ISSN-p 2306-7365
ISSN-e 2664-0686
ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ
, №2 (128), 2023
314
ӘОЖ 82.0:37.016; МҒТАР 14.25.09
https://doi.org/10.47526/2023-2/2664-0686.25
Н. КАРЕЛХАН
1
✉
, П. ИБРАЕВА
2
, Н. КАРИЛХАН
3
*
1
PhD, доцент
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
(Қазақстан, Астана қ.), e-mail: knursaule@mail.ru
2
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің магистранты
(Қазақстан, Астана қ.), gmail.com: ibraeva.perizat2020@gmail.com
3
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің аға оқытушысы
(Қазақстан, Қарағанды қ.), e-mail: iskulai@mail.ru
ОРТА МЕКТЕПТЕ STREAM ТЕХНОЛОГИЯСЫМЕН ОҚЫТУДА
SCRATCH ОРТАСЫНДАҒЫ MBLOCK БАҒДАРЛАМАСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Аңдатпа. Әлемнің алдыңғы қатардағы елдерінде STEM, STEAM және STREAM
арқылы оқыту орта мектептің оқу үрдісіне енгізілген. STEM – ғылым,
технология,
инженерия, математиканың білім берудегі рөлін күшейту болса, STREAM ғылым,
технология, инженерия, математиканың білім берудегі рөліне қосымша оқу мен өнерді
қосып, жүйеленген ойлау дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
STREAM дамытуда
Scratch+Arduino негізінде құрастырылған mBlock бағдарламалау ортасын қолдануға болады.
Қазақстан Республикасының орта мектептерінде STEM технологиясы арқылы
информатика пәнін оқытуда көбінесе робототехника қолданады. Информатика пәнін оқу
нәтижесінде оқушыларда оқу мен өнерді, математика мен инженерияны қолданып, цифрлы
өнім құрастыру білім, білік, дағдысы қалыптаспаған.
Сондықтан, орта мектепте STEM
технологиясын қолданып информатика пәнін оқытуда STREAM технологиясын дамыту
қажеттілігі бар. Осыған орай, зерттеу жұмысына «Орта мектепте
STREAM оқыту әдісінің
ерекшелігін анықтау» мақсаты қойылды. Бұл мақсатқа жету үшін алдымен республикалық
деңгейде орта мектепте STREAM оқыту әдісінің оқыту жағдайлары анықталып, тәжірибесі
талданды. Екіншіден Scratch+Arduino аппараттық-бағдарламалау
негізінде құрастырылған
mBlock ортасына инженерия және математика ғылымдарын ұштастырып, оқушылардың
жүйелі ойлау қабілетін қалыптастыратын жоба құруды үйрететін оқу бағдарламасы
әзірленді. Құрастырылған оқу бағдарламасы бойынша IT сыныптың факультативтік сабағын
жүргізу арқылы STREAM оқыту әдісінің тиімділігі анықталды.
Информатикадан факультативтік сабақтарда өткен Scratch+Arduino
аппараттық-
бағдарламалау негізін оқыту mBlock кодымен анықталып, практикалық түрде жүзеге асыру
жолдары енгізілді. 8-сыныптарға арналған факультативтік сабақтың оқыту бағдарламасы
барлығы 36 сағатты қамтиды. Ұсынылған оқыту курстық бағдарламасына қосымша цифрлық
білім беру ресурстары құрастырылып, оқу-әдістемелік құрал
оқу үрдісінде
пайдаланып,