Сборник материалов Международной научно-практической конференции



бет10/23
Дата02.07.2016
өлшемі1.92 Mb.
#172013
түріСборник
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23

Подведем итоги:

  • Глобализация – процесс, охватывающий практически все области общественной жизни. Ныне международные отношения тесно связаны с национальными, особенно это проявляется в сфере экономики. Вместе с тем, несмотря на усиливающийся процесс глобализации, в мире растет число вновь образованных государств. Если в 1946 г. их было 74, то сегодня – около 200. Только в 90-ы гг. ХХ в. появилось 23 новых государства. С одной стороны, бурно развивающиеся интеграционный процесс, т.е. глобализация, с другой – увеличение числа национальных государств.

  • Сегодня национальные государства проявляют свою жизнеспособность, активно участвуют в решении не только внутренних, но и международных проблем. Государства приобретают все более широкий круг полномочий. Наиболее крупные изменения роли государств в международных отношениях в условиях глобализации происходят в экономике и финансовой сфере. Это естественный процесс, поэтому государствам следует искать и находить свое место в мировой цивилизации, адаптироваться к новым условиям жизни.

  • Существует ряд проблем, которые не под силу решать отдельно взятому национальном государству, – экономические проблемы, борьба против организованной преступности, терроризма, наркобизнеса, обеспечение прав человека на международном уровне, т.н. глобальные проблемы. Это предполагает неизбежную передачу национальными государствами определенной части своих функций, но не суверенитета новым наднациональным органам (пример – Европейский Союз, Таможенный Союз).

  • Новые национальные государства активно взаимодействуют с международными организациями, транснациональными корпорациями (ТНК), особенно по гоударственному управлению. Однако это не означает, что будущего у национальных государств нет. Сама практика показывает, что в условиях глобализации у них есть перспективы.

  • Только государства с мощным экономическим потенциалом, богатой демократической культурой и крепкими корнями либеральной традиции могут безболезненно пойти на интеграцию. Вероятно, уже в недалеком историческом будущем такая судьба уготована каждому национальному государству, в том числе и для Республики Казахстан.



Список литературы:

  1. Уткин А. Глобализация: иллюзии и реальность // Свободная мысль. – 2000.– №1. – С. 28

  2. Интрилигейтор М.Д. Глобализация как источник международных конфликтов и обострения конкуренции // Проблемы теории и практики управления. – 1998 . – № 6. – С. 38

  3. Маркс К. Манифест коммунистической партии // Маркс К., Энгельс Ф. Соч.– Изд. 2-е. – М.: Политиздат, 1960. – Т. 4.– С. 428.

  4. Калмырзаев А. Национализм. Космополитиз. Глобализм // Мысль.– 2000.–№10.– С. 23.

  5. Искать и находить друзей // Казахстанская правда. – 2000. – 9 сентября.

  6. Калмырзаев А. Национализм. Космополитиз. Глобализм // Мысль.– 2000.–№10.– С. 23.

  7. Уткин А. Глобализация: иллюзии и реальность // Свободная мысль. – 2000.– №1. – С. 8

  8. Сартаев С.С. Услышат ли голос республик? [Беседа с народным депутатом Казахской ССР С.С. Сартаевым] / Записал В. Елуфимов // Сельская жизнь. – 1991. – 18 мая

  9. Уткин А. Глобализация: иллюзии и реальность // Свободная мысль. – 2007.– №1. – С. 32-34.

  10. Калмырзаев А. Национализм. Космополитиз. Глобализм // Мысль.– 2007.–№10.– С. 25

  11. Мукашев З.А Некоторые особенности глобализма // Евразия. – 2008.– № 4.– С. 24-28

  12. Ударцев С.Ф. Метаправо: о глобальной эволюции права // Вестник МГОУ (Московский государственный открытый университет). – 2003. – №2(11).– С. 33

  13. Фукуяма Ф. Конец истории? // Вопросы философии.– 1990. – № 9.– С. 134-138

  14. Хантингтон С. Столкновение цивилизации // Свободная мысль. – 1993.– №17-18.– С. 17

  15. Ибраева А.С. Правовая культура: проблемы теории и практики. – Алматы: Жеті жарғы, 2004.– с. 36-37.

  16. Сабикенов С.Н. О некоторых концептуальных подходах к изучению теории прав человека // Информационная эпоха: общество, экономика, культура, право / Материалы международной научно-теоретической конференции.– Алматы, 2002.– С. 23.

  17. Краткий статистический ежегодник Казахстана // Агентство Республики Казахстан по статистике.– Алматы, 2009. – С. 43

  18. Тодорова Н. Бороться со с СПИДом, ломая барьеры // Казахстанская правда –2007. – 26 февраля

  19. Ибраева А.С, Ибраев Н.С. Теория государства и права. – Алматы: Жетi жарғы, 2005. – с. 181-184.

  20. Ибраева А.С, Ибраев Н.С. Теория государства и права. – Алматы: Жетi жарғы, 2005. – с. 181-184.

Примашев Н.М., «Қазақстан Республикасының Заң шығару институты»

ММ Лингвистика орталығының бастығы, з.ғ.к.



Латын Америкасы мемлекеттеріндегі адам құқықтарын қорғау тетіктері
Мемлекеттік биліктің бастауы – халықтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау барлық мемлекеттердің басты қызметі болып табылады. Сондықтан қазіргі уақытта әлемнің барлық елдерінің конституцияларында, заңнамаларында адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары бекітілген.

Сала бойынша конституциялық деңгейге көтерілген адам құқықтарын қорғаудың әлемдік тәжірибесі жасақталған. Көптеген нормативтік құқықтық актілер қабылданды, тетіктер құрылды. Қазіргі кезде ондай тетіктердің өзін де әртүрлі негіздер бойынша саралауға мүмкіндік бар. Адам құқықтарын қорғаудың ұлттық заңнамасы мен тетіктеріне халықаралық заңнама мен тетіктер де қосылды. Саралауға бұдан да басқа мүмкіндік беретін негіздер заңгер-ғалымдармен зерттелуде, тәжірибе жүзінде іске асырылуда. Адам құқықтарының жалпы саны да арту үстінде. Мысалы, жақында ғана ақпаратты және таза ауыз суды пайдалану – адам құқықтарының қатарына жатқызылды.



Қарастырылып отырған Латын Америкасы құрлығы мемлекеттері адам құқықтарын қорғау саласында үлкен тәжірибе жинаған. Кейбір қорғау түрлері мен тетіктері жақсы дамыған, оны әлемдік қауымдастық пен мемлекеттердің бәрі мойындайды. Мұнда жекелеген мемлекеттік тәжірибеге қоса құрылықтық нормативтік құқықтық акт – Адам құқықтарының Американдық конвенциясы (Convencion Americana de Derechos Humanos) да қабылданған. Сонымен қатар өңірлік тәжірибе есебінде 1992 жылы Анды тауы елдері Адам құқықтарының Андылық комиссиясын құру туралы шешім қабылдады.

Құрылық мемлекеттерінің аталған саладағы ерекшелігіне жергілікті халықты қорғаудың қосымша тетіктері де кіреді. Кейбір мемлекеттерде жергілікті халықтың – үндістердің құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың қосымша тетіктері бекітілген. Венесуэланың қолданыстағы конституциясының 8-тарауы (119-126-баптар) «Үнді халықтарының құқықтары туралы» деп аталады. Онда байырғы халықтардың, бірінші кезекте, мекен ететін жерлеріне, тілдері мен әдет-ғұрыптарына құқықтары бекітілген. Сонымен бірге, олардың сақталуына және дамуына мемлекеттік кепілдіктер бекітілген. Осы конституциялық нормалар ұлттық заңнамада толықтырылды. Мысалы, 2001 жылғы 12 қаңтарда «Үнді халықтарының жерлері мен өмір сүру ортасын демаркациялау және кепілдік беру туралы» Заң қабылданды [1].

Латын Америкасы мемлекеттерінде адам құқықтарын қорғауда кең орын алған институт – ампаро институты. Бұл институтты кейде ампаро ісі, кепілдіктер ісі немесе конституциялық іс деп те атайды. Жалпы атауы, жүзеге асыру тетіктері ұқсас болғанмен, әр мемлекеттің өз ерекшелігі бар.

Өз кезегінде құрлық мемлекеттерінде адам құқықтарын қорғау тетігінің ампаро институтына қоса өзге де элементтерінің бар екенін атау қажет. Мысалы, құрылықтың кейбір мемлекеттерінің конституцияларында арнайы Халық қорғаушысы (Defensor de pueblos) лауазымы бекітілген. Мысалы, Венесуэла Боливар Республикасының 1999 жылғы Конституциясының 4-тарауының 2-бөлімі бойынша (280-283-баптар) Халық қорғаушысы азаматтық билік құрамына кіреді [2]. Ол халықты тегін қызмет, қолжетімді процесс, істерді тез қарау, іс қараудағы еркіндік сияқты қағидалар негізінде адам құқықтарын қорғауды жүзеге асырады. Перу Республикасының 1993 жылғы Саяси Конституциясының 11-тарауында (161-162-баптар) оның қызметтері мен міндеттері бекітілген [2].

Халық қорғаушысының құқықтық мәртебесі органикалық заңмен реттеледі. Онда халық қорғаушысының құқықтары мен міндеттері бекітілген. Мысалы, осы лауазымнан үміткердің жасы 35-тен кем емес және міндетті түрде заңгер болуы қажет. Халық қорғаушысы адамдардың конституциялық құқықтарын қорғау, мемлекеттік әкімшіліктің өз қызметтерін атқаруына және тұтынушыларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге бақылау жасау функцияларын атқарады. Бес жылдық қызмет кезінде оның құқықтық мәртебесі Конгресс мүшесінің мәртебесімен барабар болады [2].

Көпұлтты Боливия мемлекетінің 2009 жылғы жаңа конституциясының IV-титулының II-капитулының 2-бөліміндегі 128-бапта ампароның мақсаты «конституцияда бекітілген құқықтарды шектейтін заңсыз актілер мен іс-әрекеттерге қарсы тұру» делінген [2]. Ал 5 тармақтан тұратын келесі бапта оны жүргізу ережелері бекітілген. Осындай нормалар, яғни Конституциямен танылған құқықтарды тікелей не жанама түрде қорғау жаңа – 2008 жылғы Эквадор Конституциясының 88-89-баптарында (III-титулдың III-капитулы, 2-3 бөлімдері) да бекітілген [2]. Соңғы елде ампаро институтымен қатар, заңсыз ұстаудан немесе қамаудан қорғайтын, табиғаты ағылшындық habeas corpus институты да қолданылады. Колумбияның 1991 жылғы Саяси Конституциясының 86-бабында да осындай құқықтарды жанама қорғау (accion de tutela) тетіктері туралы нормалар бекітілген [2].

Осы мысалдардан құрылықтың адам құқықтарын қорғау саласындағы ең белгілі, әрі беделді құралы – ампаро институты екені көрінеді. Ампаро институты барлық дерлік Латын Америкасы мемлекеттерінің конституцияларына енгізілген. Аргентина конституциясының 43-бабы, Боливия конституциясының 128-бабы, Колумбия конституциясының 86-бабы, Коста-Рика конституциясының 48-бабы, Чили конституциясының 20-бабы, Эквадор конституциясының 88-89-баптары, Сальвадор конституциясының 247-бабы, Гватемала конституциясының 265-бабы, Гондурас конституциясының 183-бабы, Мексика конституциясының 103 және 107-баптары, Никарагуа конституциясының 45 және 188-баптары, Панама конституциясының 50-бабы, Парагвай конституциясының 134-бабы, Перу конституциясының 200-бабының 2-тармағы, Венесуэла Боливар Республикасы Конституциясының 280-283-баптары [1]. Латын Америкасы елдерінің ішінде тек қана Доминикан Республикасы мен Уругвайда ампаро институты конституцияланбаған. Бірақ, Уругвай Конституциясының 72-бабы бойынша Конституция «жарияланған құқықтар, міндеттер мен кепілдіктер бойынша жеке адамдарға қатыстыларды шектей алмайды». Осы норманы жүзеге асыру мақсатында 1988 жылы арнайы «Ампаро ісі» (Accion de amparo) Заңы қабылданған, сондықтан Уругвайда бұл институт құқықтық реттелген деуге болады [3].

Қарастырылып отырған ампаро институтының қалыптасу тарихына келетін болсақ, ол алғаш рет құрылықта XIX ғасырдың орта тұсында Мексикада пайда болған, ал Аргентинада конституциялық мәртебені тек 1994 жылы ғана алды. 1853 жылғы конституцияда ампаро туралы норма жоқ болатын. Жаңа конституцияны қабылдауға құрылған Конституциялыққ Ассамблея халықаралық және латынамерикалық тәжірибелерді ескеріп ескі/жаңа конституцияның 43-бабында бекітті [4].

Ампаро ісі (recurso de amparo) – конституциялық қорғау, жеке және заңды тұлғалардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған жалпы құзіретті соттар жүзеге асыратын конституциялық бақылаудың арнайы тетігі болып табылады.

Латын Америкасында мұндай конституциялық процестің 3 моделі (түрі) кездеседі. Бірінші модель – реттеу аясы кең, дербес жүргізілетін, процессуалды нақты құрал есебінде қолданылады. Мұндай модель Мексикада қалыптасқан. Келесі модель – әкімшілік және сот процедураларында көмекші немесе қосымша роль атқарады. Мұндай модель Аргентина, Венесуэла, Колумбия және басқа елдерде қалыптасқан. Ампаро процедурасының 3 моделі – чилилік, алдын-алудың негізгі және қосымша процессуалдық құрал болып табылады.

Латын Америкасы мемлекеттерінде, адам құқықтарын қорғауда ампаро ісінің аталған модельдері басқа да элементтермен – процедуралармен толықтырылатындықтан тек қана ампаро ісі қолданылады деуге болмайды. Сондықтан адам құқықтарын қорғау тетіктері кешенді сипат алады. Мысалы, Талька Университетінің профессоры Э.Алкала Ногейра Чилиде адам құқықтарын қорғауда:


  • Билік органдарының актілері мен қателіктеріне қарсы ампаро ісі;

  • Habeas Corpus;

  • Habeas Data;

  • Заңдардың конституцияға сай келмеуінен қолдану мүмкінсіздігін даулау;

  • Сот органдарының шешімін даулау;

  • Жаппай құқық бұзылған жағдайдағы ұжымдық ампаро;

  • Сот органдарының қате шешімі бойынша келтірілген шығындарды талап ету;

  • Азаматтықты жоғалту немесе танымау бойынша талаптар қою

сияқты әдістер мен тәсілдерді қамтитын қорғау тетігінің қолданылатынын атап көрсетеді [5]. Аталған рәсімдердің әрқайсысының өз ережелері мен іс жүргізу процедуралары бар.

Осылайша, Латын Америкасында адам құқықтарын қорғаудың, немесе қарастырылып отырған ампаро ісінің:

-қарапайым ампаро;

-конституциялық ампаро;

-халықаралық немесе құрылықтық ампаро сияқты үш түрі қолданылады [6].

Қарапайым ампаро бойынша заң шығарушы жалпы сот органдарына берген құзіреттер арқылы адам құқықтары бұзылған жағдайда даулау немесе талап қою мүмкіндігі туады және процесс жүргізіледі. Конституциялық ампаро бойынша әртүрлі негіздегі талаптар қатардағы сот органдарымен қатар Конституциялық соттар немесе Трибуналдарда қарастырылады. Мысалы, ондай істерді Гватемаланың, Боливияның, Колумбияның, Перудің, Эквадордың Конституциялық Трибуналдары шешуге міндетті [2].

Жоғарыда көрсетілгендей Латын Америкасы мемлекеттері азаматтарының құқықтары халықаралық деңгейде де қорғалады. Халықаралық ампароны халықаралық немесе құрылықтық адам құқықтары жөніндегі сот органдары жүргізеді. Қажет болған жағдайда құрылық мемлекеттерінің азаматтары ондай органдарға, Адам құқықтарының Америкааралық комиссиясына шағымдана алады.

Аталған құрылық мемлекеттері адам құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіріп келеді. Ампаро ісіне енгізілген өзгерістердің бірі – бұзылған ұжымдық құқықтарды қорғау. Өткен ғасырдың екінші жартысында пайда болған процесс бұқараға тиесілі құқықтардың бұзылуына тікелей байланысты. Бұқара мүддесінің бұзылуы құқықтық араласуды талап ету нәтижесінде жаңа құқықтар пайда болғаны белгілі. Мұндай, «үшінші толқынды» құқықтар, негізінен, конституцияларда бекітілген. Мысалы таза қоршаған ортаға құқық Перудің саяси конституциясының 33-34-баптарында, Чили конституциясының 19-бабында, Эквадор Конституциясының 14-бабында бекітілген. Нақты атап өтілмесе де, осындай құқық Аргентина конституциясының 41-бабында да бекітілген. Осы құқықтар бұзылған жағдайда, зардап шеккен азаматтарға ампаро ісі бойынша сот органдарына жүгінуіне болады.

Жоғарыда атап өтілгендей, ампаро институты қос қызметті болып табылады. Мысалы, ресейлік заңгер А.Б. Зеленцовтың пікірінше «ампаро - ағылшындық-саксондық құқықтық дәстүрдің habeas corpus институтын жалпы сипаттама түрде ұқсас бұқаралық-құқықтық институт» [7, с.45]. Бірақ бұл институт ағылшын институты сияқты адамның тек қана бас бостандығын қорғау емес, сонымен қатар азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғайды. Сондықтан ампаро институтын конституциялық бақылау тетігі деп те қарастыруға болады. Мысалы Мексикада кез келген жеке не заңды тұлға өзінің қазіргі қолданыстағы 1917 жылғы Конституцияда бекітілген құқықтарын конституциялық сот төрелігі аясында қорғай алады. Осындай тәртіп бірқатар Латын Америкасы елдерінде орнатылған.

Латын Америкасы мемлекеттерінің ішінде ампаро процедурасы бойынша озық ілім негіздеген және тәжірибе жинақтаған Мексика болып табылады. Осы елдің озық тәжірибесін жан-жақты зерттеген ресейлік зерттеушілер В.В. Еремян және А.А. Клишас ампаро институтының әмбебаптығын көрсете келе, оны конституциялық сот төрелігіне жатқызады [8, с.43-44; 9, с.230].

Мексикада конституциялық бақылаудың нысаны ретіндегі ампароны құқықтық реттеудің негізі болып 1917 жылғы Конституция, 1988 жылғы Сот билігі туралы Органикалық Заң, 2003 жылғы Ампаро туралы Органикалық Заң болып табылады [10]. Ампаро институты Мексика Конституциясының 103 және 105-баптарында бекітілген.

Негізінен ампароның тікелей (directo) немесе уни-инстанционалдық және жанама (indirecto) немесе би-инстанциалдық ампаро сияқты екі түрі бар. Бірақ процедура бойынша іс қарау тәртібі, процессуалдық ерекшеліктеріне байланысты бірнеше түрлерге немесе нысандарға бөлінеді. Мысалы, негізгі түрлерге бөлінеді. Ұлттық құқықтық доктринада ампаро процедурасының мынадай жіктеуі келтірілген: 1) ампаро, конституциялық құқықтар мен бостандықтарды қорғау құралы (amparo como defensa de los derechos de libertad); 2) заңдарға қарсы (amparo contra leyes); 3) ампаро-кассация (amparo como casacion); 4) әкімшілік істері бойынша ампаро (amparo por actas administrativas).

Ампаро процедурасы бойынша:

1) Жоғарғы Соттың актілеріне;

2) сайлау өткізуді дайындау және өткізетін сайлау комиссиялырының және өзге органдардың шешімдері мен мәлімдемелеріне;

3) Конституцияға сәйкес берілген құзіреттер шеңберінде Бас Конгрестің және оның екі палаталарының, штаттар легистратураларының, осы органдардың тұрақты комиссияларының лауазымды тұлғаларды қызметке тағайындау, қызметттен босату немесе олардың қызметін тоқтата тұру туралы шешімдері бойынша актілеріне шағым жасауға болмайды.

Жоғарыда келтірілген құрлықтық жіктеуге сәйкес мексикалық ампароны 4 түрге бөлуге болады. Оның алғашқысы ампаро конституциялық құқықтарды қорғау құралы. Келесі түрі - «заңға қарсы ампаро» (қалыптасқан атау бойынша). Ол Конституцияның нормаларын бұзатын кез келген құқықтық нормативтік актінің күшін жою үшін сотқа жүгінуге мүмкіндік береді. Одан кейінгі - «Ампаро - кассациялық сот» бойынша кассациялық процесс негізінде салалық түрлерге бөлінеді. Мысалы, азаматтық, қылмыстық және т.с.с. Ал ампароның «әкімшілік істері бойынша» соңғы түрі әкімшілік соттардың шешімдерінің заңдылығына күмән туған жағдайда қуынуға мүмкіндік береді.

Егер ампаро ісінің процедурасына келетін болсақ, мысалы, құқықтары бұзылған адам сот органдарына қорғау туралы өтініш береді, істің мән-жайын түсіндіреді, ал сот бұйрық береді. Осы кезден бастап әкімшілік сотта қаралғанға дейін және тиісті шешім шығарылғанға дейін ол адамның жеке басына тиіспеуі қамтамасыз етіледі. Осылайша ампаро даулы актіні тоқтатып қана қоймайды, азаматқа қол тигізбеу институтын енгізеді, яғни оның жеке басы мен қауіпсіздігі кепілдендірілген қорғауға алынады. Мексиканың Жоғарғы соты ампаро аясында заңды күшіне енген төменгі сатыдағы соттардың азаматтық және қылмыстық істерін егер олар заңға немесе оған түсініктемеге қарсы болса қайта қарайды. Осылайша, мексикалық ампаро процедурасы тек қана конституция нормаларын ғана емес, қолданыстағы бүкіл заңнаманы қорғауға және конституциялық ережелерді және заңдылықты қамтамасыз етуге бағытталған әмбебап бақылау-соттық тетіктік сипат береді. Осындай табиғаттағы конституциялық әділет институтының қос қызметі бар: бір жағынан ампаро процедурасы конституциялық бақылау институты, екінші жағынан барлық мемлекеттік билік тармақтарының органдары мен лауазымды тұлғалары қызметтерінің заңдылығын қамтамасыз ету құралы болып табылады.

Осындай тетіктер мен мүмкіндіктер ампаро институтының адам құқықтарын қорғаудың пәрменді институт екенін көрсетеді. Оны барлық Латын Америкасы мемлекеттері мойындаған, азаматтар кеңінен қолданады деп тұжырымдауға болады.

Әдебиеттер тізімі:

1 www.catedras.fsoc.uba.ar/udishal/constituciones.htm. (15.10.2010)

2 www.constitucion.rediris.es (5.08.2010)

3 Constituciоn de Uruguay. www. cervantesvirtual. com./portal/constituciones/pais. = Uruguay = constituciones. (15.10.2010)

4 Примашев Н.М. Конституционная реформа 1994 года в Аргентине // Вестник РУДН. Серия: Юридические науки. 2000. № 1.

5 Alcala Nogueira H. El recurso de proteccion en el contexto del amparo de los derechos fundamentales latinoamericano e interamericano // Ius et Praxis. 2007. № 13 (1). P. 75-134. www.rediris.es (5.08.2010)

6 Bórquez Ferrada J.C., Bordalí Salamanca A., Cazor Aliste K. El amparo constitucional contra los actos de la administración del Estado en Iberoamérica: un análisis comparado con el recurso de protección chileno // Ius et Praxis. 2004. № 2. P. 169-195. www.rediris.es (5.08.2010)

7 Зеленцов А.Б. Административная юстиция. М., 1997.

8 Еремян В.В. Процедура ампаро как механизм защиты мексиканской Конституции и фактор сохранения политической стабильности // Вестник РУДН. Серия: Юридические науки. 1998. № 1.

9 Клишас А.А. Компетенция органов судебной власти Мексики по рассмотрению дел в рамках процедуры ампаро // Вестник РУДН. 2002. № 2.

10 www.mex.org.

Садыков Т.К., Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық құқық кафедрасының аға оқытушысы
БАСҚАРУ НЫСАНЫ МЕН КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Мемлекеттің басқару нысаны Конституцияға әсер етеді. Конституция мемлекеттің әлеуметтік-саяси жүйесін айқындайды. Әлемдегі көптеген елдердің Конституцияларының көбінесе алғашқы баптарының өзінде-ақ қысқаша түрде сол мемлекеттің мәні, ондағы биліктің қайнар көзі болып табылатын табиғатының кең ауқымды, жалпылама және негізгі сипаты айтылады.

«Конституция: ол – мемлекетке кигізілген киім, егер де бұл киім халықтың менталитетіне сәйкес келсе (яғни «дәл шақ» болса) – онда бұл халық тұрақты даму мен гүлденуге қол жеткізеді. Егер басты заң саяси мәдениет деңгейі мен менталитетке сәйкес келмесе – онда халық тұтастай күрделі мәселелерге тап болып, ақырында өз дамуынан ажырап, тіпті кейде қайғылы күйге душар болады». Әрбір мемлекет өзінің дамуында Конституцияны қабылдау және оны елдің ең басты құжаты ретінде қалыптастыру кезеңін бастан кешеді.

Латын тілінен аударғанда «constitutio» сөзі «бекітемін», «құрамын» деген мағынаны білдіреді. Қазіргі ұғымдағы алғаш жазылған Конституция АҚШ–та 1787 жылы және Францияда 1791 жылы қабылданды.

Америка азаматтарының индивидуалдығының тарихи тамыры терең. Сол секілді АҚШ Конституциясы индивидтер ұлты, индивидуалистер ұлты секілді америкалық ұлттың менталитетін есепке ала отырып қабылданған. Қазіргі таңда америкалық құндылықтар салт-дәстүрі, тарихы, төл мәдениеті алға басқан.

Жапония секілді азиялық елдің тарихына көз салып көрейікші. VIII ғасырдың өзінде-ақ жапондықтардың санасында императорлық биліктің ел басқаруда күмән туғызбас заңдылық қағидаты орнығып үлгерді. Яғни әрбір жапондықтың жүрегінде императордан басқа ешкім мемлекет басшысы бола алмайды деген сенім ұялады. Алайда ұзақ уақыт бойы Жапонияда әскери диктатураның өзінше бір үлгісі саналатын, бар билік сёгунның – «ұлы қолбасшының» қол астына шоғырланған. Араға үзіліс сала отырып, сёгунат жүйесі 1192 және 1868 жылдар аралығында биліктің басқару тетігіне айналды. Сёгунатқа тән сипатқа императорды бірқатар өкілдік және салтанаттылық функцияларына ие мемлекеттің номиналды басшысы ретінде сақтаушылық жатады. Императорға оның мәртебесіне лайық барлық құрмет рангілері берілгенмен, алайда оның қолында шын мәніндегі саяси күш болған жоқ. Жапонияның ел Конституциясын қалай әзірлеп, қабылдағаны жөнінде айтар болсақ.

1881 жылдың 12 қазанында император елге Конституцияны сыйға тарту жөніндегі қаулын жариялады. Ал 1889 жылдың 11 ақпанында Токиода Жапонияның Конституциясының қабылданғанын салтанатты түрде жариялау рәсімі өтті. Конституцияны қабылдағанға дейін жапондар оны әзірлеу бойынша аянбай тер төкті. Императордың тапсырмасы бойынша мемлекеттік саладағы уәкілетті адамдар, ғалымдар мен заңгерлер тарапынан бірқатар елдердің конституциялары зерделеніп, сарапталды.

Көршілес Қырғызстанның мемлекет құрудағы қайғылы тәжірибесі демократиясы дамыған Батыс елдерінің Конституциясын көшіріп, Қырғызстан халқының менталитет ерекшеліктеріне көз жұма отырып, ахуалды мүлдем өзгеше азиялық әлеуметтік-саяси ландшафтқа енгізулің қауіпті екендігін көрсетті. Ақаевтың саяси аңқаулығы мен оның жанындағы шенеуніктердің қырғыз мемлекеттілігін батыстық өлшем бойынша Орталық Азиядағы демократия аралын, орталықазиялық Швейцарияны құру жолындағы қадамдары мен басқа да саяси сандырақтары бүгінгі жағдайға душар етіп отыр.

Қазақстан Республикасының Конституциясы концептуалдық, жекелей алғанда институционалдық және қызмет етуі жөнінен Француз Республикасының V Конституциясына бағдарланып әзірленген. 1946 жылғы Конституцияға қарағанда, Францияның жаңа Конституциясы Президенттің өкілеттігімен бірге мемлекеттік биліктің негізгі органдарының құзыретіне мән берді. Содан бері Президентке мемлекеттегі жетекші рөл берілді. Францияның Президенті Конституцияның сақтаушысы, ұлт тәуелсіздігінің, елдің аумақтық тұтастығының кепілі. Сонымен қатар ол билік тармақтарының қалыпты қызмет етуін және мемлекеттік саясаттың сабақтасуын қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасы Конституциясы Тұжырымдамасының негізінде Еуразиялық идея жатыр. Бүгінгі біздің Конституциямыз өзіне Азияға тән жеке-даралық, яғни күшті президенттік билік (бұл Конституцияның баптарында көрініс тапқан) пен еуропалық дәстүрге негізделген Парламенттің болуына негізделген. Қазақстан Республикасындағы қазіргі заңнамалық актілерінің басым бөлігі 1995 жылда қабылданған.

Қарақалпақстан Өзбекстанның солтүстік-батыс территориясында орналасқанмен, бұл елдің Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Конституциясы мен Үкіметі бар. Тіпті Конституциясының 1-бабында «Қарақалпақстан – Өзбекстан құрамына енетін егеменді, демократиялы республика» деп көрсетілген. Бұл туралы Өзбекстанның Конституциясында да «Қарақалпақстан тәуелсіздігін алуға құқылы» деп жазылған. Егер Ресейдің құрамындағы елдерді Президенттері билесе, Қарақалпақстанда елдің жоғарғы басшысы, заң шығарушы орган – Жоғарғы Кеңестің төрағасы басқарады. Мемлекеттік символдары болғанмен, қарақалпақтардың төл ақшасы жоқ.

Норвегия – конституциондық монархия. Норвегияда көптеген кейінгі толықтырулар мен түзетулер жүргізілетін 1814 жылғы конституция жұмыс жасайды. Монархия мұрадан мұраға беріледі және 1990 жылдан бастап тақ үлкен қызына немесе ұлына беріледі. Король ресми түрде барлық политикалық тағайындауларды орындайды, церемонияларға қатысып, мұрагер ханзадамен бірге мемлекеттік кеңесте күнделікті формальды отырыстарды жүргізеді. Министрлер кабинеті премьер-министр және сәйкесінше департаменттерді басқаратын 16 министрден тұрады. Құқықтық билік Стортингке (парламент) тиесілі, 2005 жылдан бастап 169 депутаттан тұрады (бұрын 165).

Қандай да сұрақ болмасын басқарушылар әрбір министрдің өз ойын білдіру құқығына қарамастан, барлығына ұжымдық жауапкершілікпен қарайды. Министрлер кабинетінің мүшелері көпшіліктің немесе парламентте коалициялық Стортингте сайланады. Олар парламенттік сайлауларға қатыса алады, бірақ дауыс бере алмайды. Мемлекетік қызметкерлердің орындары конкурстық экзаменнен өтілгеннен кейін ғана беріледі.

Құқықтық басқару Стортингке тиесілі, ол партиялық тізім бойынша әрбір 19 облыстан (фүлке) мерзімі төрт жылға сайланатын 165 мүшеден тұрады. Стортингтің әрбір мүшесі үшін орынбасар сайланады. Осылайша басқару құрамына енген әрбір Стортинг мүшесі үшін орынбасар болады. Сайлау құқығына Норвегияның барлық, яғни 18 жасқа толғандар және елде бес жылдан кем тұрмаған азаматтардың құқығы бар. Стортингке сайлану үшін азамат Норвегияда он жылдан кем уақыт тұрмауы және сайланатын облыста тұрақты тұратын орны болу қажет. Сайлаудан кейін Стортинг екі палатаға жіктеледі: Лагтинг (41 депутат) және Одельсинг (124 депутат).

Бразилияда монархия жойылғаннан кейін бірінші республикалық Конституция 1891 жылы басқарудың президенттік жүйесін енгізді. Биліктің 3 тәуелсіз тармағы бар: атқарушы, заң шығарушы, сот билігі. Бұл құрылым келесі 6 конституцияда сақталды. 1988 жылы Конституция жаңашыл политикалық концепцияны қамтиды – қоршаған ортаны қорғаудан атқарушы қызмет үстінен заң шығарушы билік функциясын күшейтуге дейін.

Бразилияда – 26 штат пен федералдық округке бөлінген федеративті республика. Штат үкіметі федерал үкіметімен ұқсас құрылымды иемденеді және барлық өкілдікті иемденеді. Штаттың атқарушы үкіметінің басшысы тікелей сайлаумен 4 жылға сайланған губернатор. Штаттардың заң шығару ассамблеясы және сот билігі федералдық схемамен жүргізіледі.

Тек XV ғасырдың басында ғана Малакка аралында тұңғыш мемлекет пайда болған. Жер шарындағы өзге мемлекеттер сияқты, Малайзия да тәуелділікті бастан кешірді. Жан басына шаққандағы табыс өте төмен болған. Әйтсе де мемлекетті басқару саясатын дұрыс жолға қоя білген малайзиялықтар біртіндеп қиындықтар мен кедергілерді жеңуді де үйренді.

Басқару жүйесі – конституциялық монархия. Елдің негізгі заңы – 1957 жылы қабылданған Федералдық Конституция. Малайзияның жоғарғы басқарушысы – мұрагер сұлтандарының бірі. Кезек бойынша 5 жылға басқарушылар кеңесі сайлайды. Мемлекет басшысы конституциялық монрахқа тән прерогативалары мен привилегиялары, парламентті басқару өкілеттігі бар. Заң бойынша ол ел қарулы күштердің бас қолбасшысы болып табылады. Сонымен қатар ол – атқарушы билігінің де басқарушысы, бірақ өзінен шығатын барлық актілер олардың жауап беретін министрлермен келісіледі. Монархтың парламентті шақыруға, сессияны тоқтатуға құқы бар. Осы тәртіппен ол тыйым салу құқын іске асырады, жолдамаларымен парламентке үндеу жасайды. Конституция бойынша, Жоғарғы басқарушысы Премьер—Министрді, оның ұсынысымен министрлерді тағайындайды.

Малайзия парламенті екі палатадан тұрады: Сенат және Өкілдер палатасы. Сенатта барлығы 69 орын бар. 43 сенаторды премьер-министрдің ұсынысымен Жоғары басқарушы тағайындайды, ал 26-сын штаттардың заң шығарушы ассамблеялары жібереді (әр штаттан екі сенатордан). Тағайындалған сенаторлар өз лауазымында 6 жыл отырады. Өкілдер палатасы – төменгі палата. Оның өкілеттері әлдеқайда кең. Оның құрамында жалпыға бірдей сайлау құқығы негізінде бір мандатты округтерден сайланатын 219 депутат кіреді. Төменгі палата алты айдан кем емес мерзімінде бір рет жиналады және премьер-министрдің ұсынысымен оны Жоғарғы басқарушысы тарата алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет