Сейфуллин ж. Т., Сейтхамзина г. Ж., Нюсупова г. Н


Жер кадастрының негізгі принциптері



бет5/36
Дата15.01.2023
өлшемі0.97 Mb.
#468417
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Окулык. жу.тіркеу.есепке алу

Жер кадастрының негізгі принциптері;


  • Жүйесінің бірыңғайлылығы;

  • Мәліметтердің сенімділігі;

  • Мағлұматтардың толықтығы;

  • Үзіксіздігі;

  • Құжаттылығы;

  • Мәліметтердің көрнектілігі, анықтылығы,қол жетерлігі;

  • Үнемділігі;

  • Орталық мемлекеттік басқару.

    Жер кадастр жүйесінің бірыңғайлылығы. Ол бірыңғай жүйе бойынша бірыңғай әдістемелік негізде жүргізілді. Оның негізіне бірыңғай мемлекеттік жер қорын табиғи, шаруашылық, құқықтық тұрғыда сипаттаушы ғылыми негізделінген көрсеткіштер алынады. Мұнда кадастр жүйесінде белгілі бір келісімдік болу керек. Біріншіден, оның құрамдық бөліктерінің мазмұнында және жүзеге асыруында; екіншісі жер кадастрын қоюда мәліметтердің мазмұнында оның жеке звенолары /кәсіпорын, аудан, қала, облыс/ мен оларды алу тәсілінде; үшіншіден жер кадастры құжаттарының төменгі звенодан бастап, жоғарыдан аяқталатын мазмұнында. Бірыңғайлылықта негізделе отыра, бұл жүйе жерлердің жай – күйіндегі және пайдаланудың аймақтық ерекшеліктерін айқындауы керек.
    Жер кадастры мәліметтерінің сенімділігі. Бұл олардың объективтілігіне тығыз қатысты, олар жер қорының нақты мөлшерлерін, үлестірілуін және сапалық жай-күйін дәл айқындауға байланысты. Жер кадастрында өндірістік мәселелерді және жерлерді пайдаланумен байланысты басқа да міндеттерді атқару үшін жерлердің табиғи, шаруашылықтық, құқықтық жай-күйлері туралы қажетті дәлділікті мағлұматтармен қамтамасыз ететін жер учаскелерін тіркеу, зерттеу, есепке алу, бағалау тәсілдерін қолдану керек. Жерлер жәй-күйіне, пайдалануына байланысты алқаптар бойынша топтастырылады. Мәліметтердің дұрыстығы кадастрлік жерлердің нақтылы жер аудандарына, сапалық жай-күйлеріне, пайдалануына сәйкес болуы керек. Бұл талап жерлерді зерттеуде жетілген кәзіргі түсіру әдістерін қолданғанда ғана орындалады.
    Жер кадастры мағлұматтарының толықтығы. Жерлердің табиғи, шаруашылық, құқықтық жай-күйлері туралы қажетті мәліметтердің барлық жиынтығымен айқындалады. Кадастрлік мағлұматтардың тәптіштеу дәрежесі және оның құжаттарының мазмұны жүргізу деңгейіне /аудан, облыс, республика/ тәуелді. Жер қорының мөлшерлері, жай-күйі, пайдалануы туралы дәл және толық мәліметтерді алу үшін барлық жерлер, олардың кадастр жүргізу кезінде нақты пайдаланылуы немесе біреуге табысталуына қарамай есепке алынылуы керек.
    Жер кадастрының үздіксіздігі. Мұнда жер қорының барлық өзгерістері кадастрлік құжаттарда есепке алынып жазылады. Өзгерістердің түріне байланысты бір мағлұматтар /есепке алу, тіркеу/ жүйелі түрде көрсетіліп отырса, басқалары /бағалық/ - оқтын-оқтын жаппай немесе таңдау тәртібімен жаңартылып отырады. Сөйтіп, кадастр мәліметтері кәзіргі деңгейде ұсталып, оны жүргізудің үздіксіздігі қамтамасыз етіледі.
    Жер кадастрының құжаттылығы деп жерлердің табиғи, шаруашылық, құқықтық жай-күйлері туралы мәліметтерді алу, жазу тек қана тиісті құжаттар, материалдардың негізінде жүргізілуін айтады. Жер учаскесін тіркеу тиісті мемлекеттік органдар шешіміне немесе олармен мәліметтер бойынша нотариалды куәләндірілген құжаттарға сүйенеді. Жерлерді есепке алуда, бағалауда түсіру және зерттеу материалдарының маңызы өте зор.
    Кадастр мәліметтерінің көрнектілігі, анықтығы, қол жетерлігі. Материалдарды кадастрлік құжаттарда тиімді және ыңғайлы орналастырумен қатар, әртүрлі картографиялық материалдарды, кадастрлік ақпаратты жинау, талдау, өңдеу, сақтау және беру электрондық карталарды, жоспарларды, картограммаларды, диаграммаларды қоса, компьютерлік технологиясын қолданумен жетіледі. Жер кадастрының мағлұматтары және материалдары жеке және заңды тұлғалар учаскесін әртүрлі шаруашылық, құқықтық және жерлерді пайдалану, қорғау мәселелерін шешуде қарапайым, қол жетерлі болуы тиісті.
    Жер кадастрының үнемділігі. Кәзіргі өлшеу, зерттеу әдістерін, сондай-ақ компьютерлік техниканы қолдану арқылы қажетті мағлұматтарды алу және оларды кәзіргі деңгейде ең аз шығынмен ұстауды қамтамасыз ету. Аэрофототүсіру және аэроғарыштық түсіру материалдарын пайдалану жеріміздің барлық аумағы арқылы кең ақпарат бере отыра, қысқа мерзімде жер қорының үлестіруі, жай-күйі және пайдалануында өтіп жатқан барлық өзгерістерді ескеруге мүмкіндік береді.
    Жер кадастрын орталық мемлекеттік басқару кадастрлік жұмыстарды бірдей әдістеме бойынша жүргізіп, жер қорының жай-күйі, оның пайдалануы туралы салыстырмалы сенімді мәліметтерін алуға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын басқару, жүргізу жер қорын басқару жөніндегі Агентікке және оның территориалдық органдарына жүктелген, осы Агенттік пайдаланатын, иеленетін жерлерді тіркеуді, жерлерді мемлекеттік есепке алуды және басқа жер-кадастрлік жұмыстарды басқарады.
    Ол топырақтық, геоботаникалық зерттеулерді жүргізу, жоспар-картографиялық материалдарды құру, жерлерді тіркеу, есепке алу, бағалау бойынша нұсқауларды, әдістемелерді жасап, бекітеді. Агенттік жер көлемдерін, олардың санаттар, алқаптар, жер пайдаланушылар бойынша үлестірілуі туралы мәліметтерді жүйелендіруді, зерттеуді, сақтауды, сондай-ақ қажетті жер кадастрлік құжаттарды жарыққа шығаруды қамтамасыз етеді.
    Жер кадастрлік жұмыстарды Агенттіктің территориалдық органдарымен қатар республиканың жерді үйлестіру қызметінің әртүрлі кәсіпорындары, ұйымдары жүргізеді. Ал кейбір жұмыс түрлерін қазіргі уақытта мемлекеттік емес кадастрлік фирмалар мен бюролар орындайды. Осы кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер жылда белгіленген мерзімде тиісті аудан, қала органдарына белгіленген рәсімде жерлер құрамында болған өзгерістер туралы есеп беріп тұрады. Жер кадастрын бүкіл республика масштабында орталық басқару мен Агенттік жағынан бақылау, оның жүйесінің және әдістемесінің бірлігін қамтамасыз етеді.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет