткізу және бөлу;

  • Электр энергиясын іске асыру;

  • Энергетикалық көмірді өндіру;

Өнім түрлері

2014

2015

ауытқу 2015/2014

2016

2017

(болжам)

(болжам)

Электр энергиясын өндіру көлемдері, (млн кВтсағ)

28 216

22 318

79%

23 259

26 059

Электр энергиясын жеткізу көлемдері (млн кВтсағ)

12 344

12 114

98%

12 332

13 068

Электр энергиясын сату көлемдері (млн кВтсағ)

8 605

8 414

98%

8 758

9 135

Жылу энергиясын өндіру көлемдері (мың. Гкал)

7 561

6 913

91%

7 359

7 987

Көмірді сату көлемі, млн тонна

38,1

33,9

89%

32,5

35,7

2015 жылғы электр энергиясын өндіру көлемдерінің 2014 жылға қарағанда 21 %-ға (немесе 5 898,4 млн.кВтсағ) төмендеуі мына электр станциялары бойынша электр энергиясын өндірудің төмендеуіне байланысты:

- «2-ші МАЭС» АҚ және «1-ші МАЭС» ЖШС бойынша ҚР нарығында электр энергиясын сатуының төмендеуіне байланысты;

- «Шардара СЭС» АҚ бойынша Сырдария өзені мен Шардара су қоймасында судың аз болуына байланысты;

- 53%-ға (немесе 1 345 кВтсағ) ЖМАЭС бойынша 2015 жылғы мамыр айында активті сатумен байланысты.

Сонымен қатар, 2015 жылғы тамыз айында өндіру көлемі 79,2 млн.кВтсағ құрайтын «Бірінші жел электр станциясы» ЖШС пайдалануға енгізілді.

2015 жылғы электр энергиясын өндіру көлемдерінің 8 %-ға (немесе 648 мыңГкал) төмендеуі сыртқы ауаның климатологиялық температурамен салыстырғанда жоғары температураға байланысты жылыту жүктемесінің төмендеуімен байланысты.

Электр энергиясын жеткізу көлемдерінің 2%-ға (немесе 230,5 млн.кВтсағ) және энергиямен қамтамасыз ететін компаниялардың электр энергиясын сату көлемдерінің 2%-ға (немесе 191,4 млн.кВтсағ) 2014 жылғы фактіге қарағанда төмендеуі жылы ауа райына байланысты.

Көмірді сату көлемдерінің 11%-ға (немес 4,2 млн.тонна) төмендеуі РФ, «1-ші МАЭС» және «2-ші МАЭС» АҚ тұтынушылар сұрауының төмендеуімен байланысты.

2016-2017 жылдарға арналған Даму жоспарында болжанатын электр энергиясы өндірісінің көлемі 2015 жылдың фактісіне қатысты оң динамиканы көрсетеді. 2016 жылы электр энергиясы өндірісі көлемдерінің 941 млн.кВтсағ-қа ұлғаюы негізінде «Екібастұз 2-ші МАЭС» АҚ мен «Екібастұз 1-ші МАЭС» ЖШС есебінен жоспарлануда.

2016-2017 жылдарға арналған жоспардағы жылу энергиясын өндіру көлемдері 2015 жылғы фактілерге қарғанда «Алматы электр станциялары» АҚ-ның жылу энергиясын өндіру көлемдерін ұлғайту есебінен 6-15%-ға өсуімен болжанады.

2016 жылы электр энергиясын жеткізу және бөлу көлемдерінің өсуі бойынша «АЖК» АҚ мен «ШҚ АЭК» АҚ-ның тұтынушылары өтінімдерінің өсу есебінен күтілуде.

2016 жылғы болжамдағы көмірді сату көлемі 1,4 млн. тоннаға немесе 4 %-ға төменделуде, бұл РФ мен ҚР-дың негізгі тұтынушылардың көмірді тұтынудың төмендеуімен байланысты 2015 жылға қарағанда төмен.

2017 жылға арналған болжамда көмірді сату көлемдері 2016 жылға қарағанда 10 %-ға немесе 3,2 млн. тоннаға ұлғаюда. 2015-2016 жылдарға арналған көмірді өндіру және сату көлемдері ҚР мен РФ-та электр энергияны өндірудің болжамды көлемдерін ескере отырып қарастырылды.

2015 жылы Қоғам қызметінде төмендегі елеулі оқиғалар және бизнестегі өзгерістер болды.



Күні

Оқиға

1 ақпан

«Екібастұз 4-ші МАЭС» ЖШС мен «Екібастұз 2-ші МАЭС» АҚ-ның электр энергиясына босату бағасын төмендетуі

20 ақпан

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Standard & Poor's рейтинтерін «ВВ/В» және «kzA+» дейін төмендету, болжам «Тұрақты»

27 ақпан

«Энергетикадағы МҮИИДБ жобаларын іске асыру және «Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2014 жылғы қызметі туралы» ОКҚ-да брифинг өткізу

2 наурыз

«Самұрық-Энерго» АҚ 2015 жылы күрделі шығындарды 23%-ға қысқартуды жоспарлауда.

10 сәуір

Алматы қаласының түпкілікті тұтынушы үшін «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-ның тарифі төмендетілді

27 сәуір

Бүкіләлемдік энергетикалық кеңесі БЭК-нің Қазақстан ұлттық комитетінің қызметін жоғары бағалады

18 мамыр

«Самұрық-Энерго» АҚ «Т.И. Батуров атындағы Жамбыл МАЭС» АҚ акцияларының 50%-ын сатты

19 мамыр

Инвестициялық жобалардың және шығындардың қымбаттауына байланысты «Мойнақ СЭС» АҚ-ның жеке тарифін жоғарылату

22 мамыр

АЭФ аясында «Самұрық-Энерго» АҚ-ның инновациялық технологияларын дамыту жөніндегі бірқатар келісімдерге қол қойылды

20 маусым

«Энергетиканың жаңа көкжиектері, ынтымақтастық пен инвестициялардың перспетивалары» KAZENERGY Еуразиялық форум» атты ОКҚ -да брифинг өткізу

4 шілде

Қоғамның Трнсформация бағдарламасының басталуы

14 тамыз

Бірінші жел электр станциясы құрылысының аяқталуы/«Бірінші жел электр станциясы» ЖШС іске қосу

17 қыркүйек

Қоғам Еуропа Қайта құру және Даму Банкінен «Шардара СЭС-ін жаңғырту» жобасы бойынша Кредиттік келісімде көзделген қаржы ковенанты бойынша вейвер (келісім хат) алды

23 қараша

Қоғам 3 млрд. теңге мөлшерінде жергілікті облигацияларды өтеді

2 желтоқсан

ЕҚҚДБ-ның кредиттік қаражаттарына рұқсат алынды және «Шардара СЭС-ін жаңғырту» жобасын іске асыру аясында бірінші іріктеу жүргізілді

15 желтоқсан

Standard & Poor's агенттігінің "ВВ/B" және "kzA+" деңгейінде рейтингтерді растауы

21 желтоқсан

2015 жылы станцияны жаңғырту үшін жабдықтар құнының 9,50 теңге/кВтсағ мөшерінде (қолданыстағыға 211%-ға өсуімен) өсуіне байланысты «Шардара СЭС» АҚ-ның жеке тарифін бекіту. Тариф 2016 жылдан 2022 жылға дейінгі аралыққа бекітілді.

23 желтоқсан

Fitch Ratings агенттігінің компанияның рейтингтерін растауы, болжам «Тұрақты»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет