ІІ.3 Студент-жастарды отбасылық өмірге психологиялық дайындауда этностық құндылықтардың орны
Еліміздегі әртүрлі ұлт жастары арасында қылмыстың өсе түсуі, жағымсыз мінез-құлықтар мен әдеттердің көрініс алуы бүгінгі күні қоғамды қатты алаңдатып отырғаны сөзсіз. Бүгінгі күнгі статистикалық мәліметтерге сүйенсек, көп жағдайда қылмыскерлер мен бұзақылардың жастық ерекшеліктеріне аса мән берілмейді. Бұл топтағы жастар отбасын құрып, мемлекетіміздің белсенді жасаушысы болмақ түгілі, өздерінің және өзгелердің өмірлеріне жауапсыз қарайтындығы анық. Зайырлы мемлекетіміз жастарды болашақтың бастамасы ретінде мойындай отырып, саяси сипатта олардың орнын ойып тұрып негіздеп отырғаны белгілі. Мұның дәлелі еліміздің Президентінің жастар саясатына ерекше мән беруі болып табылады. Дегенмен бүгінгі күні жастарды әлеуметтік қорғау бағдарламасының кейбір түйткілді мәселелеріне байланысты ойландырытын сұрақтар жоқ деп айта алмаймыз.
Қазіргі таңда жаһандану жағдайында батыс мәдениетіне еліктеушілік жастардың бойында жағымсыз қылықтардың дамуына алып келіп отыр. Осы орайда, батыстық өмір салттары қанымызға сіңген қазақы болмысымызға елеулі зиянынын тигізетін әдеттері мен қылықтар дендеп келеді. Айта кетер болсақ, жыныстық қатынас, кісі өлтіру, бейбастық, қарақшылық, еркін махаббат, жоспарланбаған жүктілік, тастанды бала және т.б насихаттайтын материалдар мен әйел- қыздардың жалаңаш денелерін көрсететін суреттер қазіргі таңда бұқаралық ақпарат құралдарында жиі көрініс табуда. Осы орайда, елімізде қоғамдық өмір мен әлеуметтік қатынастарды демократияландыру ұраны бола тұра мұндай бейбастық іс-әрекеттер ұлттық тәлім- тәрбиеге, этностық қарым- қатынасқа түбірімен қарсы бағытталғанын естен әрдайым шығармау қажет. Болып жатқан осындай келеңсіз, кесірлі құбылыстарға қазақ жастары болашағының едәуір билігі елігіп, еліктеуі қанат жайып бара жатқаны бізді алағдатары сөзсіз. Осы уақытқа дейін бұрын- соңды исі қазақ қыздарында болып көрмеген, ата салтымызға жат қылықтар, яғни, жасыратыны жоқ «түңгі көбелектің» айтарлықтай әлеметтік орта өмірінде орын алуы, кез-келген жерлерде жастардың жыныстық қатынас жасауына арналған арнайы орындардың «сауда үйіне» лайықталуы бүгінгі күні нарық жағдайында ұлттық трагедияның негізіне айналып барады. Мұндай келеңсіз әрекеттердің белең алуы осы уақытқа дейін ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлттық тәрбиенің рухани- өнегелік және этностық құндылық негізіне, ғасырлар бойы қалыптасып келген эстетикалық әлеуеттің некелік-отбасылық қатынастарға батыстық мәдениеттің «жүгенсіз насихаты» бел ортасынан балта шабуда. Бұл қоғамның қасіреті ретінде алға шыға отырып, адами болмысымыздың табиғатына қиянат келтіріп отырғаны анық.
Халқымыздың болашағы болып табылатын өскелең жас ұрпақтың әлеуметтену процесіндегі қарама-қайшылықтары айқын көрініп отырғаны байқалуда. Бұл жағдай біріншіден, қазақ халқаның ғасырлар бойы қалыптасқан рухани ұстанымдарына ашық түрде шабуыл жасап отыр. Қазақстанда жүріп жатқан ғылыми-техникалық прогресс аясында ұлттық мәдениетті жаңғырту арқылы қат-қабат мәселелерді шешуге бағытталған шаралар қолға алынып, осыған байланысты қазіргі таңда елеулі зерттеулер жүргізіліп жатыр.
Жоғарыдағы айтылған мәселелерге орай, екінші себеп- бұл әлеуметтік институттардың, яғни, отбасының, білім беру мекемелерінің тұлғаның өмір сүру ортасының этностық педагогикасы мен психологиясының бай тәжірибесін пайдалана отырып, оқу-тәрбие процесін жүзеге асыруға әлі де болса назар толық аударылып отырған жоқ.
Айтылып отырған мәселелерге қатысты үшінші себеп- бұл білім беру мекемелеріне және де ата-аналарға нақты әдістемелік нұсқау кеңестер берілмеуімен қатар, жастарды болашақтағы отбасылық өмірге этнопедагогика мен этопсихологияның бағдарламалары негізінде іс-шаралардың жүргізілмеуінде болып отыр. Бұл нұсқау-кеңестерде тұжырымдалған бағдарламаларды жасай отырып, оны жүзеге асыруда мемлекетімізде жастардағы ұлттық тәрбиені жандандыру бағытындағы мәселелерді шешуге бағытталған ғылыми-зерттеу нәтижелерінің қорытындысын талап етері сөзсіз. Осы орайда жастарды отбасылық өмірге этностық құндылықтар арқылы дайындауды ғылыми тұрғыда негіздеу жоғарыдағы түйткілді мәселенің бір арнасына жауап береді.
Жастардың мінез-құлық ерекшеліктері мен сезімдер тұрақтылығының жіті есепке алынуы болашақта ойдағыдай отбасын құрудың ең басты шарты болып белгіленіп келеді. Жастардың өзінің бойындағы мінезін білуі, болашақтағы жарының мінезінің ерекшеліктерін түсінуі, отбасылық қиындықтарға төзімділік пен ұстамдылық танытуы көп жағдайда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыруға мүмкіндік туғызып отыратыны сөзсіз. Қазіргі таңда отбасылық қарым-қатынаста ерлі-зайыптылардың бір-бірінің іс-әрекеттеріне баға беруде оң көзқарас танытып, оның үстіне төзімділік пен әділдік танытуы аса маңызды жағдайлардың бірі болып табылады. Отбасындағы өмірде бір-бірінің жан-дүниесін түсіне білу, кемшіліктеріне кешіріммен қарау қасиеттері де маңызды сипатқа ие болып отыр. Қазақ халқының қанына сіңген ізеттік пен имандылық қасиеттері отбасылық қарым-қатынасты үйлесімділікке алып келіп, оның беріктігінің діңгегі болады.
Қазіргі таңда отбасылық өмірде адами қасиеттерге баса назар аудару талап етілуде. Осы орайда, жауапкершілік, өзін-өзі ұстай білу, мақсаткерлік, дербестік, шешімділік, тұрақтылық, қайсарлылық, тәртіптілік пен өз сұранымын басқарудағы қабілеттілік және т.б. сияқты қасиеттерді жастардың бойына сіңірту әлеуметтік институттардың алдында тұрған басты мәселелердің бірі болып отырғаны белгілі. Сондықтан, біздің зерттеуіміздің басты міндеттерінің бірі отбасылық өмірге психологиялық тұрғыда дайындауда этностық құндылықтарды негідеу өзекті мәселенлердің бірі болып табылады.
Жастарды отбасылық өмірге этностық құндылықтар негізінде дайындауда тұлғаның басты қасиеттерін назарда ұстау қажет. Демек, тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеудегі нәтижесінің көрінісі, яғни, ерік-жігер сапасының дамуы. Отбасылық өмірлік берік ұстанымда, қайсарлықта, қажет кезінде жоғары азаматтықта тұлғаның ерік-жігерінің сапасы көрініс табады.
Өмірдің өзі дәлелдеп отырғандай, кез-келген халықтың салт-дәстүрлерi мен ырым-тыйымдары қоғам тарихының барысында қалыптасатыны белгілі. Әрбiр қоғамдық-экономикалық формацияның даму кезеңiнде, тақырыбымыздың өзегінде бар мәселе нарық жағдайында өзiндiк салт-дәстүрлер жүйесi болды. Бұл өзiндiк салт-дәстүрлер жүйесі экономикалық қатынастардың сипатына сәйкес өскелең ұрпақтың рухани жан дүниесiн қалыптастырудың маңызды құралы қызметiн атқаруы тиіс. Бұл жүйелер iшкi рулық әлеуметтік қатынастарды ретке келтiрiп отырды. Бұл жағдай отбасылық қарым-қатынас барысында ұжымдық рулық-тайпалық қызметті ұйымдастырудың қажеттi формасын қалыптастырып, әлеуметтiк тәжiрибенi жинақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа таратудың әдiс-тәсіліне айналып отырды. Осы рулық-тайпалық салт-дәстүрлер мiнез-құлықтың орныққан өлшемдерінің, көрсеткіштерінің және тәртiптерiнің деңгейін анықтап, оны тарату қажеттiлігiн айқындаушы болып табылады.
Кейбір зерттеулерде ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан этностық мәдени жетістіктерді, құндылықтарды тарихи біріктіре отырып, адамзат тіршілігінің аксиологиялық және семантикалық кеңістігін белгілеуге болады деп көрсетеді (С.Қ. Бердібаев [115], А.Ж. Аяғанова [116]). Әрбір этностың этномәдени құндылықтары ұлан-ғайыр шексіз болып табылады. Бұл этномәдени құндылықтар әртүрлі сипат пен мағыналар бере отырып, тұлға мен этностық әлем көрінісін құруда ерекше авторлық формадағы ұлттық мәдени жағдайды шоғырландырылады. Осы шоғырландырулар арқылы жастардың отбасылық өмір туралы алғашқы білімдерін тереңдетіп, оны негіздеу басты, әрі маңызды мәселелердің бірі ретінде алға шығады.
Жастар отбасындағы қиындықтарға төтеп беруде жігерсіздік танытып, жауапкершілікті аз сезіне отырып, қоғамның бір бөлшегі ретіндегі отбасылық өмірге ат үсті қарап, әртүрлі тағдыр тәлкегіне қалып отырғаны жанға батады. Қазақ халқы еш уақытта жесірі мен жетімін жылатпаған. Қанымызға сіңген балажандылық, қонақжайлылық пен толеранттылық қасиетіміз сұйылып келе жатқан сыңайлы. Сондықтан нарық жағдайының заманында жастарды отбасылық өмірге этностық құндылықтар негізінде дайындау өзінің өзектілігін туындатады.
ІІ бөлім бойынша тұжырымы
Бүгінгі күні отбасылық өмірдегі болып жатқан келеңсіз әрекеттер қоғамның басты мәселелерінің бірі болып отыр. Жастардың отбасылық өмірдегі қиындықтарға төтеп бере алмауының салдарынан бір-бірінің өміріне жауапсыздық танытып отырғаны белгілі. Отбасылық құндылықтар материалдық сипат алуына орай, жылылық, махаббат пен ізгілік, имандылық сияқты қасиеттер адами рухани азық екінші кезекте қалып отырған жайы бар. Сондықтан дер кезінде жастардың болашағын дұрыс құруға бағыттау мемлекеттік маңызды жағдайлардың бірі болып табылады. Себебі, отбасы шағын мемлекет. Осы шағын мемлекеттің мүшелерінен қоғам құрылады.
Отбасылық қарым-қатынаста шиеленістердің туындауы оның беріктігін әлісіретеді. Себебі, отбасы мүшелерінің функциялық және рөлдік позициясында құрылымданған қиындықтардың бой көтеруі болашақ ұрпақ тәрбиесіне өзінің кері ықпалын тигізетін сөзсіз.
Отбасылық тәрбиеде қазақ халқы кез–келгенді кісі деп атамай, имандылық пен адамгершіліктің басты белгісі, етек жабу нәтижесінде біртіндеп қалыптасатын адамның азаматтық ар–ожданы, кісілік, кескін–келбеті, адамшылықтың өлшемі деп түсінген. Яғни, жаманы мен жақсысы, көргендісі мен көргенсізі, өнегелісі мен өнегесізі және т.б. Отбасылық өмірде ар–ұяты бар кісі ғана ақжарқын, иманжүзді, ақылды келеді. Мұндай адамдар отбасының беріктігін білегімен жасап, өз ұрпағының өміріне жауаптылығын сезінеді. Сырттан келген қанымызға тән емес әрекеттердің бой алуына жол бермейді. Этностық құндылықтар арқылы отбасылық өмірге дайындауда мінез–құлықтың әр түрлі жағымды жақтары «кісілік» ұғымының төңірегене топтасады. Мұның басты белгілері: ар–ұятты қастерлеп сақтау, намыстылық, мейірімділік пен қайырымдылық, ізеттілік, қарапайымдылық, адамдақ пен шыншылдық, ілтипаттылық пен кішіпейілділік болып табылады. Осындай белгілер жастардың бойында отбасылық жауапкершілік сезіміні жоғарылата отырып, оған деген жағымды қатынасты туындатары сөзсіз.
Отбасылық қатынастардың жай-күйін, сондай-ақ, оның өнегелік ахуалын, әлеуметтік, құрамын, демографиялық ерекшеліктерін ескеріп, жастарды оған дайындау және оған негізделген зерттеулерді жүргізу аса маңызды болып есептелінеді. Қазіргі таңда біздің ұлтымыз тарихи дамудың өзіндік жолынан өтіп, өзінің бай мұралары арқылы жалпы адамзаттық мәдени өркениетке аса зор үлесін қосуда. Айтып өткендей, зерттеу нәтижелері ұлттық салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар отбасылық өмірді ғылыми негіздеуде этнопсихологиямен тығыз астасып жатқанын айқын аңғартады. Қазақ халқындағы мәдениеттегi, әдебиеттегi, өнердегi, этнопсихологиядағы, ұлттық және жалпыадамзаттық мәселелердің басты тақырыбы жалпы және айрықша қасиеттерi болып есептеледi. Жалпы алғанда-оларды жақындастырады, ал айрықша қасиетi болса сол, олардың әрқайсысы ерекше мәнге ие болып келетінінде болып табылады.
ІІІ. Нарық жағдайында этностық құндылықтар арқылы студенттерді отбасылық өмірге психологиялық дайындауды эксперименттік зерттеу
ІІІ.1 Эксперименттік зерттеуді ұйымдастыру бағытын анықтау және эксперименттің зерттеу әдістерін негіздеу мен сыналушыларға сипаттама
Бүгінгі таңда отбасыішілік дағдарыстардың шиеленісуі, оның ішінде әке мен баланың, анасы мен қызының тіл табыса алмау мәселелері, нәтижелерінде қақтығыстардың, үйден кету жағдайлардың мысалдарына жиі кезігіп жүрміз. Оның зардаптары, жалпы қоғамымызда айқын көрінуде. Оған себеп, отбасылық жылулыққа, татулыққа деген саналы көзқарастың жетіспеушілігі мен мәдениеттің төмендігі. Мұның өзі уақыт талабына сай ізгіліктік негізінде отбасыішілік жағымды қарым-қатынасты қалыптастыру қажеттілігін туындатады.
Қоғамда қандай да болмасын өмір жолының алғашқы қадамынан басталатыны сияқты, тұлғаның қалыптасуы да отбасынан басталады. Осы орайда, отбасы – бұл адамға өмірлік құндылықтар жайында түсінік беретін алғашқы әлеуметтік институт болып табылады. Жалпы алғанда тұлға қандай дәрежеге жетеді, биік тұлға бола ма немесе адамгершілік тұрғыдан кемтар болып қалыптаса ма, мұның бәрі көбіне оның балалық шағында қаншалықты дұрыс отбасылық тәрбие алғанымен және оған деген қатынасына байланысты екені сөзсіз.
Жастарды отбасылық өмірге этностық құндылықтар арқылы психологиялық тұрғыда дайындау мәселесінде біз әрбір ұлттың қанына сіңген қасиеттерін басты назарға алып отырмыз. Яғни, халқымыздың өзiндiк мәдени, рухани, ұлттық салт-дәстүрлерi, жалпы алғанда этностық құндылықтары айқын қалыптаса бастаған сонау қазақ хандығы тұсындағы және одан бергi дәуiрлердегi тарих беттерiнде рухани-эстетикалық тәлiм-тәрбиенiң алтын қазынасы жатыр. Осы алтын қазына негізінде жастарды отбасылық өмірге психологиялық дайындау бүгінгі күні қажетті де, маңызды жағдайлардың бірі болып отыр. Сонымен қатар, оны жастар тәрбиесіне пайдалануда ғылыми-теориялық тұжырымдап, эксперименттік тұрғыда зерттеу басты міндеттердің бірі.
Зерттеудің теориялық талдауында біз отбасы, отбасылық шиеленіс, этностық құндылықтармен отбасылық қарым-қатынасты ғылыми негіздеп көрсеттік. Осы орайда, біз өз зерттеулерімізде нарық жағдайында этностық құндылықтар арқылы студенттерді отбасылық өмірге психологиялық дайындауды мақсат етіп қойдық.
Жастардың отбасылық өмірге деген қатынасын анықтау арқылы болашаққа жоспарды құра білу дағдыларын дамыту бүгінгі күні өзекті болып отыр. Жастар сезімнің шырмауында қала беріп, алып-ұшпа көңілден жоспарсыз, яғни отбасын құрмай жатып балалы болып, оның өміріне жауапкершіліксіздік танытып жатқанын қазіргі ақпарат көздерінде көріп, өмірде куә болып жүрміз. Осы орайда, халқымыздың «жетімін жылатпаған» деген даналық сөзі еріксіз ойыңа келеді. Сондықтан жастарды ұлтымыздың қасиетті құндылықтарымен тәрбиелеп, өмірге бағыттау басты мәселелердің бірі болып табылады.
Зерттеу жұмысымыздың бағытын біз төмендегіше анықтап отырмыз.
4-сурет. Эксперименттік зерттеу бағыты
Біздің зерттеумізде эксперимент үш кезеңнен тұрады.
Бірінші кезеңде студент-жастардың отбасылық өмірге дайындығы психодиагностикалық әдістер арқылы зерттелді. Бұл кезеңде «Сіз отбасын құруға дайынсыз ба?» сауалнамасы, «Отбасылық қобалжуды анықтау» сауалнамасы, «Отбасында эмоциялық қатынасты анықтау» әдістері пайдаланылды.
-
«Сіз отбасын құруға дайынсыз ба?» сауалнамасының авторы К.Ғ. Жүнісова-Елшібаева. Біз сауалнаманы зерттеу мақсатымызға орай модификациялап (авторлық) пайдалануды жөн санап отырмыз.
-
«Отбасылық қобалжуды анықтау» сауалнамасы авторы Э.Г.Эйдемеллер және В.Юстицкис (2000) Әдістеменің мақсаты: Индивидтің жалпы қобалжуын зерттеу, оның отбасына деген көзқарасы және отбасының оны қалай қабылдайтынын анықтау.
-
«Отбасында эмоциялық қатынасты анықтау» әдістемесі. Әдістеме авторы Е.Бене және Д.Антони Е.Бене, (1999). Бұл отбасындағы тұлғаның эмоциялық қатынасы мен көзқарасын анықтауға арналады. Тест арқылы отбасы мүшелеріне деген бір-біріне сезімін, қатынаста өзін қалай қабылдауын сандық және сапалық жағынан бағалауға мүмкіндік алады. Тұлғаның қандай психологиялық қорғану типін қолданып жүргенін анықтауға болады.
Әдістеменің екі түрі бар:1) 4- 6 (8) жас кіші балалары үшін; 2) 6- (8) 10 жас және студенттерге араналған.
Екінші кезеңде біз жастардың отбасылық құндылықтары анықталды. Мұнда төмендегі әдістемелер пайдаланылды:
-
Эссе жазу: «Менің елесімдегі отбасылық өмір»;
Үшінші кезеңде отбасылық психотерапия элементтері арқылы жастарды өмірлік жоспар құруға және отбасын құруға психологиялық жағымды қатынас орнату үшін төмендегі тренингтер ұйымдастырылды:
-
«Менің отбасым –қазір және ертең»;
-
«Отбасын ойнайық»жаттығуы;
-
«Өзінің болашақ отбасы жайлы түсініктері» жаттығуы;
-
«Менің отбасым қазір және болашақта» жаттығуы.
Біз жоғарыда зерттеу жұмысының бағытын анықтап, әдістемлерге сипаттама беріп өттік.
Біз зерттуе жұмысымыздың сынлаушыларына студенттік кезеңді таңдадық. Студенттік шақ адам тұлғасының қалыптасуында аса маңызды кезеңі болып саналады. Ересектік кезеңге өту, тәуелсіздіктің басты баспалдағы осы студенттік кезеңнен бастау алады. Әрине, бұл кезең тәрбиелік қатынаста қиындықтар тудырытын кезең болып табылады. Педагогика және психология ғылымында студенттердің ерекшеліктерін зерттеу әртүрлі мазмұнда және сипатта жүзеге асып келеді.
Студент үлкендерден өзінің есейгенімен және өзбетілігімен санасуын әр салада талап етеді. Қыздар киім киюінде немесе өзін күтуде болса, ер жігіт тиісті міндеттерді өз еркімен орындағысы келеді. Бұл жағдайға әрине әуелгі кезде туған-туысқандары қарсы шығады. Мұндай қарама-қайшылықтың туындайтын себебі оған деген сенім білдіргісі келмегеннен емес, оны «бала» деп бәлендей істі не тапсырманы бүлдіріп алады деп санауынан болып табылады. Бірақ студент мұны түсінбей «мені бала деп сенбей отыр» деген пікірге сенімді болады. Егер мұндай қатынас көпке созылса, онда студент пен ерсектер адамдар арасында түсінбеушілік туып, ол ызаланып, ерегесуде немесе негативті халде сезімде болып, айналасындағылардың қандай болса да талабын немесе күтулерін орындамауға тырысады.
Құрамының бірдейлігі-(жастық айырмашылықтар әдетте 5 жастан көп емес), қызығулардың, мақсаттардың, психологиялық ерекшеліктердің жастық ұқсастығын шарттандырады, топтың ұйымшыл болуына көмектеседі
Студенттік топ іс-әрекетінің негізгі түрі – оқу, ал оқу ұйымшылдығының факторы өндірістікке қарағанда әлсіздеу, сондықтан ұйымшыл коллектив қосылмайды, әрқайсысы өзінше болады
Студенттік топтар өзін-өзі басқарудың негізінде қызмет жасайды, оқытушы-куратардан белгілі-бір басқарушы әсер етуге түседі
Студенттік топта “ұжымдық қайғыру және көңіл-күй”, “ұжымдық пікір”, еліктеу, сену немесе конформизм құбылысы, сайысу құбылысы сияқты әлеуметтік-психологиялық құбылыстар көрінеді
5- сурет. Суденттік топ ерекшелігі
Студенттік шақ қиын әрі сыналатын кезең деп табылады. Бұлай бағалаудың себебі, біріншіден, осы уақытта болатын көптеген сапалық өзгерістерге байланысты. Өйткені, бұл өзгерістер кейде оның бұрынғы ерекшеліктерін, мүдделері мен қарым-қатынастарын түбірінен өзгертетін сипатта болады. Мұның өзі біршама қысқа мерзімде болуы мүмкін, көбінесе күтпеген жерден болады да, даму процесі секірмей, қауырт сипат алады деп көрсетті. Бұл болып жатқан өзгерістер екінің бірінде, бір жағынан, студенттің өзінде әртүрлі сипаттағы елеулі субьективтік қиыншылықтардың болуымен қабаттасса, екінші жағынан, оны тәрбиелеудегі қиыншылықтармен ұштасады.
Студенттік шақтың басында балалар сырт пішіні жағынан да, мінез-құлығы жағынан да ересектерге ұқсамайды, олар әлі көп жүгіреді, де көп ойнап, алысып-жұлысып, тіпті тентектіктер жасайды. Сонымен қатар, өз дегендерін істеп, байыз таппайды, қызу да шамданғыш, әр түрлі салада белсенділік танытады, көп жағдайда, ұшқалақ, ынта білдіріп, ден қоюы да, біреуді жақсы көруі, қарым-қатынасы да тұрақсыз бола отырып, басқаның ықпалына оңай көнгіш келеді. Алайда балалығы қаз-қалпында болып көрінетін сырт көрініс алдамшы болады да оның сыртында жаңаның қалыптасуының маңызды процесстері жүріп жатады. Студенттер көбінесе әлі де бала болып жүріп, байқаусыз есейеді. Ересектіктің қалыптасу процесі көзге бірден түсе қоймайды. Оның көріністері мен нышандары әр алуан және сан сипатта болады.
Студенттік шаққа тән әлеуметтік белсенділік сипаты ересектер дүниесіндегі және олардың қарым-қатынастарындағы бар өлшемдерді, құндылықтар мен мінез-құлық тәсілдерін меңгеру алғырлығы болып табылады.
Студенттің жаңа құқыққа ие болу ниеті ең алдымен ересектер мен қарым-қатынастың бүкіл саласын қамтиды.
Студенттік топта тұлға аралық (эмоциялық және іскерлік) өзара қатынастардың, топтық рөлдерді бөлудің және лидерді анықтаудың және т.б. құрылымдануының, қалыптасуының және өзгеруінің динамикалық процесі болады. Осы барлық топтық процесстер студенттің тұлғасына, оның оқу іс-әрекетінің және кәсіби құрылуының жетістігіне, оның жүріс-тұрысына күшті әсер етеді.
ІІІ. 2 Эксперимент барысына сипаттама және оның нәтижелеріне талдау
Эксперимент барысына сипаттама беріп, осы бөлімде жүргізілген зерттеулерге талдау жасауға көшеміз.
Эксперимент жүргізу жоспарлы түрде жүргізілді. Эксперименттік алаңға өзіміздің университетіміз алынды. Экспериментке қатысушы респонденттерге музыка-педагогикалық факультетінің «Педагогика және психология» мамандығының 3-4 курс студенттері (80 қатысушы) таңдалды. Респонденттер жоғары белсенділікпен қатысты. Оларға моральдық-психологиялық жағдайлар жасалды. Эксперимент тапсырмалары мен материалдары жеке таратылды. Нұсқау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жоғарыда атап кеткендей бұл кезеңде үш әдістеме пайдаланылды.
Эксперименттің бірінші кезеңі 2011 жылдың қыркүйек- қазан айларында студенттерінің отбасылық өмірге дайындығы бойынша психодиагноситкалық зерттеулер арқылы жүргізілді.
Келесі кезекте біз әрбір психодиагностикалық зерттеулерге талдау жасаймыз.
Бірінші әдістеме К.Ғ. Жүнісова-Елшібаеваның «Сіз отбасын құруға дайынсыз ба?» атты 13 сұрақтан тұратын сауалнамасы жүргізілді. Бұл сауалнама студент-жастардың отбасын құруға қаншалықты дайын екендігі анықталды. Бұл әдістеменің нәтижелері төмендегідей болды:
Кесте 1- 3-4 курс студенттерінің отбасылық өмірге дайындығының көрсеткіштері (N-80)
Cұрақтар №
|
Жауап варианттары
|
2 курс студенттері
|
4 курс студенттері
|
Жалпы ұпай саны
|
|
|
%
|
балы
|
%
|
балы
|
%
|
балы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
1
|
1
|
33,7 %
|
1
|
48,4 %
|
2
|
82,1%
|
3
|
2
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
3
|
11%
|
1
|
6,9%
|
1
|
17,9%
|
2
|
2
|
1
|
35,1 %
|
2
|
27,8%
|
1
|
62,9%
|
3
|
2
|
16,2%
|
1
|
13,1%
|
1
|
25,1%
|
2
|
3
|
2%
|
1
|
10%
|
1
|
12%
|
2
|
3
|
1
|
36,1%
|
1
|
27,8%
|
1
|
63,9%
|
2
|
2
|
6,1%
|
1
|
15%
|
1
|
21,1%
|
2
|
3
|
4%
|
1
|
11%
|
1
|
15%
|
2
|
4
|
1
|
12,2
|
1
|
18,9
|
1
|
31,1
|
2
|
2
|
11
|
1
|
14,2
|
1
|
25,2
|
2
|
3
|
18,2
|
1
|
25,5
|
1
|
43,7
|
2
|
5
|
1
|
18,6
|
1
|
17,4
|
1
|
36
|
2
|
2
|
21,8
|
1
|
17,2
|
1
|
39
|
2
|
3
|
6,7
|
1
|
18,3
|
1
|
25
|
2
|
6
|
1
|
6,7
|
1
|
9,3
|
1
|
16
|
2
|
2
|
19,6
|
1
|
16,5
|
1
|
36,1
|
2
|
3
|
32,1
|
1
|
15,8
|
1
|
47,9
|
2
|
7
|
1
|
17,1
|
1
|
6,5
|
1
|
23,6
|
2
|
2
|
19,5
|
1
|
19,4
|
1
|
38,9
|
2
|
3
|
25,2
|
1
|
12,3
|
1
|
37,5
|
2
|
1-кестенің жалғасы
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
8
|
1
|
17,2
|
1
|
36,9
|
1
|
54,1
|
2
|
2
|
17,2
|
1
|
12,7
|
1
|
29,9
|
2
|
3
|
8,8
|
1
|
7,2
|
1
|
16
|
2
|
9
|
1
|
12,2
|
1
|
15
|
1
|
27,2
|
2
|
2
|
21,3
|
1
|
17,6
|
1
|
38,9
|
2
|
3
|
19,6
|
1
|
14,3
|
1
|
33,9
|
2
|
10
|
1
|
16,3
|
1
|
18,5
|
1
|
34,8
|
2
|
2
|
8,5
|
1
|
15,6
|
1
|
24,1
|
2
|
3
|
19,2
|
1
|
21,9
|
1
|
41,1
|
2
|
11
|
1
|
19,1
|
1
|
8,7
|
1
|
27,8
|
2
|
2
|
5,1
|
1
|
9,9
|
1
|
15
|
2
|
3
|
28,9
|
1
|
28,3
|
1
|
57,2
|
2
|
12
|
1
|
2,7
|
1
|
3,2
|
1
|
5,9
|
2
|
2
|
33,2
|
1
|
19,7
|
1
|
52,9
|
2
|
3
|
11,6
|
1
|
29,6
|
1
|
41,2
|
2
|
13
|
1
|
13,9
|
1
|
15,6
|
1
|
29,5
|
2
|
2
|
20,5
|
1
|
9,7
|
1
|
30,2
|
2
|
3
|
16,9
|
1
|
23,4
|
1
|
40,3
|
2
|
Тапсырманы орындау барысында әрбір сұрақ бойынша пайыздық көрсеткіштері анықталып, оны баллдық жүйеге келтіріп алып отырмыз. Біздің зерттеумізде сауалнамада көрсетілген жауап нұсқасы (1 сұрақ 2 жауап) таңдалған жоқ. Сұрақ нұсқасында «Жоқ балалы болғым келдмейді» деген жауап таңдау тапқан жоқ. Себебі, әрбір жас өмірге ұрпақ әкелу қажеттігін түсінеді. Эксперимент қорытындысында студенттер төменгі және орташа деңгейдегі дайындық көрсеткіштерін көрсетті. Жеке сөйлесу барысында біздің анықтағанымыз: жастардың ақылы негізде оқуы, ата-анасына еңбегін ақтауы және карьера жасау деген мәселелер алдыңғы қатарға шықты.
Жоғарыдағы кестеде берілген жауап нәтижелерінен біз 3-4 курс студенттерінің отбасылық өмірге дайындығының деңгейлерін анықтап алдық. Оның нәтижелері төмендегі кестеде берілген.
Кесте 2- 3-4 курс студенттерінің отбасылық өмірге дайындығының деңгейлері (N-80)
№
|
Респонденттер
|
Төмен
|
Орташа
|
Жоғары
|
1
|
3 курс студенттері
|
61,3
|
28,3
|
10,4
|
2
|
4 курс студенттері
|
48,1
|
33,6
|
18,3
|
6- сурет. Студенттердің отбасылық өмірге дайындығы
Екінші әдістемеде «Отбасылық қобалжуды анықтау» сауалнамасы пайдаланылды. Бұл әдістеменің авторы Э.Г.Эйдемеллер және В.Юстицкис (2000). Пайдаланылған әдістеменің мақсаты: индивидтің жалпы қобалжуын зерттеу, оның отбасына деген көзқарасы және отбасының оны қалай қабылдайтынын анықтау болып табылады. «Отбасылық қобалжу»сауалнамасы 21сұрақтан тұрады. Бұл әдістемеден біз отбасына деген қатынасын, ол туралы әсерлерін анықтай аламыз. Сонымен қатар, болашақтағы отбасындағы мүмкін жағдайлардың алдын алу мақсатында мәліметтер алынады. Біздің қозғап отырған «Отбасылық қобалжу» деген ұғымда отбасының бір мүшесі үшін, қалған мүшесі бейсанада қобалжитыны белгілі.
Кесте 3- 3-4 курс студенттерінің отбасылық қобалжу көрсеткіштері (N-80)
№
|
Нәтиже көрсеткіштері
|
3 курс студенттері
|
4 курс студенттері
|
1
|
Суб шкала В
|
47%
|
53%
|
2
|
Суб шкала Т
|
39%
|
35%
|
3
|
Суб шкала Н
|
20%
|
22%
|
Отбасылық қобалжу сауалнамасы бойынша үш суб шкалада 3 курс студенттері студенттері жоғары көрсеткішті көрсетті. «Отбасылық қобалжуды анықтау» сауалнамасының нәтиже көрсеткішін төмендегі суреттен көруге болады.
7-сурет. Студенттердің отбасылық қобалжуы
Эксперименттің диагностикалық кезеңінде жүргізілген үшінші әдістеме «Отбасында эмоциялық қатынасты анықтау» болып табылады. Бұл әдістеме авторлары Е.Бене және Д.Антони Е.Бене (1999ж.). Әдістеме отбасындағы тұлғаның эмоциялық қатынасы мен көзқарасын анықтауға арналады. Тест бізге отбасы мүшелеріне деген тұлғаның сезімін, қатынаста өзін қалай қабылдауын сандық және сапалық жағынан бағалауға мүмкіндік алады. Тұлғаның қандай психологиялық қорғану типін қолданып жүргенін анықтауға болады. Бұл әдістемені пайдалану себебіміз: отбасылық қарым-қатынас болашақ отбасы иегерін тәрбиелейді. Отбасына деген жағымды қатынастың орнауы үшін әрбір мүшесінің рөлі ерекше. Сондықтан отбасына деген эмоциялық қатынасты анықтау арқылы біз болашақ отбасындағы кездесетін немесе тұлға қашқақтайтын жағдайларды анықтадық.
Пайдаланып отырған әдістеменің екі түрі бар:
1) 4- 6 (8) жас кіші балалары үшін;
2) 6- (8) 10 жастағы балалар мен студенттерге арналған түрі. Кішкентай балалар арналған нұсқасында қатынас келесі мазмұнды береді:
-
баладағы жақсы сезім өзгеден алынатын жағымды сезім ретінде болады;
-
балада жағымсыз сезімнің пайда болуы, өзгеден шығатын күйзелісті қайталау түрінде;
-
өзгеге тәуелді.
Ересектерге арналған варианты тұлғааралық қарым- қатынасты зерттеуге арналады:
-
Бұл екі түрлі жағымды қатынастан тұрады: әлсіз және күшті. Бұл жерде әлсіз сезім достықты мақұлдау және қабылдаумен байланысады, ал күшті сезім жыныстық күйзелістен, ол жекелік жыныстық байланыс және айла –амалдан тұрады;
-
Екі түрлі жағымсыз қатынас: әлсіз және күшті: әлсіздігі достықты қабылдамау мен мақұлдамаудан тұрады; күштілігі кектену мен қастасудан тұрады.
Бұл әдістемені жүргізуде 20 фигурадан тұратын материал берілді. Бұл фигуралар барлық жастағы адамдардың түрін, мөлшерін, көлемін бейнелейді. Себебі бұл отбасы мүшелерін арнайы жасауға көмектеседі. Әдістеменің әрбір сұрағы бөлек жеке жолаққа жазылып, көрсетілген. Экспериментке қатысушыларға сөздер кімге арналады соны байқап сол фигурамен бірге жәшікке салыңыз деп сұрадық. Әдістеменің басты міндеті сыналушыларды келесі субьектіні көру эмоциялық реттелу арқылы жүргізіледі. Сыналушылар ыңғайлы дене күйінде отбасы мүшелерін көрсететін фигураларға жақын жерде орналасады. Сыналушыларға фигураларды таңдатып алып, келесі кезекте одан отбасы мүшелерінің қайсысын көретін сұрап отырдық. Алынған мәліметтерді хаттамаға тіркеп отырдық. Бұл фигуралармен жұмыс жасап отырғанда отбасы мүшелерімен қарым-қатынасқа түскендей сипатта қарастырады. Төменде біз осы әдімтеме бойынша алынған мәліметтердің көрсеткіштерін ұсынамыз:
Кесте 4- 3-4 курс студенттерінің отбасындағы эмоциялық қатынас көрсеткіштері (N-80)
№
|
Сыналушы топтар
|
Жағымды қатынас
|
Жағымсыз қатынас
|
Тәуелді қатынас
|
1
|
3 курс студенттері
|
54%
|
12%
|
34%
|
2
|
4 курс студенттері
|
61%
|
9%
|
30%
|
Бұл әдістеме бойынша біз жағымсыз қатынастардың көрініс бергенін байқап отырмыз.
8-сурет. Студенттердің отбасына эмоциялық қатынас көрсеткіші
Сыналушылармен пікірлесу барысында біз оның себептерін төмендегі мәселелерден туындайтынын анықтадық:
-
Ата-анасының ажырасуы;
-
Ата-анасының жағымсыз әдеттерге бой алуы;
-
Қалаған мамандығына түсуге мүмкіндік бермеу;
-
Материалды құндылықтарды қанағаттандырылмауы;
-
Шектен тыс қамқорлық пен талапшылдық.
Экспериментіміздің екінші кезеңінде біз студент-жастардың отбасылық құндылықтары анықтадық. Студенттердің отбасылық өмір туралы пікірін білу үшін «Менің елесімдегі отбасылық өмір» тақырыбында эссе жазылды. Бұл бізге жастардың отбасылық өмірге деген жағымды және жағымсыз сезімдерін, материалдық жағдайға деген қатынасын және жыныстық қарым-қатынас маңыздылығын, жалпы алғанда отбасылық құндылықтарды анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижесінде төмендегі кестеде көрсетілді:
Кесте 5- 3-4 курс студенттерінің отбасылық өмір құндылықтары мен көрсеткіштері
№
|
Отбасылық өмір құндылықтары
|
Көрсеткіштері
|
1
|
2
|
3
|
1
|
Жағымды сезімдер
|
-жауапкершілік;
-сенімділік;
-бақытты болу;
-қамқорлық;
-сыпайылық;
-татулық;
-түсінушілік;
-келісушілік;
-сүйіспеншілік;
-көмектесу;
-қуаныш;
-қолдау;
-адамгершілік;
- қарапайымдылық;
-мейірім;
-қуаттау;
-тірек;
-татулық;
-әдемілік;
-адалдық;
-шынайылық;
-тіл таба білу.
|
5- кестенің жалғасы
1
|
2
|
3
|
|
|
-қуаттау;
-тірек;
-татулық;
-әдемілік;
-адалдық;
-шынайылық;
-тіл таба білу.
|
2
|
Жағымсыз сезімдер
|
-ұрыс-керіс;
-реніш;
-қайғы;
-түсініспеушілік;
-алдау;
-сенімсіздік;
-жауапсыздық;
-менсінбеушілік;
-өркөкіректік;
-менменшілдік;
-эгоистік.
|
3
|
Материалдық
|
-қызмет;
-қаражат;
-дүние-мүлік;
-тәуелсіздік;
-өзбеттілік.
|
4
|
Жыныстық қарым-қатынас
|
-мәдениет;
-тазалық;
-сауаттылық;
-пәктік;
-адалдық.
|
5
|
Ата-аналық рөлдер
|
-тәрбие;
-жылылық;
-махаббат;
-үлгілі әке;
-аяулы ана.
|
Жоғарыдағы кестеде біз жастардың отбасылық өмір құндылықтарын анықтап алдық. Осы көрсеткіштер бізге қазіргі жастардың отбасылық өмір құндылықтарының пайыздық сипатын беруге мүмкіндік берді.
Кесте 6- 3-4 курс студенттерінің отбасылық құндылықтары
№
|
Сыналушылар
|
Жағымды сезімдер
%
|
Жағымсыз сезімдер
%
|
Материалдық жағдай
%
|
Жыныстық қарым-қатынас
%
|
Ата-аналық рөлдер
%
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
6-кестенің жалғасы
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1
|
3 курс студенттері
|
27,1%
|
5,7%
|
35,2
|
12
|
20
|
2
|
4 курс студенттері
|
33,1%
|
3,1%
|
34,9
|
15
|
13,9
|
9 -сурет. Студенттердің отбасылық құндылықтары
Жоғарыдағы 6- кестеде көріп отырғандай қазіргі жастардың басты құндылықтары материалдық жағдай (3 курс студенттерінде -35,2 %; 4 курс студенттерінде -34,9%) болып отыр. Яғни, жеткілікті материалдық жағдай болған жағдайда ғана жағымды қатынас болады деген пікірмен сайып келеді. Отбасындағы түсініспеушілік, ұрыс-жанжал және отбасылық дағдарыстың шығу себебін материалдық жағдаймен байланыстырады.
Осы кезеңде «Отбасы мен үшін» сауалнамасында біз этностық құндылықтарымызды анықтайтын сұрақтардан тұрды. Отбасылық құндылықтарды этностық негіздеуде 4 сұрақ құрастырылды (авторлық). Бұл сұрақтар сыналушылардың отбасы туралы елестетулері анықталды. Әдістемеде пайдаланылған әрбір 4 сұрақтың мүмкін 3 жауабы бар. Мәселен:
-
Отбасы құрылыс болса, онда ол- мешіт;
-
Отбасы әуен болса, онда ол- дәстүрлі ән;
-
Отбасы түс болса, онда ол -көк;
-
Отбасы кино болса, онда ол -қазақ ертегісі.
Бірінші этностық (4 пікір), яғни, (№ 1) сыналушы өзі туралы жазған пікірдің ішінде «Отбасы мешіт» деген пікірде көрсетпесе оны ол қай орынға қойғаны туралы позициясы анықталады. Мәселен, сыналушының «Отбасы мешіт» деген пікірі 4 пікірдің ішінде 2 орында тұрса х = 2, мұнда х– 4 қатардағы пікірдің реті. Ендеше к = х, яғни, а= 10-х, егерде, х = 2 болса, онда, а=2 немесе «отбасы мен үшін» позициясындағы этнопсихологиялық көрсеткіш немесе «а» көрсеткіші немесе № 1 көрсеткіш 9–ға тең болады. Себебі, бізде N= 80.
Кесте7- Этностық құндылықтардың эмпирикалық көрсеткіштері.
Конструкттар
|
Эмпирикалық көрсеткіш
|
Өлшеу бірліктері
|
Ескертулер
|
Отбасы құрылыс болса
|
1. Үш пікір:
-
коттедж;
-
мешіт;
-
көп қабатты үй
|
1-10 балл
|
Сыналушыға берілген көрсеткіштер пайызға және 1-10 баллға аударылады.
|
Отбасы әуен болса
|
2. Үш пікір:
-
рок әуен;
-
дәстүрлі ән;
-
классикалық ән
|
Отбасы түс болса
|
3. Үш пікір:
|
|
|
Отбасы кино болса
|
4. Үш пікір:
-
фантастикалық фильм;
-
телехикая;
-
қазақ ертегісі
|
Жоғарыдағыға ұқсас басқа этнопсихологиялық көрсеткіштердің нәтижелері бірдей өңделеді: 3; 4; ......10.
Мәселен, 1 сыналушы «Отбасы мешіт» деп бірінші қойса – 5балл береміз, екінші қойса – 4 балл, ал, үшінші қойса- 1 балл береміз. Барлығы 10 баллды құрайды. Қалған сұрақтарда дәл осылай талданады.
Зерттеу нәтижелерін өңдеу және талдау.
Зерттеудің таңдау көлемі- N= 80.
Алынған мәліметтерді талдай отырып, мынадай сапалық талдауларды тұжырымдаймыз. Жоғарыдағы эмпирикалық көрсеткіштерге орай, бірінші конструктор бойынша 3 курс студенттерінің 48,1 пайызы мешіт, 32 пайызы коттедж, 19,9 пайызы көп қабатты үй деп көрсетті. Ал, 4 курс студенттерінің 54 пайызы мешіт, 26,3пайызы коттедж, 19,7 пайызы көп қабатты үй деген жауап берді. Келесі кезекте екінші конструктор бойынша 3 курс студенттерінің 54 пайызы дәстүрлі ән, 31,3 пайызы классикалық ән, 14,7 пайызы рок ән деп белгілесе, 4 курс студенттерінің 38 пайызы классикалық әуен, 41 пайызы дәстүрлі ән, 21 пайызы рок әуен деп көрсетті.
Үшінші конструктор бойынша 3 курс студенттерінің 41,3 пайызы көк түс, 32,4 пайызы қызыл түс, 8,9 пайызы сары түсті белгілесе, 4 курс студенттерінің 36,7 пайызы көк түс, 30,5 пайызы сары түсті, 32,8 пайызы қызыл түсті белгіледі.
Соңында төртінші конструктор бойынша 3 курс студенттерінің 62,6 пайызы қазақ ертегісі, 24,6 пайызы телехикая, 12,8 пайызы фантастикалық фильді белгіледі. Ал, 4 курс студенттерінің 46,7 пайызы қазақ ертегісі, 36,1 пайызы телехикая, 17,2 пайызы фантастикалық фильді көрсетті.
Сонымен, 3 курс студенттерінің әрбір конструктор бойыншажауаптарын белгілей келе этностық құндылықтарының пайыздық көрсеткішін шығарамыз. 3 курс студенттерінің этностық құндылықтары-51,5 пайызды көрсетсе, 4 курс студенттері 44,6 құрайды.
Этностық құндылықтарды анықтау мақсатында жүргізілген сауалнамыздың нәтижесі төмендегі кестеде беріледі:
Кесте8- Студенттердің этностық құндылықтары
№
|
Этностық құндылық конструктары
|
3- курс студентттері
|
4- курс студентттері
|
1
|
Отбасы құрылыс болса
|
48,1
|
54
|
2
|
Отбасы әуен болса
|
54
|
41
|
3
|
Отбасы түс болса
|
41,3
|
36,7
|
4
|
Отбасы кино болса
|
62,6
|
46,7
|
|
Қорытынды
|
51,5
|
44,6
|
3-4 курс студенттерінің отбасылық құндылықтарының этностық деңгейін анықтауда алынған мәліметтердің сенімділігін анықтаудағы эксперименттік болжамды тексеру үшін Манна – Уитнидің U – критерийі қолданылды.
Орташа статистикалық мәнділікті ранжілеу келесі формула бойынша есептелді:
n x (n x + 1)
Uэмп = (n1- n2) + - T x
2
n1; n2- этностық құндылықтар саны;
T x - рангтік сумма арасындағы жоғарысы;
nx – жоғары суммадағы этностық құндылықтардың саны (nx= 4, n1 және n2 идентификацияланған)
Мәнділік деңгейі U кр үшін кестелік мөлшер төмендегідей:
114 (p≤ 0,01
138 (p≤ 0,05)
Uэмп мен U кр салыстыра отырып, біз студенттердің этностық құндылықтарының қалыптасу деңгейін анықтадық.
Кесте 9- U – критерийі бойынша 3-4 курс студенттерінің этностық құндылықтарқалыптасу ерекшеліктерінің статистикалық мәнділігі
Салыстыратын қатар
|
Орташа
|
Uэмп
|
Ерекшелік мәнділігі
|
1
|
3курс студенттерінің өз этносына «+»
|
1,49
|
48
|
мәнділігі
p≤ 0,01
|
3курс студенттерінің өз этносына «-»
|
0,31
|
2
|
4 курс студенттерінің «+»
|
1,41
|
44,3
|
мәнділігі
p≤ 0,05
|
4 курс студенттерінің «-»
|
0,26
|
Бұл кезеңде біз отбасылық психотерапия элементтері арқылы студенттердің отбасына деген этностық көзқарастар қалыптастыруға бағыттадық.
Үшінші кезең ақпан-наурыз-сәуір айларында жүргізілді. Бұл кезеңде психологиялық алдын алу мақсатында әлеуметтік-психологиялық тренингтер жүргізілді. Біз тренингке қатысушыларға еркіндік принципін пайдалана отырып, ұйымдастырылды. Тренинг аптасына екі күнде студенттерді 4 топқа бөліп жүргіздік. Себебі, тренинг нәтижелі болу үшін 20 қатысушыдан көп болмауы қажет. Төменде біз студенттерді отбасылық өмірге дайындау мақсатында тренинг бағдарламасын ұсынамыз:
Кесте 10- Студенттерді отбасылық өмірге дайындау мақсатындағы психологиялық тренинг бағдарламасы
№
|
Тақырыбы
|
с
|
мақсаты
|
Сипаттамасы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1
|
«Менің отбасым –қазір және ертең»
|
2
|
Өзінің отбасылық тәжірибесін түсіну және қабылдау; жыныстық –рольдік иденфикация, қарама –қарсы жыныс өкілімен қарым –қатынас орнату іскерлігі, отбасындағы қарым –қатынас, отбасының болашағы жайлы түсінік қалыптастыру, салт-дәстүрлерді дәріптеу.
|
Өзінің отбасылық тәжірибесін түсіну және қабылдау. Өзінің отбасылық тәжірибесін түсіну мен қабылдау өмірін одан әрі дұрыс құруға қажет. Өзінің барлық уайымдауларын анықтай біліп, ата –аналарға деген қарама –қарсы сезімдерін айыра білу өте маңызды. Тренинг барысында қатысушылар төмендегілерді орындауы қажет: -отбасындағы өз бағытын анықтай отырып, өзіндік бақылау дағдыларын жетілдіру;
-этностық өзіндік сананы арттыру;
-отбасының жүйелік табиғатын түсіну;
-дисфункционалды отбасындағы қатынастар динамикасы туралы түсінік алу;
-өз отбасыларындағы қатынас динамикасы жайлы түсініктерін жетілдіру;
-өз отбасындағы бұрын ескермеген қарым –қатынас ерекшеліктерін түсіну;
-өзіндегі және отбасындағы мүмкіндіктерін өзгерту.
|
10-кестенің жалғасы
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
2
|
«Отбасын ойнайық»жаттығуы
|
4
|
Отбасылық рөлдік қарым-қатынас дағдыларын дамыту
|
Топ «отбасыларға» бөлінеді. Ішкі топтар бөлменің әртүрлі бөліктерінде орналасады. Қатысушылар міндеті –«отбасы» құрамын, отбасы мүшелерінің жас ерекшелігін, отбасылық рольдерді анықтайды. Әр қатысушы немен айналысатынын, қайда қызмет атқаратынын, қандай киім киеді, таңертеңгілік асқа не жегенді жақсы көреді деген сияқты мәселелердің барлығын ойластырады. «Отбасы» мүшелері жай күн мен демалыс күндерді қалай өткізіетіні жайлы, отбасы міндеттерін қалай бөлетіні жайлы, қарым –қатынастары қандай, отбасы сұрақтарын коллегиалық түрде шешеді ма, әлде отбасының басты адамы бар ма деген сияқты мәселелерді шешеді. Отбасы өз тегін ойлап табады. «Отбасы» өз елтаңбасын жасап, девиз құрастырады, сонымен қатар қоршаған адамдарға айтпайтын отбасылық құпиясын ойластырады. Барлық ойластырулар қағаз бетіне жазбалар және суреттер түрінде тіркеледі. Суреттердің саны мен мазмұны әр отбасында жеке –немесе жалпы орындалады –ішкі топ өзі шешеді. Егер топта консультанттан басқа тағы да бір ересек болса, онда олар әртүрлі «отбасына» тарайды. Олар кіші балалардың рольдерін алуы қажет.Бұл жағдайда қатысушылар өз бетінше әрекет етуді және шығармашылық белсенділікті неғұрлым көп көрсетеді.
|
|
|
|
|
Тапсырманы орындағаннан кейін әрбір ішкі топ кезекпен өз «отбасын» таныстырады, содан соң « отбасына» нақтылаушы сұрақтар қойылады.
Бір маңыздысы,қатысушылар қандай отбасы құрамын таңдайтынын анықтау қажет: толық отбасы ма, әлде толық емес пе, отбасында балалар бар ма.Студенттер әдетте отбасының басты адамы ретінде әкесін таңдайды. Ол көбінесе фирмасы бар және жеткілікті түрде бай. Отбасында әдетте әжесі мен атасы бар, қатынастары жақсы, бір- бірімен ұрыспайды. Студенттерге отбасылық проблемалар туралы түсініктері аз болғандықтан, жетекші көмектеседі.Көптеген ұсыныстардан қатысушылар бас тартады, тек бұл мәселелер уақытша болса ғана оңай шешілетін болса ғана келіседі. Мысалы, ұлы жоғары оқу орнына түсе алмады, келесі жылы көреді. Ал науқастану, алкоголизм, кедейлік деген сияқты мәселелерден бас тартады.
Жаттығуды орындап болғаннан кейін, бірден келесіні жүргізу қажет.Өйткені отбасы қандай да бір уақыт құрылып, «өмір сүрді».
|
Достарыңызбен бөлісу: |