Пайдаланылған әдебиет:
1. Герогли. – Ашгабад, 1958
2. Бартольд. В.В.Сочинен. Том 1. –Москва, 1993
3. Петрушевский И.Н. Внутренняя политика Ахмада Ак-коюми// Сборник статей по историй Азербайжана. Том 1. –
Баку,1949
4. Жирмунский В.М., Зарифов Х.Т. Узбекский народный героический эпос. –Москва, 1947
116
Шортанбаев Ш.,
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
университетінің аға оқытушысы
Қ. ЫСҚАҚОВ РОМАНДАРЫНДАҒЫ ТАБИҒАТ ЖӘНЕ ҚАЛАМГЕРЛІК ҰСТАНЫМ
Алдыңғы толқын ағалары салған кәсіби прозадағы сара жолды шиырлап емес, өзіне тән сурет-
керлік түйсікпен «шарлап» келе жатқан жазушы-драматург Қалихан Ысқақовтың қаламынан да,
қадамынан да алаш қаламгерлерінің идеясын да, ата-баба аманат етіп қалдырған мұрасы «тілін» де
аса сақтықпен қорғап, абыроймен жұмсап келе жатқаны айқын да анық сезіледі. «Қазіргі
шығармалардың оқылмайтындығы – тілдің жоқтығынан. Тілсіз сурет салынбайды. Тілсіз ой оқушыға
жетпей қалады» - деп шырылдап, көркем әдебиеттің шұрайлы тілсіз әрсіз, әрі нәрсіз болатынын
үнемі ескертумен келеді.
Жазушының шеберлік қырлары, көркем әдебиет туындысының, яғни көркем шығарманың эстети-
калық қуаты – суреткер қаламының көркемдік ерекшеліктерінен, поэтикалық ізденістерінен көрінеді.
Әрине, сөз өнеріндегі, соның ішінде, көркем әдебиеттегі шеберліктің ауқымы өте кең. Жазушы
шығармаларында кездесетін көркем ерекшеліктердің куаттылығы оның тақырып пен идея, тіл мен
стиль, сюжет пен композициялық ерекшеліктерінде, образ жасау жолындағы ізденістерінде, заман,
уақыт шындығын кейіпкерлерінін жан әлемі, іс-әрекеті арқылы жеткізуінде, диалог кұрудағы, сәтті
көркем деталь табудағы, көркемдік бейнелеу қүралдарын сан құбылта, түрлендіре пайдалануындағы
суреткерлігінде, сол аркылы оқырман жүрегінен орын алуға ұмтылысында, жанқиярлық еңбегінде
жатса керек.
Осы тұрғыдан алғанда, Ж.Аймауытовтың «Ақбілек», Қ.Ысқақовтың «Тұйық» романдары кейіп-
керлерін тікелей іс-әрекет, динамикалы оқиғалы үстінде ашып көрсетумен де, ішкі психологиялық
тартыстарымен де, философиялық ой-тұжырымдарымен де болсын, қазақ әдебиетіне қосылған сүбелі
үлес болып табылады.
Романда кездесетін табиғат көріністері оның мазмұнына, идеялық мүратына, композициялық
тұтастығына кейде тікелей, кейде жанама әсерін тигізіп отырады. Кейіпкер жан- әлеміндегі, көңіл-
күйіндегі өзгерістер табиғат көріністерімен жымдасып, шығарманың шырайын кіргізіп, құлпырта
түсуге септігін тигізері анық. Алтайдың әсем табиғатын, ғажайьш сұлу орман-тоғайларын, сылдырап
аққан өзенін, яғни, Марқакөл мен Күршімін, Бұқтырма мен Ақсуын, қайталанбас тау-тасын сурет-
теуге келгенде Жүсіпбектің де, Қалиханның да қаламы жүйрік-ақ. Мәселен, Жүсіпбек Аймауытов
«Ақбілек романында «Марқакөлдің суы балдай. Марқакөлдің суын ішіп, отын жеген сары қарын,
тұтам емшек жануардың бауырынан сүт сорғалап, сүт емес-ау, құт сорғалап, көнек-көнек лапыл-
дайды. Марқакөлдің жиегінде ...бала болып, ана болып, көп әйелден дана болып, кеудесіне сыймай,
кемерінен аса шыпылдайды»-деп ерекше леппен, сұлу да соны ырғақпен табиғат пен Ақбілек
бейнесін, сезімін астастыра байланыстырса, Қалихан Ысқақов «Тұйықта» тамырын тіпті тереңге
жібереді. «Ай қырқаға барып құлады. Аспан күмбезі жарты шекесінен қақ айрылып, іріген сүттін
бетіндегі ақ шандыр көбіктей кіреукеленіп барып семді де, қара көк тұңғиыққа іркіліп Құсжолы ғана
қалды; Жетіқарақшының сүйір басы шығыс көкжиекке сұғына кеп тоқтаған екен, мезгіл түн
ортасына ауса керек». Бұл - Қажымұраттың туған аулына келіп, өткеніне, қызығы кем өткен өміріне
ойша көз жүгіртіп, осы бір мақпал түнді, тұнық аспанды сағынышпен еске алып жаткан сәті. Күздің
осы бір мезгілін, түннің осы бір сәтін сағына жеткені аңғарылады.
Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы адам мен табиғатты қатар суреттеу, әсіресе, табиғатты
бейнелеуді көтеріңкі леппен бастап, сол деңгейден түсірмей аяқтау, ақ өлең үлгісіне салған шалқыма
пафосы көз алдымыздағыдай есте болса, көркем туындыдағы мұндай байланыс Қ.Ысқақов
романының да негізгі белгілерінің бірі. «Алтайдың самаладай тізілген зеңгір шыңдары кызыл орамал
байланып қырға шыққан қыз-келіншектер сияқты екен, солардың дін ортасындағы етегін қылқанды
орман, белуарын тау-терекпен қымталаған Саралқа биігі қызыл мыспен қақталған жалпақ кісені шарт
буынып жүгініп отырған ақ бас шалға ұқсайды».
Автор енді бірде пейзажды кейіпкер көңіл-күйінен хабардар ете отырып, сюжетті дамытуға
пайдаланғанын аңғаруға болады. Кейіпкердін сол сәттегі жан-әлеміндегі әлем-тапырық көңіл ауанын
табиғаттың сұрқай, суық суретімен қатар алып, шығарманың әрін кіргізіп, өңіне қан жүгірткендей
әсерге бөлейді. «Алтайдың кұзар шыңдары да қызыл орамалдарын сыпырып тастап, көк шатыр
мұздай суық тарта бастаған; манағы белдеудегі тау-теректің сары ала сілемі, онан жоғары мүк пен
қынаның тықыр кілемдей кызғылт түгі күлгін тартып, ошақтағы қи қоламтасындай өлеусіреп өлуге
айналған. Қарағай басын сыңсытқан қоңыр жел, қоңыр күздің қоңыр барқыттай қою ымыртты
117
көкірек сыздатар мұң ала келгендей, сол мұң алыстан талып жеткен сыбызғы сазындай көңіл
шымшылап, көз алдынан қимас елес боп жамырады».
Әлгінде ғана туған өлкесінің тамылжыған түніне, алқаракөк аспанына талмаусыра көз тіккен
Қажымұраттың есіне алмағайып кезеңнің аласапыран уақыты, соғыспен тұспа-тұс келген жастық
шағы түскенде, денесі түршікті. Жаңа ғана көңіліне жылу кұйып, жүрегіне нұр сыйлағандай болған
табиғат көрінісі де кейіпкер ойымен астасып, қуқыл тартқандай сүреңсіз күй кешкен. Жігіт көңіл-
күйінің пәс тартқан сәтін жазушы табиғат әлеміндегі өзгерістермен шебер қиюластырып, шығарма
окиғасының ары қарай қалай өрбитінін, өріс алатынын оқырманға жымын білдірмей аңғартып
тұрғандай әсер қалдырады. Табиғат құбылысы адамның сана-сезіміне, ойына әсер ете алатынын
жазушы табиғи түрде боямасыз жеткізеді. Сюжеттің өріс алуына, дамуына септігі бар ішкі иірімдер
өнер туындысына тән үлгіде шебер қолданылып, роман тынысына серпін береді. Колхоздың азын-
аулақ малына жем-шөп әкелемін деп жолға шыққан Қажымұраттың жалғыз өзі әбден титықтап,
арып-аршыған сәтінде табиғаттың да қатқылданып, қатуланып тұрғанын автор: «Шаңырақ мүйіз пар
өгіздің ырғалаң-ырғалаң жүрісі, толқында лықсыған қайықтай изең-изең шұлғыған шана шаршаған
жігітті шала мас қып маужырата бастады.
Шырша мен қарағайлы жыныстан шошайып қана қылтиған шың-құздардың ұшар биігі де
теңселіп тұрғандай еді. Малақайының милығынан күн сығалады; оның да шар табағы қызыл тастай
кірпік қақпай қатып қапты. Аспанның түсі бөлек, жап-жасыл екен, мынау құлазып йен қалған
дүниенің күңіренген суық күмбезі секілді» - д е п суреттесе, «Қырқадан құлықтанып ай туған. Көз
жетер аймақтың реңі кашып, сұрғылт тұман басқандай аспан шелдене қалды. Тас қамау сұр
шатқалдың аңғары бұрынғыдан да азынап кеткен секілді, тас керең дүниенің ызғары жабырқау
көңілге иығындағы қаптан бетер зілді еді» - деп кейіпкер көңіл-күйінің зілмауыр тартуын табиғат
құбылысындағы өзгерістерімен қабат ала отырып, оқиға барысын, дамуын қоюлата түседі. Бүкіл
кірені бір өзі тиеп, ие болып келе жатқан Қажымұрат осының бәрін кім үшін, не үшін істеп жүргені
ойына түскенде серпілгендей, бүкіл ауылдың шаңырағын бір өзі тіреп тұрғанын сезінгендей болады.
Тарығып-зарығып отырған елдің үмітін ақтауға, көңілін демдеуге өзінің де үлесі барын еске алғанда,
жігіт бойы шымырлап, ойы шығандап кетеді. Бойын ерекше сезімге бөлеп, бүкіл дүние мұның ісіне
қуана қол соққандай, тіпті «жымыңдаған аспан да манағыдай емес, жайдары. Шана сықырымен
жарысқан мұңды бір сарын боз аспанның мөрінен тамып тұрғандай. Аяқтың сырқаты, қардың
талғаны да ұмытылып, көңілдегі болмашы кірбің де көшіп кеткен».
Көз алдына көлбеңдеп Зылиха бейнесі келді. Аяғының ауырлығына екі-үш айдың жүзі болғанын
ойлады. Ауылдағы шал-кемпірлерге бас-көз болып қана қоймай, қандай да бір ауыр істің басында бел
шешпей, ер-азаматтарша іс-әрекет етіп жүргені жанына батты. Дегенмен, дәл қазіргі сәтте
Зылиханың бұдан басқа сүйенері, сенері жоқ екенін ойлағанда, көңілі бір құлазып, бір шалқыды.
Мынау қайнаған өмірдегі, дүниедегі баянсыз тірліктен құтқарып, тіршіліктің мәні, өмірдің әніне
жеткізер нағыз бақыт ұрпақ, бала екені есіне түсіп, көңілінің кірі шайылғандай. «Жалғаның жалпақ
екені енді біліп, дүниенің көркі енді ғана ажарына кірді ме деген жігіт қазір тау қопарып тастауға, ел
үшін жан-пида етуге әзір, канша қиындық кешсең де өмірдің бақыты да; базары да осы ма деп калды.
Зылиха жүкті болғаннан бері бұрынғы үйірсектігі мен құштарлық сезімінен көрі жанашырлығы
басым. Бала деген шіркін жар махаббатынан да ыстық, әрі тәттілеу ме, қалай?... Әйтеуір соңғы кезде
қиялшыл болып алған, тік мінез ұрыншақтығынан көңілшектігі көбейіп кетті».
Автор Алтайдың ғажайып сұлулығымен қатар, оның жадап жүдеген, талан-таражға түскен ауыр
халіне де аяныш білдіреді. Бір кездері жайқалған ну өлкенің адамдардың салғырттығынан, табиғат-
Анаға деген немқұрайлығынан болар, тозуға айналған бет-бейнесін де көз алдымызға әкеледі.
«Алтай шынында жүдеп калған екен, ұстарамен сыпырғандай ағашын отап әкеткен таз
төмпешіктер, әр томары бір ағаштың моласыңдай құлазып жатқан құла жондар, өркеш-өркеш
таулардың басы таз, иегі көптен қырынбаған көк сағал адамның ұртындай кедір-бұдыр, ортан белінде
селтиген мысық мұрттай ала шұбар ағаш қалыпты, шанжау-шанжау жетім қарағайлардан басқа
Бұқтырма бойындағы өзекте де дым жоқ, олардың өзі де бірі қисық, бірі шолақ ешкімнің кажетіне
жарамай жұртқа тастап кеткен жүн-жұрқаның жұрынтығы секілді. Қажымұрат жастық шағының
белгісін таба алмай келеді». Одан әрі автор қолдан жасалған қысастықтың, талан-таражға салудың
түбі неге соғатынын меңзеп, «- Жер қалмады!- деп кейіді Әлмұрат. –Жазық түгілі тепсеңнің бәрін
көртышқанша тепкілеп тауыстық. Ал пайдасы боққа тұрмайды. Артымызды жауып тұрған тек мал» -
деп табиғаттағы, экологиядағы жұтаңдықты адамдардың тіршілігімен, іс-әрекетімен байланысты-
рады. Табиғаттың да қоғамның бір бөлшегі екенін, егер оны күтпесе, аяламаса, құритынын, тозаты-
нын автор әдемі сездіріп, қатпары қалың сауалдың зауалы ауыр екенін айтып отыр.
118
Бүгінгі таңда ғаламдық проблемаға айналған бұл мәселенің бастауы кешегі күндерде жатқанын
Қ.Ысқақов өткен ғасырдың 60-жылдарында-ақ аңғарып, ұрпағына ұқтырып отырғандай. «Кемер-
кемер болып көз ұшына дейін созылған ну орманнын төбесі сары күздің шап-шағыр меңсіз аспаны-
мен ұласып жатыр. Жауыннан соң дүние шыт жаңа тазарып калған. Борық пен өзектегі шаңдақтың
ескі қылтанағы қайта көктеп, су тиген барқыттың түгіндей құлпырып шыға келіпті. Мизам басын
шұлғытып салқын самал еседі. Телеграф сымдары сарнап тұр. Телеграф бағандарының гуілдеген
қоңыр үні Қажымұрат көңілінің қимас мұңын шерткендей бебеу қағып тынар емес». Автор туған
ауылына жиырма жылдан соң қайта оралып, сағына табысып, көңілін жібітер елі барын, артына
аландатар атамекені, қара орманы барын медет етіп, қимай қоштасып бара жатқан Қажымұраттың
ала-құлаң көңілін, алабұрткан сезімін, ішкі сезім буырқаныстарын оны қоршаған табиғат құбылыс-
тарымен бірлікте ала отырып жырлайды. Сағыныш, мұң әрбір адамға тән сезімдер гаммасы —
мылқау Қажымұратқа да тән екендігін бар бояуымен ашып көрсетеді. Қаршадайынан тағдырдың
тауқыметіне ұшыраған, адасқан, жол іздеп тарыққан, қайта табыскан, бақытына «қолы жеткен»
Қажымұрат өмірінің, тағдырының терең оймен, өзіндік пәл сапасымен берілуі, адам тағдыры,
адамдар арасындағы теңсіздіктің, оны ішкі иірімдері мен сыртқы бітім болмысынын табиғат
құбылыстарымен егіздің сыңарындай өрілуі, бас кейіпкер Қажымұрат тағдыры арқылы адал, таза
еңбек адамының, қарапайым жанның бейнелеуі, сол арқылы қоғамдағы әділетсіздікке, теңсіздікке,
түрлі кеселдерге қарсы мінез көрсетуі, адам психологиясының, жан сезімінің шебер көрсетілуі,
кейіпкерлер тағдыры арқылы қоғамдағы ірілі-ұсақты кемшіліктердің сыналуы, адам тағдырына
немқұрайлыққа қарсы күрес, романдағы қилы тағдырлар, қилы характерлер арқылы тән жарасы бітсе
де, жан жарасы бітпейтінін рухы биік, жүрегі таза адамдар арқылы шынайы суреттеуі, міне, осының
бәрі — жазушы Қ. Ысқақовтың «Тұйық» романының басты бояуы, тоғысар арнасы.
Достарыңызбен бөлісу: |